Басқарманың 2024 жылы атқарған жұмысы туралы есеп
Басқарма қызметі Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл‑ауқат қоры туралы» Заңында, ҚМГ Жарғысында және Басқарма туралы ережеде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңында регламенттелген. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және ҚМГ Жарғысымен Компанияның басқа да органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған компания қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы. ҚМГ Басқармасын Акционерлердің жалпы жиналысы тағайындайтын (сайлайтын) Басқарманың төрағасы басқарады. Өз кезегінде, Басқарманың қалған мүшелерін тағайындау ҚМГ Директорлар кеңесінің құзыретіне кіреді.
Басқарма құзыретінің аса маңызды мәселелеріне келесілер жатады:
- ҚМГ Даму стратегиясы мен Даму жоспарын іске асыру;
- бизнес‑жоспарды орындауды және инвестициялық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, компанияның ағымдағы қаржы‑шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
- ҚМГ мен ЕТҰ‑ның тұрақты дамуы бойынша іс‑шараларды іске асыру;
- мүдделер қақтығысы мен корпоративтік қақтығыстарды реттеуге қатысу және олардың мониторингін жүргізу;
- Жарғыда Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, ҚМГ ЕТҰ қызметіне қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
- ҚМГ міндеттемелерін ұлғайту және материалдық шегіне сәйкес мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару.
ҚМГ Басқармасын Директорлар кеңесі Басқарма төрағасының ұсыныстары негізінде қалыптастырады. 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Басқарманың құрамына ҚМГ‑ның негізгі он басшысы кірді. Басқарманың отырыстары бетпе‑бет және сырттай өтеді, сондай‑ақ қажеттілігіне қарай шақырылады.
2024 жыл ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы 68 отырыс өткізіп, 563 шешім қабылдады.
2024 жыл ішінде қабылданған Басқарманың нақты шешімдерінің жалпы санынан белгіленген тәртіппен 162 мәселе ҚМГ Директорлар кеңесінің қарауына шығарылды.
Соның ішінде 62 мәселе мыналарға қатысты болды:
- құжаттардың жобалары немесе қолданыстағы ішкі құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар;
- «Құрманғазы» құрылымының өнімін бөлу туралы келісімі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС‑нен ҚМГ пайдасына ауысуын келісу;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2023 жылғы шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту және ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысына 2023 жылғы ҚМГ таза кірісін бөлу тәртібі және ҚМГ‑ның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшері туралы ұсыныс беруді бекіту;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2022‑2031 жылдарға арналған даму стратегиясына толықтыруларды бекіту;
- Қазақстан Республикасы Атырау облысының XX VI‑10‑a (ішінара) блоктары шегінде Батыс Новобогат кен орнында көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ‑ның жер қойнауы учаскесін мемлекетке қайтаруды келісу;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2025‑2029 жылдарға арналған шоғырландырылған даму жоспарын бекіту;
- ҚМГ‑ның «Болашақ» жобасы бойынша қағидаттары туралы келісім жасасу;
- Еурооблигациялар‑2024 сатып алу (мерзімінен бұрын өтеу);
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасын және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның және оның еншілес ұйымдары мен тәуелді қоғамдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саясатын бекіту;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кадр саясатын, сондай‑ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай‑газ‑химия кешенін дамытудың 2040 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту және т. б.
ЕТҰ акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жататын Директорлар кеңесінің өкілеттігіне сәйкес ҚМГ Басқармасы төмендегі компаниялардың қызметі мәселелеріне қатысты 11 шешімге бастамашылық жасады:
- «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС (6)
- «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (2)
- «ҚазТрансОйл» АҚ (2)
- «ҚМГ‑Қарашығанақ» ЖШС (1)
Сонымен қатар Басқарма есепті кезеңде ҚМГ мүдделілі бар мәмілелер жасасу бойынша Директорлар кеңесінің қарауына 46 мәселені ұсынды.
2024 жыл ішінде ҚМГ Директорлар кеңесінің қарауына ҚМГ мен оның ЕТҰ‑ның инвестициялық жобалары мен мәмілелерін келісу туралы 20 мәселе шығарылды, бұл жобалардың құны есепті кезеңде макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы бойынша белгіленген (базалық сценарий) теңгенің бағамына сәйкес 200 000 000 (екі жүз миллион) АҚШ доллары шегінен асады.
«Самұрық‑Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен (2020 жылғы 17 наурыздағы № 09/20 хаттама) бекітілген «Самұрық‑Қазына» АҚ‑ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50%‑дан астамын «Самұрық‑Қазына» АҚ тікелей немесе жанама иелік ететін заңды тұлғалардың инвестициялық қызметінің корпоративтік стандартына сәйкес қарады ҚМГ Басқармасы «Самұрық‑Қазына» АҚ инвестициялық‑стратегиялық комитетінің отырысына енгізу үшін 13 мәселені қарады, одан кейін ҚМГ Директорлар кеңесінде соның алты мәселесі қаралды.
Сонымен қатар Басқарма 17 есепті мақұлдап, Директорлар кеңесінің қарауына жіберді, атап айтқанда:
- 2023 жылғы 31 желтоқсандағы және 2024 жылғы 1, 2 және 3‑тоқсандағы жағдай бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қаржылық тәуекелдері бойынша есептер;
- 2023 жылғы 4‑тоқсандағы және 2024 жылғы 1, 2 және 3‑тоқсандағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның негізгі тәуекелдері бойынша есептері;
- 2023 жылдың 4‑тоқсанында және 2024 жылдың 1, 2 және 3‑тоқсандарында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы қабылдаған, оларға мүдделілік бар жасалған мәмілелер туралы есептер;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2022‑2031 жылдарға арналған даму стратегиясын 2023 жылы және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында іске асыру туралы есеп;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің верификациялауын ескере отырып, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2018‑2021 жылдарға арналған трансформациялау бағдарламасын іске асырудың қорытындылары туралы есеп;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2023 жылғы тұрақты даму туралы есебі;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2023‑2027 жылдарға арналған шоғырландырылған даму жоспарын 2023 жылы іске асыру туралы есеп.
2024 жыл ішінде Басқарма олардың жасалуына ҚМГ мүддесі бар мәмілелері бойынша 39 шешім қабылдады.
2024 жылы қаңтар‑желтоқсан айларына аралығында Басқарма шешімімен төмендегі құжаттар бекітілді:
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Санаттық комитеті туралы және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50% және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдар жасасқан сатып алу туралы шарттар бойынша өнім берушілермен даулы мәселелерді қарау жөніндегі наразылық комиссиясы туралы екі ереже;
- он Ереже;
- екі Регламент;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында қалдықтарды басқару жөніндегі стандарт;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында экологиялық бағалау жүргізу жөніндегі корпоративтік стандарт;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ға меншік құқығында тиесілі «Теңізшевройл» ЖШС, «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС және «Kalamkas‑Khazar Operating» ЖШС‑нің жарғылық капиталындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның қатысу үлестерін «ҚМГ Қашаған Б. В.» ЖШЖК‑ға сенімгерлік басқаруға беру бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның іс‑шаралар жоспары;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2024‑2028 жылдарға арналған түзетілген бизнес‑жоспары (төрт рет);
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2024 жылдарға арналған түзетілген бюджеті (тоғыз рет)
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2025‑2029 жылдарға арналған бизнес‑жоспары;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2025 жылға арналған бюджеті;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарушы және әкімшілік қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының кестесі;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның Ақтау қаласындағы өкілдігі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының кестесі;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында 2024‑2027 жылдарға арналған өндірістік қауіпсіздіктің, еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудың жай‑күйін жақсарту жөніндегі жол картасы;
- •жаңа редакциядағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік құндылықтары
Бұдан басқа, 30 шешім арқылы ҚМГ‑ның жекелеген ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.
Сондай‑а, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2024 жылға арналған бюджет қаражатын қайта бөлуге қатысты ҚМГ Басқармасының 9 шешімі қабылданды.
ЕТҰ акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жататын өкілеттіктер аясында Басқарма ҚМГ позициясын айқындау және акционерлердің (үлескерлердің) жалпы жиналыстарында ҚМГ уәкілетті өкілдерінің (қатысушылары) кейіннен дауыс беруі үшін:
«Самұрық‑Қазына» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 30 маусымдағы шешімімен (№ 36/22 хаттама) бекітілген «Самұрық‑Қазына» АҚ тобына кіретін ұйымдардың қайырымдылық көмегін (қайырымдылық жобасын) жоспарлау, қарау және алдын ала мақұлдау қағидаларына сәйкес ҚМГ Басқармасы «Samruk‑Kazyna Trust» корпоративтік қоры арқылы Қазақстан Республикасының тасқын судан зардап шеккен өңірлерге, сондай‑ақ қосымша Атырау облысының елді мекендеріне қайырымдылық көмек көрсету туралы үш шешім қабылдады. Бұдан бөлек, «Отпан: Маңғыстау облысының тірек мектептер желісі» жобасын іске асыру үшін «Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры» қоғамдық қорына демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылданды.