Іскерлік этика
Комплаенс қызметі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл
ҚМГ Комплаенс‑жүйесі компания қызметінің заңнамаға, салалық стандарттарға және өзге де міндетті талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Бұл элементтер компанияның қызмет түрлеріне енгізілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі саясаттар мен әдістер
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өз қызметін заңдылық, адалдық және әдептілік қағидаттарына сай жүргізеді. Компания қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтайды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін барлық мүмкін әрекеттерді жасайды, беделіне нұқсан келмеуіне және этика саласында жоғары халықаралық стандарттарды енгізуге ұмтылады.
Комплаенс қызметінің негізгі бағыттары:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл;
- заңнаманы, корпоративтік және іскерлік этиканың жалпы қабылданған нормаларын сақтау;
- инсайдерлік ақпаратты басқару;
- жағымды іскерлік бедел;
- мүдделер қақтығысын басқару.
Корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, Компания комплаенс мәселелері бойынша мынадай ішкі құжаттарды бекітті:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл саласындағы саясат;
- Құпия ақпарат саясаты;
- Мүдделер қақтығысын реттеу саясаты;
- Контрагенттердің сенімділігін тексеру саясаты;
- Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату және бұл ақпаратты инсайдерлердің заңсыз пайдалану мүмкіндігіне жол бермеу үшін ішкі бақылау қағидалары;
- Іскерлік этика кодексі
- Комплаенс қызметі.
Комплаенс‑бақылаудың рәсімдері
Этикалық мінез‑құлық және бизнесті адал жүргізу стандарттарына сәйкес келу мақсатында комплаенс қызметі компанияның контрагенттерін тексереді. Бұл тәжірибе жосықсыз контрагенттермен келісімшарт жасасудың алдын алуға, шарттық міндеттемелерді бұзу тәуекелдерін азайтуға көмектеседі.
Комплаенс қызметі ұйымдық‑өкімдік және әкімшілік‑шаруашылық функцияларды орындаумен байланысты бос лауазымдарға орналасуға кандидаттардың сенімділігін тексереді. Бұл компания басшылығының сенімділігі мен кәсібилігін қамтамасыз етуге, жоғары лауазымдарда сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің мүмкіндігін төмендетуге мүмкіндік береді. Жұмысқа қабылдау шарттарының бірі сатып алуды жүргізу құзыретіне кіретін кандидаттар үшін психологиялық тексерулер мен полиграфтағы тесттер (өтірік детекторы) болды.
ҚМГ компаниялар тобында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл бойынша маңызды қадам – сыбайлас жемқорлыққа мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс‑шаралар жоспары қабылданады.
Мүдделер қақтығысын басқарудың тиімді жүйесін құру бойынша 2020 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының барлық қызметкерлері бойынша мүдделер қақтығысын жалпыға бірдей декларациялауды жүргізеді.
Құқық бұзушылықтарға қарсы күресте тиімді құрал ретінде бастамашыл ақпараттандыру жүйесі (жедел желі) қолданылады. ҚМГ шығарған бағалы қағаздардың қор биржаларында саудаланатын тізімге енгізілуіне және болуына байланысты комплаенс қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар адамдардың инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігіне жол бермеу жөніндегі іс‑шараларды жүргізеді.
Комплаенс қызметі компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және корпоративтік шешімдерінде комплаенс‑тәуекелдерді болдырмау мақсатында тұрақты негізде іс‑шаралар өткізеді, ҚМГ басқармасы мен Директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын материалдар қаралып отырады.
Қызметкерлерді оқыту
ҚМГ өз қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ұмтылады. Бұл қызмет бағытының бірі — сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту, ол үздіксіз, дәйекті және өзекті болуы тиіс.
2024 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті күшейту, комплаенс‑функцияны және корпоративтік басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша іс‑шаралар кешені (семинарлар, кеңестер) өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл саласындағы саясатты іске асыру аясында түрлі ұйымдарда қызметкерлерге ақпарат беру және оқыту бойынша жұмыс атқарылды.
Есепті кезеңде ҚМГ комплаенс қызметі «Парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі» ISO 37001 талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестерге бағалау жүргізді. Бағалау нәтижелері бойынша ҚМГ‑ны кейіннен сертификаттау үшін Іс‑шаралар жоспары әзірленді.
Комплаенс қызметі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін көздейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған іс‑шараларды, соның ішінде компания қызметкерлері үшін оқыту және ақпарат беру іс‑шараларын жүргізеді, компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының талаптары бойынша көрнекі материалдар көпшілік жүретін жерлерде орналастырылған. Бұдан басқа, компания қызметкерлері мен басшыларының консультациялары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл мәселелері бойынша ҚМГ компанияларының барлық тобының басшылығымен тұрақты негізде жиындар өткізіледі, заңнама талаптары туралы ақпарат таратылады.


Жедел желі
Бұзушылықтарды уақтылы анықтау, олардың жағымсыз салдарын болдырмау, заңнама мен ішкі нормативтерді сақтау, беделі мен имиджін сақтау, корпоративтік мәдениетті жақсарту мақсатында «Самұрық‑Қазына» АҚ компаниялар тобында, оның ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑да және оның еншілес және тәуелді ұйымдарында орталықтандырылған «жедел желі» жұмыс істейді. Оның операторы – KPMG тәуелсіз аудиторлық компаниясы.
«Жедел желі» сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, кемсітушілік, сондай‑ақ компания қызметкерлері мен контрагенттері және оның ЕТҰ тарапынан өзге де бұзушылықтар туралы белгілі фактілерді құпия түрде мәлімдеуге мүмкіндік береді.
«Жедел желі» байланыстары компанияның және оның ЕТҰ корпоративтік сайттарында жарияланған. Оны тарату бойынша шаралар қабылдануда.
Кез келген адам мінез‑құлық кодексінің түрлі бұзушылықтары, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз мінез‑құлық және өзге де бұзушылықтар туралы хабарлай алады. Компания өтініштердің 100 % құпия қаралатынына және анонимділігіне кепілдік береді.
2024 жылы жедел желіге 115 өтініш келіп түсті, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 35 % ‑ға өсті. Бұл қызметкерлер мен контрагенттердің қызығушылығы мен белсенділігінің артуын, осы функцияға деген сенімнің және оны кеңінен таралуының жоғарылағанын, сондай‑ақ ҚМГ‑да комплаенс функциясына деген сенімнің нығаюын айғақтайды. Компания қызметкерлер мен өзге де тұлғалардың жедел желі мүмкіндіктерін пайдалануға тартылуына ықпал ететін оперативтік алдын алу шараларын тұрақты жүргізеді.
Жедел желі
- Телефоны: 8‑ 800‑ 080‑47 ‑47
- WhatsApp нөмірі: 8‑ 771‑ 191‑88‑16
- Интернет порталы: www.sk‑hotline.kz
- Электронды пошта: mail@sk‑hotline.kz
- Жедел желіде тәуелсіз оператор – KPMG компаниясы жұмыс істейді
«Нысана» жедел желісі
- Телефоны: 8‑800‑080‑30‑30
- WhatssApp нөмері: 8‑702‑075‑30‑30
- Интернет порталы: nysana.cscc.kz
- Электронды пошта: nysana@cscc.kz
- «Нысана» колл орталығы барлық әлеуметтік‑еңбек бұзушылықтары бойынша тегін қоңырауларды демалыссыз, тәулік бойы қабылдайды.
Компания дайындалып жатқан немесе жасалған бұзушылықтар туралы ақпараттың негізгі көзі ретінде қызметкерлердің өз бастамасымен хабар беру арналарын дамытудың маңызын түсінеді, сондай‑ақ өз бастамасымен хабар беру арналарына сенімділікті арттырудың ең пәрменді тәсілі ретінде өтініштерді жан‑жақты, толық және объективті қарау деп есептейді.
Сыбайлас жемқорлықпен байланысты тәуекелдерді анықтау туралы деректер
Компанияда есепті кезеңде ҚМГ ішкі нормативтік құжаттарындағы, ұйымдастыру‑басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ұйымдастыру‑басқару қызметінде, сондай‑ақ ішкі құжаттарға қатысты анықталды.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл агенттігінің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс‑шаралар жоспары әзірленді, сондай‑ақ оларды компанияның жалпы тәуекелдер картасына енгізу үшін анықталған тәуекелдерді бағалау шаралары жасалды.
Мүдделер қақтығысы
Компанияда мүдделер қақтығысы туралы деректерді жария ету рәсімі бар. Мүдделер қақтығысы туралы деректерді жария ету тәртібі мен тәсілдері компания қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының мүдделер қақтығысын реттеу саясатында көрсетілген. Бұдан басқа, жұмысқа қабылдау кезінде, басқа құрылымдық бөлімшеге жоғары лауазымға ауыстыру кезінде, функционалы өзгерген кезде және өзге де мүдделер қақтығысы туралы деректерді бастапқы жария ету жүзеге асырылады.
Омбудсмен қызметі
Омбудсмен қызметінің (бұдан әрі — омбудсмен) негізгі функцияларының бірі – компанияның барлық қызметкерлерінің әділдігі мен мүдделерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету: даулар мен жанжалдарды ерте ескерту және реттеу; жүйелі сипаттағы және шешуді талап ететін проблемалық мәселелерді тиісті органдар мен лауазымды адамдардың қарауына шығару; жанжалды жағдайларды тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар беру. ҚМГ Іскерлік этика кодексінде ҚМГ қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының нәсілдік, діни, ұлттық, жыныстық, саяси немесе өзге де ерекшелігіне, әлеуметтік шығу тегі, мүлкі мен лауазымдық жағдайы, қарым‑қатынас тілі мен басқа да мән‑жайлар негізінде кемсітушілікке жол бермеу, сондай‑ақ осы белгілерге қарай жекелеген қызметкерлерге қандай да бір артықшылықтар берілуіне жол бермеуге қатысты қағидаттар туралы нақты жазылған.
Өз қызметін іске асыру кезінде ҚМГ омбудсмені Қазақстан Республикасының заңнамасын және ҚМГ ішкі құжаттарын басшылыққа алады.
2024 жыл ішінде қызметкерлер арасында Іскерлік әдеп кодексі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындар және басқа мекемелердің қызметкерлерімен кездесулер өткізілді. ҚМГ атына «Нысана» колл орталығына өз еркімен хабар беру жедел желісі бойынша 112 өтініш келіп түсті, еңбек құқығы мен іскерлік этика мәселелері шешімін тапты. Корпоративтік құндылықтар мен тұрақты даму ескеріліп, Іскерлік этика кодексі жаңарды. ҚМГ омбудсмен қызметі оларды тиісті құрылымдық бөлімшелердің уақтылы қарауына бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар сыртқы ұйымдармен ынтымақтастық орнап, салалық іс‑шараларға қатысу ұйымдастырылды.
Ауызша өтініштер бойынша (телефон байланысы, жеке қабылдаулар арқылы) Омбудсмен қызметі консультациялар өткізді, ұсынымдар берді. Барлық келіп түскен өтініштер қаралды, проблемалық мәселелерді реттеу, оның ішінде бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылданды.
