ҚМГ дамуының стратегиясы
2024 жылы мұнай‑газ саласы жаһандық экономикалық және геосаяси факторларға тәуелді болып, инвестицияның шектеулігі мен бағаның ауытқуы аясында алдыңғы жылдарға тән тұрақсыздықты сақтады.
Әлемдік мұнай нарығы жаһандық экономиканың баяулауына, пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуіне, Қытай тарапынан сұранысының төмендеуіне және жаңартылатын энергия көздерінің кеңінен таралуына байланысты қысымға ұшырады, бұл бағаның құбылмалы болуына әкелді. Геосаяси тұрақсыздық, Ресейге қатысты санкциялар және ОПЕК + тарапынан бақылау шаралары белгісіздікті күшейтті.
2024 жылы ҚМГ‑ның негізгі басымдықтары энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, геологиялық барлауды күшейтуге, экспорттық бағыттарды әртараптандыруға, мұнай‑газ химиясы саласын және жаңартылатын энергетика саласындағы жобаларды дамытуға бағытталды. ҚМГ мұнай, мұнай‑газ химиясы және жасыл жобаларға құйылатын инвестицияларды тең ұстайды. Компанияның ұзақ мерзімді стратегиясы көмірсутек қорларын ұлғайтуға, операциялық тиімділікті арттыруға, заманауи мұнай‑газ‑химия кешенін құруға және тұрақты өсуді қамтамасыз ету үшін экологиялық таза технологияларды енгізуге бағытталған.
ПАЙЫМЫ
Қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына және тұрақты даму қағидаттарына жауап беретін, қаржылық нәтижені барынша арттыруға бағытталған тігінен интеграцияланған ұлттық мұнай‑газ компаниясы.
МИССИЯСЫ
Біз болашақ ұрпақтың игілігі үшін Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елдің дамуы мен өркендеуі мақсатында табиғи ресурстарды тиімді әрі ұтымды игереміз.
ҚМГ‑ның 2022‑2031 жылдарға арналған даму стратегиясын 2021 жылдың қараша айында ҚМГ Директорлар кеңесі бекітті.

ҚЫЗМЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ
ҚМГ төрт стратегиялық мақсатын іске асыру нәтижесінде ұлттық экономиканы әртараптандыруға және елдің көміртегі ізін азайтуға үлес қосады.
ҚМГ Даму стратегиясы, стратегиялық мақсаттар мен міндеттер корпоративтік сайтта жариялау жолымен барлық мүдделі тараптар үшін ақпаратты жария етеді. ҚМГ компаниялар тобында компанияның қызметіне әсер ететін жүйелі және ұзақ мерзімді міндеттерді шешу үшін жыл сайын стратегиялық сессиялар өткізіледі.
№1 стратегиялық мақсат
ҚМГ‑ның өсуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстық база
2024 жылдың нәтижелері:
Төмендегі учаскелерде бұрғылау жұмыстары басталды:
- Торғай палеозой, тереңдігі 5500 м., Қызылорда облысы,
- Қаратон подсолевой, 5500 м., Атырау облысы,
- Қаражар, 3000 м., Актөбе облысы,
- Тайсойған, 400‑3800 м., Атырау облысы.
Жоспарлар:
2025‑2026 жылдары жұмыс істеу үшін жаңа үш учаске белгіленді (Жер қойнауын зерттеудің 2.0 бағдарламасы): Береке, Шығыс, Оңтүстік Шу‑Сарысу.
Компания дәстүрлі қызметті де, перспективті бағыттарды да қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатындай ел қорын толықтыруға бағытталған. Бұл органикалық өсу арқылы, сондай‑ақ стратегиялық серіктестіктің және жаңа активтерді сатып алудың есебінен жүзеге асырылады.
Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша 1.0 жобасы — тарихи геологиялық‑геофизикалық деректерді талдау және бассейндік модельдеу нәтижелері бойынша бес жаңа перспективті учаске анықталды, олар Мұғалжары, Березовский, Жарқын, Болашақ, Солтүстік Өзен. 2024 жылы осы мүмкіндігі зор учаскелердегі барлық далалық жұмыстар аяқталды, стратегиялық серіктестер анықталып жатыр (Болашақ бойынша – анықталды).
Толық ақпарат — «Геологиялық барлау» бөлімінде.

№2 стратегиялық мақсат
Компанияның құн тізбегінің тиімділігін арттыру
2024 жылдың нәтижелері:
- Операциялық активтерде Технологиялық сын‑қатерлер бағдарламасында көзделген жаңа технологияларды енгізу есебінен қосымша 418 мың тонна мұнай көлемі өндірілді.
- Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту жобасын іске асыру нәтижесінде қосымша өндірілген мұнай көлемі 157,7 мың тоннаны құрады.
- Рожков, Шығыс Өріктау, Оңтүстік Ақсай кен орындарында газ өндіру басталды.
- Қаламқас‑Теңіз, Хазар теңіз жобасы бойынша дайындық жұмыстары басталып кетті.
- «Қарашығанақ» жобасы бойынша кен орынды кеңейту бастамасы аясында газды кері айдаудың 5‑ші компрессоры пайдалануға берілді.
- 2024 жылы сәуірде ТШО Сағалық қысымды басқару жобасы (СҚБЖ) бойынша нысандарды пайдалана бастады.
- 2025 жылы қаңтарда БКЖ/СҚБЖ нысандарын пайдалануға беру жоспарланып отыр, бұл Теңіз кен орнында мұнай өндіру деңгейін жылына 12 млн тоннаға арттыруды қамтамасыз етуі тиіс.
ҚМГ барлық стратегиялық маңызды сегменттерде операциялық тиімділікті жетілдіре отырып, мұнай өндіру, өңдеу, тасымалдау және сатудан түсетін пайданы барынша көбейтуге ұмтыла отырып, өзінің негізгі қызметіне ден қояды.
Стратегиялық мақсат аясында операциялық активтерде мұнай мен газ өндіру деңгейін тұрақтандыру, жаңа кен орындарды пайдалануға беру, ірі мұнай‑газ жобаларында өндірісті кеңейту, ұзарту және ең жоғары өндіру деңгейін ұстап тұру жобаларын іске асыру көзделген.
Мұнай тасымалдау инфрақұрылымын тиімді пайдалану — басымдықтардың бірі болып қала береді. ҚМГ логистикадағы жаһандық өзгерістерді назарға алып, экспорттық бағыттарды дамытып жатыр. 2024 жылы Ақтау портынан Баку‑Тбилиси‑Джейхан бағытында мұнайды жөнелту көлемі 34%‑ға, Дружба құбыры арқылы 50%‑ға ұлғайды.
ҚМГ ішкі нарықты мұнай өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етеді. 2024 жылы үш мұнай өңдеу зауытында жеңіл мұнай өнімдерін өндіру көлемін 370 мың тоннаға ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіліп, мұнай өнімдерін өндіру бойынша рекордтық көрсеткіштер қол жеткізілді, шығарындыларды автоматты мониторингтеу жүйесі енгізілді. Мұнай өнімдеріне өсіп келе жатқан сұранысты өтеу үшін Caspi Bitum және Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту жобалары іске асырылып жатыр.
Компания операциялық шығындарды оңтайландыру және жеткізу тізбегінің тиімділігін арттыру бағытында тұрақты негізде жұмыс істейді.

№3 стратегиялық мақсат
Бизнесті әртараптандыру және өнім портфелін кеңейту
2024 жылдың нәтижелері:
- ҚМГ мұнай‑газ химиясы өнімдеріне жаһандық сұранысты өтеу үшін көмірсутек ресурстарын пайдалана отырып, мұнай‑газ химиясы бизнесін дамытуды жалғастырып келеді. KPI интеграцияланған газ‑химия кешені 2024 жылы он түрлі марканы игеріп, 249 мың тонна полипропилен шығарды, бұл ішкі нарықтың қажетін толығымен жабады.
- Қуаты жылына 1,2 млн тонна болатын «Полиэтилен» жобасы іс жүзінде іске асырыла басталды. 2024 жылы жоба қатысушылары (ҚМГ, Сибур, Sinopec) түпкілікті инвестициялық шешімдер қабылдап, қыркүйек айында ерте құрылыс жұмыстары бастап кетті.
- Полиэтилентерефталат жобасы бойынша алдын ала техникалық‑экономикалық негіздеменің нәтижелері мақұлданды, стратегиялық серістестік белсенді түрде іздестіріліп жатыр.
- CNPC компаниясымен Карбамид жобасын іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге келді және «KMG PetroChem» ЖШС мен «СНПС‑Ақтөбемұнайгаз» АҚ арасында шикізат жеткізуге ниет білдіру туралы келісімге қол қойылды.

№4 стратегиялық мақсат
Тұрақты даму және өндірісте көміртек сыйымдылығын жүйелі төмендету
ҚМГ өз қызметінде экономикалық, экологиялық және әлеуметтік басымдықтардың тең болуын қадағалап, тұрақты даму қағидаттарын басшылыққа алады.
2024 жылдың нәтижелері:
- 2024 жылы 4 желтоқсанда ҚМГ Sustainalytics рейтинг агенттігінен жаңартылған ESG тәуекел рейтингін алды, ол 32,8 балға тең. ҚМГ мақсаты — 2031 жылға қарай ESG тәуекел рейтингінің орта деңгейі аралығындағы позицияны нығайту. Көрсеткішті жақсарту үшін ESG тәуекел рейтингін жоғарылаты жөніндегі іс‑шаралар жоспары іске асырылуда. ҚМГ ESG мақсаттарын қызметтің басты корпоративтік және функционалдық көрсеткіштерімен біріктіреді
- Парник газдары шығарындыларын 2031 жылға қарай 15%‑ға және 2060 жылға қарай 64%‑ға төмендетуге бағытталған ҚМГ‑ның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасы бекітілді, қазіргі заманғы технологияларды қолдану жөніндегі іс‑шаралар атқарылып жатыр.
- 2024 жылыы мамырда OGMP 2.0 бағдарламасы бойынша серіктестік аясында ЕТҰ‑дағы (еншілес және тәуелді ұйымдардағы) метан шығарындылары бойынша UNEP‑кеUnited Nations Environment Programme — қоршаған орта жөніндегі бағдарлама, БҰҰ‑ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі орган. есеп берілдіOil & Gas Methane Partnership 2.0 (OGMP 2.0) — мұнай-газ саласында метан шығарындысын азайту және есеп беру үшін жасалған UNEP флагмандық бағдарламасы.
- Eni компаниясымен бірлесіп, күн және газ электр станцияларын салу жұмыстары басталды. Қуаты 1 ГВт болатын «Мирный» жобасы бойынша Total Eren компаниясымен келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойылды және келісімдердің жаңартылған жобалары мақұлданды, қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
