Мүдделі тараптармен өзара іс‑қимыл

Мүдделі тараптардың негізгі топтары

ҚазМұнайГаз компаниясы шынайылық, ашықтық және мүдделі тараптармен өзара тиімді ынтымақтастыққа ұмтылады. Негізгі принциптер:

  • Ашықтық: халықаралық стандарттарға сәйкес сенімді ақпарат беру.
  • Диалог: қарым‑қатынастарды дамыту және мүдделі тараптардың пікірлерін ескеру.
  • Тұрақты даму: экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілерін бизнес‑процестерге біріктіру.
Мүдделі тараптар тобы Принциптері Өзара іс‑қимыл әдістері Іс‑шаралар
Акционерлер Ашықтық, адал диалог.
  • Кері байланыс арналары (электрондық пошта, телефон нөмірі)
  • Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы
  • Тікелей кездесулер және консультациялар
  • Корпоративтік сайтта жылдық есепті жариялау;
  • KASE базасында Эмитент күні

Инвестициялық қоғамдастық

Ашықтық және реттеуші талаптарды сақтау
  • Веб‑сайт арқылы қаржылық ақпараттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  • Жартыжылдық және тоқсандық презентациялар;
  • Роуд‑шоу және конференц‑қоңыраулар өткізу.
  • Баспасөз‑хабарламаларын жариялау;
  • Кездесулер мен ақпараттық сессиялар ұйымдастыру.
Үкімет және жергілікті мемлекеттік органдар Мемлекеттік міндеттерді тиімді орындау, серіктестік
  • Жұмыс топтарына қатысу;
  • Тапсырмаларды орындау;
  • Тікелей хат алмасу.
  • Әлеуметтік және экологиялық бастамаларды іске асыру туралы есепті ұсыну
Қауымдастықтар, жергілікті қауымдастықтар, қоғамдық ұйымдар Белсенді қатысу, әлеуметтік жобаларды қолдау
  • Қоғамдық кеңестер мен жұмыс топтарына қатысу;
  • БАҚ және корпоративтік сайт арқылы аөпараттар жариялау.
  • Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасын іске асыру;
  • Орнықты даму туралы есептерді жариялау
Бұқаралық ақпарат құралдары Ашықтық, сенімділік
  • Баспасөз хабарламалары
  • Баспасөз‑конференцияларды, брифингтер өткізу;
  • әлеуметтік желілерінде ақпаратты уақтылы жариялау
  • Баспасөз‑турлар мен ақпараттық сессияларды ұйымдастыру;
  • БАҚ сауалдарына жауап беру.
ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдары Тікелей және нақты байланыс
  • Басшылықтың қатысуымен өтетін жиындар
  • Іссапарлар
  • Тікелей хат алмасу
  • Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету
  • Тапсырмалар беру
  • Ақпараттық хаттар
Клиенттер, жеткізушілер, серіктестер, басқа ұйымдар Әділ және нарықтық шарттардағы келісімдер
  • Келісімдер жасасу
  • Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету
  • Баспасөз хабарламаларын тарату
Кәсіподақтар, қызметкерлер Қызмеркерлерді қолдаудың түрлі мүмкіндіктері.
  • Қызметкерлер жұмысының тиімділігін бағалау;
  • Қанағаттану және қатысу туралы зерттеулер.
  • Ішкі сауалнамалар, жалпы жиналыстар өткізу;
  • Еңбек өнімділігін басқару жүйесін енгізу.

Адам құқықтарын сақтау

ҚМГ экономикалық қана емес, әлеуметтік мәселелерге де ерекше көңіл бөле отырып, өз бизнесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады.

Компания Адам құқықтары жөніндегі халықаралық биллде, еңбек саласындағы халықаралық еңбек ұйымының стандарттарында бекітілген, дүниежүзінде мойындалған адам құқықтарын ұстанады және БҰҰ‑ның бизнес және адам құқықтары жөніндегі басты қағидаттарын іске асыруға ұмтылады.

ҚМГ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын қатаң орындайды және оған сәйкес еңбек құқықтарын іске асыру кезінде адамның шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері, жасы немесе физикалық себептеріне қатысты ешкімді қандай да бір кемсітуге болмайтын нормаларды бұзбайды.

Біз балалар еңбегін пайдаланбаймыз, ешкімді еңбек етуге мәжбүрлемейміз, нәсіліне, дініне және жынысына қарамастан барлық қызметкерлердің тең құқықтарын мойындаймыз.

Есепті кезеңде кемсітушілік фактілері тіркелмеген.

2022 жылы ҚМГ Директорлар кеңесі Адам құқықтары және жұртшылықпен қарым‑қатынас саласындағы саясатты бекітті.

Адам құқықтары саласында мынадай міндеттемелерді қабылдаймыз:

  • халықаралық нормаларға сәйкес адам құқықтарын құрметтеу;
  • ҚМГ мен еншілес ұйымдардың жоғары басшылығының келісімін алып, саладағы адам құқықтарына әсер ететін мәселелерді шешу үшін бағдарламалар қабылдау;
  • адам құқықтарына әсерді бақылау және ол туралы хабарлау;
  • ҚМГ қабылдаған шағым мен талаптарды қарау механизмдерін сақтау;
  • теріс әсерді жою немесе азайту үшін өтемақы және құқықтық қорғау құралдарын ұсыну;
  • тиісті есепті дайындай отырып, адам құқықтарына ықпалды бақылау арқылы адам құқықтарына қатысты тиісті байқампаздық таныту;
  • өз қызметкерлеріне жағымсыз әсерді жою үшін құқық қорғау құралдарын ұсыну;
  • ҚМГ‑ның адам құқықтарына қатысты персоналдан және үшінші тараптардан не күтетінін ашып айту.
Мүдделі тараптардың негізгі топтары