Корпоративтік бақылау
Корпоративтік қақтығыстар туындаған жағдайда қатысушылар компания мен мүдделі тараптардың мүдделерін тиімді қорғау үшін мәселені келіссөздер арқылы шешуге ұмтылады.
Корпоративтік қақтығыстардың алдын алу және реттеу жөніндегі жұмыстың тиімділігі, ең алдымен, осындай қақтығыстарды барынша толық әрі жедел анықтауды және Компанияның барлық органдарының іс‑қимылдарын нақты үйлестіруді көздейді.
Корпоративтік қақтығыстарды Корпоративтік хатшының көмегімен Директорлар кеңесінің төрағасы қарайды. Егер корпоративтік қақтығысқа Директорлар кеңесінің төрағасы тартылса, мұндай жағдайларды Тағайындау мен сыйақылар жөніндегі комитет қарайды.
Ішкі аудит
Ішкі аудитті ҚМГ Ішкі аудит қызметі (ІАҚ) жүзеге асырады.
ІАҚ ҚМГ Директорлар кеңесіне бағынып, соған есеп береді және оған ҚМГ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті жетекшілік етеді.
Ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібі туралы толығырақ ҚМГ‑ның 2023 жылға арналған жылдық есебінің 259‑260‑беттерінде мазмұндалған.
Ішкі аудит қызметі 2024 жылы атқарған жұмысы
Ішкі аудит қызметінің (ІАҚ) 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына ҚМГ мен ЕТҰ‑ның тақырыптық аудиттері, өндірістік, операциялық және қаржылық процестерінің аудиттері, ҚМГ басшы қызметкерлерінің мотивациялық қызметтің басты көрсеткіштерінің орындалу мониторингі, ІАҚ берген ұсынымдарды орындау мониторингісі енгізілді. Осы жоспар шеңберінде 22 аудитті орындау көзделген, ІАҚ нақты 35 аудит жүргізді, соның ішінде жоспардан тыс 12 тексеру өтті.
2024 жылы жүргізілген аудит нәтижелері бойынша ІАҚ компания қызметін жетілдіруге бағытталған 466 ұсыным берді; ұсынымдарды орындау жөніндегі шараларды әзірлеу мен іске асыруға мониторинг жасап, бақылауды жүйелі негізде қамтамасыз етеді. Анықталған тәуекелдерді азайту мақсатында ІАҚ ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне бағалау, ұсынымдардың орындалуына мониторинг және пост‑аудит жүргізеді. 2024 жылы жүргізілген аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар берілген қызметтің негізгі бағыттарына өндірістік қызмет, сатып алу рәсімдері, еңбекті қорғау, келісімшарттарды орындау, ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік, инвестициялық қызмет және күрделі салымдар кіреді.
Аудит жөніндегі комитет ІАҚ қызметінің нәтижелеріне мониторинг жүргізіп қана қоймай, кәсібилікті дамытуға және оның қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін ашуға назар аударады. Осы мәселелер ІАҚ есептеріне енгізіледі және оларды Аудит жөніндегі комитет тоқсан сайын қарайды.
ІАҚ қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі ҚМГ‑ның ішкі аудит функциясы тиімділігінің кепілі болғандықтан, оқыту және біліктілікті арттыру процесінің маңызы жоғары.
Сыртқы аудит
ҚМГ компаниялар тобының бухгалтерлік (қаржылық) есептілігінің дұрыстығын тәуелсіз бағалау мақсатында жыл сайын ХҚЕС‑ке сәйкес дайындалған есептілікке аудит жүргізеді. Сыртқы аудиторды ҚМГ Директорлар кеңесі мақұлдағаннан кейін акционерлердің жалпы жиналысы бекітеді.
2022 жылғы 20 қаңтардағы «Самұрық‑Қазына» АҚ Басқармасы атынан акционерлердің шешіміне сәйкес ҚМГ‑ның 2022‑2024 жылдарға арналған қаржылық есептілігінің сыртқы аудиторы болып «Эрнст энд Янг» ЖШС тәуелсіз аудиторлық компаниясы танылды.
Аудиторды тағайындау және оның тәуелсіздігін анықтау туралы ақпарат ҚМГ‑ның 2023 жылға арналған Жылдық есептің 262‑беттінде сипатталған.
Сыртқы аудитордың аудиторлық емес қызметтерді көрсетуі
ҚМГ‑ның аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы саясатына сәйкес сыртқы аудитор аудиторлық емес қызметтер көрсету үшін Аудит жөніндегі комитеттің рұқсатын алуға міндетті. Есепті жылы ҚМГ компаниялар тобына сыртқы аудитор көрсеткен аудиторлық емес қызметтерге арналған жалпы шығын сомасы алдыңғы үш есепті жыл қатарынан ҚМГ компаниялар тобына сыртқы аудитор көрсеткен аудиторлық қызметтерге жұмсалған шығыстардың орташа сомасының 50%‑нан аспауға тиіс.
ҚМГ жыл сайын Аудит жөніндегі комитетке сыртқы аудиторға рұқсат етілген аудиторлық емес қызметтерду және есепті жылы сыртқы аудитор көрсеткен аудиторлық және аудиторлық емес қызметтер туралы ақпаратты бекіту үшін ұсынады. 2024 жылы ҚМГ компаниялар тобына сыртқы аудитор көрсеткен аудиторлық емес қызметтердің үлесі 2024 жылы ҚМГ компаниялар тобына сыртқы аудитор көрсеткен аудиторлық қызметтер үшін төленген сыйақының жалпы сомасының 2,8%‑ын құрады.
Тәуекел‑менеджмент жүйесі
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі (ТБКЖ) басқарудың барлық деңгейлерін қамтиды және бизнестің тұрақты дамуына әсер ететін тәуекелдерді анықтауды, бағалауды және азайтуды қамтамасыз етеді. Негізгі мақсаты — сыртқы және ішкі өзгерістер жағдайында компанияның тұрақтылығын арттыру.
ТБКЖ‑ның құрылымын қоса алғанда, тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі туралы ақпарат ҚМГ‑ның 2023 жылға арналған Жылдық есебінің 263‑бетінде берілген.
2024 жылы ТБКЖ дамыту және жетілдіру
Тәуекелдерді басқару жүйесі негізгі тәуекелдерді анықтау, талдау, бақылау және басқаруды қоса алғанда, өзара байланысты процестерге негізделген. 2024 жылы санкциялық тәуекелдер мониторингін және негізгі тәуекел индикаторларын автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосуды қоса алғанда, жүйені жетілдіру бойынша бірқатар іс‑шаралар атқарылды.
ҚМГ COSO стандартына сәйкес «Қорғаныстың үш желісі» моделін ұстанады. Тәуекел мәдениетін арттыру және қызметкерлерді оқыту бойынша жұмыстар жалғасуда.
Ішкі бақылау жүйесі (ІБЖ) ҚМГ‑ның негізгі процестеріне интеграцияланған, операциялық және қаржылық мақсаттарды орындауда, сондай‑ақ заңнаманы сақтауға орынды сенімділікті қамтамасыз етеді. 2024 жылы негізгі бизнес‑процестерде бақылау процедураларының мониторингін автоматтандыруға және ішкі бақылауды ресімдеуге баса назар аударылды.
Қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесі (ҚҮБЖ) компанияның инциденттерге төзімділігін қамтамасыз етеді. 2024 жылы ЕТҰ‑дағы негізгі бизнес‑процестерге арналған қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарлары әзірленді.
Корпоративтік сақтандыру компания мен акционерлердің мүліктік мүдделерін қорғайды. Сақтандырудың негізгі түрлеріне өндірістік активтерді, үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті және энергетикалық тәуекелдерді сақтандыру кіреді.
ҚМГ‑ның негізгі тәуекелдері – мұнай экспортының төмендеуі, мұнай бағасының құбылмалығы, заңнаманың өзгеруі, экологиялық және климаттық тәуекелдер. Жыл бойы компания мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыруды, санкциялық тәуекелдерге мониторинг жүргізуді және төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыруды қоса алғанда, тәуекелдердің ықпалын төмендету жөнінде шаралар жасады.
№ | Тәуекелдердің атауы |
---|---|
Мұнай экспортының төмендеу тәуекелі | |
Өндірісте жарақат алу тәуекелі | |
Ел бойынша тәуекел және санкциялар қаупі | |
Өтімділік және қаржылық тұрақтылық тәуекелдері | |
Инвестицияға (жобалар) қатысты тәуекелдер | |
Қызметін жүргізетін өңірлердегі әлеуметтік жағдай | |
Мұнай бағасының аса құбылмалы болуы | |
Өндіру көлемінің төмендеу тәуекелі | |
Өндірістік нысандарда авариялық жағдайлардың, техногендік апаттардың қаупі | |
Қолданыстағы заңнаманың өзгеру қаупі, сондай‑ақ сот талаптары мен арбитраждық қарау тәуекелі | |
Экологияға теріс әсер ету қаупі | |
Геологиялық тәуекел | |
Климаттық тәуекелдер және төмен көміртекті даму | |
Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдері |
Компанияның басты тәуекелдері
Тренд (жыл ішінде) | Тәуекел мен оның ықтимал салдарының сипаттамасы | Тәуекелді азайту және тәуекелді басқару үшін қабылданатын шаралар |
---|---|---|
Мұнай экспортының төмендеу тәуекелі Негізгі себептері: КҚК құбырындағы апаттар апаттар, техникалық ақаулар, санкциялар мен геосаяси тұрақсыздық, сұраныстың төмендеуі Әсері Тасымалдауды шектеу, ірі кен орындарында (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) өндіруді тоқтату, қоймалардың толуы, пайданың түгел болмауы | Тасымалдаудың баламалы бағыттары пысықталып жатыр, мұнай құбырлары кеңейтілуде, КҚК‑ның аса маңызды жабдықтары ауыстырылуда | |
Өндірісте жарақат алу тәуекелі Себептері: еңбекті қорғау саласындағы ережелерді сақтамау және өндірістік тәртіпті бұзуы қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Әсері Қызметкерлердің денсаулығына зиян келтіріп, жарақат алуына әкелу, қаржылық шығындар, іскерлік тәуекелдер, өндіріске нұқсан келтіру. | Компания қауіпсіздікті арттыру үшін оқыту бағдарламаларын жүргізеді, бақылау рәсімдері мен жаңа технологияларды енгізеді. «Қорғау» карталары және қызметкерлердің әрекетін бақылау арқылы инциденттерді есепке алу жүйесі (Near Miss) іске асырылуда. ЕТҰ‑да мердігерлермен жұмысты қоса алғанда, өндірістегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған тексерулер мен бағдарламалар жалғасуда | |
Ел бойынша тәуекел және санкциялар қаупі Компания шет мемлекеттерде де қызметін жүзеге асырады, бұл оны экономикалық және саяси жағдайлар алдында әлсіз етеді. Санкциялар ортақ жобалар мен жабдық жеткізуге әсерін тигізуі мүмкін. 2024 жылы кейбір өнім/қызмет көрсетушілер Ресей компанияларының қатысуы салдарынан ынтымақтастықтан бас тартты. Әсері Санкцияларды қатаңдату компанияның операциялық және қаржылық қызметіне теріс әсер етіп, сондай‑ақ компанияға қайталама санкциялар салуға әкелуі мүмкін. |
| |
Өтімділік және қаржылық тұрақтылық тәуекелдері Негізгі тәуекелдер өтімділікпен, қаржылық тұрақтылықпен және несиелік рейтингтердің төмендеуімен байланысты, бұл қарыздарды дереу өтеуді талап етіп, қаржыландыру мүмкіндіктерін шектеуі мүмкін. Әсері Операциялық және және инвестициялық қызметті қаржыландыру үшін жеткілікті көлемде қаражат тарта алмау қаупі. 2024 жылы Компания қаржылық тұрақтылықтың жеткілікті деңгейін сақтап тұрды. |
| |
Инвестицияға (жобалар) қатысты тәуекелдер Көмірсутектерді барлау, өндіру, тасымалдау және өңдеу саласындағы жобалар сыртқы және ішкі факторларға байланысты тәуекелдерге ұшырауы мүмкін. 2024 жылы кідірістердің басты себептері сатып алудың ұзаққа созылған процедуралары мен мердігерлерден кепілдік күту болды. Әсері Шығындардың өсуң, өндірістік объектілерді уақтылы пайдалануға бермеу, жобалық мақсаттарды орындамау |
| |
Қызметін жүргізетін өңірлердегі әлеуметтік жағдай Компания, әсіресе мердігер ұйымдардың қызметкерлері арасында рұқсат етілмеген ереуілдер қаупіне ұшырайды. 2024 жылы Маңғыстау облысында ереуілдердің саны өскені байқалды, негізгі талаптар жалақыны көтеру және жұмысқа орналастыру болды. Әсері Компанияның беделіне теріс ықпал ету, өндіріс процестердің бұзылуы, операциялық шығындардың артуы және күрделі шығындарға теріс әсер ету. Инфляцияның жоғарылауы және теңгенің әлсіреуі еңбекақы мөлшеріне қатысты келіссөздерге әсер етуі мүмкін |
| |
Мұнай бағасының аса құбылмалы болуы Компанияның энергия көздері бағасының аса құбылмалы болу қаупі бар. Әсері Бағаның құбылмалы болуы кірістің, ақша ағымының және қаржы нәтижелерінің өзгеруіне әкелуі мүмкін |
| |
Өндіру көлемінің төмендеу тәуекелі Негізгі сыртқы себептер: электр қуатын авариялық жағдайда ажырату, электрмен жабдықтаутағы іркілістер, ауа‑райының қолайсыздығы. Негізгі ішкі себептер: ұңғымалардың тозуы, тиімсіз жоспарлау және сапасы төмен құрал‑жабдық Әсері Өндірістік жоспарлардың орындалмауы, өндірудің тоқтап қалуы, кірістің түгел болмауы |
| |
Өндірістік нысандарда авариялық жағдайлардың, техногендік апаттардың қаупі Компанияның өндірістік қызметі авария болу қауіпімен байланысты, олар мүлікке, үшінші тұлғаларға және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін. Әсері Қызметкерлердің жарақат алуы мен өлімі Жабдық пен инфрақұрылымның қирауы Авария салдарын жоюға жұмсалатын шығын және экологиялық бұзушылық үшін айыппұлдар |
| |
Заңнаманың өзгеру қаупі және сот даулары тәуекелдері Компания қызметіне салықтық және кедендік реттеуді қоса алғанда, қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер, сондай‑ақ сот және төрелік даулар бойынша соттардың теріс шешімдер қабылдау тәуекелі әсер етуі мүмкін. Әсері 2024 жылы ҚМГ‑ның Корпоративтік орталығына 1 млн АҚШ долларынан асатын сомаға талап қойылмады |
| |
Экологияға теріс әсер ету қаупі Компания қоршаған ортаға теріс экологиялық әсер ету және экологиялық заңнама талаптарын сақтамағаны үшін міндеттемелерді қатаңдату қаупіне ұшырайды Әсері Экологиялық тәуекелдер айыппұлдарға, нормативтен тыс төлемдерге, қоршаған ортаны қалпына келтіру шығындарына және әлеуметтік арттыруға әкелуі мүмкін |
| |
Геологиялық тәуекел Барлау жобаларын іске асыру геологиялық құрылымның белгісіздігінен туындайтын тәуекелдермен байланысты, бұл көмірсутектер қорларының анықталмауына немесе қорлардың төмен бағалануына әкелуі мүмкін. Әсері Коммерциялық тұрғыдан өнімді қорлардың болмауы немесе қорлардың жоспарланған деңгейден төмен болуы. |
| |
Климаттық тәуекелдер және төмен көміртекті даму Компания өз қызметінде технологиялық, реттеуші және нарық тәуекелдерін қоса алғанда, энергия көзінің жаңа түрлеріне көшу мен климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдерге, сондай‑ақ экстремалды ауа‑райы мен климаттың ұзақ мерзімді өзгерістерден туындайтын физикалық әсер ету тәуекелдеріне тап болады. Әсері Климаттық тәуекелдер шығындардың өсуіне, кірістің төмендеуіне, қызметкерлер денсаулығының нашарлауына және өнімділіктің төмендеуіне әкелуі мүмкін |
| |
Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдері Компания ақпараттық ресурстардың құпиялығын, тұтастығын бұзу және кедергісіз алу қаупіне ұшырайды. 2024 жылы ақпараттық қауіпсіздікті бұзуға байланысты қаупі жоғары санатындағы үш оқиға тіркелді. Барлық оқиға бойынша уақтылы іс‑әрекет жасалды, бұл компанияның инфрақұрылымы мен бизнес‑процестеріне кері әсерін тигізбеуге ықпал етті. Әсері Деректердің жария болуы, ақпараттық жүйелердің ақаулары, бизнес‑міндеттердің орындалуының тоқтап қалуы | Ақпараттық қауіпсіздік (АҚ) тәуекелдерін басқару үшін Компания мынадай іс‑шараларды жүргізеді:
|