Еңбек қауіпсіздігі

Өнеркәсіптегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау

2024 жылдың басты көрсеткіштері

ҚМГ республиканың ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі ретінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және Компанияның өндірістік объектілері жұмыс істейтін аймақтарда тұратын персонал мен халықтың денсаулығын сақтауға көп көңіл бөледі. Қызметкерлер Компанияның еңбек қызметі үшін қауіпсіз жағдай жасайтынын және жұмыс орнында еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін ең жоғары стандарттарды енгізетінін айтады.

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің саны өткен жылмен салыстырғанда 28%‑ға төмендеді (2023 жылы 29 адам зардап шеккен болса, 2024 жылы 21 адам болды).

Жол‑көлік оқиғаларының саны 68%‑ға төмендеді (2023 жылы 19 жағдайдан 2024 жылы 6 жағдайға дейін), 2024 жылы 2023 жыл сияқты өрт шығу жағдайлары тіркелмеді.

2024 жылы оқыс оқиғалар көрсеткішінің оң динамикасына қарамастан, еңбек қызметіне байланысты адам өлімімен аяқталған бір жазатайым оқиға орын алып, «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкері қайтыс болды. Дөңгелекке компрессорлық қондырғымен жел беру кезінде бекітпе сақинасы дөңгелек дискісінен шығып, машинистің басына тиіп, ол оқиға орнында қайтыс болды. Өзенмұнайгаздың ұжымдық шарты аясында қайтыс болған адамның отбасына материалдық көмек көрсетілді.

Тергеу нәтижесінде оқиғаның себептері зардап шеккен адамның өрескел абайсыздығы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзуы және жұмыстың ұйымдастырылуы қанағатсыз деңгейде болғаны анықталды. Тиісті шаралар қабылданды, соның ішінде нұсқаулықтар, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, учаскелерді қорғаныс тосқауылдарымен жабдықталды, автомобиль шиналарына жел беру тәртібін тексерілді, қауіпсіздік нұсқаулықтары, қауіп‑қатерлерді бағалау, қауіпсіздік белгілерін орнату және рұқсат етілмеген жерлерде дөңгелекке жел беру жұмыстарын жүргізуге тыйым салулар қайта қаралды. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін 12 еншілес ұйымда автомобильдер мен арнайы техниканың шиналарына қауіпсіз жел беруге арналған «қабырға» үлгісінде 57 кедергі енгізілді. Компрессорлық қондырғылар дөңгелектерді үрлеуге арналған тез босатылатын құрылғылармен жабдықталды.

ЕҚ және ӨҚ. негізгі көрсеткіштері Өлшем бірлігі 2022 2023 2024 2024/2023 ауытқу %
Жазатайым жағдайлар Жағдай 35 28 21 −7 −25
Жазатайым жағдай кезінде зардап шеккендер Адам 36 29 21 −8 −28
өліммен аяқталғандар Адам 1 2 1 −1 −50
Жол‑көлік оқиғалары Оқиға 24 19 6 −13 −68
Өрт Оқиға 1 0 0
Жазатайым және өлімге әкелген жағдайлардың коэффициенті Жылдық есепт құрастыру кезінде бұл көрсеткіштерді тәуелсіз аудитор тексеріп жатты. Болашақта көрсеткіштерге аздап түзету енгізілуі мүмкін.
Көрсеткіш 2022 2023 2024 IOGP2023 жылғы IOGP жария көрсеткіштері (https://www.iogp.org).
Жұмыс уақытын жоғалтуды қосқанда болған жазатайым оқиғалар коэффициенті, 1 млн адам‑сағатқа шаққанда 0,36 0,30 0,22 0,22
Өлім‑жітім коэффициенті, 100 млн адам‑сағатқа шаққанда 1,0 2,11 1,03 0,68

Өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару

2024 жыл ішінде апаттар мен инциденттердің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында өндірістік процестердің қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету/кедергілерді басқару мәселелері бойынша ЕТҰ‑да түсіндіру, кеңес‑консультациялық жұмыс жүргізілді. Сондай‑ақ 2024 жылы ЕТҰ‑ның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметі бойынша 18 жоспарлы тексеру шаралары жүргізілді. ҚМГ компаниялар тобындағы қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай‑күйін жақсарту бойынша 824 ұсыныс пункті берілді.

Көлік қауіпсіздігі

2022 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ‑да «Сапарларды басқару» көлік құралдарына мониторинг жүргізу жүйесі табысты енгізілді, бұл көлік қауіпсіздігінің деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Жүйені басқа ұйымдарға кезең‑кезеңімен тарату үшін «Oil Services Company» ЖШС‑де – «Жетібай» және «Қаламқас» кен орындарында «Сапарларды басқару» жобасы аясында ақпараттық жүйеде көлікті басқару процестері (көлік қызметіне өтініш беру және үлестіру жоспарын қалыптастыру) іске қосылды.

2024 жылдан 2025 жылға дейін ең үлкен автокөлік паркі бар еншілес және тәуелді ұйымдарға жобаны кезең‑кезеңімен тарату көзделген. Бұл процесс 2024‑2027 жылдарға арналған ҚМГ‑да өндірістегі қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасына енгізілді.

2025 жылы «Сапарларды басқару» жобасын «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС мен «Oil Construction Company» ЖШС‑де енгізу жоспарда. Бүгінгі күні бұл еншілес мекемелерде көлікке өтініш беру және үлестіру жоспарын қалыптастыруды автоматтандыру аяқталды. Енді өтініш беруден бастап көлік құралдарының жеткілікті болуын анықтауға дейінгі барлық процесс электронды форматқа көшірілді, юұл көлік ресурстарын басқару тиімділігін едәуір арттырады.

Өрт қауіпсіздігі

2024 жылы ҚМГ нысандарында өрт тіркелген жоқ.

Өртке қарсы қауіпсіздік шараларын жақсарту мақсатында 2021 жылы қазан айында ҚМГ қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді, сондай‑ақ алдын алу іс‑шаралары қамтылған 2022‑2024 жылдарға арналған өрт қауіпсіздігі саласындағы кешенді жоспар әзірлеп, бекітті. Кешенді жоспарға сәйкес барлық ЕТҰ‑да жыл бойы жоспарлы өрт‑тактикалық оқу‑жаттығулар өткізілді. 2024 жылы «Самұрық‑Қазына» АҚ және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің қатысуымен «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС‑де оқу‑жаттығу өткізілді. ҚМГ‑ның корпоративтік орталығында 2024 жылы адамдарды эвакуациялаумен және ғимаратта шартты өртті сөндірумен өртке қарсы екі оқу‑жаттығу ұйымдастырылды.

Әдістемелік көмек көрсету және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін 2024 жыл бойы ҚМГ ЕТҰ‑да өртке қарсы қорғанысты күшейту (өрт қауіпті, жылыту және мереке кезеңдерінде), өрт қауіпсіздігі нормаларын түсіндіру жөнінде хаттар дайындалып, жолданды.

Мердігер ұйымдармен ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау. саласындағы өзара іс‑қимыл

2024 жылы ҚМГ мердігер ұйымдармен ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ саласындағы өзара іс‑қимыл процесіне қатысты жұмысты жалғастырды, бұл жұмыс ҚМГ компаниялар тобының өндіріс орындарында жұмыстарды орындау мен қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде қауіп‑қатерлерді анықтауға, бағалауға және азайтуға негізделген.

Еншілес және тәуелді ұйымдар мен филиалдардың аумағында мердігер ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздігінің жай‑күйіне 5 883 тексеру жүргізілді.

2024 жылы мердігер ұйымдардың қатысуымен 1 млн адам‑сағатқа жұмыс уақытын жоғалтуды қоса алғанда, болған жарақат алу коэффициенті – (LTIR) – 0,32.

2024 жылы мердігер ұйымдардың қатысуымен 100 млн адамға/сағатқа өлім‑жітім коэффициенті – (FAR) – мердігер ұйымдардың үш жұмыскері қайтыс болуына байланысты 3,86 құрады.

2024 жылы мердігерк ұйымдардың қатысуымен жүріп өткен млн км‑ге жол‑көлік оқиғаларының коэффициенті – (MVCR, Motor Vehicle Crash Rate) 0,05 құрады.

Мердігер ұйымдардың қатысуымен болған жазатайым, өлім‑жітім жағдайларының, жол‑көлік оқиғаларының коэффициенттері
Көрсеткіш 2022 2023 2024 IOGP2023 жылғы IOGP жария көрсеткіштері (https://www.iogp.org).
Жұмыс уақытын жоғалтуды қосқанда болған жарақат алу коэффициенті, 1 млн адам‑сағатқа шаққанда 0,52 0,15 0,32 0,24
Өлім‑жітім коэффициенті, 100 млн адам‑сағатқа шаққанда 1,28 5,08 3,86 0,90
Жол‑көлік оқиғаларының коэффициенті, жүріп өткен 1 млн километрге шаққанда 0,17 0,28 0,05 0,058

ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ саласындағы менеджмент жүйесін жетілдіру

Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының толық құқылы мүшесі ретінде ҚМГ IOGP халықаралық озық ұсынымдары мен тәжірибелерін зерделеп, пайдаланды, бұл ҚМГ‑ның еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, жалпы қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсеткіштерін және жалпы менеджмент жүйесін жақсартуға көмектесті, сондай‑ақ ҚМГ‑ның халықаралық деңгейдегі мүмкіндіктері мен рейтингін көтерді.

ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ саласындағы менеджмент жүйесін жетілдіру аясында ҚМГ компаниялары тобының және мердігер ұйымдардың өндірістік қауіпсіздіктің түйінді көрсеткіштері бойынша есеп беру жөніндегі қағидалар» жаңартылды. Бұл құжат өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың негізгі көрсеткіштері бойынша есеп беру тәртібін, сондай‑ақ еншілес және тәуелді ұйымдардың келісімшарттық аумақтарында өндірістік қызметті жүргізетін мердігер ұйымдар жұмысы нәтижесінің басты көрсеткіштерін айқындайды.

Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мәдениетін дамыту мақсатында, сондай‑ақ «Самұрық‑Қазына» АҚ өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс‑шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылы «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» атты бағдарлама бойынша ҚМГ мен ЕТҰ‑ның 15 мыңнан астам қызметкері оқытылды.

Сондай‑ақ, еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыру және ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ саласындағы біліктілікті бағалау үшін 28 еншілес және тәуелді ұйымына арнап стратегиялық сессиялар өткізілді, оған бас директорлар, бас директорлардың өндіріс жөніндегі орынбасарлары, ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ бағыттарына жауапты бөлім басшылары қатысты.

Денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы

Қазақстан Республикасы заңнамасының және қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік санитария және еңбек гигиенасы саласындағы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес, Компанияда денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы мәселелерін басқару жүзеге асырылады. Өндірістік процеске қарамастан, ҚМГ өз қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және оларды сауықтыру бойынша белсенді саясат жүргізеді.

2024 жылы еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлері арасында еңбек қызметіне байланысты емес өлім‑жітім саны екі жағдайға немесе 2023 жылмен салыстырғанда 25%‑ға азайды. Бұл жағдайлардың негізгі себебі – қызметкерлердің жүрек‑қан тамырлары ауруларының болуы.

Еңбек қызметімен байланысы жоқ өлім‑жітім саны

ҚМГ‑ның персоналдың денсаулығын басқару бағдарламасының негізгі міндеттері:

  • ҚМГ компаниялары тобының өндірістік объектілерде медициналық қызмет көрсету мен медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру;
  • қызметкерлерді салауатты өмір салтына тарту мен ынталандыруды күшейту тетіктерін әзірлеу;
  • ҚМГ компаниялары тобының өндірістік объектілерінің қызметкерлері үшін еңбек ету, демалу және тұрмыс жағдайларын жақсарту.

Медициналық аудит жүргізу үшін корпоративтік орталық пен еншілес ұйымдарының мамандарынан жұмыс тобы құрылды.

Өндірістік объектілерде өлім‑жітім қаупін азайту үшін алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына 15 126 қызметкер оқытылды.

ҚМГ компаниялар тобында шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі регламентке сәйкес, жыл сайын және тұрақты негізде медициналық оқу дабылдарын жүргізу арқылы әрбір өндірістік объектіде шұғыл медициналық ден қою жоспары тестіленеді. ЕТҰ нысандарында 2024 жылы 91 медициналық оқу дабылдары, соның ішінде өндірістік аумақтарда орналасқан мердігер ұйымдардың қатысуымен өткізілді.

Медициналық тексерудің автоматтандырылған жүйесі деп аталатын аппараттық кешендерді енгізу жалғасуда, 2024 жылдың соңына қарай ҚМГ ЕТҰ‑да 63 бірлік аппараттық кешен енгізілді.