Геологиялық барлау
Компанияның 2031 жылға дейінгі даму стратегиясына «Компанияның өсуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстық база» стратегиялық мақсаты көзделген. Осы мақсат аясында теңізде жеті, құрлықта жеті жоба бойынша барлау жүргізіліп, негізгі жұмыс істеп тұрған кен орындары шегінде қосымша барлау жұмыстары көзделген. ҚМГ‑ның игеріліп жатқан кен орындарында жоспарлы геологиялық барлау және қосымша барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша 2031 жылға дейін ABC1 өндірілетін қор өсімі 253 млн тонна көлемінде күтіледі. Тиісінше 2031 жылға дейін қорды толтыру коэффициентін органикалық өсу есебінен 105% деңгейінде сақтап тұру жоспарда бар.
2024 жылдың негізгі нәтижелері
2024 жылы ҚМГ компанияның тұрақты өсуі үшін ресурстық базаны қамтамасыз етуге бағытталған геологиялық барлау саласындағы стратегиялық бастамаларды табысты іске асыруды жалғастырды. Негізгі жетістіктерге мыналар жатады:
- Барлау және бағалау ұңғымаларын бұрғылау:
- Торғай палеозой (PZ‑1). 2024 жылдың мамыр айының соңында жобалық тереңдігі 5 500 метр болатын барлау ұңғымасын бұрғылауды басталды. Жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өз күшімен іске асырып жатыр. Бұрғылау мен сынақты аяқтау 2025 жылға жоспарланған.
- Абай. 2024 жылдың қыркүйегінде тереңдігі 2 355 метр барлау ұңғымасын бұрғылау аяқталды, жоба «Эни Исатай Б. В.» компаниясымен бірлесіп іске асырылды.
- Қаратон подсолевой (ТҰ‑8). 2024 жылдың қараша айының соңында жобалық тереңдігі 5 500 метр болатын барлау ұңғымасын бұрғылауды басталды. Жобаны «Татнефть» ЖАҚ‑пен Karaton Operating Ltd. компаниясымен бірлесіп іске асыруда. Бұрғылау мен сынақ жұмыстарын аяқтау 2025 жылға жоспарланған.
- Шығыс Бектұрлы (ШБ‑2). 2024 жылы тереңдігі 3 068 метр болатын бағалау ұңғымасын бұрғылау және сынау аяқталды. Жоба «Көкел Мұнай» ЖШС бірлесіп жүзеге асырылды. Перспективті нысандар анықталды, көмірсутектер ағыны алынды. Кен орнын сынама үшін пайдалануға құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
- Қаражар. 2024 жылы барлау және өндіру келісімшарты алынды. 2024 жылдың желтоқсанында тереңдігі 3 000 метр болатын іздеу ұңғымасын бұрғылау басталды, бұрғылау мен сынауды аяқтау 2025 жылға жоспарланған.
- Тайсойған‑1 және Тайсойған‑2 (СТ‑1, ОТ‑3, ОТ‑ 2). 2024 жылдың желтоқсанында іздеу ұңғымаларын бұрғылау басталды. Барлаудың бірінші кезеңінде тереңдігі 400 м‑ден 3 800 м‑ге дейінгі сегіз тәуелсіз іздеу ұңғымаларын бұрғылау жоспарланған.
- Жаңа келісімшарттар мен лицензиялық учаскілер:
- Березовский учаскесі бойынша геологиялық ақпаратты пайдалану құқығына «KMG Barlau» ЖШС мен Sinopec арасында 543,4 млн теңге сомасына шартқа қол қойылды. Жұмыстар 2022 жылы алынған лицензиялар аясында жүргізіледі.
- CNOOC (Қытай) компаниясымен Жылыой (КСКМ) жобасы бойынша әріптестік рәсімін бастау үшін келісімдерге қол қойылды. 2025 жылы барлау мен өндіруге келісімшарт алу және геологиялық барлау жұмыстарын бастауға дайындық жоспарлануда. Барлау кезеңінде жоба кэрри қағидаты бойынша қаржыландырылады, яғни серіктес тарап бастапқы кезеңдердің тәуекелдерін, әсіресе геологиялық барлау тәуекелдерін өзіне алады.
- 2025 жылы Березовский (Батыс Қазақстан облысы) жобасы бойынша барлау мен өндіруге келісімшарт алу және геологиялық барлау жұмыстарын бастауға дайындау жоспарлануда. Барлау кезеңінде жобаны қаржыландыру серіктес тараптың есебінен кэрри қағидаты бойынша болады.
- Мұғалжар (Ақтөбе облысы) жобасы бойынша Shell және Chevron компанияларымен келісімдерге қол қойылды. Келісімдер 12 млрд теңге сомасына жер қойнауын геологиялық зерттеу (2D сейсмикалық барлау) жобасының нәтижелері бойынша алынған геологиялық‑геофизикалық ақпаратқа өтеулі негізде қол жеткізуді көздейді. 2025 жылы жобаны бірлесіп зерттеуді қорытындылау, Shell және Chevron компанияларынан коммерциялық ұсыныс алу және барлау мен өндіруге бірлескен келісімшарт жасасу жоспарлануда. Жобаны барлау кезеңінде қаржыландыру серіктес тарап есебінен кэрри қағидаты бойынша жүргізілмек.
- Перспективті учаскелерді бөлу үшін 2D және 3D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу мақсатында Береке, Солтүстік Шу‑Сарысу және Шығыс учаскелері бойынша жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия алуға ҚМГ инвестициялық комитетінің келісімі алынды. Бұл кейіннен барлау мен өндіруге келісімшарттар алуға мүмкіндік береді. Өндірістік жұмыстар «KMG Barlau» ЖШС (100% ҚМГ иелігінде) арқылы орындалатын болады. Жұмыстарды орындау мерзімі 2025‑2027 жылдарға есептелген.
- Сейсмикалық барлау жұмыстары:
- Мұғалжар және Болашақ учаскелерінде 2D және 3D сейсмикалық барлау жұмыстары аяқталды, көлемі тиісінше 2 669 және 613 бойлық км. Деректер өңдеу процесінде.
- Стратегиялық серіктестік:
- Болашақ учаскесінде стратегиялық серіктес анықталды, Березовский және Мұғалжар учаскелері бойынша Shell, Chevron, ЛУКОЙЛ және Sinopec сияқты әлеуетті серіктестермен келіссөздер белсенді жүргізілуде.
Геологиялық барлау саласындағы инвестиция
2024 жылы геологиялық барлау жұмыстарына инвестициялардың жалпы көлемі 148 млн АҚШ долларын құрады, оның 62 млн доллары — ҚМГ үлесі. Қаражат ұңғымаларды бұрғылау, сейсмикалық барлау және жаңа жобаларды дайындауды қоса алғанда, басым жобаларды жүргізуге бағытталған.
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚМГ ЖОБАЛАРЫНЫҢ КАРТАСЫ
Геологиялық барлау жобаларының портфелі
Қаламқас‑теңіз кен орны Каспий теңізінің солтүстік‑шығыс акваториясының орталық бөлігінде орналасқан. Бұл учаскедегі теңіз тереңдігі 6‑7 м құрайды, юра жүйесінің орта бөлімінің қабаттары өнімді. Хазар кен орны Каспий теңізінің қазақстандық секторында, Маңғыстау облысының шегінде орналасқан. Кен орны 2007 жылы Хазар‑1 ұңғымасынан бұрғылау процесінде мини‑DST сынағышының көмегімен мұнай ағыны алынған кезде ашылды. Болашақта учаскенің геологиясын нақтылау үшін Хазар құрылымында 3D сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілді, бұл өнімді қабаттардың геометриясын нақтылауға, сондай‑ақ құмды денелерді бөліп алып, седиментологиялық талдау жүргізуге мүмкіндік берді.
Өнім өндіру (алғашқы мұнай) 2029‑2030 жылдарға жоспарланған. Жылдық өндірудің болжамды көлемінің шегі 4 млн тоннаны (тәулігіне 80 мың баррельге жуық) құрайды. Жобаны жүзеге асыру үшін инфрақұрылым салу, ұңғымаларды бұрғылау, теңіз платформаларын орнату және экологиялық шараларды жүзеге асыруды қоса алғанда, 6 млрд доллардан астам қаражат қажет.
2024 жылдың басты нәтижелері
2024 жылы жоба геологиялық барлауда, бұрғылауға дайындық жұмыстарында, іздестіру жұмыстарында, инфрақұрылымды дайындауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. «Қаламқас‑теңіз» кен орнының 3D‑сейсмикалық деректерін қайта өңдеу және қайта түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Анықтау кезеңі бойынша жұмыстар, келісімшарт жасау, тендерлік рәсімдер бойынша барлық дайындық жұмыстарын, түрлі семинарлар өткізілді.
FEED Front‑End Engineering Design ‑ бастапқы кезеңдегі жобалау. кезеңі жылдың басты бағыты болды. 2024 жылы 10 қазанда «Kalamkas‑Khazar Operating» ЖШС (KKO) FEED жобалауды орындау үшін «FES» ЖШС («Лукойл Инжиниринг» ЖШҚ‑ның үлестес компаниясы) және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС‑нен тұратын Консорциуммен келісімшартқа қол қойды.
2025–2030 жылдарға арналған жоспар
2025 жылдың 4‑тоқсанында FEED бойынша инвестициялық шешім қабылдау үшін құжаттар топтамасын әзірлеу аяқталмақ және платформалар құрылысына тендерлерді іске қосу жоспарлануда. Соңғы инвестициялық шешім (Final Investment Decision — FID) 2025 жылы қабылданады деп күтілуде. 2026 жылы жобаны жүзеге асыру және теңіз платформаларын салу кезеңі басталады. Коммерциялық өндірісті бастаудың мақсатты мерзімі – 2029 жыл, жоспарланған мерзімі – 2030 жыл. Бұл жобаның басты көрсеткіштеріне жетудің маңызды кезеңдері болмақ.
Экономикалық және әлеуметтік мәні
Жобаның экономикалық маңызы бар. Бұл мемлекеттік бюджетті толтыруға және экспорттық әлеуетті ұлғайтуға мүмкіндік ашады. Әлеуметтік маңыздылығы – жаңа жұмыс орындарын құру және өңірлік инфрақұрылымды дамыту. Жобаның технологиялық құрамдас бөлігі қазақстандық верфтерде теңіз платформаларын салу сияқты заманауи инженерлік шешімдерді қолдануды қамтиды.
Дайындық жұмыстары (2023‑2024 жылдар)
2023‑2024 жылдары PZ‑1 іздеу ұңғымасын бұрғылау алдында ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді. Ол жұмыстардың аясында геологиялық барлау жан‑жақты жүргізіліп, жобалық құжаттама әзірленді және терең бұрғылау үшін қажетті жабдықтар сатып алынды.
Қазіргі жағдайы (2025 жылғы қаңтар)
2024 жылдың мамыр айының соңында жобалық тереңдігі 5 500 метр болатын 1 іздеу ұңғымасын бұрғылау басталды. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 4 985 метр бұрғыланды. Жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда.
2025 жылдың жоспары
2025 жылы PZ‑1 іздеу ұңғымасын бұрғылауды аяқтау және өнімділік сынақтарын өткізу жоспарлануда. Бұл жұмыстар қорды бағалауды нақтылауға және кен орнын игеру бойынша одан әрі шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Геологиялық сипаттамасы және әлеуеті
ҚМГ бағалауы бойынша учаскенің болжамды алынатын ресурстары 133 млн тонна мұнайды (1 047 млн баррель) құрайды. Негізгі перспективті кен орындары 5 500 метр тереңдікте орналасқан. Ең төменгі жұмыс бағдарламасы аясында бір іздеу ұңғымасын бұрғылау қарастырылған.
Қаратон подсолевой учаскесі Теңіз кен орнының жанында орналасқан, бұл оны барлау және кейіннен мұнай өндіру үшін стратегиялық маңызды етеді. Алайда, учаскенің күрделі геологиялық құрылымы бұрғылау мен геологиялық барлаудың заманауи технологияларын қолдануды талап етеді.
Қазіргі жағдайы (2025 жылғы қаңтар)
2024 жылы 23 қарашада жобалық тереңдігі 5 500 метр болатын СГ‑8 іздеу ұңғымасын бұрғылау басталды. Қазіргі уақытта тереңдігі 2 410 метр болатын бұрғылаудың бірінші кезеңі аяқталды. Бұрғылау жабдықтарын жұмылдыру, инфрақұрылымды дайындау және қажетті материалдарды сатып алу жүргізілуде.
2025 жылдың жоспары
2025 жылғы наурызда СГ‑8 іздеу ұңғымасының екінші кезеңін бұрғылауды бастау жоспарлануда. Негізгі жұмыстарға бұрғылауды жалғастыру, геофизикалық зерттеулер жүргізу және негізгі материалды талдау кіреді. Өнімділік горизонттары сипаттамаларын нақтылау үшін геологиялық барлау жұмыстары жоспарланған.
Болашақтағы мүмкіндіктер
Барлау жұмыстары табысты жүргізілген жағдайда жоба Қазақстанның мұнай өндіру инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналады. Кен орнын игеру шегінде әлеуетті өндіру жылына 5 млн тонна мұнайға жетуі мүмкін.
«Жарқын», Болашақ және Солтүстік Өзен учаскелері Маңғыстау облысында, ал Болашақ учаскесінің батыс бөлігі Каспий теңізінің акваториясында жатыр. Мұғалжар учаскесі Ақтөбе облысында, ал Березовский учаскесі Батыс Қазақстан облысында орналасқан.
Иелік ету және қарыжыландыру
Лицензиялар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 100% еншілес кәсіпорны болып табылатын «KMG Barlau» ЖШС берілген. Жобаны қаржыландыру толығымен ҚМГ есебінен «KMG Barlau» ЖШС жарғылық капиталын ұлғайту арқылы жүзеге асырылады.
Орындалған жұмыстар
Солтүстік Өзен учаскесінде 401 км2 аумақта 3D‑сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізіліп, кейіннен деректерді өңдеу және түсіндіру жұмыстары істелді.
Жарқын, Березовский, Мұғалжар және Болашақ учаскелеріндегі жиынтық көлемі 4 875 бойлық км аумақта 2D‑сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілді.
Жарқын, Березовский және Солтүстік Өзен учаскелері бойынша деректерді өңдеу және түсіндіру аяқталды. Болашақ учаскесі бойынша 1 600 бойлық км аумақта тарихи деректерді өңдеу және қайта түсіндіру жұмыстары істелді.
Қазіргі жағдайы
Қазіргі уақытта Мұғалжар және Болашақ учаскелері бойынша 2D далалық сейсмикалық барлау деректерін өңдеу және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2025 жылдың 2‑тоқсанында аяқталмақ.
Береке, Шығыс және Оңтүстік Шу‑Сарысу үш жаңа учаскесінде жер қойнауын геологиялық зерттеу (ЖГЗ 2.0) жүргізуге лицензиялар алынды. Бұл жұмыстар ЖГЗ 1.0 инвестицияларын қайтару есебінен қаржыландырылады және ҚМГ зерттеу бағдарламасын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайы
- 2D сейсмикалық барлау деректерін өңдеу және қайта түсіндіру жұмыстары аяқталды (2 кезең) (4 мың бойлық км.);
- 3D сейсмикалық барлау жұмыстары (550 ш. км.) техникалық жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді;
- Барлау жұмыстарының №1 жобасына енгізілген толықтыру бекітілді.
- Жеңіс құрылымындағы Орталық кен орны мен жаңа V‑1 ұңғымасының деректерін пайдалана отырып, Орта Каспий үшін модельдеу аяқталды.
- 3D сейсмикалық барлау жобасына қосымша көлемнің азаюына және мерзімдерге байланысты өзгерістер жасалмақ.
- Операторы: Beсturly Energy Operating ЖШС.
- Жоба қатысушылары: ҚМГ (50%) және «Көкел Мұнай» ЖШС (50%).
- Қаржыландыру: «Көкел Мұнай» ЖШС 100% шығынды жабады. Көмірсутектерді бағалау аяқталды, сынамалық пайдалану жобасына толықтырулар әзірленуде.
Қазіргі жағдайы:
- Жоба өнімді бөлу туралы келісімді дайындау сатысында.
- «Газпром» ЖАҚ бекітілген Ресей Федерациясының газ экспортына монополия заңнамасына аясында газды сату шарттары мен жобаға 25% қатысу үлесіне кіру шарттары бойынша «Газпроммен» келіссөздер жүргізілуде.
- 2021 жылы кен орнын игерудің технологиялық схемасына қосымша әзірленді және қорларды есептеу орындалды.
- Қазіргі уақытта «Каспий мұнай‑газ компаниясы» ЖШҚ Pre‑FEED үшін бастапқы деректерді дайындау бойынша жұмыстар жүргізуде.
Қазіргі жағдайы:
- 2021 жылы Орталық кен орнын игерудің ТЭН әзірленді, оның қорытындысы бойынша кен орнын игеру мен жайластырудың барлық қарастырылған нұсқалары бойынша жобаның экономикалық тиімділігінің кері көрсеткіштері алынды. Осыған байланысты, қатысушылардың шешімімен «Орталық мұнай‑газ компаниясы» ЖШҚ белсенді өндірістік қызметі азайтылды және жобаны оңтайландыру нұсқалары іздестірілуде.
- 2022 жылы іздестіру‑бағалау ұңғымасын бұрғылау лицензиясы бойынша геологиялық барлау жұмыстарының мерзімін 2031 жылға дейін ұзарту алынды;
- іздеу‑бағалау жұмыстарының кешенін аяқтау 2034 жылға жоспарланған.
- Жоба Қазақстан мен Ресей арасындағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін бөлу туралы келісімге сәйкес жер қойнауын пайдалануға тәуелсіз құқықтарды жүзеге асыру мақсатында іске асырылады
- «Құрманғазы» құрылымы бойынша өнімді бөлу туралы келісім (ӨБК) 2025 жылы 6 шілдеде жасалды.
- Жер қойнауын пайдаланушылар ‑ «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ ‑ 50% және «РН‑Эксплорейшн» ЖАҚ ‑ 50%.
- Қаржыландыру 50/50.
- Жоба бойынша оператор ‑ «Құрманғазы Петролеум» ЖШС.
- 2024 жылғы 11 сәуірде ҚР Энергетика министрлігімен ӨБК‑ге №3 қосымша жасалды, оның негізінде «ҚазМұнайТеңіз» ҰК ЖШС жер қойнауын пайдалану құқығы ҚМГ иелігіне өтті.
- Қазіргі уақытта қосымша барлау кезеңін және келісімшарттық аумақты кеңейтуді көздейтін ӨБК экономикалық шарттарын және ӨБК №4 толықтыру жобасын талқылау және мемлекеттік органдармен келісу жалғасуда.

Геологиялық барлау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
2024 жылы ҚМГ стратегиялық маңызды келісімдер жасап, жетекші әлемдік компаниялармен бірлескен жобаларды іске асыра отырып, халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытты.
2024 жылдың тамызында Бейжіңде ҚМГ мен CNOOC геологиялық барлау саласында ынтымақтастық орнату ниеті туралы келісімге қол қойды. Осы Келісім бірлескен геологиялық зерттеулер жүргізуді және барлау учаскелерінің келешегін бағалауды көздейді. 2024 жылдың қазан айында ҚМГ мен CNOOC «Жылыой» жер қойнауын пайдаланудың жаңа жобасы бойынша серіктестіктің негізгі шарттарын айқындайтын келісімге қол қойды.
2024 жылдың шілдесінде ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Мәскеуде «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ басшылығымен кездесулер өткізді. Теңіз және Қарашығанақ кен орындарын кеңейту жобалары, сондай‑ақ «Қаламқас‑теңіз/Хазар» жобасын іске асыру талқыланды. Теңіз платформасының құрылысына ерекше назар аударылды, ол бойынша жұмыстарды қазақстандық верфтерде жүргізу жоспарлануда.
ҚМГ және MOL Group серіктес болып қатысатын Рожков кен орнында («Урал Ойл энд Газ») 2024 жылы 301 млн текше метр газ және 222 мың тонна конденсат өндірілді. Компаниялар жылдық газ өндіруді 700 млн текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін 2‑кезең бойынша жобаны игеруді жеделдету бойынша жұмыс жүргізуде.
2024 жылдың қараша айында Березовский жобасы бойынша стратегиялық серіктесті таңдауға конкурс өткізілді. Sinopec алдын‑ала іріктеуден өтті. 2025 жылы Березовский учаскесі бойынша барлау және өндіру келісімшартын бірлесіп алу және геологиялық барлау жұмыстарын бастау мақсатында серіктестікті корпоративтік ресімдеу рәсімдері жүргізіледі. Жобаны қаржыландыру стратегиялық серіктес есебінен кэрри қағидаты бойынша барлау кезеңінде жүзеге асырылатын болады.
2024 жылы ҚМГ‑ның геологиялық барлау жобаларына инвестициялар тарту жөніндегі жаһандық роуд‑шоуының қорытындысы бойынша ҚМГ‑ның перспективалы жобалары бойынша геологиялық‑геофизикалық деректерді зерделеу мақсатында Shell және Chevron компанияларымен бірлескен зерттеулер туралы келісімге қол қойылды. Бірлескен жұмыс нәтижесінде жер қойнауын пайдалану саласындағы әріптестік ынтымақтастықтың әлеуетті объектісі ретінде Мұғалжар учаскесі анықталды. Бұған дейін ҚМГ жер қойнауын геологиялық зерттеу шеңберінде осы учаскеде 2D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізген. Shell және Chevron өздерінің геологиялық‑техникалық бағалауын жасау мақсатында сейсмикалық деректерді сатып алу туралы келісім жасады. 2025 жылы жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша ҚМГ‑мен бірлесіп жобаны іске асыруға мүдделілік туралы коммерциялық ұсыныс алынады деп күтілуде. 2024 жылдың қараша айында Мұғалжар жобасы бойынша стратегиялық серіктесті таңдау конкурсы өткізілді. Shell және Chevron алдын‑ала іріктеуден өтті. Жер қойнауын пайдалануға бірлескен келісімшарт жасалған жағдайда жобаны қаржыландыру стратегиялық әріптес есебінен кэрри қағидаты бойынша барлау кезеңінде жүзеге асырылатын болады.
Жақсартылған модельдік келісімшарт (ЖМК)
Күрделі жобалардың бәсекелестігін арттыру және геологиялық барлау жұмыстарына қосымша инвестиция тарту үшін жағдай жасау, сондай‑ақ көмірсутек қорын толықтыру мақсатында 2023 жылы Жақсартылған модельдік келісімшарт тетіктері енгізілді. Бұл шаралар күрделі жобаларда геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыруға ықпал етеді:
- тұз қалыңдығы кемінде 100 метр тұзды шөгінділері астында орналасқан;
- тереңдігі 4 500 метрден асатын құрылымдық емес тұтқыштары, терең шөгінділері бар;
- күкіртті сутектің құрамы жоғары (3,5% және одан да көп);
- Каспий мен Аралдың қазақстандық секторындағы теңіз жобалары;
- мұнаймен қаныққан бөліктің ең аз үлесі бар газ кен орындары (<0,25%).
ЖМК преференцияларының арқасында Қаламқас‑теңіз/Хазар/Әуезов және Қаратон подсолевой, Қаражар, Тайсойған, Шығыс Өріктау учаскелері бойынша тиімді талаптар негізінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар жасалды, бұл күрделі жобаларды одан әрі барлау және әзірлеу үшін мүмкіндіктер ашты.
- Торғай палеозой, Каратон подсолевой және Қаражар учаскелерінде іздеу ұңғымаларын бұрғылауды аяқтау.
- Тайсойған‑1 және Тайсойған‑2 учаскелерінде қосымша ұңғымаларды бұрғылау.
- Орталық кен орны шегінде 220 км2 аумақта 3D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу.
- Шу‑Сарысу, Береке және Шығыс учаскелерінде жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензиялар алу және сейсмикалық барлау жұмыстарын бастау.
