Тұрақты дамуды басқару

ҚМГ өзінің 2022‑2031 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясында тұрақты дамуды стратегиялық мақсаттардың бірі ретінде белгіледі. Оның негізінде барлық бизнес‑процесс пен шешім қабылдау процестері тұрақты даму қағидаттарымен бірігуі тиіс.

Тұрақты дамуды басқарудың тәсілі

ҚМГ Директорлар кеңесі жалпы стратегиялық басқаруды жүзеге асырады және тұрақты даму қағидаттарының енгізілуін бақылайды, Компанияның Тұрақты дамуы туралы жыл сайынғы шоғырландырылған есебін бекітеді.

ҚМГ Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитеті тұрақты даму мәселелерін қарайды және ұйымдастырады, тұрақты даму саласындағы саясатты бекіту жөніндегі ұсынымдарды дайындайды, ҚМГ‑ның тұрақты дамуы туралы жыл сайынғы есебін, Директорлар кеңесінің құзыретіне бекітілуі жататын тұрақты даму саласындағы іс‑шаралар жоспарларын және өзге де ішкі құжаттарды қарайды, тұрақты дамудың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық компоненттерін қалыптастырады, тұрақты даму саласындағы басқару жүйесін құрады, тұрақты даму саласындағы мақсаттар мен корпоративті қызмет көрсеткіштерін (бұдан әрі – КҚК) белгілейді, компанияда тұрақты дамудың енгізілуін бақылайды, тұрақты дамудың негізгі процестерге интеграциялануын жүргізеді.

ҚМГ Басқармасы Компанияда тұрақты даму саласындағы қағидаттарды, саясаттарды, стандарттарды және іс‑шаралар жоспарын лайықты түрде іске асыруды және енгізуді жүзеге асырады. Тұрақты даму саласындағы қызметтің мониторингін жүргізеді, тұрақты даму саласындағы мақсаттар мен басты қызмет көрсеткіштерінің орындалуын бағалайды.

Тұрақты даму мәселелеріне жетекшілік ететін ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары тұрақты даму саласындағы бастамалар бойынша мақсаттар мен басты қызмет көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі тәсілдерді үйлестіреді, тұрақты даму саласындағы есептің дайындалуын, тұрақты даму саласындағы корпоративтік стандарттардың орындалуын бақылайды.

ҚМГ стратегия және инвестиция портфелін басқару департаментінің Тұрақты даму секторы тұрақты дамуды басқару жүйесіне бастама жасайды, бұл жүйені үйлестіреді және енгізеді, бұл жүйені Компанияның бизнес‑қызметімен біріктіруге қолдау көрсетеді, тұрақты даму мәселелері бойынша әдістемелік қолдауды жүзеге асырады, тұрақты даму саласындағы есепті жыл сайын дайындау және бекітуге жауапты, тұрақты 140 даму саласындағы тәуекелдерді сәйкестендіру және басқаруға, мүдделі тараптар картасын және өзара іс‑қимыл тетіктерін әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге жәрдемдеседі, тұрақты даму саласындағы оқыту мәселелерімен айналысады, сондай‑ақ ұлттық компанияға ESG‑рейтингін беру және сақтап тұру мәселелері бойынша рейтинг компанияларымен өзара байланысты жүзеге асырады.

ҚМГ құрылымдық бөлімшелері тұрақты даму саласындағы жүйені енгізуді, ішкі және сыртқы ахуалды талдауды, тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді айқындауды, мүдделі тараптардың (стейкхолдерлер) картасын және өзара іс‑қимыл тетіктерін әзірлеуді жүзеге асырады, тұрақты даму саласындағы бастамаларды орындайды, халықаралық стандарттарға сәйкес тұрақты даму саласындағы есепке арналған ақпаратты дайындайды.

ҚМГ барлық қызметкері әрқайсысы өз деңгейінде өзі үлгі көрсетіп, тиісті саясаттар мен стандарттарды сақтау жолымен тұрақты даму саласындағы қағидаттар мен іс‑шараларды енгізеді.

ҚМГ басшылығының тұрақты даму саласындағы КҚК

2024 жылға арналған тұрақты даму жөніндегі стратегиялық міндеттердің атқарушылық деңгейде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты даму жүйесін енгізумен байланысты Басқарма төрағасының мотивациялық корпаративтік қызмет көрсеткіштері (Компанияның корпоративтік басты қызмет көрсеткіштері) бекітілді. Атап айтқанда:

  • «Инвестициялық жобаларды іске асыру», оның ішінде тұрақты даму жобалары бағытындағы Кендірлі кентіндегі теңіз суын тұщыту зауыт құрылысы, Жаңаөзен қаласында жаңа ГӨЗ құрылысы.
  • «Өндірістік қауіпсіздік бойынша көрсеткіш кешені» жазатайым оқиғалардың коэффициентін төмендетуге, сондай‑ақ қауіпті жағдайларды және басқа да қауіпті факторларды анықтау және олар туралы ҚМГ компанияларының бүкіл тобына хабарлауға бағытталған.

Басқарма төрағасының орынбасарлары мен құрылымдық бөлімше басшылары деңгейіндегі функционалдық КҚК ішінде тұрақты даму саласындағы 2024 жылға мынадай КҚК бекітілді:

  • тұрақты даму жобаларын қоса алғанда инвестициялық жобаларды іске асыру;
  • 2022‑2031 жылдарға арналған ҚМГ төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс‑шаралар жоспарын жетекшілік ететін бағыттар бойынша орындау;
  • ESG‑рейтинг;
  • 2024 жылғы ҚМГ‑ның еншілес және тәуелді ұйымдарының әлеуметтік‑тұрмыстық инфрақұрылымын жақсарту бойынша ЕТҰ жол карталарын іске асыру;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында персоналды сауықтырудың 2025‑2028 жылдарға арналған корпоративтік бағдарламасын әзірлеу
  • «Самұрық‑Қазына» АҚ өндірістік қатынастарды дамыту жөніндегі корпоративтік стандартқа сәйкес ЕТҰ/ББҰ Бірлесіп бақыланатын ұйымдар әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын зерделеу үшін IR‑скрининг жүргізу.
  • ҚМГ тобы бойынша әлеуметтік тұрақтылық индексі;
  • «Сапарларды басқару» жобасы аясында көлікпен қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесін енгізу;
  • ӨБ, ЕҚ және ҚОҚ бөлігінде ЕТҰ кешенді тексерулерін жүргізу;
  • еңбек жағдайымен байланысты емес өлім ‑ жітім коэффициенті (NWRF Non‑Work‑Related Fatality. );
  • ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ саласында форумдар өткізу.

ESG тәуекел‑рейтингі

ҚМГ Директорлар кеңесі 2023 жылдан бері КҚК бірі ретінде ESG‑рейтингін бекітті, бұл ҚМГ‑ның ESG маңызды тәуекелдерін басқаруға тікелей мүддесін және халықаралық мұнай‑газ нарығында тұрақты даму қағидаттарын ұстанатындығын көрсетеді. Бұл басты қызмет көрсеткішін орындау ҚМГ компаниялар тобы үшін ESG негізгі бастамаларын іске асыруды көздейді.

2024 жылы Sustainalytics рейтингтік агенттігі ҚМГ‑ның ESG тәуекелдерін басқаруды 32,8 балл деңгейінде бағалады. Компания ESG факторларының тарапынан жоғары тәуекелдерге ұшырауы мүмкін. Sustainalytics компаниядағы ESG тәуекелдерін басқаруды «мықты» деп бағалады. Сонымен қатар ESG тәуекелдеріне ұшырау ықтималдығын «жоғары» деп бағалады. Сарапшылардың пікірінше, ESG‑тәуекелдерге ұшырау рейтингінің жоғары мәні сала бойынша орташа мәндерге, яғни мұнай‑газ саласына тән тәуекелдерге сай келеді.

ҚМГ‑ның басты ESG сын‑қатерлері – шығарындыны, қалдықтарды азайту, төмен көміртекті дамыту бағдарламасын іске асыруды жалғастыру, еңбекті қорғау мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне қатысты жұмысты күшейту, сондай‑ақ корпоративтік басқару жүйесі мен іскери этиканы озық халықаралық тәжірибелер деңгейінде ұстап тұру. Осы уақытта ҚМГ су тұтыну, деректердің құпиялылығы және киберқауіпсіздік, мүдделі тараптарды басқару мәселелері бойынша тәуекелдерді басқару бойынша оң сараптамалық баға алды, жерді пайдалану және биоәртүрлілік мәселелері бойынша тәуекелдерді басқару деңгейін арттырды, сонымен қатар адами капитал, көміртегі операциялары және еңбекті қорғау және жұмысшылардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша тәуекелдерді басқарудың тұрақты деңгейін сақтап қалды.

ESG тәуекел‑рейтингін жақсарту жөніндегі іс‑шаралар жоспары 43 іс‑шарадан тұрады, олар бизнестің экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерін, сондай‑ақ компаниядағы корпоративтік басқару тәуекелдерін қамтиды.

ҚМГ ESG тәуекел‑рейтингін жақсарту бағытында атқарылған іс‑шаралар:

  • ҚМГ есебінде TCFD Task Force on Climate‑related Financial Disclosures — Климаттық тәуекелдерге байланысты қаржылық ақпаратты жариялау жөніндегі жұмыс тобы. ұсынымдары бойынша ақпаратты жариялау;
  • Carbon Disclosure Project ( бұдан әрі – CDP) сауалнамасындағы ақпаратты жариялау;
  • климаттың өзгеруіне байланысты іс‑шаралар мен тәуекелдер және оның компанияға әсеріне байланысты ақпаратты ҚМГ есептілігінде және корпоративтік сайтында жариялау;
  • ҚМГ есептілігінде су балансы және судың қарқындылығы туралы ақпаратты жариялау;
  • су сыйымдылығы бойынша көрсеткіштерді есептеуді жүргізу және оларды ҚМГ есебінде жариялау;
  • ҚМГ есептілігінде ілеспе мұнай газын жағу жөніндегі іс‑шараларды жариялау;
  • ҚМГ сайтында және есептілікте теңіз ұңғымаларын басқару туралы ақпаратты жариялау;
  • жер қойнауы учаскелерінде және ҚМГ кен орындарында бұзылған жерлерді жабу және қалпына келтіру туралы ҚМГ сайтында және есептілігінде ақпаратты жариялау;
  • ҚМГ қатысатын өңірлерде жергілікті қоғамдастықтарды дамыту және тарту туралы ақпаратты сайтта және ҚМГ есебінде жариялау;
  • сайтта және ҚМГ есептілігінде адами капитал және даму бағдарламалары туралы ақпаратты жариялау;
  • LTIR (жұмысшылар мен мердігерлер бойынша) және FAR көрсеткіштері бойынша ақпаратты жариялау;
  • ҚМГ‑ның Директорлар кеңесі мүшелерінің құрамы, тәуелсіздігі және әртүрлілігі, гендерлік аспектіні, ұлты мен азаматтығын, кеңес қызметінде болудың орташа уақытын, кәсіби тәжірибесін ескере отырып, Директорлар кеңесі мен оның комитеттеріндегі жұмыстың тиімділігі туралы есептілігінде ақпаратты жариялау;
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің және ҚМГ Басқарма төрағасының сыйақысы туралы ақпаратты ҚМГ есептілігінде құрамдас түрде жариялау;
  • корпоративтік КҚК және олардың ҚМГ есептілігіндегі салмақтар бойынша нәтижелілігі туралы ақпаратты жариялау;
  • GRI стандартына және Country by country OECD Action 13 бастамасына сәйкес салық туралы ақпаратты жариялау.

2024 жылы ESG тәуекел‑рейтингін жақсарту бойынша іске асырылған іс‑шаралар:

  • ҚМГ‑ның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасын бекіту (орындалды);
  • Заманауи есептеу әдістерін пайдалана отырып, АМӨЗ, ПМХЗ, ПҚОП өндірістерінің паспорттарында және ұлттық стандаттарында технологиялық ысыраптар мен жану нормаларын оларды төмендету бағытында қайта қарау;
  • «Жасыл» сутекті өндіру үшін су ресурстары атласын әзірлеу (орындалды);
  • ҚМГ‑ның кадр саясатының маңызын арттыру және бекіту (орындалды);
  • 2023‑2027 жылдарға арналған ҚМГ компаниялар тобында өндірістік қауіпсіздікті, еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудың жай‑күйін жақсарту жөніндегі жол картасының іс‑шаралары маңызын арттыру және іске асыру (орындалды);
  • Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет мүшелерін ҚМГ Директорлар кеңесі тәуелсіз директорларының құрамынан ғана сайлау (орындалды);
  • Басшы қызметкерлер мен басқарушы қызметкерлер, ішкі аудит қызметі басшысы, корпоративтік хатшы, комплаенс қызметінің басшысы, омбудсмен қызметтерін КҚК тиімділігін ескере отырып бағалау қағидаларының маңызын арттыру және бекіту;
  • GRI 2021 жаңа стандарттарына сәйкес ҚМГ тұрақты дамыту туралы есебін жариялау (орындалды);
  • Тиісті персоналдарды адам құқықтары бойынша оқыту (орындалды);
  • ҚМГ‑да жер қойнауы учаскелерінде және кен орындарында бұзылған жерлерді жабу және қалпына келтіру қағидаларды әзірлеу;
  • ҚМГ‑да суды пайдалану көлемін төмендету бойынша сандық мақсат пен мерзімдерді ескере отырып, су ресурстарын басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және бекіту;
  • Адам құқықтары саясатын жаңарту;
  • LTIR және FAR көрсеткіштерімен есептеу кезінде мердігерлік ұйымдардың периметрін айқындау бөлігінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың негізгі бағыттары бойынша есептілікті ұсыну жөніндегі қағидалардың маңызын арттыру;
  • Түрлі қағидаларды ескере отырып, ҚМГ директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастығын қамтамасыз ету саясатының маңызын арттыру және бекіту.

ҚМГ ESG тәуекел‑рейтингін жақсарту бойынша атқарылып жатқан іс‑шаралар:

  • Биоәртүрлілікті сақтауға байланысты мақсаттар мен мерзімдерді, биоәртүрлілікті сақтау мәселелері бойынша жергілікті немесе халықаралық табиғат қорғау ұйымдарымен ынтымақтастықты қамтитын Биоәртүрлілік бағдарламасын әзірлеу;
  • Ластаушы заттардың шығарындыларын азайту бойынша тиісті мақсаттарды белгілеу;
  • Ластаушы заттар шығарындыларын азайту жөніндегі бағдарламаны әзірлеу;
  • Дүниежүзілік банктің 2030 жылға қарай ТМД тұрақты алауды жағуды толық тоқтату бастамаларын іске асыру;
  • СО2 тұту, сақтау және пайдалану (CCUS) бойынша пилоттық жобаны енгізу;
  • «Көгілдір» сутегі өндірісінің техникалық‑экономикалық есебін әзірлеу;
  • Қажетті шикізатты талдауды, нарықты дамыту болжамдарын, оңтайлы технологияларды айқындауды және техникалық‑экономикалық бағалауды жүргізуді ескере отырып, нарықты зерделей отырып, SAF жобасына техникалық‑экономикалық зерттеу жүргізу;
  • ҚМГ қатысатын өңірлерде жергілікті қоғамдастықтарды дамыту және тарту бағдарламасын әзірлеу және бекіту;
  • Адам құқықтары жөніндегі бағдарламаны әзірлеу;
  • Адам құқықтарына әсерді бағалауды жүргізу;
  • «Жасыл кеңсе» жобасын іске асыру және ҚМГ ЕТҰ‑да кеңейту;
  • Директорлар кеңесінде және бақылау кеңестерінде әйелдердің үлесін кезең‑кезеңімен 30% дейін арттыру;
  • ҚМГ Басқарма төрағасының өкілеттігін тоқтату тәртібін әзірлеу және бекіту;
  • ҚР СТ ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйелері. Талаптар және пайдалану жөніндегі нұсқау» стандартына сәйкес сертификатталған аудит.

Компания мәдениеттің тұрақты дамуына ерекше көңіл бөледі. Корпоративтік орталық пен ЕТҰ қызметкерлері үшін тұрақты даму бойынша оқу курстары тұрақты негізде жүргізіледі.

БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын берік ұстану және тұрақты даму мақсаттарына компанияның қосқан үлесі

ҚМГ‑ның Тұрақты даму мәселелеріне деген көзқарасы Компанияның мүдделері мен жоспарларының БҰҰ‑ның басты қағидаттарына, жалпы адамзат құндылықтарына, жаһандық үрдістеріне және Қазақстанның даму басымдықтарына сай болуына негізделген.

ҚМГ БҰҰ Жаһандық шартының барлық 10 қағидатын берік ұстанатынын растайды.

Компания БҰҰ Тұрақты даму мақсатының (ТДМ) барлық 17 мақсатын берік ұстанады

Компания үшін стратегиялық мақсаттар мен басым міндеттерді назарға ала отырып, ҚМГ БҰҰ‑ның 10 ТДМ мен 24 міндетіне қол жеткізудегі өзінің үлесі туралы ақпаратты жария етеді.

Тұрақты дамуды басқару
ҚМГ‑дағы тұрақты даму мақсаттарының іске асырылуы:
Тұрақты даму мақсаттары Басым міндеттер ҚМГ үлесі
Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамның амандығына ықпал ету
3.6. Жол‑көлік оқиғалары салдарынан болатын адам өлімі мен жарақат алу санын азайту

«Сапарларды басқару» жобасы

Көлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру және қауіпсіз жүргізу мәдениетін қалыптастыру мақсатында ҚМГ компаниялар тобында «Сапарларды басқару» жобаны кезең‑кезеңмен тарату жоспарланған:

  • ЕТҰ‑дағы процестердің жетілуін автоматтандыру деңгейін GPS‑трекерлермен жабдықталуын ескере отырып диагностикалау;
  • әрбір ЕТҰ үшін көлікті басқару процестерін дамытудың жеке бағдарламаларын дайындау;
  • қозғалыс қауіпсіздігіне назар аудара отырып, көлікті басқару жүйесін кезең‑кезеңімен енгізу.

2024 жылы:

«Сапарларды басқару» жобасын тарату аясында:

  • ҚМГ‑ның 7 ЕТҰ‑да көлікті басқару процесіне диагностика жүргізілді және жобаны тарату бойынша Жол карталары бекітілді;
  • ЕТҰ‑ның 3837 қызметкері және мердігер ұйымдардың 2106 қызметкері Defensive driving курсы бойынша оқудан өтті;
  • қызметкерлердің қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қажеттілігі туралы ақпарат алуын жоғарлату және ЖКО кезінде жарақат алу жағдайларын төмендету мақсатында ҚМГ ЕТҰ‑ның 18 265 қызметкері және мердігер ұйымдардың 1 490 қызметкері Конвинсердің практикалық демонстрациясына қатысты.
3.8. Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту, соның ішінде сапалы негізгі медициналық‑санитариялық қызметтерге қолжетімділік және қауіпсіз, тиімді, сапалы әрі арзан негізгі дәрілік заттар мен вакциналарға қолжетімділік

ҚМГ компаниялар тобындағы қызметкерлерді сауықтыру туралы 2025‑2027 жылдарға арналған бағдарламасының іс‑шара жоспары

Қызметкерлерді сауықтырудың 2025‑2027 жылдарға бағдарламасы әзірленді, оның негізгі бағыттары мыналар:

  • кәсіптік аурулардың және қауіп факторларының алдын алу, қызметкерлердің денсаулық жағдайына мониторинг жасау;
  • кешенді сауықтыру іс‑шаралары;
  • еңбек жағдайларын жақсарту бағытындағы іс‑шаралар;
  • санитарлық‑ағарту жұмыстары.

Қызметкерлерді медициналық тексеру мен вакциналау тұрақты негізде жүргізіледі.

2024 жылы:

ҚМГ қызметкерлерінің 100%‑ы денсаулықты сақтандыру бағдарламасымен қамтамасыз етілген.

3.9. Қауіпті химиялық заттардың, ауаның, судың және топырақтың ластануы мен улануының салдарынан болатын өлім мен аурудың санын едәуір азайту

Көшбасшылыққа қатысты бастамалар

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау бойынша қызметкерлердің көшбасшылығы мен міндеттемелері кодексі іске асырылып жатыр.

«Қорғау» картасы

Қауіпті жағдайды/ қауіпті мінез‑құлықты/ қауіпті әрекетті/ қауіпті факторды анықтауға және хабардар етуге бағытталған бағдарлама жүзеге асырылуда.

Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдің, қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту

5.1 Әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жаппай жою

5.5 Саяси, экономикалық және қоғамдық өмірдің барлық деңгейінде шешім қабылдау үшін әйелдердің жан‑жақты әрі нақты қатысуын, сондай‑ақ олардың көшбасшылығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету

ҚМГ компаниялар тобындағы Директорлар кеңесі мен байқау кеңестері құрамындағы әйелдердің үлесін 2030 жылға қарай 30%‑ға дейін арттыру.

«БҰҰ‑әйелдер» құрылымы мен БҰҰ‑ның жаһандық келісімі бойынша құрылған WEP’s бастамасын ілгерілету.

Бұл бастама аясында мыналар жоспарланады:

  • компания басшысының әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту принциптерін қолдау туралы мәлімдемесіне қол қойылмақ.
  • WEP’s гендерлік алшақтықты талдау құралы арқылы өзін‑өзі бағалау жүргізу. Ол гендерлік теңдікке қатысты стратегиялық тәсілді бағалайды, үздіксіз жетілдіру үшін олқылықтар мен мүмкіндіктерді анықтайды және межелі мақсаттар мен міндеттерді айқындауға көмектеседі.
  • мүдделі тараптарға бұл саладағы прогресс туралы хабарлау үшін тұрақты даму туралы есептерде жынысы бойынша деректерді жария ету.

ҚМГ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтайды және еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, наным‑сенімі, тұрғылықты жері, жасы немесе физиалық кемшіліктеріне, сондай‑ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан ешкімді кемсітуге болмайтын нормаларды бұзбайды.

Жұмысқа қабылдау жөніндегі конкурстық рәсімдерде жынысы, жасы немесе өзге де белгілері бойынша шектеулер жоқ. Барлығы үшін бірыңғай еңбекақы және әлеуметтік қолдау көрсетудің бірдей шарттары белгіленеді.

2024 жылы:

Директорлар кеңесі мен байқау кеңестері құрамындағы әйелдердің үлесі:

  • 2024 жылы– 13%, оның ішінде ҚМГ директорлар кеңесі – 11% (9 адамнан 1‑еуі); ЕТҰ‑ның директорлар кеңесі мен бақылау кеңесі – 16% (196 адамнан 33‑і)

Қымбат емес, сенімді, тұрақты әрі заманауи энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету

Өндірісте энергия тиімділігін арттыру

Қолжетімді таза энергия үлесін ұлғайту.

7.1. Қымбат емес, сенімді және заманауи энергиямен жабдықтауға қолжетімділікті қамтамасыз ету

ҚМГ компаниялар тобының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары – технологиялық жабдықты жаңарту, энергия үнемдеу технологияларын енгізу, жылу энергиясын өндіру мен тұтынуды оңтайландыру, сондай‑ақ жеке генерациялау көздерін, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып дамыту.

ҚМГ‑ның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасы бекітілді, ҚМГ компаниялар тобында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын басқару жөніндегі энергетикалық саясат пен Регламент бекітілді:

Іс‑шаралар жоспары өзектендіріледі, энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қызметтің басым бағыттары айқындалады:

2024 жылы:

Энергия тұтыну көлемін төмендету бойынша іс‑шаралар

Тұрақты авиаотын (SAF) өндірісі

7.b. Қазіргі заманғы және тұрақты энергиямен жабдықтау үшін инфрақұрылымды кеңейту және технологияларды жаңғырту

Компания ЖЭК жобаларын дамыту бойынша бастамаларды іске асыруда.

Үдемелі, жан‑жақты және тұрақты экономикалық өсуге, толыққанды әрі өнімді жұмыспен қамтуға және лайықты жұмысқа орналасуына жәрдемдесу
8.5. Әйелдер мен ерлерді, оның ішінде жастар мен мүгедектерді толыққанды әрі өнімді, лайықты жұмыспен қамту және құндылығы бірдей еңбегі үшін тең жалақы төлеуді қамтамасыз ету

ҚМГ 49 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр, оның ішінде 81 % ер, 19 % әйел адам.

8.6. Жұмыс істемейтін, оқымайтын және кәсіби дағдыларды үйренбейтін жастар үлесін едәуір қысқарту

Компания өндірісте жас мамандарды дамыту және тарту бағдарламаларын іске асырады.

8.8. Еңбек құқықтарын қорғау және барлық еңбекші үшін сенімді әрі қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге жәрдемдесу ҚМГ қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің ішкі актілеріне сәйкес көрсетіледі. ҚМГ компаниялар тобында ұжымдық шарт 21 кәсіпорында қабылданған. Кәсіпорындардың әлеуметтік пакеті 50‑ден астам әлеуметтік жеңілдік түрінен тұрады. Бүгінгі таңда ұжымдық шарттар мен актілердің барлық талаптары ҚМГ‑ның бүкіл кәсіпорындарында толық көлемде сақталады.
Төзімді инфрақұрылым құру, тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу
9.1. Экономикалық даму мен адамдардың амандығын қолдау мақсатында өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылымды қоса алғанда, сапалы, сенімді, төзімді және тұрақты инфрақұрылымды дамыту.

«ABAI ақпараттық жүйесін әзірлеу» жобасы

ҚМГ тобының барлық өндірістік ақпаратын Big Data платформасындағы ортақ дерекқорда жинақталуын, сондай‑ақ жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қолдана отырып, оны өңдеу мен талдауды көздейді.

ABAI ақпараттық жүйесі 17 автономды модульден тұрады, олардың әрқайсысы нақты өндірістік мәселені шешуге бағытталған.

«Цифрлық азамат»

Курс ҚМГ қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын көтеру мақсатында әзірленген.

2024 жылы:

ABAI ақпараттық жүйесінің алты моделін («Деректер базасы», «Карта құрғыш», «Технологиялық режим, «Терең‑сорғы жабдықтарын таңдау», «Өндіруді жоспарлау және мониторинг жасау», «Геологиялық‑техникалық іс‑шаралардың тиімділігін таңдау және талдау») енгізу. Қол жеткізілген нәтижелер:

  • деректерді автоматты түрде жинау және өндірістік есептерді түсіру жылдамдығы 2 және одан да көп есеге өсті;
  • технологиялық режим нәтижесінде ӨМГ және ҚГМ ‑ де қосымша өнімдер өндірілді;
  • ӨМГ және ММГ терең‑сорғы жабдықтарының істен шығуын төмендету арқылы ұңғымаларды жерасты жөндеу саны азайды;
  • ӨМГ жаңа ұңғымаларды неғұрлым тиімді таңдау арқылы қосымша өндіру көлемі алынды.
9.4. Инфрақұрылымды жаңғырту және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және таза әрі экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процестерді кеңінен қолдану есебінен өнеркәсіптік кәсіпорындарды қайта жабдықтау

ҚМГ‑ның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасы бекітілді, энергия тиімділігін арттыру бағыттарындағы іс‑шаралар жоспары өзектендірілуде, қызметтің басым бағыттары айқындалды:

Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету

11.2 2030 жылға қарай жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, атап айтқанда, осал жағдайдағы адамдардың, әйелдердің, балалардың, мүгедектердің және қарттардың қажеттіліктеріне ерекше назар аудара отырып, қоғамдық көлікті пайдалануды кеңейту негізінде барлығының қауіпсіз, арзан, қолжетімді және экологиялық тұрақты көлік жүйелерін пайдалана алуын қамту

11.6 2030 жылға қарай қалалардың жан басына шаққандағы жағымсыз экологиялық әсерін азайту, оның ішінде ауа сапасына және қалалық және басқа да қалдықтарды жоюға ерекше назар аудару.

Электромобилдерге арналған зарядтау инфрақұрылымын дамыту жобасы

ҚМГ Қазақстанда электромобильдер үшін зарядтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобаны іске асыру мүмкіндігін қарастырылуда. Жоба бастапқы пысықтау сатысында. «ҚазМұнайГаз‑Инжиниринг» ЖШС өз күшімен техникалық‑экономикалық зерттеу әзірленді.

Қоршаған ортаға теріс әсерді кезең‑кезеңімен төмендетуге бағытталған ең үздік әрі қолжетімді әдістерді енгізу

ҚМГ компаниялар тобының бірқатар компаниясы 2024 жылы ЕҚТ ұлттық салалық анықтамалықтары негізінде экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламаларының жобаларын әзірледі және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде кешенді экологиялық рұқсат алуға өтінімдер берді.

Ластаушы заттар шығарындыларын азайту жөніндегі бағдарламаны әзірлеу

Дүниежүзілік банктің «2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын факелде тұрақты жағуды толық тоқтату» бастамаларын іске асыру

«Жасыл белдеуді» құру ‑ көгалдандыру жобасы

2021‑2023 жылдары ҚМГ компаниялар тобы бойынша барлығы 100 мыңға жуық ағаш, ал 2024 жылы 97 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы – бұл Президент Қасым‑Жомарт Тоқаевтың елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бастамасы. Акция жаппай сенбілік өткізу, қоқыстарды жинау, аумақтарды көгалдандыру, халықты сауаттандыру сынды басқа да шараларды ұсынады. Акция аясында ҚазМұнайГаз компаниялар тобында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыру жөніндегі іс‑шаралар жоспары әзірленді.

Тұтыну мен өндірістің ұтымды үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету
12.4. 2020 жылы келісілген халықаралық қағидаттарға сәйкес химиялық заттарды және барлық қалдықты олардың бүкіл өмірлік циклі бойы экологиялық тұрғыдан ұтымды пайдалануға қол жеткізу және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсерін азайту үшін олардың ауаға, суға және топыраққа таралуын барынша азайту.

Carbon Disclosure Project

Компания су ізін есептейді және су қауіпсіздігіне қатысты сауалнаманы Carbon Disclosure Project алаңында орналастырады.

Қалдықтарды басқару бойынша стандарт

ҚМГ компаниялар тобында қалдықтарды басқару жөніндегі стандарт әзірленді және бекітілді.

12.5 Қалдықтардың пайда болуын болдырмау, оларды азайту, өңдеу және қайта пайдалану бойынша шаралар қабылдау арқылы 2030 жылға қарай олардың көлемін едәуір азайту.

Су ресурстарын басқару бағдарламасы

Су алуды қысқарту, суды қайта пайдалануды ұлғайту бойынша нысаналы көрсеткіштерді айқындау мақсатында ҚМГ компаниялар тобы бойынша су ресурстарын басқару жөнінде ұзақ мерзімді бағдарлама әзірленді.

Тарихи жинақталған мұнай қалдықтарын утилизациялау бағдарламасы.

12.6 Компанияларға, әсіресе ірі және трансұлттық компанияларға өндірістің тұрақты әдістерін қолдануға және өз есептерінде ресурстарды ұтымды пайдалану туралы ақпаратты жария етуге кеңес беру

TAZALYQ

АМӨЗ қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға арналған TAZALYQ ауқымды экологиялық жобасын белсенді түрде іске асыруда.

«Жасыл кеңсе»

Корпоративтік «жасыл» бағыт белсенді дамып келеді және кеңселік үй‑жайларда қалдықтарды бөлек жинауды, су мен энергияны үнемдеуді енгізу сияқты «жасыл кеңсе» қағидаттары кезең‑кезеңімен енгізілуде.

Климаттың өзгеруіне қарсы және оның салдарымен күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау
13.2. Климаттың өзгеруіне ден қою шараларын саясатқа, стратегияға және жоспарлауға енгізу

Метан шығарындысын азайту

OGMP 2.0 қосылу

Мұнай‑газ секторын декарбонизациялау жөніндегі хартияға қосылу

Орман‑климаттық жобалар

13.3. Климаттың өзгеру күшін жұмсарту мен салдарын әлсірету, оларға бейімделу және ерте алдын алу бойынша оқу‑ағарту, ақпаратты таратуды және адамдар мен мекемелердің мүмкіндіктерін жақсарту

Ішкі көміртегінің бағасын белгілеу тұжырымдамасы

Еншілес және тәуелді ұйымдардың көміртегі ізін азайту жөніндегі іс‑шараларды жоспарлау мен қамтамасыз етуді енгізу, сондай‑ақ көміртегіні реттеудің қаржы‑экономикалық көрсеткіштерге әсерін жан‑жақты есептеу мақсатында ішкі көміртегінің бағасын белгілеу тетіктері әзірленді. Қазіргі уақытта оларды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының бизнес‑процестеріне интеграциялау жұмысы жүргізілуде.

Компания көміртегі ізін есептейді және климаттық корпоративтік сауалнаманы Carbon Disclosure Project алаңында орналастырады.

Компания климаттың өзгеруіне байланысты қаржылық ақпаратты жариялау мәселелері бойынша жұмыс тобының, TCFD ұсыныстарына сәйкес климаттық тәуекел қауіптерін жариялайды.

Құрлықтағы экожүйелерді қорғау, қалпына келтіру және оларды тиімді пайдалануға жәрдемдесу, ормандарды тиімді басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозу процесін тоқтату мен кері қайтару және биологиялық алуандылықты жоғалту процесін тоқтату.
15.3. Шөлейттенуге қарсы күрес жүргізу, шөлейттену, құрғақшылық және су тасқыны әсер еткен жерлерді қоса алғанда, тозған жерлер мен топырақты қалпына келтіру және бүкіл әлем бойынша жердің жағдайын нашарлатпауға ұмтылу

ҚМГ ластаушы заттардың шығарындысын азайтуға және табиғи көздерден су алуды қысқартуға бағытталған жобалар мен іс‑шараларды іске асырып келеді.

Carbon Disclosure Project

Компания су ізін есептейді және су қауіпсіздігіне қатысты сауалнаманы Carbon Disclosure Project алаңында орналастырады.

TAZALYQ

АМӨЗ қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған TAZALYQ ауқымды экологиялық жобасын белсенді жүзеге асыруда.

Кендірлі кентінде тәуліктік қуаты 50 мың текше метр болатын теңіз суын тұщыту зауытының құрылысы

Жоба Жаңаөзен тұрғындары үшін ауыз су тапшылығы проблемасын шешуге мүмкіндік береді, сондай‑ақ туризмді, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамытуға мультипликативтік әсер етеді.

Жерді қалпына келтіру

Компанияда бұрыннан жиналған – «тарихи» мұнай қалдықтарын жою және мұнаймен ластанған жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Биоалуандылыққа әсер ету салдарын жұмсарту жөніндегі шаралар иерархиясы

Компанияда өндірістік қызметті жоспарлау және жүзеге асыру кезінде негізгі төрт іс‑әрекетті ескере отырып, биоалуандылыққа әсер ету салдарын жұмсарту жөніндегі шаралар иерархиясы қолданылады: ықтимал тікелей әсер етудің алдын алу, азайту, қалпына келтіру және орнын толтыру.

2024 жыл:

TAZALYQ:

«Механикалық тазарту құрылыстарын (жабық үлгідегі МТҚ) реконструкциялау» жобасының екінші кезеңі бойынша құрылыс аяқталды.

15.5. Табиғи мекендеу ортаның деградациясын тежеу жөнінде маңызды шараларды дереу қабылдау, биологиялық алуандылықтың жоғалуын тоқтату, сондай‑ақ жойылу қаупі бар түрлердің сақталуын қамтамасыз ету

Биоалуандылықты сақтау бағдарламасы

Биоалуандылықты сақтауға байланысты мақсаттар мен мерзімдерді, биоалуандылықты сақтау мәселелері бойынша жергілікті немесе халықаралық табиғат қорғау ұйымдарымен ынтымақтастықты қамтитын биоалуандылықты сақтау бағдарламасын әзірлеу жоспарлануда.

2024 жыл:

Арал теңізінің құрғаған түбіндегі 15 мың гектар алқапқа сексеуілдің 4,5 миллион көшеті отырғызылды.

Тұрақты даму мүддесі үшін жаһандық серіктестік аясында іске асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру
17.1. Салық пен басқа да кірісті жинау бойынша ұлттық мүмкіндіктерді арттыру үшін ішкі көздерден, соның ішінде дамушы елдердің халықаралық қолдауының арқасында ресурстарды жұмылдыруды күшейту

ҚМГ салық туралы ақпаратты GRI стандартына және Country by country OECD Action 13 бастамасына сай жария етеді.

Мемлекет пайдасына аударымдар.

Компания жыл сайын есепте мемлекеттердің пайдасына аударылған төлемдер туралы ақпаратты төмендегідей төлем түрлері бойынша ұсынады:

Салық

Пайдалы қазбалар өндіру салығынан басқа салық түрлері.

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық – бұл өндірілетін минералды шикізаттың, мұнайдың, жерасты сулардың және емдік балшықтардың жеке‑жеке түрі бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндетті төлемі.

Пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу объектісі – жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың нақты көлемі.

Қол қойылған бонус

Қол қойылған бонус – жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт жасалған аумақта (жер қойнауының участігі) жер қойнауын пайдалану құқығын алғаны үшін, сондай‑ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіпте келісімшарт аумағы (жер қойнауының участігі) кеңейген кездегі бір жолғы тіркелген төлемі

Өзге төлемдер

Басқа төлемдер экспорттық кедендік бажды қоса алғанда, мемлекеттерге аударылатын қалған төлемдерді қамтиды.

БҰҰ‑ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бағатында ҚМГ салалық компаниялармен, халықаралық агенттіктермен белсенді ынтымақтасады және энергия үнемдеу, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау, климаттық өзгерістерге қарсы күрес, шығарындыларды азайту, сондай‑ақ «жасыл» энергетиканы және басқа да осыған ұқсас бағыттарды ілгерілету саласындағы мемлекетаралық ұйымдардың қатысушысы болады.

ҚМГ мемлекетке төлем аудару саласындағы ашықтықты арттыру, сектордан түсетін кіріс мәселелерінде өндіруші компаниялардың жауапкершілігін күшейту, өңірлерде компания қызметі туралы халықтың хабардар болуын арттыру бойынша әлемнің үздік тәжірибелерін ұстанады.