Сервистік жобалар
ҚМГ инфрақұрылымды дамытуға, мұнай сервисі бағытының тиімділігін арттыруға және активтерді жаңғыртуға бағытталған кешенді бастамаларды іске асырады. Негізгі стратегиялық басымдықтарға сумен тұрақты қамтамасыз ету, мұнай сервисі активтерін қайта құрылымдау, олардың табыстылығын арттыру, автопаркті жаңарту және өндірістік базаларды жаңғырту кіреді.
ҚМГ мұнай‑сервистік жобаларының инфрақұрылымы жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету базаларын, логистикалық орталықтарды, сондай‑ақ мамандандырылған техника мен көлікті қоса алғанда басты өндірістік объектілерді қамтиды. Бизнес‑процестерді автоматтандыруға, сертификаттаудың халықаралық стандарттарын (API Specification Q2 — Америка мұнай институты, мұнай сервистік компанияларға арналған сапаны басқару) енгізуге және қолданыстағы қуатты жаңғыртуға ерекше мән беріледі.
Теңіз суын тұщыту зауытының құрылысы (ТСТЗ)
Жоба мақсаты — Жаңаөзен қаласын ауыз сумен қамтамасыз ету, сондай‑ақ «Астрахань‑Маңғыстау» магистральды су құбырына технологиялық жүктемені азайту.
- Жобалық қуаты: тәулігіне 50 мың текше метр.
- Жағдайы: ЕРС келісімшарты жасалды, құрылыс‑монтаждау жұмыстары аяқталды.
- Жобалық қуатқа шығу —2025 жылдың бірінші жартысы.
Мұнай‑сервистік қызметтер портфелін жасау және активтерді қайта құрылымдау
- 2024 жылы мұнай‑сервистік ЕТҰ‑ларды «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ‑ға (ҚМГ үлесін беру және персоналды ауыстыру) берудің екі кезеңнен тұратын пилоттық жобасы іске қосылды.
- 2025 жылға арналған жоспарлар: Жаңаөзен мен Ақтаудағы активтерді беру жөніндегі іс‑шараларды аяқтау.
Мұнай‑сервистік активтерді шығынсыз шығару
- Бастамаларға мыналар кіреді: бизнес‑процестерді автоматтандыру, бөлек есепке алуды енгізу, API Spec Q2 бойынша сертификаттау.
- Мәртебесі: 2024 жылы Қазақстандағы API Spec Q2 сертификатын алғаш рет МЭМ («Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС (Мұнай Сервис бөлімшесі) алды. Басқа активтерді сертификаттауға өтініш беру 2025 жылға жоспарланған.
Автокөлік пен техникаларды жаңарту
- 2024 жылдағы нәтижелер: 95 техника жеткізілді. Жеткізушілермен лизингтік шарттар жасалды.
- 2024–2026 жылдарға жоспар: Қаламқас және Жетібай кен орындарындағы 408 техниканы жаңарту.
Өндірістік базаны салу және жаңғырту
- Жетібай кен орны: Жаңа өндірістік‑техникалық база құрылысын жүргізу үшін жобалық құжатта әзірленіп, бекітілді.
- мәртебесі: Тендер өткізілді және құрылыс‑монтаждау жұмыстарын 2025 жылдың 1‑тоқсанында бастау жоспарланған.
- «ӨзенМұнайСервис» ЖШС өндірістік базасы:
- бетондау және монтаждау жұмыстары 2025 жылы қаңтар айының соңында аяқталмақ.
- аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары 2025 жылдың 1‑тоқсанында аяқталады.
Компания атауы | 2024 | 2025 | 2026 |
---|---|---|---|
факт | жоспар | жоспар | |
ОТК («Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС) | 186 | 155 | 96 |
ОСК («Oil Services Company» ЖШС) | 0 | 10 | 25 |
ӨМС («ӨзенМұнайСервис» ЖШС) | 0 | 0 | 5 |