Акционерлердің жалпы жиналысы

Акционерлердің жалпы жиналысы – компанияның басқару құрылымының жоғары органы. Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті, оны шақыру, өткізу және қорытындылау тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында және компанияның Жарғысында айқындалады. Акционерлердің жалпы жиналыстары жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді. ҚМГ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын ҚМГ Директорлар кеңесі шақырады немесе акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру бойынша бекітілген тәртіпті компанияның органдары бұзған жағдайда кез келген мүдделі тараптың арызы бойынша сот шешімінің негізінде шақырылып, өткізілуі мүмкін. ҚМГ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы ҚМГ Директорлар кеңесінің немесе ҚМГ акционерлерінің кез келгенінің бастамасы бойынша, сондай‑ақ компанияның органдары акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы ҚМГ‑ның ірі акционерінің арызы бойынша сот шешімі негізінде шақырылуы мүмкін.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін Директорлар кеңесі жасақтайды және талқылауға шығарылатын нақты тұжырымдалған мәселелердің толық тізбесін қамтуға тиіс.

2024 жылы ҚМГ акционерлерінің бір жалпы жиналысы (жылдық) өтті, онда сегіз мәселе қаралды, соның бір мәселесі Директорлар кеңесінің құрамына қатысты болды. Атап айтқанда, Директорлар кеңесі құрамынан Директорлар кеңесінің мүшесі, ҚМГ Басқарма төрағасы Мырзағалиев М.М. шығарылып, Директорлар кеңесінің құрамына жаңадан тағайындалған ҚМГ Басқарма төрағасы Хасенов А.Ғ. енгізілді.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы аясында 2023 жылға арналған жылдық қаржылық есептілікті бекіту, 2023 жылғы ҚМГ таза кірісін бөлу тәртібі және ҚМГ‑ның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері, акционерлердің ҚМГ және оның лауазымды адамдарының 2023 жылғы әрекеттеріне өтініші мәселелері қаралды.

2024 жылы ҚМГ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімімен ҚМГ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.