Глоссарий

АССА — Қаржы, есеп және аудит саласындағы кәсіби мамандардың жаһандық қауымдастығы (Association of Chartered Certified Accountants)

ADR — Қауіпті жүктердің жол тасымалы туралы еуропалық келісім (Еuropean Agreement of Transport of Dangerous Goods on Road)

API Spec — Мұнай‑газ саласындағы қызмет көрсетушілер мен жөндеу ұйымдары үшін менеджмент жүйелеріне берілетін өнеркәсіп стандарты (Application Programming Interface)

BOSIET — Теңіздегі қауіпсіздік техникасы және төтенше жағдайларға ден қою бойынша негізгі курс (Basic Offshore Safety Induction and Emergency Training)

CBAM — Шекарада көміртекті түзету тетігі (Carbon Border Adjustment Mechanism)

CCUS — Көміртекті тұту, пайдалану және сақтау (Carbon Capture, Utilization and Storage)

CDP — Көміртек бойынша есеп берудің климат бағдарламасы (Carbon Disclosure Project)

CEPI — Каспий өңірінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастама (Caspian Environmental Protection Initiative)

CFA — Халықаралық кәсіби сертификат, оны CFA (Chartered Financial Analyst) қауымдастығы береді

CIA — Ішкі аудит саласында жалпыға бірдей танылған халықаралық кәсіби сертификат (Certified internal auditor)

CIMA — Басқарушы есепке алу мамандарының сертификатталған институты (Chartered Institute of Management Accountants)

DipIFR — Халықаралық қаржы есептілігі жөніндегі диплом (Diploma in the International Financial Reporting)

DMAIC — Мәселелерді дәйекті шешу, бизнес‑процестерді жетілдіру бойынша өндірісті басқару бағытында қолданылатын тәсіл (define, measure, analyze, improve, control)

EBITDA — Пайыз, салық, тозу және амортизация шығындары шегірілгенге дейінгі пайда (Earnings Before Interest, Taxes, Depreciation and Amortization)

ЕРС — Инжиниринг, сатып алу және құрылыс (Engineering, Procurement, and Construction)

ESG — Экология, әлеумет және басқару аспектілері (Environmental, Social, and Governance)

FAR — 100 миллион адам‑сағатқа шаққандағы өлім‑жітім коэффициенті (Fatal accident rate)

FCA — Free Carrier (Франко тасымалдаушы)

FEED — Front‑End Engineering Design — бастапқы кезеңдегі жобалау

FROSIO — Қамту инспекторларын оқыту және сертификаттау жөніндегі әлемге әйгілі Норвегияда орналасқан консультативтік кеңес (member organization for formulation of quality requirements for surface treatment and insulation inspectors based in Norway)

FS — Feasibility Study (ТЭН)

GHGP — Парник газдары шығарындылары жөніндегі жаһандық хаттама (Greenhouse Gas Protocol)

HSE — Еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік (Health, Safety and Environment)

IOGP — Халықаралық мұнай‑газ өндірушілер қауымдастығы (International Association of Oil & Gas Producers)

IOSH — Қауіпсіздік техникасы және денсаулық сақтау институты (Institution of Occupational Safety and Health)

IPCC — Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобы (Intergovernmental Panel on Climate Change)

IPMA — Халықаралық жобаларды басқару қауымдастығы (International Project Management Association)

I‑REC — Халықаралық жаңартылатын энергия сертификаты (International Renewable Energy Certificate)

ISO — Халықаралық стандарттау ұйымы (International Organization for Standardization)

ISGOT — Мұнай танкерлері мен терминалдарға арналған халықаралық қауіпсіздік нұсқаулығы (International Safety Guide for Oil Tankers and Terminals)

ITSM — IT қызметтерді басқару (IT Service Management)

IWCF — Ұңғыманы қауіпсіз бұрғылау мен бақылау саласында мұнай‑газ кешені мамандарын аккредиттеу, тестілеу және сертификаттаудың халықаралық коммерциялық емес органы (International Well Control Forum)

KEBCO — Kazakhstan Export Blend Crude Oil (Қазақстан шикі мұнайының экспорттық қоспасы)

KMGE School — «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС‑ын нақты бағыттағы кадрлармен қамтамасыз етуге арналған бағдарлама, оның аясында бакалавриат студенттері ішінен іріктеу жүргізіледі

LDAR — Ағып кетуді анықтау және жою (Leak Detection and Repair)

LTIR — 1 миллион адам‑сағатқа шаққанда жұмыс уақытын жоғалтқан жарақат алу оқиғалардың коэффициенті (Lost Time Incident Rate)

MES — Өндірісті басқару жүйесі

MVCR — Жүріп өткен 1 миллион километрге шаққанда жол‑көлік оқиғаларының коэффициенті (Motor Vehicle Crash Rate)

NEBOSH — Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ұлттық емтихан комиссиясы (National Examination Board in Occupational Safety and Health)

x — Азот оксидтері

NWRF — Жұмыспен байланысты емес өлім‑жітім (Non‑Work‑Related Fatality)

OGMP 2.0 — Мұнай‑газ саласындағы метан шығарындылары бойынша серіктестік, 2.0 нұсқасы (Oil & Gas Methane Partnership 2.0)

OHSAS — Еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық қорғауды бағалауға арналған стандарттар сериясы (Occupational Health and Safety Assessment Series)

OPITO — Теңіздегі мұнай өнеркәсібінің саласы бойынша оқыту ұйымы (Offshore Petroleum Industry Training Organization)

PMP — Project Management Professional сертификаты

PRMS — Көмірсутек ресурстарын басқару жүйесі (Petroleum Resources Management System)

RAEX — Ресейдің кредиттік емес рейтингтері саласындағы ірі агенттік

RoSPA — Жазатайым оқиғалардың алдын алуға маманданған корольдік қоғамы — британдық қайырымдылық ұйымы, оның мақсаты — адамдарды құтқару және жазатайым оқиғалардан болатын ауыр жарақаттың алдын алу (The Royal Society for the Prevention of Accidents SAF sustainable aviation fuel)

Pre‑FEED — Бастапқы кезеңдегі алдын ала жобалау

SAF — Тұрақты авиациялық отын (Sustainable Aviation Fuel)

SAP — Ұйымдар үшін бағдарламалық жасақтаманы әзірлейтін неміс компаниясы (Systems, Applications and Products in Data Processing)

x — SO(x) үлгіде ортақ формуласы бар күкірт оксидтерінің тобы

SPE‑PRMS — Мұнайшы инженерлер қоғамының мұнай‑газ ресурстарын басқару жүйесі (Society of Petroleum Engineers — Petroleum Resources Management System)

SRS — Әлеуметтік тұрақтылық индексі (Social Responsibility Scale)

WRI — Дүниежүзілік ресурстар институты (World Resource Institute)

АЖЖ — Акционерлердің жалпы жиналысы

АҚЖО — Ақпарат қауіпсіздігінің жедел орталығы

АҚС — Автожанармай құю станциясы

АЭА — Арнайы экономикалық аймақ

ICP бағдарламасы — Көміртегі шығарындысына ішкі бағаны белгілеу бағдарламасы

БАІ — Біліктілік бойынша алдын ала іріктеу

барр. — баррель

БББА — буды бір мезгілде‑бөлек айдау

ББҰ — Бірлесіп бақыланатын ұйымдар

БКЖ — Болашақ кеңейту жобасы

БҚК — Бірлескен қызмет туралы келісім

БҰҰ — Біріккен Ұлттар Ұйымы

ВГО — Вакуумды газойль

ГазЭС — Газ электр станциясы

ГДж — ГигаДжоуль

ГКДҚ — Газды кешенді дайындау қондырғысы

ГӨЗ — Газ өндеу зауыты

ГПЭС — Газ поршенді электр станциясы

ГСК — Газ сепарациялық кешен

ГТІ — Геологиялық‑техникалық іс‑шаралар

ЕБЗ — Екінші буын зауыты

ЕҚ — Елішілік құндылық

ЕТҰ — Еншілес және тәуелді ұйымдар

ЖГЗ — Жер қойнауын геологиялық зерттеу

ЖККФ — Жеңіл көмірсутектердің кең фракциясы

ЖМК — Жақсартылған модельдік келісімшарт

ЖФЭ — Жиырма футтық эквивалент

ЖЭК — Жаңартылатын энергия көздері

ЖЭО — Жылу электр орталығы

ЖЭС — Жел электр станциясы

кВт — киловатт

КСШ — Көмірсутек шикізаты

КТЖ — Кешенді технологиялық желілер

КҚК — Корпоративтік қызмет көрсеткіштері

КЭС — Күн электр станциясы

ҚГЖ — Қабатты гидравликалық жару

ҚКЖ — Қарашығанақты кеңейту жобасы

ҚҚГЖ — Қабатты қышқылмен гидравликалық жару

ҚҚС — Қосымша құн салығы

ҚҚҰЦ — Қабат қысымын ұстау цехы

ҚӨК — Қарашығанақ өңдеу кешені

ҚТжЕҚ — Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау

МАЖ — Мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесі

МАК — Мұнай алу коэффициенті

млн — миллион

млрд — миллиард

МӨАӘ — мұнай өндіруді арттыру әдісі

НАА БАЖ — Нормативті‑анықтамалық ақпаратты басқарудың автоматтандырылған жүйесі

ОЖП — Орталық жинақтау пункті

ОЭР — Отын энергетикалық ресурстар

ӨБК — Өнімді бөлу туралы келісім

ӨБТК — Қарашығанақ мұнай‑газ конденсаты кен орнының мердігер учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім, 1997 жылы 18 қарашада қол қойылған

ӨК, ЕҚ ж ҚОҚ — Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау

ӨКК — Өндірістік‑көлік кешені

ПГ — Парник газдары

ПЭТФ — Полиэтилентерефталат

СКГ — Сұйытылған көмірсутек газы

СКӨБК — Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім, 1997 жылы 18 қарашада қол қойылған

СҚБЖ — Сағалық қысымды басқару жобасы

СМГ — Сұйытылған мұнай газы

ТДМ — Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсаттары

ТжКБ — Техникалық және кәсіптік білім беру

ТЖҚ — Тауарлар, жұмыстар және қызметтер

ТОНТӘ — Тереңде орналасқан ортақ нүктені табу әдісі

ТӨС — Тәжірибелік‑өнеркәсіптік сынақтар

ТПБЖЖ — Технологиялық процесті басқарудың жетілдірілген жүйесі

ТЭН — Техникалық‑экономикалық негіздеме

ҰЖЖ — Ұңғымаларды жерасты жөндеу

ҮБЗ — Үшінші буын зауыты

ХҚЕС — Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары (IFRS)

ШГА — Шикі газды айдау жүйесі

ІМГ — Ілеспе мұнай газы

ІК — Іске қосу кешені

ЭКК — Экспедиторлық көлік компаниясы

ЭЛТҚ — Электр тұзсыздандыру қондырғысы

ЭМТЖ — Электронды медициналық тексеру жүйесі

ЭОТСҚ — Электржетекті орталықтан тепкіш сорғы қондырғылары

ЭТ — Энергия тиімділігі

ЭҮ — Энергияны үнемдеу