ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ПЕРСПЕКТИВТІ БАСТАМАЛАР

ҚМГ перспективті бағыттарды дамыта отырып, мұнайгаз саласындағы жұмысын қамтамасыз етуге жеткілікті болатындай қорды ұлғайтуды мақсат ететін мұнай-газ компаниясы болып қала береді.

Стратегиялық мақсат: компанияның өсуін қамтамасыз ететін жеткілікті ресурстық база

800 млн тонна
перспективті геологиялық барлау жобаларының жиынтық ресурс қоры (мұнай эквивалентінде)
20
24
БҮГІНГІ ӨНДІРІС - ЕРТЕҢГІ ИГІЛІК
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жылдық есебі
1
4
Қызылорда облысы
Торғай палеозой учаскесі
  • 5 500 метр тереңдікте PZ-1 іздеубарлау ұңғымасын бұрғылау басталды
  • Бұған дейін бұл өңірде осындай тереңдікте ұңғыманы бұрғылау жүргізілмеді
Атырау облысы
Қаратон подсолевой учаскесі
  • 5 500 метр тереңдікте алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылау басталды
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Татнефть» ЖАҚ бірлескен жобасы
Тайсойған учаскесі
  • Алғашқы іздеу ұңғымаларын бұрғылау басталды
  • тереңдігі 400 метрден 3800 метрге дейінгі сегіз құрылымды бұрғылау жоспарланған
Ақтөбе облысы
Қаражар учаскесі
  • Есепті жылы жоба бойынша барлау мен өндіруге келісімшарт алынды
  • 3 000 метр тереңдікте алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылау басталды
Каспий теңізі
Қаламқас-теңіз кен орнын игеру жобасы
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Лукойл» ЖАҚ бірлескен жобасы
  • 2024 жылы жобалық құжаттаманы әзірлеу басталды (FEED кезеңі, Front End Engineering Design). 2026 жылы Қаламқас-теңіз кен орнында өндіруді бастау үшін теңіз платформаларын салынады
86 млн тонна мұнай
22 млрд тонна газ
Өндірілетін қор
6,4 млрд АҚШ долл.
Жоба құны
~ тәулігіне 80 мың баррель
4 млн тонна
Жылдық өндірудің болжамды көлемі
86 млн тонна мұнай
22 млрд тонна газ
Өндірілетін қор
6,4 млрд АҚШ долл.
Жоба құны
~ тәулігіне 80 мың баррель
4 млн тонна
Жылдық өндірудің болжамды көлемі
Толығырақ

МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯСЫ - КОМПАНИЯ ӨСУІНІҢ ЖАҢА ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Арзан шикізат алу мүмкіндігін пайдаланып және мұнай-газ химиясы өнімдеріне жаһандық сұраныстың өсу болжамына сүйене отырып, ҚМГ еліміздің экономикасына мультипликативтік әсер ету әлеуеті жоғары болатын мұнай-газ химиясы бағытын жан-жақты дамытып жатыр.

Стратегиялық мақсат: Бизнесті әртараптандыру және өнім портфелін кеңейту

«Полиэтилен» жобасы
KPI жобасы
Газ сепарациялық кешен құрылысының жобасы

2024 жылы қыркүйекте Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында («ҰИМТ» АЭА) полиэтилен өндіретін зауыттың ерте құрылыс жұмыстары басталды. Зауыт 2029 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда және Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің ауқымды жобасы болмақ.

    Зауытты іске қосу:
  • сырттан келетін полиэтиленді отандық өніммен алмастыруға;
  • қосылған құны жоғары өнім экспортының өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Жоспарланған өнім: 20 марка полиэтилен, оның 40%-ы премиум санаты. Жобаны Silleno компаниясы іске асырады, оның үлескерлері — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (40%), Sinopec Overseas Investment Holding (30%), «Сибур Холдинг» ЖАҚ (30%)

1,25 млн тонна
Зауыт қуаты жылына

Жобаны іске асыру нәтижесінде:

1,2%
ЖІӨ өсуіне қосылатын үлесі
800
жұмыс орны - өндіріс басталғаннан кейін
8 000
жұмыс орны - құрылыс кезінде
7,4 млрд АҚШ долл
инвестиция көлемі

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС газхимия кешені (KPI) белсенді дамуын жалғастырып, Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтуға елеулі үлес қосуда.

Компания Алматы мен Астанада ірі қоймалар ашты, олар өңдеуші компанияларға өнімді үздіксіз жеткізуде. KPI Қазақстан нарығын қамтамасыз етеді және Ресейге, Түркияға және басқа елдерге өнім жеткізу көлемін ұлғайтуда.

Ішкі нарықты қамтамасыз етудің нәтижесінде 2023 жылмен салыстырғанда полипропилен импортының көлемі азайды

249 мың тонна
Зауыт 2024 жылы полипропилен шығарды
230 мың тонна
Қытай, Еуропа, Түркия және Ресейге экспортқа жөнелтілді
10
Полипропиленнің мақсатты маркасы

Газ сеперациялық кешен (ГСК) - табиғи газды терең өңдеуге және мұнай-химия өнеркәсібін этан және пропанмен тұрақты қамтамасыз етудегі бағалы компоненттерді шығаруға арналған. Жоба операторы: ҚМГ-ның еншілес ұйымы - «KMG PetroChem» ЖШС. 2024 жылғы 14 қыркүйекте ҚМГ-ның Инвестициялық комитеті «Іске асыру» кезеңіне көшу туралы шешім қабылдады.

ГСК бойынша құрылыс және монтаждау жұмыстары 2025 жылдың 2-тоқсанында басталады деп жоспарланған. 2028 жылы пайдалануға берілмек.

3 млрд АҚШ долл
Жобаның алдын ала құны

ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН САҚТАУ

Компания дамуын және өзіне жүктелген міндеттемелерді жүйелі орындауды қамтамасыз ете отырып, тұрақты қаржы нәтижелерін көрсетуде.

Облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу

Компания 2024 жылы қыркүйекте өтеу мерзімі 2027 жылға белгіленген 750 млн АҚШ доллары мөлшерінде облигацияларды мерзімнен бұрын ішінара өтеді. Нәтижесінде есепті жылдың соңында жалпы қарыз 4,0 трлн теңгені немесе 7,6 млрд АҚШ долларын құрады, 2023 жылмен салыстырғанда доллармен 8,6%-ға төмендеді.

Облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу - компанияның қаржы тұрақтылығын жақсарту, борыштық жүктемені азайту және ҚМГ-ның кредит рейтингтерін жоғарылату үшін тұрақты жүргізілетін іс-шаралардың бірі.

Мерзімінен бұрын өтеу облигация ұстаушылардың ҚМГ жария ұсынысына дауыс беру нәтижелері бойынша жүргізілді

92,7 млн АҚШ доллары
өтеу қорытындысына сай купон төлемдерінің үнемділігі

Кредит рейтингтерінің салыстырмалы жоғары деңгейін сақтау

Moody’s және Fitch берген рейтингтер егеменді деңгейінде, бұл компанияның қаржы тұрақтылығы мен сенімділігін көрсетеді.

2023 жылғы 26 желтоқсан
2024 жылғы 20 маусым
2024 жылғы 11 қыркүйек
S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі жақсы қаржылық нәтижелерге байланысты ҚМГ рейтингін BB+ деңгейінде растады, болжам «Тұрақты». Бұл ретте меншікті кредит төлеу қабілетінің рейтингі «bb-»-ден «bb»-ге дейін көтерілді.
Fitch Ratings ҚМГ-ның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «Тұрақты» деген болжаммен «BBB» деңгейінде растады
Moody’s агенттігі ҚМГ-ның кредиттік рейтингін «Baa2»- ден «Baa1»-ге дейін көтеріп, болжамын «Тұрақты» деп өзгертті. Кредиттік рейтинг Қазақстан Республикасының егеменді рейтингінің жоғарылауына, компанияның мемлекет үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды болуына, компанияның меншікті кредит төлеу қабілетінің тұрақты көрсеткіштеріне, қарыз бойынша төлемдердің қолайлы кестесіне және өтімділіктің жеткілікті деңгейіне байланысты жоғарылады.
ҚМГ кредиттік рейтингтері
Қазақстанның кредиттік рейтингтері
Рейтинг агенттігі
Moody’s Investors Service
S&P
Fitch Ratings
Күні
11.09.2024
26.12.2023
20.06.2024
Рейтинг деңгейі
Baa1
BB+
BBB
Прогноз
Тұрақты
Тұрақты
Тұрақты
Рейтинг агенттігі
Moody’s Investors Service
S&P
Fitch Ratings
Күні
09.09.2024
03.03.2023
15.11.2024
Рейтинг деңгейі
Baa1
BBB—
BBB
Болжамы
Тұрақты
Тұрақты
Тұрақты
Толығырақ

ЖАҺАНДЫҚ КЛИМАТТЫҚ КҮН ТӘРТІБІН ҚОЛДАУ

ЖАҢА МАҚСАТТАР

2024 жылы қарашада ҚМГ Директорлар кеңесі ҚМГның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті дамуының жаңартылған бағдарламасын бекітті.

Мақсатты көрсеткіштерді орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары мынадай бағыттарды қамтиды:
  1. сутегі энергетикасын дамыту
  2. тұрақты авиациялық отын (SAF) өндірісі
  3. жаңартылатын энергетиканы дамыту
  4. метан менеджментін енгізу
  5. көмірқышқыл газын тұту, сақтау және пайдалану жобасы (CCUS)
Тікелей және жанама CO2 шығарындылары деңгейінің төмендеуі (Қамтылуы 1+2)
9,1 млн тонна
CO2e (-15%)
2031 мақсаты
2031 мақсаты
3,4 млн тонна
CO2e (-64%)
Метан шығарындысын азайту
36 мың тонна
СН4 (-32%)
2031 мақсаты
2031 мақсаты
2 мың тонна
СН4 (-96%)
Көміртекті азайту
-15%
2031 мақсаты
2031 мақсаты
-60%
ҚМГ тұтынатын электр қуатының балансын сақтап отырып, базалық деңгейден жаңартылатын энергия көздерінің үлесі
15%
2031 мақсаты
2031 мақсаты
50%

ЖЭК секторындағы жобалар

ҚазМұнайГаз жаңартылатын энергетиканы дамытуға және көміртегі ізін азайтуға бағытталған жобаларды барынша қолдайды.

Жаңаөзендегі гибридті электр станциясы жобасы
«Мирный» жобасы

Жаңаөзендегі гибридті электр станциясы - Eni S.p.A компаниясымен ынтымақтастық

2024 жылғы 18 қаңтарда «ҚазМұнайГаз» және италиялық Eni S.p.A. компаниясы Жаңаөзен қаласында (Маңғыстау облысы) гибридті электр станциясын салу жобасын іске асыру туралы бірлескен шешімге қол қойды.

    Бұл жоба генерацияның төменде көрсетілген үш түрін біріктіретін Қазақстанда алғашқы гибридті шешім болмақ:
  • Жел электр станциясы - 77 МВт;
  • Күн электр станциясы - 50 МВт;
  • газ электр станциясы - 120 МВт.

2024 жылғы 16 шілдеде ҚМГ мен Eni компаниялары басшылығының қатысуымен гибридті электр станциясының құрылысын бастау рәсімі өтті. 2024 жылдың желтоқсанында күн электр станциясының аумағында алғашқы жұмыстар аяқталып, негізгі жабдықты орнату бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Жобаның толық аяқталуы 2026 жылдың соңына жоспарланған.

Жаңаөзендегі гибридті электр станциясы жобасының мүмкіндіктері:

80-ге
дейін тұрақты жұмыс орны
~ 800
уақытша жұмыс орны құрылыс кезінде

Негізгі серіктестер

51%
Eni S.p.A
49%
ҚМГ
’24-’26 жылдар
іске асыру мерзімі

Жамбыл облысындағы жел электр станциясы («Мирный» жобасы) - TotalEnergies-пен ынтымақтастық

Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт «Мирный» жел электр станциясының (ЖЭС) бірлескен жобасын іске асыру. ЖЭС Мирный кентінде орналасады және қуаты 300 МВт/600 МВт·сағ электр энергиясын жинақтау жүйесімен жабдықталады. Бұл энергия көзімен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді және жел генерациясының кідірісімен байланысты қауіптерді азайтады.

Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық зерттеулер аяқталды, өңірдегі желдің әлеуеті зерттелді. Негізгі жабдықты жеткізетін компанияны таңдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаның негізгі серіктестері - Total Eren (60%), Самұрық-Қазына (20%) және ҚМГ (20%).

«Мирный» жобасының мүмкіндіктері:

250-ге
дейін тұрақты жұмыс орны
~2 000
уақытша жұмыс орны құрылыс кезінде

Негізгі серіктестер

60 %
Total Eren
20 %
«Самұрық-Қазына»
20 %
ҚМГ
'23-'27 жылдар