Мұнай өңдеу және маркетинг
2022‑2031 жылдарға арналған даму стратегиясы аясында өңдеу және маркетинг саласында мынадай мақсаттар қойылып отыр:
- қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу тереңдігі көрсеткішін 89%‑дан кем емес деңгейге ұлғайту;
- қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында жоғары маржиналды мұнай‑химия өнімдерін шығару көлемін ұлғайту;
- тиімділікті арттыру мақсатында өз қызметін жүргізетін елдерде жанармай құю станцияларының санын көбейту арқылы KMG International N.V. компаниясының вертикалды интеграциясын ұлғайту.
Мұнай және конденсат маркетингі
Активтер | Операциялық активтер | Соның ішінде ЕТҰ | Мегажобалар | Барлығы |
---|---|---|---|---|
2022 | ||||
Экспорт | 5 472 | 3 173 | 8 240 | 13 712 |
Ішкі нарық | 8 412 | 4 907 | 3 | 8 415 |
Барлығы | 13 884 | 8 080 | 8 243 | 22 126 |
2023 | ||||
Экспорт | 5 406 | 2 955 | 9 978 | 15 384 |
Ішкі нарық | 8 302 | 4 980 | 9 | 8 311 |
Барлығы | 13 708 | 7 935 | 9 987 | 23 695 |
2024 | ||||
Экспорт | 5 884 | 3 169 | 9 616 | 15 500 |
Ішкі нарық | 8 518 | 5 224 | 1,04 | 8 519 |
Барлығы | 14 402 | 10 131 | 9 617 | 24 019 |
Мұнай және конденсат экспорты
2023 жылмен салыстырғанда есепті кезеңде Brent маркалы шикі мұнайдың бағасы ағымдағы геосаяси және экономикалық факторларға байланысты 2024 жылдың 4‑тоқсанында барреліне 80 АҚШ долларынан төмен бағалардың салдарынан теріс өсім көрсетті.
2024 жылы KEBCO брендінің орташа бағасы 2023 жылға қарай 1,2%‑ға немесе барреліне 1,01 долларға төмендеп, барреліне 80,73 АҚШ доллары құрады. KEBCOKazakhstan Export Blend Crude Oil ‑ Қазақстанның экспорттық шикі мұнай қоспасы (Platts) сортындағы мұнай мен Brent премиум сортының арасындағы нарықтағы айырмашылық 2024 жылы құбылмалы болды, оң мәндерден теріс мәндерге ауысып отырды. Алайда, жыл қорытындысы бойынша айырмашылықтың орташа жылдық мәні шамалы болып шықты.
Мұнай және конденсатты ішкі нарыққа жеткізу
Мемлекет басшысының тапсырмасын және Үкіметтің бұдан кейін берген тапсырмаларын орындау үшін ҚМГ «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңына Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізуге қатысты қазіргі кезде енгізіліп жатқан түзетулерді назарға ала отырып, мұнай өңдеу зауыттарын аралас схемаға көшіру бойынша жұмыс атқарып жатыр.
Аралас схема бойынша және Заңға түзетулерге сай жер қойнауын пайдаланушымен байланысты тұлға төменде көрсетілген талаптардың кемінде біреуін сақтаған кезде ғана мұнай жеткізушісі болып танылады:
- мұнай жеткізушінің акцияларының (қатысу үлесінің) 50 және одан да көп пайызы жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі;
- жер қойнауын пайдаланушының акцияларының (қатысу үлесінің) елу және одан да көп пайызы мұнай жеткізушіге тиесілі;
- мұнай жеткізуші мен жер қойнауын пайдаланушыны оған/оларға мұнай жеткізушінің және жер қойнауын пайдаланушының акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы nікелей немесе жанама түрде жиынтықты тиесілі тұлға (тұлғалар) басқарады.
ҚМГ‑ның өз мұнайынан мұнай өнімдерін өндіру үшін Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қазақтүрікмұнай және Өріктау Оперейтинг кәсіпорындарының шикізаты АМӨЗ, ПМХЗ және ПҚОП‑қа жеткізіледі. Өндірілген мұнай өнімдері ішкі нарық пен экспортқа көтерме бағамен өткізіледі.
Ішкі нарықтың қажетін өтеу ету үшін ҚМГ өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын ішкі нарыққа жеткізу көлемі 8 519 мың тоннаға жетті, соның ішінде операциялық активтердің («Өзенмұнайгаз», «Ембімұнайгаз», «Қазақтүрікмұнай» және «Өріктау Оперейтинг») 5 224 мың тонна көлеміндегі шикі мұнайы өңделіп, мұнай өнімдерін сату үшін Атырау мұнай өңдеу зауытына, Павлодар мұнай‑химия зауытына және Шымкент мұнай өңдеу зауытына (ПетроҚазақстан Ойл Продактс) жөнелтілді.
Өңдеу активтері
ҚМГ активтерінің құрылымында сұйық көмісутек шикізатын (КСШ), негізінен мұнайды Қазақстанда төрт МӨЗ және Румынияда екі МӨЗ өңдейді.
Көмірсутек шикізатын өңдеудің жалпы көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 2,2%‑ға қысқарып, 19 158 мың тоннаны құрады.
Көрсеткіш | Қазақстан | Румыния | ||||
---|---|---|---|---|---|---|
АМӨЗ | ПМХЗ | ПҚОП | Caspi Bitum | Петромидия | Вега | |
Орналасқан жері | Атырау | Павлодар | Шымкент | Ақтау | Нэводарь | Плойешть |
Пайдалануға берілген жылы | 1945 | 1978 | 1985 | 2013 | 1979 | 1905 |
Жобалық өңдеу қуаты, млн тонна | 5,5 | 6,0 | 6,0 | 1,0 | 6,0 | 0,5 |
2024 жылғы жүктеме, % | 99 | 91 | 95 | 85 | 84 6 | 75 |
ҚМГ‑ның иелік ету үлесі, % | 99,53 | 100 | 49,72 | 50 | 54,6 | 54,6 |
Нельсон индексі | 13,9 | 10,5 | 8,2 | – | 10,5 | – |
МӨЗ‑дің тең иелері | – | – | CNPC | CITIC | Правительство Румынии | Правительство Румынии |
КСШ өңдеудің шоғырландырылған көлемі | 2022 | 2023 | 2024 |
---|---|---|---|
Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары | |||
АМӨЗ | 5 224 | 5 475 | 5 547 |
ПМХЗ | 5 480 | 5 434 | 5 500 |
ПҚОП (50 %) | 3 103 | 2 870 | 2 872 |
Caspi Bitum (50 %) | 461 | 427 | 327 |
Қазақстандағы МӨЗ бойынша барлығы | 14 269 | 14 206 | 14 246 |
Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттары | |||
Петромидия | 5 258 | 5 012 | 4 619 |
Вега | 373 | 374 | 293 |
Румыниядағы МӨЗ бойынша барлығы | 5 631 | 5 387 | 4 912 |
Барлығы | 19 900 | 19 593 | 19 158 |
Қазақстан және румын зауыттарында мұнай өнімдері өндірісінің көлемі 1,5%‑ға азайып, 17 894 мың тоннаны құрады.
- Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары 13 085 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл өндірістік қондырғылардың тиімділігін арттыру нәтижесінде 2023 жылғы көрсеткіштерден 1,0%‑ға жоғары;
- KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары мұнай өнімдерін 7,9%‑ға аз өндірді, бұл көрсеткіш негізінен зауыттарда өңдеу көлемінің тиісті төмендеуіне байланысты 4 809 мың тоннаны құрады.

Мұнай өнімдері өндірісінің шоғырландырылған көлемі | 2022 | 2023 | 2024 |
---|---|---|---|
Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары | |||
АМӨЗ | 4 647 | 4 858 | 5 025 |
ПМХЗ | 5 168 | 5 034 | 5 084 |
ПҚОП (50 %) | 2 857 | 2 638 | 2 653 |
Caspi Bitum (50 %) | 456 | 421 | 323 |
Қазақстандағы МӨЗ бойынша барлығы | 13 128 | 12 951 | 13 085 |
Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттары | |||
Петромидия | 5 142 | 4 848 | 4 521 |
Вега | 370 | 373 | 288 |
Румыниядағы МӨЗ бойынша барлығы | 5 512 | 5 221 | 4 809 |
Барлығы | 18 639 | 18 172 | 17 894 |
Қазақстанда мұнай өңдеу
Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарында КСШ өңдеу көлемі 14 246 мың тоннаны құрап, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырмалы түрде бірдей болды.
Зауыт | 2022 | 2023 | 2024 |
---|---|---|---|
АМӨЗ | 5 224 | 5 475 | 5 547 |
ПМХЗ | 5 480 | 5 434 | 5 500 |
ПҚОП (50 %) | 3 103 | 2 870 | 2 872 |
Caspi Bitum (50 %) | 461 | 427 | 327 |
Барлығы | 14 269 | 14 206 | 14 246 |
2024 жылы АМӨЗ, ПМХЗ, ПҚОП және Caspi Bitum зауыттарында мұнай өнімдері өндірісінің жалпы көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 1,0%‑ға өсіп, 13 085 мың тоннаны құрады. Бұған өндірістік қондырғылардың тиімділігін арттыру себеп болды. Жеңіл мұнай өнімдерінің (бензин, дизель отыны, сұйытылған көмірсутек газы) үлесі АМӨЗ‑де 74% және ПМХЗ‑де 79% болды, бұл АМӨЗ‑де өңдеу тереңдігінің сақталғанын және ПМХЗ‑да өңдеу тереңдігінің артқанын көрсетеді. Бұл ретте, қою мұнай өнімдерінің (мазут, битум) өндірісі төмендеді, әсіресе Caspi Bitum зауытында олардың үлесі 37%‑ға дейін азайды.
Мұнай өнімдері | 2022 | 2023 | 2024 |
---|---|---|---|
АМӨЗ | 4 647 (100 %) | 4 858 (100 %) | 5 025 (100 %) |
Жеңіл мұнай өнімдері | 2 988 (64 %) | 3 602 (74 %) | 3 705 (74 %) |
Қою мұнай өнімдері | 1 447 (31 %) | 1 073 (22 %) | 1 013 (21 %) |
Мұнай химиясы | 85 (2 %) | 49 (1 %) | 136 (3 %) |
Басқасы | 127 (3 %) | 134 (3 %) | 171(4 %) |
ПМХЗ | 5 137 (100 %) | 5 034 (100 %) | 5 084 (100 %) |
Жеңіл мұнай өнімдері | 3 879 (76 %) | 3 895 (77 %) | 4 021 (79 %) |
Қою мұнай өнімдері | 927 (18 %) | 809 (16 %) | 793 (16 %) |
Басқасы | 331 (6 %) | 330 (7 %) | 271 (5 %) |
ПҚОП (50 %) | 2 857 (100 %) | 2 638 (100 %) | 2 653 (100 %) |
Жеңіл мұнай өнімдері | 2 348 (82 %) | 2 222 (84 %) | 2 262 (85 %) |
Қою мұнай өнімдері | 504 (18 %) | 410 (16 %) | 385 (15 %) |
Басқасы | 5 | 6 | 7 |
Caspi Bitum (50 %) | 460 (100 %) | 421 (100 %) | 323 (100 %) |
Қою мұнай өнімдері | 203 (44 %) | 179 (43 %) | 121 |
Басқасы | 257 (56 %) | 242 (57 %) | 201 |
Барлығы | 13 101 | 12 951 | 13 085 |
2024 жылы барлық үш зауытта мұнай өңдеу тереңдігінің ұлғаюы жалғасты. АМӨЗ‑де бұл көрсеткіш 85,06%‑ға дейін (2023 жылға қарай+3,6 п.т.), ПМХЗ‑да 91,50%‑ға дейін (+1,9 п.т.), ПҚОП‑та 85,77%‑ға дейін (+0,9 п. т.) артты. Көрсеткіштердің жақсаруына технологиялық процестерді оңтайландыру және жабдықтың тиімділігін жоғарылату оң ықпал етті.
Зауыт | 2022 | 2023 | 2024 |
---|---|---|---|
АМӨЗ | 75,72 | 82,09 | 85,06 |
ПМХЗ | 88,19 | 89,63 | 91,50 |
ПҚОП | 82,79 | 84,88 | 85,77 |
2024 жылы жүргізілген жоспарлы алдын алу жұмыстары:
- АМӨЗ. Қазан айында АВТ‑3 және АТ‑2 мұнайды бастапқы айдау қондырғыларын жөндеу жүргізілді. Трансферлік құбыр ауыстырылды, компрессорлар мен жылу алмастырғыштар жөнделді.
- ПМХЗ. Маусым‑шілде айларында вакуумдық жүйе желілерін ауыстырылды, түтін құбыры мен компрессорларды жөндеу жұмыстары атқарылды.
- ПҚОП. Наурыз‑сәуір айларында пештің иіртүтіктері ауыстырылды, бу генераторлары мен электр қозғалтқыштар жөнделді.
Зауыттар жөндеу жұмыстарына тоқтаған кезде мұнай өнімдерінің жеткілікті қоры жиналып, басқа мұнай өңдеу зауыттарында өндіріс көлемі артып отырды. Бұл жанар‑жағармай материалдарының тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етті.
Даму жобалары
- Қуаттарды кеңейту. 2030 жылға қарай зауыттың қуатын 12 млн тоннаға дейін арттыру бойынша жобалау алдындағы техникалық‑экономикалық құжаттаманы (алдын ала техникалық‑экономикалық негіздеме) түзету аяқталды. 2025 жылы техникалық‑экономикалық негіздемені әзірлеу кезеңіне көшу жоспарлануда.
- Сұйытылған көмірсутек газын тазарту. Меркаптан күкіртінің құрамын азайту мақсатында СКГ тазарту қондырғысы салынып бітті.
- Дизель отыны өндірісін модернизациялау. Дизель отынын гидротазарту қондырғысын депарафинизация блогымен біріктіре отырып, реконструкциялау жобасы іске асырылып жатыр. Жоба 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
- Қуаттарды кеңейту. Мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін және жол битумы өндірісін жылына 700 мың тоннаға дейін ұлғайтуға бағытталған жобаны іске асырылуда. Жоба 2025 жылдың 2‑тоқсанында аяқталады деп күтілуде.
- Кешенді модернизациялау: «АМӨЗ тиімділігін арттыру» ауқымды жоба қолға алынды. Жоба жеңіл мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайтуды және негізгі қондырғыларды жаңғыртуды қарастырады. Жобаны іске асыру мерзімі — 2023‑2027 жылдар.
Мұнай өңдеу тарифтері
Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары процессинг кестесі бойынша мұнай өңдеу қызметтерін көрсетеді. Дайын мұнай өнімдерін мұнай жеткізушілер сатады. Мұндай тәсіл мұнай өңдеу зауыттарына өндіріс мәселелеріне және шығын көлемін азайтуға ден қоюға мүмкіндік береді.
Өңдеу тарифтері нақты операциялық және инвестицияға жұмсалған нақты шығыннан қалыптасады, соның ішінде өндірістің деңгейін сақтап тұруға және модернизацияға тартылған қарызды төлеу үшін күрделі салымдар да бар.
Зауыт | 2022 | 2023 | 2024 |
---|---|---|---|
АМӨЗ | 42 515 | 54 079 | 54 450 |
ПМХЗ | 23 240 | 23 240 | 26 500 |
ПҚОП | 35 336 | 35 336 | 35 336 |
Caspi Bitum | 24 901 | 27 791 | 45 835 |
Мұнай өңдеу зауыттарын жөндеу жұмыстары
- АМӨЗ: күрделі жөндеу (2025 жылғы қыркүйек‑қараша).
- ПМХЗ: ағымдағы жөндеу (2025 жылғы маусым‑шілде).
- ПҚОП: катализаторларды жөндеу үшін технологиялық тоқтату (2025 жылғы ақпан).
- Caspi Bitum: күрделі жөндеу (2025 жылғы желтоқсан).
ҚМГ мұнайынан мұнай өнімдерін өндіру және сату
ҚМГ «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС өндіретін мұнайды үш қазақстандық МӨЗ‑де өзі өңдейді: АМӨЗ, ПМХЗ және ПҚОП. 2024 жылдың 12 айында 5 257 мың тонна мұнай өңделіп, 4 765 мың тонна тауарлық мұнай өнімдері шығарылды, атап айтқанда:
- жеңіл мұнай өнімдері (72%): автобензин, дизель отыны және авиаотын.
- қою мұнай өнімдері (17%): мазут, вакуумдық газойль, битум.
- мұнай химиясы өнімдері (1,3%): бензол, параксилол.
- басқасы (9%): сұйытылған газ, күкірт, кокс.
Тауарлық мұнай өнімдерінің 4 842 мың тоннасы сатылды, оның 86%‑ы ішкі нарыққа жеткізілсе, 14%‑ы экспортқа жөнелтілді. Экспорттың негізгі бағыттары Нидерланд, Қытай, Әзербайжан және Түркия болды.
Мұнай өнімдері | АМӨЗ | ПМХЗ | ПҚОП | Барлығы | 2024 жылы мұнай өнімдеріне орташа көтерме баға, бір тоннаға теңгемен |
---|---|---|---|---|---|
Жеңіл | 1 579 | 1 337 | 508 | 3 424 | 229 601 |
Қою | 447 | 294 | 92 | 833 | 139 575 |
Мұнай химиясы | 62 | 0 | 0 | 62 | 315 546 |
Басқасы | 169 | 234 | 43 | 446 | 28 119 |
Барлығы | 2 258 | 1 865 | 643 | 4 765 | 195 598 |
Сапа және стандарттар
Шығарылатын өнім К‑4 және К‑5 экологиялық стандарттарына (Еуро‑4 және Еуро‑5 аналогы) сай келеді. Мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау нәтижесінде зиянды заттардың құрамын азайды:
- күкірт — он есеге.
- ароматикалық көмірсутек — бір жарым есеге.
- бензол — бес есеге.
Экспорт және ішкі нарық
Экспортқа мазут, параксилол, бензол және коксты қоса алғанда, 688 мың тонна мұнай өнімдері жөнелтілді. Ішкі нарыққа ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік инфрақұрылымның қажеттіліктері, соның ішінде жылыту үшін мазут пен авиациялық қызметтерге авиаотын жеткізу қамтамасыз етілді.
Мұнай өнімдері | 2022 | 2023 | 2024 | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ішкі нарық | Экспорт | Барлығы | Ішкі нарық | Экспорт | Барлығы | Ішкі нарық | Экспорт | Барлығы | |
Бензин | 1 333 | 7 | 1 340 | 1 529 | – | 1 529 | 1 582 | – | 1 582 |
Дизель отыны | 1 513 | – | 1 513 | 1 512 | – | 1 512 | 1 673 | – | 1 673 |
Авиациялық отын | 161 | – | 161 | 165 | – | 165 | 213 | – | 213 |
Мазут | 265 | 588 | 853 | 205 | 504 | 708 | 215 | 382 | 596 |
Вакуумдық газойль | – | 105 | 105 | – | 81 | 81 | – | 112 | 112 |
Битум | 125 | – | 125 | 87 | – | 87 | 130 | – | 130 |
Кокс | 56 | 65 | 121 | 50 | 103 | 154 | 62 | 124 | 186 |
Күкірт | 5 | 14 | 19 | 12 | 9 | 21 | 21 | 6 | 27 |
Бензол | – | 3 | 3 | – | 12 | 12 | – | 13 | 13 |
Параксилол | – | 34 | 34 | – | 8 | 8 | – | 52 | 52 |
Сұйытылған газ | 204 | – | 204 | 230 | – | 230 | 256 | – | 256 |
Пеш отыны | – | – | – | 3 | – | 3 | 2 | – | 2 |
Технологиялық отын | 408 | – | 408 | 411 | – | 411 | 407 | – | 407 |
Басқасы | 22 | – | 22 | 21 | – | 21 | 23 | – | 23 |
Барлығы | 4 091 | 816 | 4 908 | 4 224 | 716 | 4 940 | 4 583 | 688 | 5 272 |
Мұнай өнімдері | 2023 | 2024 | ||||
---|---|---|---|---|---|---|
Көлемі, тонна | Мемлекет | Үлесі | Көлемі, тонна | Мемлекет | Үлесі | |
Мазут | 496 582 | Еуропа | 99 % | 346 759 | Нидерланд | 100 % |
6 955 | Өзбекстан | 1 % | ||||
ВГО | 80 704 | Еуропа | 100 % | 107 552 | Нидерланд | 100 % |
Тазалығы жоғары параксилол | 7 579 | Қытай | 100 % | 51 790 | Қытай | 100 % |
Бензол | 11 621 | Қытай | 100 % | 11 937 | Қытай | 100 % |
Күңгірт кокс | 82 236 | Қытай | 84 % | 79 866 | Қытай | 79 % |
7 821 | Түркия | 8 % | 19 967 | Әзербайжан | 20 % | |
5 280 | Ресей | 5 % | 680 | Тәжікстан | 1 % | |
2 836 | Тәжікстан | 3 % | ||||
Күйдірілген кокс | 3 761 | Ресей | 72 % | 4 704 | Әзербайжан | 100 % |
1 499 | Қытай | 28 % | ||||
Күкірт | 3 558 | Еуропа | 40 % | 760 | Швеция | 30 % |
5 239 | Түркия | 60 % | 1 806 | Түркия | 70 % | |
Барлығы | 715 672 | 625 823 |
Импорт
Қазақстанның ішкі нарығындағы бензин тапшылығын өтеу мақсатында үкіметтің қаулысына сәйкес ҚМГ‑ға АИ‑92 бензинінің импорты тапсырылды.
2024 жылы қазан және қараша айларында ҚМГ Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарынан (ТАИФ‑НК, «РИ‑ИНВЕСТ» ЖШҚ, «Газпром нефтехим Салават» ЖШҚ) 19 135 тонна АИ‑92 бензинін импорттады.
Бензин импорты көтерме жеткізушілерге және тиісінше Қазақстанның жанармай құю станцияларын мұнай өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ете отырып, уақытша тапшылықты жедел өтеуге мүмкіндік берді.
KC Energy Group
ҚМГ‑ның қытайлық серіктестермен бірлескен жобаға қатысу үлесін сақтап қалу, ҚР Мемлекеттік органдары тарапынан айыппұл санкцияларын қолдану қаупін болдырмау, сондай‑ақ ҚР Үкіметінің ҚР ішкі нарығын мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі барлық әлеуметтік маңызы бар іс‑шараларды орындау мақсатында ҚМГ 2024 жылы «KC Energy Group» ЖШС – жаңа компанияны құрып, «Petrosun» ЖШС таратуға бастама көтерді.
«KC Energy Group» ЖШС қызметі «Petrosun» ЖШС қызметін толығымен қайталайды.
Компания қызметі мыналарды қамтитын бірыңғай циклдан тұрады:
- өзара байланысты мұнай өндіруші ұйымдардан шикі мұнай сатып алу;
- ҚР мұнай өңдеу зауыттарында шикі мұнайды өңдеу;
- мұнай өнімдерін ҚР ішкі нарығында және экспортқа көтерме бағамен сату.
Аталмыш мұнай өңдеу зауыттарынан мұнай өнімдері:
- ҚР Үкіметінің егін егу және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезінде ауыл шаруашылық өндірушілердің дизель отынына қажетін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында;
- ҚР Үкіметінің күзгі‑қысқы жылыту маусымы кезінде жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың мазутқа деген қажетін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында;
- ҚР Энергетика министрлігі ай сайын бекітетін жеткізу жоспарына сәйкес «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ нысандарының дизель отынына қажетін қамтамасыз ету үшін;
- ҚР Энергетика министрлігі ай сайын бекітетін жеткізу жоспарына сәйкес биржалық алаңдарда;
- ҚР стационарлық жанармай құю станцияларының қажетін қамтамасыз ету үшін;
- жанар‑жағармай нарығының өзге де қатысушыларына сатылады.
Қатысу үлестері: ҚМГ – 49%, ҚҰМГК – 51%.
ПетроҚазақстан компаниялар тобының корпоративтік саясаттары мен рәсімдерін қолдана отырып, ПетроҚазақстан Оверсиз Сервисез Инк. компаниясымен операциялық қызметті жүзеге асыруға келісішарт жасаса отырып, «Petrosun» ЖШС‑ге ұқсас етіп «KC Energy Group» ЖШС‑нің басқару және әкімшілік жүйесі сақталады.
KMG International қызметі
Көмірсутек шикізатын өңдеу
Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарында өңдеу көлемі 8,8%‑ға азайып, 4 912 мың тоннаны құрады. Өңдеу көлемінің қысқаруы 2023 жылғы 21 маусымда Петромидия зауытында болған өрттен кейін жеңіл гидрокрекинг қондырғысының кештетіп іске қосылуына, сондай‑ақ есепті жылдың наурыз айында зауыттың жоспарлы күрделі жөндеуге тоқтауына байланысты болды. Қазіргі уақытта KMG International зауыттары толық қуатында штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Зауыт | 2022 | 2023 | 2024 |
---|---|---|---|
Петромидия | 5 258 | 5 012 | 4 619 |
Вега | 373 | 374 | 293 |
Барлығы | 5 631 | 5 387 | 4 912 |
KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары мұнай өнімдерін 7,9%‑ға аз өндіріп, бұл негізінен зауыттардағы өңдеу көлемінің тиісті төмендеуіне байланысты 4 809 мың тоннаны құрады.
Зауыт | 2022 | 2023 | 2024 |
---|---|---|---|
Петромидия | 5 142 | 4 848 | 4 521 |
| 4 075 | 4 269 | 3 974 |
| 889 | 411 | 548 |
| 178 | 168 | |
Вега | 370 | 373 | 288 |
| 100 | 105 | 75 |
| 270 | 268 | 213 |
Барлығы | 5 512 | 5 221 | 4 809 |
Азия мен Африкада жаңа мұнай өңдеу зауыттарының ашылуы нәтижесінде өңдеудің нарықтағы маржасы жоспардан төмен болды, бұл мұнай өнімдерінің артық көлемде ұсынылуына, сәйкесінше бәсекелестіктің шиеленісуіне және еуропалық мұнай өңдеу зауыттарының пайдасының төмендеуіне әкелді.
Өлшем бірлігі | 2022 | 2023 | 2024 |
---|---|---|---|
Тоннасына АҚШ доллары | 129,5 | 64,8 | 39,7 |
Барреліне АҚШ доллары | 17,8 | 11,5 | 5,2 |
KMG International 2024 жылы трейдинг операциялары аясында қайта сатуға арналған шикі мұнай көлемі 13,7 млн тоннаны құрады. Қайта сатуға арналған мұнай сатып алу көлемі 2023 жылғы деңгейден 6 045 мың тоннаға асып түсті. Негізгі өсім Petraco Energies DMCC үшін Теңізшевройлдың өнім жеткізуімен (+5 571 мың тонна) қамтамасыз етілді. Қосымша «Роснефть» (Германия) үшін ҚПО‑дан (+1 102 мың тонна), үшінші тараптарға әзербайжандық мұнайдан «Теңізшевройлдан» (+308 мың тонна) және Қашағаннан (+221 мың тонна) KEBCO жеткізілімдері ұлғайтылды.
Көрсеткіш | 2022 | 2023 | 2024 |
---|---|---|---|
Қайта сатылатын шикі мұнай | 6 207 | 7 638 | 13 690 |
2024 жылдың басты нәтижелері
1. 2023 жылы болған оқиғадан кейін Петромидия зауытының жұмысын қалпына келтіру
2024 жылғы ақпанда жеңіл гидрокрекинг қондырғысында жөндеу жұмыстарының аяқталуы МӨЗ жұмысын толық қуатында қайта бастауға мүмкіндік берді. Жыл соңына қарай өнім беру толық қалпына келіп, тәулігіне 15,2 мың тоннаны құрады. Жөндеу жұмыстары барысында диагностика, тозған тораптарды ауыстыру, катализаторды регенерациялау, жылу алмастырғыштар мен сорғы‑компрессорлық жабдықтарды жаңарту жүргізілді.
2. Инфрақұрылымдық бастамалар
«Петромидия» МӨЗ үшін ЖЭО құрылысы жобасы шеңберінде жабдықтарды орнату мен монтаждауды аяқтау іске қосу‑реттеу жұмыстарына дайындықты бастауға мүмкіндік берді. Жоба 2025 жылдың үшінші тоқсанында іске қосылады деп күтілуде.
3. Бөлшек сауда желісін дамыту
2024 жылы 12 жаңа магистральды жанармай құю станциясының құрылысы аяқталды, бұл Румыния нарығына KMG International қатысу үлесін күшейтті. Компанияның ұзақ мерзімді стратегиясы аясында қосымша станциялар іске қосылады деп күтілуде.
4. Экологиялық тұрақтылық
2024 жылы KMG International экологиялық бастамаларды енгізуді жалғастырды: өңдеу процестерінде пайдаланылатын судың 82%‑ы қоршаған ортаға әсерін азайта отырып, технологиялық циклге оралады. 2024 жылдың қазан айында «Петромидия» МӨЗ‑нің энергия қарқындылығы индексі 89,5 – рекордтық көрсеткішке жетті.
Тұрақты даму – стратегиялық бағыт
KMG International Еуропалық Одақтың және Румыния заңнамасының жаңа талаптарына, соның ішінде мұнай өнімдеріндегі биоотын құрамын арттыру және 2025 жылдан бастап жасыл сутекті пайдалануға көшу жөніндегі міндеттемелерге барынша бейімделіп келеді. 2024 жылы электромобильдерді қуаттауға арналған инфрақұрылымды дамытуды және тұрақты авиациялық отын өндіру технологияларын интеграциялауды қоса алғанда, декарбонизация саласындағы жобаларды іске асыруға дайындық басталды.
2025 жылға арналған жоспарлар
Келер жылы KMG International мынадай басты инвестициялық бастамаларды орындауға ден қояды:
- ЖЭО құрылысы жобасын аяқтау;
- екінші буын биоотын өндірісін ұлғайту;
- электромобильдерге арналған қуаттау станциялары сияқты мүмкіндігі зор технологияларды ескеріп, бөлшек сауда желісін кеңейту.
