Мұнай‑газ химиясы
Мұнай‑газ химиясы саласындағы ҚМГ стратегиясы көмірсутек шикізатын терең өңдеуді дамытуға, қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайтуға және мұнай‑химия өнімдерінің импортына тәуелді болуды төмендетуге бағытталған.
Компания іске асырып жатқан жобалар едәуір ілгерілеп, Қазақстанның экономикалық саясатының басымдықтарына сай келеді. Бастамаларды табысты іске асыру компанияның халықаралық нарықтарда позициясын нығайтып қана қоймай, ұлттық экономиканың тұрақты дамуына елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.
Мұнай‑газ химиясы саласындағы ҚМГ жобаларының негізгі мақсаттары:
- Қазақстан Республикасында мұнай химиясы кластерін құру;
- мұнай‑химия өнімдерін өндіретін кешен үшін қолда бар үлкен газ көлемін пайдалану;
- қосылған құны жоғары экспортқа бағдарланған өнімдер шығару;
- өнеркәсіп салаларын әртараптандыру үшін полимерлер өндірісі.
Полипропилен
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС. (KPI Inc.) — Атырау облысында 2022 жылы іске қосылған интеграцияланған газ‑химия кешені құрылысының бірінші кезең операторы. Жоба Қазақстанның химия саласын дамытуға және полипропилен шығаруға арналған өндіріс базасын құруға бағытталған.
Жобаның үлескерлері:
- 49,5% — «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ;
- 40% — «СИБУР Холдинг» ЖАҚ;
- 9,5% — ҚР президентінің тапсырмасы бойынша химия саласындағы жобаларды іске асыру үшін құрылған Samruk‑Kazyna Ondeu ЖШС;
- 1% — «АЛМЭКС» холдинг тобы» АҚ құрамына кіретін «Фирма Алмэкс Плюс» ЖШС.
Өндіріс көлемдері
2024 жылы KPI зауыты он өнім маркасын шығарды, соның ішінде екі жаңа марка бар ‑ PP H270 GP, PP H350 GP, полипропилен өндірісінің жалпы көлемі 249 мың тонна болды. Ең маңызды маркалар:
- PP H030 GP — 130 163 тонна;
- PP H253 FF — 18 092 тонна;
- PP H270 FF — 11 646 тонна.
Зауыт нарық көлемі 40 мың тоннаға тең кезде 22,5 мың тонна өнім жеткізіп, Қазақстанның ішкі сұранысын толық өтеді және импорттың 17%‑ға (2023 жылғы 34%‑дан) төмендеуін қамтамасыз етті.
Экспортқа өнім жеткізу
Экспортқа 230 мың тонна жөнелтілді, негізгі сату нарықтары: Қытай, Еуропа, Түркия және Ресей. Өнім омологациядан сәтті өтті, яғни қауіпсіздік пен сапаның барлық қажетті стандартына сәйкестігін растап, халықаралық қайта өңдеуші компаниялардың сұранысына ие болып отыр.
Аймақтар | 2022 | 2023 | 2024 |
---|---|---|---|
Қазақстан | 589 | 9 401 | 23 301 |
Қытай | 28 859 | 93 109 | 89 001 |
Еуропа | 701 | 33 276 | 29 413 |
Түркия | 11 509 | 63 818 | |
Ресей | 351 | 25 411 | 46 143 |
Барлығы | 30 499 | 172 706 | 251 676 |
Ішкі нарыққа ықпалы
Қазақстан нарығында KPI үлесінің 55%‑ға дейін ұлғаюының арқасында полипропилен импорты едәуір төмендеді.
«Форсаж» бағдарламасы
Қаржы көрсеткіштері және баға динамикасы
2024 жылы Қазақстан нарығында полипропиленнің орташа бағасы ҚҚС қоса алғанда, бір тоннасына 506,6 мың теңгені құрады, бұл инфляциялық процестер мен сұраныстың артуы есебінен болған қалыпты өсімді көрсетеді.
Логистика және қойма инфрақұрылымы
Логистиканы оңтайландыру:
- зауыт FCAӨнімді FCA талаптары бойынша жеткізу – сатушының тапсыру құжаттарын ресімдеу бойынша барлық қажетті талаптарды орындайтынын және тауарды сатып алушы тағайындаған жүк тасымалдаушыға немесе келісімшартта көрсетілген жерде және уақытта сенімді тұлғаға беретіндігін білдіреді. талаптары бойынша өнім жеткізуді қамтамасыз етті (Атырау мен Алматыдағы KPI қоймалары). Алматы қаласында қойманың ашылуы:
- қазақстанның оңтүстік өңірлеріне сату көлемін ұлғайтуға (желтоқсандағы өсім — 400 тонна).
- теміржол инфрақұрылымына қол жеткізе алмайтын қайта өңдеуші компаниялардың логистикаға жұмсайтын шығынын азайтуға мүмкіндік берді.
Халықаралық тасымалдаушылармен серіктестік
Қытайға, Түркияға және Еуропаға экспорттық маршруттар ұйымдастырылды, бұл жеткізу тізбегінің тұрақтылығын арттыра түсті.
Қазіргі қиындықтар және оларды шешу жолдары
ТШО‑дан өнім берілуінің тоқтауы:
- Қазан‑желтоқсан айларында 27 425 тонна пропан жеткізілмеді. Бұл көлемді өтеу үшін балама көздер тартылды (СИБУРДАН және басқа жеткізушілерден 33 250 тонна).
- Қосымша жеткізуші компаниялармен серіктестікті кеңейту және 2025 жылға арналған келісімшарттарды оңтайландыру жоспарда.
Ұзақ уақыт пайдалануға беру және Нысандарды қабылдау актісіне қол қоюды кешіктірудің себептері
2024 жылы зауыттың негізгі технологиялық қондырғыларына кепілдік сынақ жұмыстары сәтті өтті. Мамыр айында пропанды сусыздандарыу қондырғысының (PDH), ал қазан айында пропиленді полимерлеу қондырғысының (PP) сынақтары аяқталып, көрсетілген өндірістік кепілдіктерге сәйкестігін растады. Сынақтардың қорытындысы бойынша KPI компаниясы, ЕРС‑мердігер және лицензиар арасында міндеттемелердің орындалуын білдіретін қорытынды есептерге қол қойылды. Қазан айында зауыттың демонстрациялық жұмысы аяқталды, бұл жабдықтың сынақ режимінде жұмыс істеу тұрақтылығын растады. Іске қосу‑реттеу іс‑шаралары 2025 жылғы қаңтарда толық көлемде аяқталды. Техникалық және авторлық қадағалаулар зауыттың белгіленген талаптарға сәйкестігін растап, оның ресми қабылдауға дайын екендігін куәландырды. Қазіргі уақытта KPI және ЕРС‑мердігер жабдыққа жүктеме жоғарылаған кезінде туындайтын, анықталған ақауларды жою бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Нысандарды қабылдау актісіне қол қоюдың кешігуі қолданылатын технологиялар мен жабдықтардың күрделі әрі бірегей болуына байланысты. Зауыттың қарқынды жұмысына жету жобалық қуаттарды игеруге уақытты қажет етеді. Әлемдік тәжірибеге сәйкес мұндай технологиялық күрделі объектілерді реттеу және тұрақты жұмысқа шығару экономикалық жағдай, маркетингтік конъюнктура немесе энергия ресурстарын берудегі ажыратулар сияқты болуы мүмкін сыртқы факторларды есепке алмағанда, кем дегенде бір жылға созылады
Өндіріс процесінің басты кезеңдері:
- «Теңізшевройл» ЖШС шикізат газын облыс орталығынан 40 шақырым жерде орналасқан зауытқа темір жол арқылы жеткізеді.
- Зиянды қоспалардан тазартылған пропан (C3H8) Оңтүстік Кореяның Wooyang HC компаниясы жасаған сегіз реакторына келіп түседі. Мұнда пропанның (C3H6) пропиленге айналуы (дегидрленуі) сутегі бөлінуімен жүреді.
- Lummus Technology қондырғысында пропиленді полимерлеу арқылы полипропилен алынады. Әлемде осындай қондырғылардың саны алтау ғана.
Экологиялық тиімділік
Өндіріске жұмсалатын судың көлемі өте аз, өндіріс сонымен ерекшеленеді, сұйықтықтың 82%‑ы технологиялық процеске қайта оралып, энергия шығынын азайтады. Булану алаңдарына шығарындылардың болмауы процес тұрақтылығының жоғары деңгейін көрсетеді.
Полиэтилен
Қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін жаңа зауыт салу жобасы Қазақстанда мұнай‑химия саласын дамытудың негізгі бастамасы. Үлескерлер: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (29,9%), «СИБУР Холдинг» ЖАҚ (30%), Sinopec (30%), «KMG PetroChem» ЖШС (10,1%). Жобаға құйылған инвестицияның жалпы көлемі – шамамен 7,4 млрд АҚШ доллары, ал оны іске асыру ел экономикасын нығайтуға және полимерлер импортына тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.
Жоба шикізат базасының арзан болуына байланысты экономикалық тұрғыдан орынды. Тиімді шарттар бойынша жеткізілетін этан мен пропан және «Ұлттық индустриялық мұнай‑химия технопаркі» арнайы экономикалық аймақ аясында жеңілдікпен салық салу өндірістің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзімді перспективада полиэтиленге жаһандық сұраныстың тұрақты өсуі өнімдердің қаптама жасау саласында, құрылыс, медицина, ғарыш және басқа салаларда кеңінен қолдануына ықпал етеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда өзінің полиэтилен өндірісі жоқ және полиэтиленнің барлық көлемі Ресейден, Өзбекстаннан, Қытайдан, Ираннан, Әзербайжаннан, Оңтүстік Кореядан және басқа елдерден импортталады. 2022 жылы полиэтилен импорты 217 мыңнан тоннадан асты. Ағымдағы тұтыну көлемі жан басына шаққанда шамамен 11 кг құрап отыр, 2028‑2030 жылдарға қарай 17‑20 кг‑ға дейін ұлғаяды деген болжам бар, бұл жылына 340‑400 мың тоннаға тең ішкі нарық көлеміне сәйкес келеді. Жоба жылына 1 млн тоннаға дейінгі экспорт кезінде елдің ішкі жалпы өнімінің қосымша 1,2%‑ға дейін өсуіне, сондай‑ақ шағын және орта бизнестің дамуына ықпал ете отырып, 2,5 млрд АҚШ долларына дейінгі экспорттық кірісті қамтамасыз ете алады.
Зауыт өндіретін жалпы өнім көлемінің шамамен 20‑24%‑ы (жылына 200‑300 мың тонна) ішкі нарыққа жеткізіліп, қалғаны экспортқа жөнелтілетін болады.
Интеграцияланған газ‑химия кешені жобасының схемасы бірнеше негізгі кезеңдерден тұрады: алдымен офтейк келісімшарттар шикізатпен тұрақты қамтамасыз етеді, содан кейін келіп түсетін құрғақ газ (жылына 8,5–9,1 млрд м³) газ сепарациялық кешеніне (ГСК) жіберіледі. Бұл жерде газдан жылына шамамен 1,38‑1,57 млн тонна көлемінде этан бөлінеді, содан кейін ол этиленге айналу үшін бу крекинг қондырғысына (пиролиз) түседі.
Алынған этилен полимерлеу блогына (желілік альфа‑олефин элементтерімен) беріліп, онда қазіргі заманғы лицензиялық технологиялар бойынша экспорт пен ішкі нарық арасында бөлінетін полиэтилен өндірілетін болады. Сонымен қатар, схема шикізат пен дайын өнімді тиімді тасымалдауды қамтамасыз ететін логистикалық блоктарды – экспедиторлық‑көлік компаниясы (ЭКК) және өндірістік‑көлік кешенін (ӨКК) қамтиды. Жоба «Ұлттық индустриялық мұнай‑химия технопаркі» АЭА аясында іске асырылуда, бұл жеңілдекті салық салуды және инфрақұрылымдық шығындарды оңтайландыруды қамтамасыз етеді.
Қазіргі жағдайы
Бүгінгі таңда пиролиз, полимерлеу қондырғылар. логистикалық кешен аумақтарында инженерлік дайындық іс‑шаралары аяқталды, жалпы зауыттық шаруашылық нысындары алаңдарында жұмыс жалғасуда.
Бұдан басқа, пиролиз қондырғысы бойынша ЕРС‑мердігердің қарқынды жұмыстары басталып кетті, атап айтқанда негізгі жабдыққа тапсырыстар орналастырылды, конструкторлық жұмыс құжаттамасын алу және қарау жүріп жатыр.
Инвестиция тарту және қаржыландыру
Жобаға халықаралық инвесторлар, соның ішінде Sinopec стратегиялық серіктес компаниясы сәтті тартылды, бұл оның қаржылық тұрақтылығын едәуір арттырды. Іске асырудың келесі кезеңіне дайындығын растайтын ODI (Overseas Direct Investment) оң шешімі алынды. Bank of China, ICBC, CB және CMBC‑ден 1,345 миллиард АҚШ доллары көлемінде нақты ұсыныстар тартылды, бірінші транш 2025 жылдың бірінші тоқсанында күтілуде.
Жобалау және құжаттама
Барлық негізгі жобалық құжаттар әзірленді, соның ішінде техникалық‑экономикалық негіздеме, технологиялық процесті жобалау (PDP), экологиялық деректерді жинау және батыс стандарты бойынша жобалау (EBD/FEED) бар. Қазіргі уақытта жобалау‑сметалық құжаттама бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатыр, ол 2025 жылдың 1‑оқсанында аяқталады деп жоспарланған.
EPC келісімшарты және инфрақұрылымдық жұмыстар
2024 жылы 18 қыркүйекте Sinopec Engineering Group және Tecnicas Reunidas S.A.консорциумымен EPC келісімшартына қол қойылды, ол инженерлік жобалауды, жабдықты жеткізуді және нысанды салуды қамтиды. Пиролиз алаңындағы инфрақұрылымдық жұмыстар 2024 жылы 11 қыркүйекте басталды, оған вертикалды жайғасым мен алаңішілік жолдар салу жатады.
2025 жылға арналған жоспарлар
2025 жылы жобалау‑сметалық құжаттаманы аяқтауға және құрылыстың белсенді кезеңіне көшуге ерекше мән берілетін болады. Сондай‑ақ, халықаралық банктерден қаржыландырудың бірінші траншы түседі деп күтілуде, бұл жобаны іске асыру үшін қажетті өтімділікті қамтамасыз етпек. Топырақты игеру, алаңішілік және сыртқы жолдарды салу, сондай‑ақ EPC‑мердігерлерге беру үшін алаңды дайындау бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Күтілетін нәтиже
Жаңадан бой көтеретін полиэтилен зауыты құрылыс кезінде шамамен 8 мың жұмыс орнын және іске қосылғаннан кейін 800 тұрақты жұмыс орнын ашады. Полиэтиленнің 20‑дан астам маркасын шығару жоспарда, оның ішінде өнімнің 40%‑ы премиум санаты болады.
Газ сепарациялық кешен
Газ сепарациялық кешен – табиғи газды терең өңдеуге және одан құнды құрамдас бөлшектерін бөлуге арналған Қазақстанның газ инфрақұрылымының стратегиялық нысаны. Кешен мұнай‑химия өнеркәсібі үшін этан мен пропанды тұрақты жеткізіп отыруда маңызды рөл атқарады, сондай‑ақ зиянды заттар шығарындысын азайтуға және тауарлық газдың сапасын жақсартуға ықпал етеді. Жобаның операторы – ҚМГ еншілес ұйымы «KMG PetroChem» ЖШС.
Жобалау және келісу кезеңі
Жоба FEED кезеңін қоса алғанда, жобалаудың барлық кезеңінен сәтті өтті. Жобалау‑сметалық құжаттама мемлекеттік сараптаманың оң қорытындыларын алды. Re‑FEED кезеңін 2024 жылдың тамызында «WOOD KSS» ЖШС EPC шығындарын ҚҚС‑пен бірге 2 299,5 млн АҚШ долларына алдын ала бағалаумен аяқтады.
Қаржыландыру және мемлекеттік қолдау
ҚР Ұлттық Банкінен 40%‑ды, «Самұрық‑Қазына» АҚ‑дан 40%‑ды ҚМГ‑ның акционерлік қарызынан 20%‑ды қамтитын қаржыландыру расталды. Мемлекеттік қолдау шаралары «Ұлттық индустриялық мұнай‑химия технопаркі» АЭА‑ны пайдалану мерзімін 2048 жылға дейін ұзартуды (ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 595 қаулысы) және қарыз қаржыландырудың қайтарымын қамтамасыз ету үшін пропан экспортын қолдауды (ҚР Энергетика министрлігі) қамтиды.
Келісімдер мен уағдаластықтар
2024 жылы 14 қыркүйекте ҚМГ Инвестициялық комитеті «Іске асыру» кезеңіне көшу туралы шешім қабылдады (№ 15‑24 хаттама). 2024 жылы 11 желтоқсанда негізгі құжаттарға қол қойылды, соның арасында этанды тұрақты жеткізу мақсатында жасалған 2008 жылғы Шикізатты жеткізу туралы келісімге № 3 қосымша келісім және «KMG PetroChem» мен ТШО арасында құрғақ газды сату‑сатып алудың жаңартылған келісімшарты бар.
ГСК‑ны жобаның бизнес үлгісімен интеграциялау
ГСК «KMG PetroChem» келісімшартына сәйкес этан фракциясын Теңіз кен орнынан құбыр арқылы жеткізуді қамтамасыз етеді. Жеткізу көлемі жылына 1 573 мың тонна этанды құрайды.
«Іке асыру» кезеңінің жаңартылған кестесі
ГСК бойынша құрылыс және монтаждау жұмыстарын бастау 2025 жылдың 2‑тоқсанына жоспарланған. Кешен 2028 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Тәуекелдер және оларды азайту
ГСК технологиялық тәуекелдері UOP лицензиялық технологияларын қолдану есебінен жойылды. Энергия ресурстарына қатысты тәуекелдер жеке ГТЭС салудың және ТШО инфрақұрылымына ішінара қосылудың нәтижесінде азайды.
Экологиялық тиімділік
Жоба жылына 9,05 млрд м³ құрғақ газ өңдеп, 1 573 мың тонна этан және 355 мың тонна пропан өндіруді көздейді. Газды күкіртті сутектен тазарту зиянды шығарындыларды азайтады, тауарлық газдың сапасын жақсартады және Атырау облысының экологиялық жағдайына оң әсер етеді.
Қосымша жұмыстар
FEED LGM (ТШО отын газы жүйесін модификациялау) әзірлеу кезең‑кезеңімен жүргізілуде. 2024 жылдың наурыз айында Pre‑FEED LGM (Genesis компаниясы) аяқталды. FEED LGM жүргізу 2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың мамырына дейін (WOOD KSS) жоспарланған.
2025 жылға арналған жоспар
2025 жылы жобалау кезеңін аяқтап, құрылыс жұмыстарын бастауға ерекше мән берілетін болады.

Карбамид
2024 жыл ҚМГ мен қытайлық CNPC компаниясы арасында ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды жыл болды. Мұнай‑газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар негізгі келісімдер қабылданды.
Қазақстанда карбамид өндіретін зауыт салу химия өнеркәсібінің дамуына, ауыл шаруашылығын азот тыңайтқыштарымен қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті арттыруға ықпал етеді. Негізгі шикізат – табиғи газ, ол аммиакқа, одан кейін карбамид болып өңделеді. Өндіріс ішкі нарыққа және экспортқа, әсіресе Қытайға, Ресейге және Еуропаға бағытталған. Карбамид ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде, химия өнеркәсібінде пластмасса мен шайыр өндіру үшін, медицина мен фармацевтикада, сондай‑ақ зиянды шығарындыларды азайту үшін энергетикада қолданылады. Жобаны іске қосу импортқа тәуелділікті төмендетеді, жұмыс орындарын ашады және шикізат емес экспорттың өсуіне ықпал етеді.
Негіздемелік келісімге қол қою: 2024 жылы 3 шілдеде ҚМГ мен CNPC арасында негіздемелік келісімге қол қойылып, мұнай‑газ өнеркәсібінің түрлі салаларында, соның ішінде мұнай химиясында ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін қалады.
Алдын ала техникалық‑экономикалық негіздеме әзірлеу: CNPC‑дің бөлімшесі – қытайлық HQC компаниясы жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын аяқтады. Қазір CNPC компаниясы FS немесе FEED — жобалаудың келесі кезеңіне өту туралы шешім қабылдауда.
Бірлескен кәсіпорын құру: 2024 жылы 16 қазанда тараптар бірлескен кәсіпорын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы маңызды қадам болды.
Шикізатты жеткізу туралы келісім: 2024 жылы 13 қарашада «KMG PetroChem» ЖШС мен «СНПС‑Ақтөбемұнайгаз» АҚ арасында шикізатты жеткізуге ниет білдіру туралы келісімге қол қойылды. Бұл Келісім бірлескен жобалар үшін шикізаттың тұрақты жеткізуін қамтамасыз ететін болады.
Жобаның негізгі аспектілері:
- Орналасқан жері және шикізат базасы: Зауыт Ақтөбе облысында орналасады және Жаңажол өңдеу зауытынан келетін табиғи газбен қамтамасыз етіледі.
- Қаржыландыру: Жоба үлескерлердің жеке инвестициялары және халықаралық серіктестерден тартылған қаражат есебінен қаржыландырылады.
- Технологиялар: Өндірістің жоғары тиімділігін және қоршаған ортаға ең аз әсер ететін заманауи технологияларды пайдалану жоспарда.
- Ынтымақтастық: CNPC‑пен серіктестік озық технологиялар мен қаржы ресурстарына жол ашады.
- Зауыттың қуаты: жылына 1 млн тонна карбамид.
- Инвестиция: Жобаның алдын ала құны – 1,2
‑ 1,5 млрд. АҚШ доллары. Нақты сомасы жобалау құжаттамасының нәтижесі бойынша анықталады. - Іске асыру мерзімі: 2024-2029 жылдар.
Полиэтилентерефталат
ҚМГ‑ның еншілес компаниясы – «KMG PetroChem» ЖШС қуаты жылына 735 мың тонна полиэтилентерефталат (ПЭТ) өндіретін зауыт салу бойынша ауқымды жобаны қолға алды. Зауыт Атырау облысында, Атырау мұнай өңдеу зауытына жақын жерде орналасатын болады, бұл ыңғайлы логистиканы және қажетті шикізат – параксилол алуды қамтамасыз етеді.
Жоба әлемнің жетекші компанияларының заманауи технологияларын пайдалануды көздейді. Сонымен, терефтал қышқылын өндіру үшін Koch Technology Solutions технологиясы, ал полиэтилентерефталат өндіру үшін – Chemtex Global Corporation және Polymetrix AG технологиялары пайдаланылатын болады. Бұл өнімнің жоғары сапасы мен өндіріс тиімділігіне кепілдік береді.
Жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері – жобалау алдындағы зерттеулерді аяқтау, қажетті рұқсат қағаздарды алу, қаржыландыруды тарту және зауыттың өзін салу. Қазіргі уақытта жобаны іске асыру үшін стратегиялық серіктес іздеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Жобаны іске асыру бірқатар маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
- импортты алмастыру: ПЭТФ өндірісі импортқа тәуелділікті азайтуға және ішкі нарыққа тұрақты өнім жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
- мұнай‑химия саласын дамыту: жаңа жоғары технологиялық өндірісті құру;
- жұмыс орындарын ашу: жоба өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді;
- Қазақстан экономикасын нығайту: елдің экспорттық әлеуетін арттыру.
