Сыйақы туралы есеп
Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақысы
«Самұрық‑Қазына» АҚ Басқармасының 2016 жылдың 26 қыркүйектегі шешімімен, өзге мәселемен қоса Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы белгілеу тәртібі көзделген «Самұрық‑Қазына» АҚ компанияларының Директорлар кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі қағидалар бекітілді. Сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттері, компания қызметінің ауқымы, ұзақ мерзімді мақсаттар мен міндеттер есепке алынады. Сыйақы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде тәуелсіз директорларға және «Самұрық‑Қазына» АҚ өкілдеріне төленеді.
2022 | 2023 | 2024 | |
---|---|---|---|
Директорлар кеңесі мүшелеріне АҚШ долларымен төленген сыйақының жиынтық мөлшері | 350 000 | 196 375 | ‑ |
Директорлар кеңесі мүшелеріне теңгемен төленген сыйақының жиынтық мөлшері | 29 538 710 | 97 215 050 | 207 200 000 |
Басқарма мүшелерінің сыйақысы
ҚМГ Директорлар кеңесі «Самұрық‑Қазына» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы шешімімен бекітілген «Самұрық‑Қазына» АҚ компаниялар тобының Адам ресурстарын басқару жөніндегі корпоративтік стандартына сәйкес ҚМГ Басқармасының мүшелері қызметінің тиімділігін бағалау тәртібі мен сыйақы саясатын айқындайды.
Есепті кезеңдегі (жылдағы) жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы Басқарма мүшелеріне өлшенетін, өзара байланысты, қисынды әзірленген және теңдестірілген мотивациялық ҚБК карталарында көрсетілген стратегиялық және басым мақсаттарға қол жеткізуге ынталандыру үшін қызмет тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша төленеді.
Мотивациялық ҚБК картасы корпоративтік және функционалдық ҚБК‑дан тұрады.
Сыйақының тиімді және ашық жүйесін қалыптастыруға байланысты мәселелерді алдын ала қарау үшін Директорлар кеңесінің Тағайындау мен сыйақылар жөніндегі комитеті құрылды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ Басқармасының мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері 497 815 040,40 теңге болды, бұл «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларына және Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі шешімімен бекітілген «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит, Корпоративтік хатшы, Комплаенс және Омбудсмен қызметтерінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларына сәйкес Басқарма мүшелеріне 2024 жылы Басқарманың құрамында болған кезеңде ҚМГ төлеген салықтар мен зейнетақы аударымдары ескерілген ақшалай нысандағы жалақылардың және көтермелеудің барлық түрлерінің жиынтық мөлшерін қамтиды.
2022 | 2023 | 2024 | |
---|---|---|---|
Басқарма мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері, теңге | 344 627 125 | 388 673 642 | 497 815 040 |