Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесі ҚМГ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Директорлар кеңесінің шешімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында және ҚМГ Жарғысында белгіленген тәртіппен қабылданады. Қазақстан Республикасының заңнамасында және ҚМГ Жарғысында белгіленген шешімдерді қабылдау үшін қажетті кворумға және Компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің көпшілік дауысына қарамастан, айтарлықтай маңызды мәселелер бойынша шешімдерді Директорлар кеңесі іштей отырыстарда қабылдайды, шешімдерді қабылдауға Директорлар кеңесінің барлық мүшелері (Директорлар кеңесі мүшелерінің шешім қабылдауға мүдделі болған жағдайларды қоспағанда) қатысады және бұл шешімдер Директорлар кеңесінің барлық мүшесінің пікірін ескеріліп қабылдануы үшін бар күш‑жігер жұмсалады. Директорлар кеңесінің функциялары толығырақ ҚМГ‑ның 2023 жылғы есебінің 220‑бетінде мазмұндалған.

Компанияның Директорлар кеңесінің қызметі ҚМГ Жарғысымен, Корпоративтік басқару кодексімен және Директорлар кеңесі туралы ережемен реттеледі және жыл сайын әзірленетін жұмыс жоспарына және отырыстар өткізу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда, Директорлар кеңесі жұмыс жоспарына енгізілмеген мәселелерді де қарайды.