Мегажобалар

Теңіз

Теңіз мұнай кен орны 1979 жылы ашылған және ол Қазақстандағы мұнай‑газ саласының жауһары әрі әлемдегі ең ірі мұнай кен орны.

«Теңізшевройл» ЖШС жобасы бойынша келісім Қазақстан Республикасы мен Chevron Corporation компаниясы арасында 1993 жылы қабылданды. Теңіз кен орны мен ірі Королев кен орнын қамтитын Көмірсутекті барлауға және өндіруге арналған лицензия ТШО‑ға 1993 жылы 40 жылға берілді.

Тенгиз

Басты индикаторлар

2024 жылы өндірілген мұнай (барлығы)

27811 мың тонна
(тәулігіне 608 мың баррель)

2P мұнай қорының еселігі

40 жылдан астам

Меншік үлестері

ҚМГ үлесіне өндірілген мұнай (20 %)

5562 мың тонна
(тәулігіне 122 мың баррель)

Өндірілген ілеспе газ көлемі (барлығы)

Бұған Компанияның жеке қажетіне арналған газ мөлшері және газды кері айдау кіреді

15,1 млрд м3

Даму перспективасы

БКЖ/СҚБЖ жобасын іске асыру Теңіз кен орнында мұнай өндіру көлемін жылына 12 млн тоннаға артыруға мүмкіндік береді

Оператор

ТШО

ТШО операторы қоры бойынша бірегей алып Теңіз кен орны мен ірі Королев кен орнын қамтитын лицензиялық учаскенің аумағында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта мұнай өндіру және дайындау сенімділік көрсеткіштері жоғары заманауи өндірістік объектілерде жүзеге асырылады, атап айтқанда: кешенді технологиялық желілер (КТЖ), екінші буын зауыты (ЕБЗ) және шикі газды айдау кешені (ШГА).

Бұл жобалар ынтымақтастықтың халықаралық деңгейін және Қазақстандағы мұнай‑газ саласына заманауи технологияларды енгізуді мүмкіндіктерін көрсетеді.

ТШО‑ның өндірістік қызметі
Жылдар Мұнай өндіру, мың тонна Ілеспе газ өндіру, млн м3 Құрғақ газ өндірісі, млн м3 Сұйытылған көмірсутек газының (СКГ) өндірісі, мың тонна Күкірт өндірісі, мың тонна Газ айдау, млн м3
2022 29 178 16 146 9 537 1 193 2 590 3 589
2023 28 893 16 009 9 403 1 255 2 573 3 641
2024 27 811 15 059 8 669 1 234 2 468 3 520

Мұнай өндіру көлемінің төмендеуі ШГА кешенінде (мамыр) және КТЖ‑1 (тамыз) бойынша жоспарланған екі күрделі жөндеуді жүргізумен және ЕБЗ‑да 67 күнге созылған жоспарланбаған жөндеумен байланысты болып отыр.

Болашақ кеңейту жобасы мен Сағалық қысымды басқару жобасын жүзеге асыру барысы

Теңізшевройл» ЖШС Болашақ кеңейту жобасы (БКЖ) мен Сағалық қысымды басқару жобасын (СҚБЖ) іске асыру жұмыстарын аяқтап қалды.

2024 жылғы сәуірде ТШО қолданыстағы КТЖ және ЕБЗ зауыттарының барынша жүктелуін қамтамасыз ететін СҚБЖ нысандарын пайдалануға берді.

2025 жылдың қаңтарында Үшінші буын зауытында (ҮБЗ) алғашқы мұнай алынды. ЕБЗ жұмысының басталуы жоспарлар бойынша жылына 12 млн тоннаға жететін теңізде өндіру көлемін біртіндеп ұлғайтуды білдіреді. Барлық өндірістік объектілер толық қуатқа шыққаннан кейін шикі мұнай өндірудің жалпы көлемі жылына шамамен 40 млн тоннаны құрайды деп күтілуде. Бұл Қазақстанға салықтар, роялти және басқа да тікелей қаржылық төлемдер есебінен қосымша пайданы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар БКЖ негізгі өндірістің сенімді жұмысын қолдауға ықпал етеді және республикамыздың әлемдік энергетикалық нарықтарға ірі жеткізуші ретіндегі ұстанымын нығайтады. БКЖ/СҚБЖ жалпы құны 48,9 млрд АҚШ долларды құрайды, бұл ретте 2024 жылдың аяғындағы жиынтық шығын мөлшері 47,5 млрд АҚШ долларына жетті.

БКЖ іске асыру барысында Теңізшевройл халықаралық корпорациялармен серіктестік қатынастар аясында озық технологиялардың берілуін қамтамасыз етті және Атырау облысында инфрақұрылымды жаңғыртуға көмектесті. Бұл ауқымды жобаға қазақстандық компаниялар да белсенді қатысты. БКЖ шеңберінде «Теңізшевройл» жергілікті тауарлар мен қызметтерді сатып алуға шамамен 20 млрд АҚШ доллары инвестиция құйды және отандық өндірушілермен 1 250‑ден астам келісімшарт жасасты.

Құрылыс жұмыстары қызған шақта БКЖ‑да 90 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Жобаны іске асыру барысында ТШО 37,5 мыңнан астам оқыту курстарынан өткен білікті жергілікті мамандарды даярлай отырып, елдің кадрлық әлеуетін қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Бүгінде бұл қызметкерлер алған тәжірибелерін Қазақстанда да, шетелде де өнеркәсіптік жобаларда қолдана алады.

Қашаған

Қашаған алып кен орны соңғы төрт онжылдықта ашылған ең ірі кен орны. Қашаған ‑ әлемдегі ең күрделі салалық жобалардың бірі. Қашаған кен орны Атырау қаласынан 75 шақырым жерде Қайраң аймағында орналасқан. Кен орнының коллекторы 4 км астам тереңдікте жатыр және ол жоғары қысым (700 бар. астам) мен күкіртсутегінің (H2S) жоғары концентрациясымен сипатталады. Бұл ретте күкірт газын жоғары қысыммен кері айдау мұнай өндірісінің артуына әкеледі. Бұл факторлар озық технологиялар мен инновациялық шешімдерді қолдануды талап етеді.

Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге (СКӨБК) Қазақстан Республикасы мен Халықаралық консорциум арасында 1997 жылы 18 қарашада қол қойылды. Жобаны NCOC операциялық компаниясы басқарады. Қашаған – Қайраң, Ақтоты сияқты Солтүстік Каспий жобасының бір бөлігі, Қазақстандағы теңіз мұнай‑газ кен орындарын игеру бойынша алғашқы алып жоба.

Кашаган

Басты индикаторлар

2024 жылы өндірілген мұнай мен конденсат көлемі (барлығы)

17424 тыс. тонн
(тәулігіне 407 мың баррель)

ҚМГ үлесіне өндірілген мұнай (16,88%)

2885 мың тонна
(тәулігіне 67 мың баррель)

Мұнай мен конденсат бойынша 2P қорының еселігі

76 жылдан артық

Газ өндіру көлемі (барлығы)

11,0 млрд м3

Меншік үлестері

Оператор

NCOC

Қашаған кен орнында барлығы 40 ұңғыма бұрғыланды, оның алтауы тоғытылған, ал 33‑і өндіруші ұңғыма, ал біреуі мониторингтік ұңғыма. Бұл ретте күкірт газын жоғары қысыммен кері айдау мұнай өндірісінің артуына әкеледі.

ҚМГ жобаға қатысу үлесінің 16,88% иеленетін «ҚМГ Қашаған Б.В.» компаниясы арқылы осы ерекше кен орындағы халықаралық тәжірибе мен технологияларды біріктіре алды.

NCOC өндірістік қызметі
Жыл Мұнай өндіру, мың тонна Табиғи және ілеспе газды өндіру, млн м3 Күкірт өндіру, мың тонна Газ айдау, млн м3
2022 12 682 7 878 983 3 917
2023 18 774 11 857 1 486 5 829
2024 17 424 11 253 1 422 5 486

2024 жылдың 8‑29 қазаны аралығында қолданыстағы слаг‑кэтчер қондырғысының конфигурациясының уақытша шешімін ауыстыру бойынша жоспарлы күрделі жөндеуге байланысты мұнай өндіру көлемі төмендеді.

СКӨБК талаптарына сәйкес Қашаған кен орнында өндірілетін бүкіл мұнай, соның ішінде ҚМГ үлесіне тиесілі мұнай да экспортқа жөнелтіледі. Өндірілетін мұнай негізінен КҚК мұнай құбыры арқылы Новороссийск портынан Еуропаға, Шығыс Азияға және Үндістанға экспортқа жөнелтіледі.

Арбитраж дауы

Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге (СКӨБК) сәйкес Қазақстан Республикасы және мердігер компаниялар арасында (ҚМГ еншілес кәсіпорны ҚМГ Қашаган Б.В.) кейбір келіспеушіліктер бар. СК ӨБК‑ге сай бұл дау арбитраждық реттеу жолымен шешілуі тиіс.

Экологиялық тексеріс шаралары

ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті оператордың жерүсті объектілеріне тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша операторға бұзушылықтарды жою туралы, оның ішінде 1,2 млн тонна көлемінде күкіртті нормативтен тыс орналастыруға қатысты нұсқама берілді. Оператор тексеру нәтижелерімен келіспеді және аталған ұйғарымға дау айту туралы Әкімшілік талап арыз берді. 2023 жылғы 14 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты күкіртті орналастыруға қатысты оператордың пайдасына шешім шығарды. 2024 жылғы 27 ақпанда Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы бұл шешімнің күшін жойды. Дау ҚР Жоғарғы сотының қарауында. Оператор әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда айыппұлдардың мөлшері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес айқындалатын болады. 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компания бұл тексеруге қатысты резервтерді мойындамады.

Қашаған жобасын кеңейту
Аяқталған жобалар

2024 жылдың қазан айында жаңа слагкетчердің құрылысы сәтті аяқталды, бұл технологиялық процестердің сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, компания сұйытылған көмірсутекті газды (СКГ) коммерцияландыруда айтарлықтай прогреске қол жеткізді. 2024 жылдың тамыз айында «QazaqGaz» ҰК АҚ‑мен СКГ‑ны сатып алу‑сату туралы шартқа қол қойылды. Бұл жобаның толық аяқталуы 2026 жылдың 3‑тоқсанына жоспарланған, жалпы инвестиция 73 миллион АҚШ долларына бағаланады.

Іске асырылып жатқан жобалар

Қуаты жылына 1 млрд м3 «QazaqGaz» ҰК АҚ газ өңдеу зауытының (МӨЗ) құрылысы жүргізілуде. 2024 жылдың соңында барлық жұмыстардың 89% аяқталды, соның ішінде газ құбырын салу, электр қосалқы станциясын орнату жұмыстары жалғасуда. Зауыт 2026 жылдың 4‑тоқсанында пайдалануға беріледі деп күтілуде. NCOC жобасының жалпы құны 160,3 млн АҚШ долларын құрайды. Айта кету керек, жаңа инвестордың — «QazaqGaz» ҰК АҚ тарапынан UCC Holding жаңа инвестор ретінде кіруінен МӨЗ құрылысын іске асыру кестесіне түзетулер енгізуі мүмкін.

Зерттеліп жатқан жобалар

Компания өндірісті кеңейту мүмкіндіктерін белсенді зерттеп жатыр. «2А кезеңі» жобасы аясында алдын ала базалық жобалау туралы келісімге қол қойылды. UCL Holding 2025 жылдың 1‑тоқсанында алдын ала базалық жобалау мен техникалық‑экономикалық негіздемені аяқтауы тиіс. Осы жоба аясында жаңа өндірісті іске қосу 2029‑2030 жылдарға жоспарланған.

Қарашығанақ

Қарашығанақ мұнай‑газ конденсатты кен орны ‑ Батыс Қазақстан облысында орналасқан және 280 км2 астам аумақты алып жатқан әлемдегі ең ірі мұнай‑газ конденсатты кен орындарының бірі. Кен орны 1979 жылы ашылған, кен орнын тәжірибелік‑өнеркәсіптік игеру 1984 жылы басталды.

Карачаганак

Басты индикаторлар

Сұйық көмірсутек өндіру көлемі (тұрақтыСұйық көмірсутектерді тұрақты эквивалентте бағалау үшін мұнай мен конденсаттың жалпы көлемін есептеу кезінде 0,9 аударым коэффициенті қолданылады.) (барлығы)

10968 мың тонна
(тәулігіне 245 мың барр.)

ҚМГ үлесіне (10%) тиесілі сұйық көмірсутек өндіру көлемі (тұрақты)

1097 мың тонна
(тәулігіне 24,5 мың барр.)

Мұнай мен конденсат бойынша 2P қорының еселігі

18 жылдан артық

Газ өндіру (барлығы)

23,9 млрд м3

Меншік үлестері

Даму перспективасы

Көмірсутек өндірудің жоғары деңгейін сақтап тұру мақсатында инвестициялық жобаларды іске асыру

Операторы

Royal Dutch Shell және Eni S.p.A. компаниялары – Қарашығанақ кен орнының бірлескен операторлары

Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім және жоба операторлары

Қарашығанақ жобасы Қазақстан Республикасы мен «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) – Халықаралық консорциум арасында 1997 жылы 18 қарашада қабылданған Қарашығанақ мұнай‑газ конденсатты кен орнының мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім аясында іске асырылады. Shell және Eni S.p.A компаниялары жобасының бірлескен операторлары.

Технологиялық инфрақұрылым

Кен орнында көмірсутекті өндіру, өңдеу және тасымалдау процестерін толық қамтамасыз ететін үш негізгі технологиялық нысан орналасқан:

  1. Қарашығанақ өңдеу кешені (ҚӨК)
    • ұңғымалардан келетін сұйық көмірсутектерді, сондай‑ақ ГКДҚ 2 мен ГКДҚ 3‑тен тасымалданатын бастапқы шикізатты өңдейді.
    • ішінара газды экспортқа жөнелтуге, қабатқа айдауға, сондай‑ақ жеке өндірістік қажеттіктер үшін дайындайды.
  2. Газды кешенді дайындау қондырғысы (ГКДҚ 2)
    • шикі газды жоғары қысыммен бөледі және қайта айдайды.
    • экспортқа жіберер алдында тұрақтандыру үшін сұйық көмірсутектерді ҚКП‑ға жібереді.
  3. Газды кешенді дайындау қондырғысы ‑3 (ГКДҚ 3)
    • газды кешенді дайындау қондырғысы, ол экспортқа жіберер алдында сұйық көмірсутектер мен газды бөледі және ішінара тұрақтандырады.

Газ өндіру көлемі өскен сайын сұйық көмірсутектерді айдау көлемінің пропорционалды өсуі байқалды, бұл қабат қысымын ұстап тұру технологияларын қолданумен байланысты.

Арбитраж дауы

Қазақстан Республикасының және мердігер компаниялардың 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай‑газ конденсатты кен орнының мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімге сәйкес арбитраж арқылы реттеуге жататын ӨБТК‑ның белгілі бір ережелерін қолдануға қатысты бірнеше келіспеушілігі бар. Мердігер компаниялардың пайымдауынша, олар ӨБТК, Қазақстан Республикасының заңнамасына және қолданыстағы стандарттар мен озық тәжірибеге сәйкес әрекет етеді. Қазіргі уақытта арбитраж трибуналында талапарыздармен алмасу процесі жүріп жатыр.

Оператордың 2023 жылғы 13 сәуірдегі хабарламасына сәйкес «ҚМГ Қарашығынақ» ЖШС бірлескен қызмет туралы келісімге сәйкес мүдделер қақтығысына байланысты келіссөздер процесінен толығымен алынып тасталды.

ҚПО өндірістік қызметі
Жыл Газ өндірісі, млн м3 Сұйық көмірсутек өндірісі, мың тонна Газ айдау, млн м3
2022 19 442 10 135 11 131
2023 22 385 10 858 12 650
2024 23 942 10 968 14 231
Қарашығанақты кеңейту жобасы
Жоба Мәртебесі Жоба мақсаты Күтілетін нәтиже Қосымша мәліметтер
ҚКЖ‑1А: 5‑компрессорды пайдалануға беру Пайдалануға берілді (2024 жылы, қыркүйек), өндірістік сынақтар жүргізілуде Газ айдауды жылына 3,7 млрд м 3 ұлғайту; қабат қысымын ұстап тұру; мұнай өндірудің жылдық деңгейін 10‑11 млн тонна деңгейінде тұрақтандыру ӨБК қолданылу мерзімінің соңына дейін мұнай өндіру өсімі — 7,1 млн тонна
ҚКЖ ‑1Б: 6‑ компрессор құрылысы Белсенді құрылыс жұмыстары (2024 жылғы 1 қарашаға қарай ілгерілеу ‑ 67,5%, алдын ала жоспарланғаны ‑ 45,1%) Газ айдау көлемін жылына 3,7 млрд м³ жеткізу; мұнай өндіру көлемін сақтау Мұнай көлемін өсіру — 5,8 млн тонна Жоспарлы мерзім — 2026 жылғы 4 тоқсан
Қарашығанақ МӨЗ Түжырымдама таңдау, ТЭН әзірлеу

жылына 4,5 млрд м³ газ өндіру;

СКГ жылына 0,3 млн тонна

Газ өндіру және өндірісі

ҚМГ‑ның 2024‑2030 жылдарға арналған газ стратегиясы

ҚМГ 2024 жылдан 2030 жылға дейінгі кезеңге есептелген өршіл газ стратегиясын іске асыруда. Оның негізгі мақсаты – Қазақстанда табиғи газды өндіру мен өңдеу көлемін едәуір арттыру. Газ өндіруді қазіргі жылына 3,2 млрд м³‑ден 8,9 млрд м³ дейін ұлғайту жоспарда. Осы мақсатқа жету үшін Компания газ инфрақұрылымын дамытады, газ өңдеу зауыттарын жаңғыртады және газды есепке алудың бірыңғай жүйесін қалыптастырмақшы. Сондай‑ақ негізгі міндеттердің бірі — ілеспе газ көлемін тауарлық және сұйытылған табиғи газға айналдырып өңдеу.

2024 жылы жаңа кен орындарын геологиялық барлауды және қажетті нысандарды салуды қамтитын іс‑шаралардың егжей‑тегжейлі жоспары әзірленді. Газ өндірісін ынталандыру және газ өндіру мен өңдеу саласындағы жобалардың тиімділігін арттыру үшін газдың ішкі және экспорттық бағаларын ескеретін баға белгілеудің жаңа тетіктері енгізілді. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі ҚМГ‑ның тауарлық газға бағаны көтеру жөніндегі ұсынысын қолдады.

Табиғи және ілеспе газ өндіру

Табиғи және ілеспе газды өндіру көлемі 2024 жылы 1%‑ға, яғни 9 554 млн м³ дейін ұлғайды. Бұл ретте 2 286 млн м³ (24%) операциялық активтердің үлесіне, 7 268 млн м³ (76%) мега жобалардың үлесіне тиесілі.

Газ өндіру көрсеткіштері өндірілген газдың нақты көлемін, соның ішінде газды қабатқа кері айдауды және өз қажетін құрайды.

Газды кері айдау мұнай өндірудің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін қабат қысымын ұстап тұру үшін қолданылады.

2024 жылы тауарлық газ өндіру көлемі 5 255 млн м³ құрады, cоның ішінде 1 723 млн м³ — операциялық активтер есебінен, 3 532 млн м³ — мегажобалар есебінен өндірілді. 2023 жылмен салыстырғанда ҚМГ‑ның тауарлы газ өндірісі жиынтық түрде 125 млн м³ немесе 2,4%‑ға ұлғайды.

Көрсеткіш, млн м³ 2022 2023 2024
Активтер бойынша ҚМГ үлесіне табиғи және ілеспе газ өндіру 8 241 9 459 9 554
Операциялық активтер 2 190 2 055 2 285
Өзенмұнайгаз 623 596 613
Ембімұнайгаз 213 217 205
Маңғыстаумұнайгаз 431 427 443
Қазгермұнай 115 129 137
Қаражанбасмұнай 33 33 41
ПетроҚазақстан Инк. 127 112 109
Қазақойл Ақтөбе 430 402 403
Қазақтүрікмұнай 197 127 102
Өріктау Оперейтинг 21 9 55
Доңға 3 27
Урал Ойл энд Газ 2 151
Мегажобалар 6 051 7 403 7 269
ТШО 3 229 3 202 3 011
«ҚМГ Қашаған Б.В.» 877 1 963 1 863
«ҚМГ Қарашығанақ» 1 944 2 239 2 394
ҚМГ‑ның операциялық активтері бойынша тауарлық газ өндірісі
Көрсеткіш, млн м³ 2022 2023 2024
Өзенмұнайгаз + ҚазГӨЗ 496 689 627
Маңғыстаумұнайгаз («Жетібаймұнайгаз» ӨБ) 156 239 337
Қазгермұнай 182 203 241
Қазақойл Ақтөбе 374 338 346
Ембімұнайгаз 164 171 158
Қазақтүрікмұнай 144 71 43
ПетроҚазақстан Инк. 0 0 0
Операциялық активтер бойынша барлығы 1 516 1 711 1 723
Мегажобалар бойынша тауарлық газ өндірісі (ҚМГ үлесіне), млн м3
Көрсеткіш 2022 2023 2024
Теңіз 1 907 1 881 2 025
Қарашығанақ 745 881 874
Қашаған 263 657 633
Мегажобалар бойынша барлығы 3 013 3 419 3 532
Газ өндіру және өндірісі

Газ сегменті: 2024 жылдың негізгі қорытындысы мен жобалары

Ағымдағы жобалар
Кен орын 2024 жылдың басты оқиғалары Компания
Рожков 1‑кезең жабдықтарын монтаждау жұмыстары аяқталды, төрт ұңғыма пайдалануға берілді; 2024 жылы 222 мың тонна конденсат және 301 млн м³ газ өндірілді; тауарлық газ өндірісі ‑ 240 млн м³ (БҚО қажетіне берілген газ көлемі 89%) «Урал Ойл энд Газ» ЖШС
Шығыс Өріктау Үш жаңа ұңғыма пайдалануға берілді. Өндіру көлемі – 84 мың тонна мұнай және 55 млн м³ газ. Ілеспе газды толық утилизациялау үшін компрессорлық станцияларды орнату аяқталды «Өріктау Оперейтинг» ЖШС
Өріктау (КТ‑I) Газды өңдеу көлемі жылына 1 млрд м³ дейін болатын толық ауқымды игерудің техникалық‑экономикалық негіздемесі әзірленді «Өріктау Оперейтинг» ЖШС
Батыс Прорва Инфрақұрылым салудың техникалық‑экономикалық негіздемесі аяқталды; 2025 жылы бірінші кешені іске қосылады деп жоспарланып отыр (қуаты жылына 150 млн м³) «Ембімұнайгаз» АҚ
Қаламқас Газ қоры 6,7%‑ға ұлғайды; инфрақұрылым салудың техникалық‑экономикалық негіздемесі әзірленді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Оңтүстік Ақсай Газ өңдеуге арналған инфрақұрылымға аудит жүргізіліп, оны жаңғырту жобасы қолға алынды; іске қосу 2025 жылға жоспарланған «Қазгермұнай» БК» ЖШС

Қазақ газ өңдеу зауыты

Негізгі фактілер

Қазақ газ өңдеу зауыты (ҚазГӨЗ) – Қазақстанның алғашқы газ өңдеу зауыты және Маңғыстау облысындағы жалғыз зауыт. Жобалық қуаты: жылына 1,5 млрд м³ шикі газ, жылына 90 мың тонна газ конденсатын, жылына 510 мың тонна жеңіл көмірсутектердің кең фракциясын өңдеуге қауқарлы.

Зауыт ҚМГ‑ның операциялық активтерінің және басқа жер қойнауын пайдаланушылардың шикізатын өңдеп, өңір үшін тауарлық газ, сұйытылған мұнай газы және тұрмыстық отын өндірісін қамтамасыз етіп отыр.

2024 жылдың нәтижелері

837,0 млн м³ шикі газ, 3,9 мың тонна газ конденсаты, 40,7 мың тонна жеңіл көмірсутектердің кең фракциясы өңделді. 2025 жылы сұйытылған мұнай газының өндірісі 184,9 мың тонна деңгейінде болады деп күтілуде. 2024 жылы 184,2 мың тонна сұйытылған мұнай газы сатылды (2023 жылы — 198,9 мың тонна).

Өңірдегі орны

Маңғыстау облысының аумақтық‑өндірістік кешенінің негізгі кәсіпорны, ол халық пен өндірістік объектілер үшін аса маңызды өнім өндіру мен жеткізуді қамтамасыз етеді.

Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын салу жобасы

Жоба мақсаты

Маңғыстау облысында газға және оны өңдеу өнімдеріне деген өсіп келе жатқан ішкі сұранысты жабу.

Жаңа жұмыс орындарын ашу мен инфрақұрылымды дамыту есебінен өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты нығайту.

Басты өлшемшарттары

Жобаны іске асыру 2023 жылдан бастап 2027 жылға дейінгі кезеңге есептелген. Жаңа зауыт жылына 900 млн текше метр шикі газды өңдей алады деп жоспарланып отыр. Зауыттың негізгі өнімдері мынадай болмақшы:

  • тауарлық газ ‑ 742 млн текше метр.
  • сұйытылған мұнай газы ‑ 219 мың тонна.
  • пентан және гексан фракциялары ‑ 123 мың тонна.
Қазіргі жағдайы

Қазіргі уақытта маңызды дайындық жұмыстары аяқталды. Инженерлік зерттеулер жүргізіліп, шикізат құрамын талдау үшін сынамалар алынды, бұл болашақ зауытта технологиялық процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді. 2‑ші іске қосу кешені бойынша жобалау‑сметалық құжаттама әзірлену үстінде. «Мемсараптама» РМК‑дан 2‑ші іске қосу кешені бойынша қорытынды алу мерзімі — 2025 жылы шілде айы. 2025 жылы 17 ақпанда «Мемсараптама» РМК‑дан Жобаның 1‑ші іске қосу кешені бойынша № 01‑0075/25 оң қорытынды алынды. 2025 жылы 3 наурызда мердігер компания 1‑ші іске қосу кешені бойынша құрылыс‑монтаж жұмыстарын бастау аясында арнайы техника мен жұмысшыларды жұмылдырды.

2025 жылға арналған жоспарлар

1. Кен орындарды дамыту:

Газ өндіру көлемін ұлғайту стратегиясы аясында Батыс Прорва кен орнында инфрақұрылымды салу іс-шараларын аяқтап, жаңа ұңғымаларды пайдалануға беру жоспарда. Сондай-ақ Өріктау, Қаламқас және Рожков кен орындарын игеруге бағытталған жобалар іске асырылатын болады.

2. Газ өңдеу ісін коммерцияландыру:

Өндірілетін газды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін Оңтүстік Қаратөбе және Лактыбай кен орындарының базасында метанол өндіру үшін жаңа нысандарды салу жоспарланып отыр. Газды метанолға өңдеу оны сату нарығын кеңейтуге және өнімнің қосылған құнын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

3. Инфрақұрылымдық жобалар:

Газдың үздіксіз тасымалын және оны өңдеуді қамтамасыз ету үшін қысымды көтеретін сорғы станцияларын жаңғырту жұмыстары аяқталады. Бұдан басқа, газ инфрақұрылымының негізгі нысандарында өңдеу қуаттарын кеңейту жоспарлануда.

Газ сегменті