Басқарма
Басқарма құрамы
2024 жылғы 31 желтоқсандағы Басқарма құрамы
2024 жылға арналған Жылдық есепті бекіту кезіндегі Басқарма құрамы










Басқарма мүшелерінің өмірбаяндары
Туған күні: 1983 жыл 13 қазан.
Білімі
- Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мамандығы «мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау»
- К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті, мамандығы «менеджмент»
Жұмыс тәжірибесі
- 2005 жылы – «Торғай Петролеум» АҚ (Қызылорда қ.) мұнай және газ өндіру цехының 3‑разрядтағы операторы.
- 2006–2010 жылдары «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ жетекші маман, бас маман, мұнай‑газ кен орындарын игеру мониторингі бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, департамент директоры, вице‑президент болып жұмыс істеді.
- 2011 – 2019 жылдары еңбек жолын ҚР Мұнай және газ министрлігінде жалғастырып, Мұнай‑газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекция және рұқсат беру басқармасын, кейін мұнай‑химия және техникалық реттеу департаментін басқарды.
- 2019 – 2022 жылдары «KLPE» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
- 2022–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика вице‑министрі болды. Бұл лауазымда жер қойнауын пайдалану және мұнай‑газ химиясын дамыту мәселелеріне жетекшілік етті, сонымен бірге Көмірсутек кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияны басқарды.
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.
Туған күні: 1965 жыл 11 мамыр.
Білімі
- В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, мамандығы «тау‑кен инженері ‒ геолог»
- Геология‑минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі бар
Жұмыс тәжірибесі
- 1985 жыл — «Ембімұнай» өндірістік бірлестігінде оператор.
- 2006‑2024 жылдары «Ембімұнайгаз» және «ҚазМұнайГаз «Барлау және Өндіру» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігін, «Kalamkas‑Khazar Operating» ЖШС әр түрлі лауазымдарды атқара отырып басқарды.
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑да әр жылдары мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директор, геология, геофизика және резервуарлар жөніндегі басқарушы директор, бас геолог, операциялық емес активтер жөніндегі басқарушы директор, барлау, өндіру және мұнай сервисі, геология және барлау жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет етті.
- Әл‑Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. «Құрмет» орденімен марапатталған.
- 2024 жылдың 17 мамырынан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарады.
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.
Туған күні: 1976 жыл 16 тамыз.
Білімі
- Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мамандығы «өндірісті басқару және ұйымдастыру», «мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану»
Жұмыс тәжірибесі
- 1999‑2000 жылдары — «Өзенмұнайгаз» ААҚ, №1 мұнай‑газ өндіру басқармасында ҰКЖ операторының көмекшісі, ҰКЖ цехының нормалаушысы, бірінші санатты инженер‑экономист.
- 2000‑2002 жылдары — «Өзенмұнайгаз» өндірістік басқармасының жетекші инженер‑экономист, жоспарлау, еңбек және жалақы бөлімінің бастығы.
- 2003‑2004 жылдары — «Өзенмұнайгаз» ААҚ активтерді басқару бөлімінің бастығы, бақылау‑сараптама департаменті директорының орынбасары, бақылау‑сараптама департаментінің директоры.
- 2004‑2005 жылдары — «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ‑ның филиалы – «Өзенмұнайгаз» өндірістік басқармасында қаржы департаментінің директоры.
- 2005‑2007 жылдары — «ШИНЖИР ЖШС директоры.
- 2007‑2008 жылдары — «АРНАОЙЛ» ЖШС‑де өкілдік басшысының бірінші орынбасары.
- 2008‑2009 жылдары — «Матин» БК» ЖШС бас директоры
- 2009‑2016 жылдары — «Каспий мұнай» АҚ бас директоры, Басқарма төрағасы.
- 2016‑2017 жылдары — «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.
- 2017‑2018 жылдары — «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры.
- 2018‑2020 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі.
- 2020‑2021 жылдары — «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ бас директорының ресурстық базаны дамыту және техникалық саясат жөніндегі орынбасары, Басқарма төрағасының геологиялық барлау және өндіру жөніндегі орынбасары.
- 2020‑2022 жылдары — «Отан Газ» ЖШС бас директоры қызметін қатар атқарды.
- 2024 жылы — «ЕМГ Стройсервис» ЖШС директорының кеңесшісі.
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.
Туған күні: 1987 жыл 7 сәуір.
Білімі
- Қазақстан‑Британ техникалық университеті, мамандығы «мұнай және газ орындарын игеру» мамандығы.
- 2010 жылы Турин политехникалық университетінің (Италия) магистратурасын бітіріп, мұнай инженериясы саласының ғылым магистрі дәрежесін алды.
Жұмыс тәжірибесі
- 2010 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы NADLoC жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінде жұмыс істеді.
- 2011‑2013 жылдары «Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (Аджип ККО) инженері болды.
- 2013‑2024 жылдары «PSA» ЖШС‑да әртүрлі қызмет атқарды: менеджер, бас менеджер, техникалық департамент директоры, Солтүстік Каспий жобасы бойынша бас менеджер (Басқарма мүшесі).
- 2024 жылы шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
- Ерен еңбегі үшін» медалімен, сондай‑ақ «Мұнай‑газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.
Туған күні: 1972 жыл 14 қазан.
Білімі
- Ақтау политехникалық институты, мамандығы «мұнай және газ кен орындарын игеру, тау‑кен инженері»
Жұмыс тәжірибесі
- Еңбек жолын «Қазақстан‑Ресей сауда үйі» БК‑да бастады.
- 1997 жылы Ақтау қаласы бойынша салық бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді.
- 1997–1998 жылдары – ММГ «Мұнай‑гермес» өнімді материалдық‑техникалық қамтамасыз ету және өткізу басқармасы филиалының арнайы техника мен қосалқы бөлшектер көлігі бөлімінің және құбырлар мен металл бұйымдары бөлімінің инженері.
- 1998–2006 жылдары – «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ‑та пайдалану инженері, кен орнында мұнай өндіру шебері, балық аулау менеджері болып жұмыс істеді.
- 2007–2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде мұнай өнеркәсібі департаменті мұнай жобаларының мониторингі және нормативтік‑техникалық саясат басқармасының бастығы, газ өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары.
- 2010–2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры.
- 2014–2015 жылдары – «BNG LTD» ЖШС бас директорының орынбасары.
- 2015–2020 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ жұмыс істеді: техникалық саясат департаментінің директоры, МТҚ басқару жөніндегі басқарушы директор, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директор, ресурстық базаны дамыту және техникалық саясат жөніндегі бас директордың орынбасары.
- 2020–2023 жылдары – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице‑министрі, министрі.
- 2023 жылдың ақпан айынан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
ҚМГ‑ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанама түрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.
Туған күні: 1976 жыл 16 шілде.
Білімі
- Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, мамандығы «халықаралық валюта‑қаржы қатынастары»
- Данди университеті (Шотландия), мамандығы «мұнай және газ экономикасы»
Жұмыс тәжірибесі
- 1999–2009 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ‑да стратегиялық жоспарлау департаментінің маманы, жобаларды басқару департаментінің менеджері, бас менеджер, директордың орынбасары, кейін көліктік логистика департаментінің директоры, перспективалық даму департаментінің директоры, бас директордың даму жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
- 2009–2011 жылдары – «ҚМГ‑Транскаспий» ЖШС бас директорының орынбасары, бас директоры.
- 2012–2016 жылдары – ҚТО бас директорының кеңесшісі, өндіріс жөніндегі басқарушы директоры, бас директордың даму жөніндегі орынбасары және активтер жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
- 2016–2018 жылдары – «KMG Systems & Services» ЖШС бас директорының кеңесшісі.
- 2018 жылдан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай тасымалдау департаментінің директоры, мұнай тасымалдау басқармасының бастығы.
- 2022 жылдың мамыр айынан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар және «Сарыарқа» газ құбырын салу жөніндегі орынбасары.
ҚМГ‑ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанама түрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.
Туған күні: 1972 жыл 28 қараша.
Білімі
- И.М. Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясы, мамандығы «отын‑энергетика салаларындағы экономика және басқару»
Жұмыс тәжірибесі
- 1994 жылдан бастап 1998 жылға дейін «Теңізмұнайгаз» АҚ‑да экономист, 2‑санаттағы экономист, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
- 1998‑2001 жылдары ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде түрлі қызметтер атқарды: Салық және тариф саясаты департаментінде басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, директордың орынбасары, Мемлекеттік активтерді басқару департаменті директорының орынбасары.
- 2001 жылғы ақпаннан 2001 жылғы қазанға дейін — «Қазақойл» ЖАҚ бас менеджері.
- 2001‑2002 жылдары — «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» ЖАҚ директорының орынбасары.
- 2002‑2004 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ департамент директорының орынбасары, директор.
- 2004‑2006 жылдары — «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары.
- 2006‑2008 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ‑тың БК‑да үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директор.
- 2008‑2010 жылдары — ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице‑министрі.
- 2010‑2011 жылдары — ҚР Мұнай және газ вице‑министрі.
- 2011‑2012 жылдары — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры.
- 2012‑2016 жылдары — «KAZENERGY» ЗТБ бас директоры
- 2016‑2017 жылдары — ҚР Энергетика вице‑министрі.
- 2017‑2019 жылдары — «KAZENERGY» ЗТБ бас директоры.
- 2019‑2023 жылдары — ҚР Энергетика вице‑министрі.
- 2023‑2024 жылдары — ҚР Энергетика министрінің штаттан тыс кеңесшісі.
- 2024 жылы — «Мұнай‑газ машиналарын жасауды дамытудың халықаралық орталығының» бас директоры.
ҚМГ-ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанама түрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.
Туған күні: 1974 жыл 16 желтоқсан.
Білімі
- Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты, «халықаралық құқық, заңгер» мамандығы
- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясы, «халықаралық экономика және құқық» мамандығы
- ENI Корпоративтік университеті (Милан, Италия), мұнай бизнесінің магистрі
- Мәскеудегі «Сколково» басқару мектебі, «қаржы және инвестициялар» мамандығы, Executive MBA
Жұмыс тәжірибесі
- ҚМГ компаниялары тобында 18 жылдан астам жұмыс істеп келеді, соның 14 жылы – басшы лауазымдарда.
- Әр жылдарда халықаралық келісімшарттар департаментінің заңгері, жаңа жобаларды дамыту департаментінің бас менеджері, жаңа жобаларды дамыту департаментінің директоры, жаңа теңіз жобаларын дамыту департаменті директорының орынбасары, одан кейін директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ‑да жобаларды басқару тобының жетекшісі, бас директордың кеңесшісі, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ барлау және өндіру бизнесін сүйемелдеу жөніндегі басқарушы директоры, аппарат басшысы – дамыту жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
ҚМГ‑ның 600 акциясына иелік етеді.
Туған күні: 1979 жыл 20 наурыз
Білімі
- Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, «халықаралық валюта‑қаржы қатынастары» мамандығы (үздік тәмамдаған)
- Йокогама ұлттық университетінің (Жапония) МВА дәрежесі
- London Business School (Ұлыбритания), «корпоративтік қаржыландыру» мамандығы
Жұмыс тәжірибесі
- Кәсіби мансабын 1999 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және бақылау басқармасының жетекші экономисі қызметінен бастаған.
- 2004‑2005 жылдары Еуропалық қайта құру және даму банкінің банк мәселелері жөніндегі ассистенті болып жұмыс істеді.
- 2006 ‑ 2007 жылдар аралығында — Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің энергетика саласындағы жобалардың үйлестірушісі.
- 2007 – 2012 жылдары «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ компаниясында түрлі лауазымдарды атқарды: корпоративтік қаржыландыру департаменті директорының орынбасары, директоры, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы.
- 2012 ‑ 2016 жылдары ‑ «KMG Drilling&Services» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, қаржы директоры.
- 2016 – 2023 жылдары «PSA» ЖШС мұнай‑газ операциялары шоттарына ревизия жүргізу департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
- 2023 жылы сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
ҚМГ‑ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанама түрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.
Туған күні: 1980 жыл 28 қазан.
Білімі
- Қарағанды бизнес, басқару және құқық университеті, мамандығы «құқықтану», біліктілігі «заңгер»
- Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, мамандығы «қаржы және кредит»
- И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, Халықаралық бизнес мектебі, «мұнай‑газ бизнесін басқару» МВА, «іскерлік әкімшілеу магистрі»
- Ресей Федерациясының президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, мамандығы «салық құқығы және салық салу»
Жұмыс тәжірибесі
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінде түрлі лауазымдарды атқарды: шағым‑талап жұмысы бөлімінің жетекші маманы, шағым‑талап жұмысы бөлімінің бас маманы, шағым‑талап жұмысы бөлімінің басшысы, халықаралық салық салу басқармасы басшысының орынбасары, заң басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің басшысы, мамандандырылған басқарманың бастығы.
- 2020‑2021 жылдары «BTS Digital Ventures Fund» ЖМ салық мәселелері бойынша сарапшы қызметін атқарды.
- 2021‑2022 жылдары — «KAZENERGY» мұнай‑газ және энергетика ұйымдары ЗТБ фискалдық реттеу департаментінің атқарушы директоры.
- 2022‑2024 жылдары — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры.
- 2024‑2025 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бизнес‑серіктесі.
- 2025 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
ҚМГ‑ның немесе оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына (тікелей немесе жанама түрде) иелік етпейді. ҚМГ, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасасқан жоқ.