ЕСЕП ТУРАЛЫ
Есеп шекарасы
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы" АҚ-ның 2024 жылғы есебі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалып, ҚМГның шоғырландырылған қаржылық есептілігін қалыптастыру қағидаты негізінде жасалған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ деп аталатын бас компания мен оның еншілес әрі тәуелді ұйымдары (ҚМГ, Компания, ҚМГ компаниялар тобы) қызметінің нәтижелерін қамтиды.
Жылдық есепте өндірістік-экономикалық қызметтің бірқатар көрсеткіші ХҚЕС қағидаттарына сәйкес және ХҚЕС бойынша 2024 жылы 31 желтоқсанда аяқталған жылдың ҚМГ-ның шоғырландырылған қаржы есептілігі үшін ҚМГ компанияларының жиынтығына қатысты айқындалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай дайындалған ҚМГның есептік құжаттарындағы ұқсас көрсеткіштерінен өзгеше болуы ықтимал.
Сонымен қатар Компания қызметінің кейбір көрсеткіштері басқарушылық және басқа да есептерді дайындау кезінде қолданылатын қағидаттарға сәйкес ұсынылады. Шоғырландырылған қаржылық және басқа есептерді дайындау әдіснамасындағы айырмашылықтарға байланысты бұл әдістемелер бойынша есептелген көрсеткіштер салыстыруға келмеуі мүмкін.
Қызметтің қаржы нәтижелеріне талдау 2024 жылы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін ХҚЕС-ке сәйкес дайындалып, аудиттен өткен Компанияның шоғырландырылған қаржы есептілігі тұрғысынан жүргізілуі тиіс.
Жылдық есеп Компания басшылығы ағымдағы жағдайға байланысты жасаған болжамдар мен бағалауларға негізделген, ҚМГ-ның болашақтағы өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты «болжамды мәлімдеме» болып саналатын немесе сондай ретте қарастырылуы мүмкін мәлімдемелерді қамтиды. Болжамды мәлімдеме дегеніміз тарихи фактілерге жатпайтын барлық мәселе. Сонымен қатар олар компания қызметінің нәтижелеріне, қаржылық жағдайына, өтімділігіне, перспективаларына, дамуына, стратегияларына қатысты және Компания жұмыс істейтін салалар бойынша ҚМГ-ның ниеттері, сенімдері және ағымдағы болжамдары туралы мәлімдемелерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді. Өзінің сипаты бойынша болжамды мәлімдемелер тәуекел мен белгісіздікпен байланысты, өйткені олар болуы да немесе болмауы да мүмкін болашақтағы оқиғалар мен жағдайларға жатады, яғни түрлі объективті факторлардың әсерінен қызметтің нақты нәтижелері ұсынылған болжамдар мен бағалаулардан өзгеше болуы ықтимал.
Кезеңдерді салыстыру кезінде мәндер жуықталмай, нақты қолданылды. Компанияның пікірінше, дөңгелектеуге қатысы бар кез-келген ықтимал түзетулер оның нәтижелеріне материалдық әсер етпеуі керек.