Компания туралы

Қызмет аясы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі — ҚМГ, Компания) Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай‑газ компаниясы.

ҚМГ көмірсутекті барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай‑газ саласында Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайды.

83,5 млнтонна
мұнай тасымалы
9091 км
Магистралды мұнай құбырының жалпы ұзындығы
19,2 млн тонна
мұнай өңдеу
9,6 млрд м3
өндірілген газ
23,8 млн тонна
мұнай мен конденсат өндіру

Операциялық өндіруші активтер

Мегажобалар

Мұнай айдау станциясы (МАС)

Бас мұнай айдау станциясы

1

«Мұнайтас» СБҚК" ЖШС

2

«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС

3

Каспий Құбыр Консорциумы

4

«ҚазТрансОйл» АҚ

Барлау және өндіру

МӨЗ

Қолданыстағы мұнай құбыры

Акционерлер

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ акционерлері, %

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлері: «Самұрық‑Қазына» ұлттық әл‑ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — Қор, «Самұрық‑Қазына» АҚ) — 67,42 %, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі – 20 %, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – 9,58 %, KASE мен AIX биржаларында еркін айналымдағы акциялар саны – 3 %.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі акциялар «Самұрық‑Қазына» ұлттық әл‑ауқат қоры» акционерлік қоғамының сенімгерлік басқаруына берілген.

«Самұрық‑Қазына» АҚ – тәуелсіз қор, оның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі. «Самұрық‑Қазына» қорының миссиясы Қазақстан Республикасының ұлттық әл‑ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету. Қордың портфеліне мұнай‑газ және көлік‑логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау‑кен кешендерінің, энергетика және жылжымайтын мүлік компаниялары кіреді.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржы саласындағы, соның ішінде заңнамада көзделген шегінде, салааралық үйлестiруге басшылық етеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) – Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық Банк өз құзыреті аясында халықаралық банктер мен өзге де қаржы‑кредит ұйымдарында басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым‑қатынас орнатқан кезде Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайды. Ұлттық Банктің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.