Тауар/қызмет көрсетушілермен өзара іс‑қимыл
ҚМГ компаниялар тобының сатып алу қызметінің негізгі қағидаттары – заңнамалық және ішкі талаптарды сақтау, сатып алудың ашықтығы, адал бәсекелестікті дамыту және контрагенттер үшін тең мүмкіндіктер ұсыну. Сонымен қатар, ҚМГ қолданыстағы өндірістерді жаңғыртуға және жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесу бағдарламасын іске асыру шеңберінде отандық өндірушілерді қолдау мақсатында сатып алу қызметінде бірқатар бастамаларды жүзеге асырады.
ҚМГ компаниялары тобындағы сатып алу қызметін басқару екі құжаттың негізінде жүзеге асырылады:
Ең озық халықаралық стандарттар мен технологиялар негізінде ашықтық пен тиімділік деңгейін қамтамасыз ету және арттыру үшін ҚМГ компаниялар тобының сатып алу рәсімдерінде барлық мүдделі тұлғаларға сатып алу туралы ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуді (бірінші кезекте мемлекеттік құпияға байланысты жекелеген ерекшеліктерді қоспағанда), сатып алудың барлық қатысушылары үшін мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ететін «Электронды сатып алудың ақпараттық жүйесі» порталы (бұдан әрі — ЭCАЖ) қолданылады.
ЭCАЖ сатып алу циклінің барлық процедураларын автоматтандыруға және стандарттауға мүмкіндік береді (жоспарлау процесінен келісімшартты басқаруға дейін), тапсырмаларды орындау уақытын қысқартады және адам факторының әсер ету дәрежесін төмендетеді. Электронды сатып алу нарыққа қол жеткізуді жеңілдетеді және осылайша тиімділікті арттыруға, бәсекелестіктің өсуіне және әкімшілік жүктеме мен операциялық шығындардың төмендеуіне ықпал етеді.
ЭCАЖ-дан басқа, тапсырыс берушілер Қор басқармасы бекітетін тауарлар санаттарының тізбесі бойынша www.skstore.kz электрондық дүкенде белгілі бір өндірушілерден нақты маркалар мен үлгідегі тауарларды сатып ала алады (шекті сомасы 20 мың айлық есептік көрсеткішке дейін).
Сатып алу рәсімдері мен сатып алу келісімшарттарына қатысты сатып алу туралы ақпаратты, соның ішінде сауда‑саттыққа қатысуға шақыру және шарт жасасу шарттары туралы ақпаратты көпшілікке таратудан басқа, ЭCАЖ іріктеу критерийлері мен Сауда‑саттықты өткізу қағидаларын және оларды жариялауды қоса алғанда, бәсекелестік сатып алуға қатысу үшін талаптарды алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте ЭCАЖ нормативтік құжаттарда белгіленген ережелер немесе рәсімдер сақталмаған жағдайда сатып алу нәтижелеріне шағымдануды қоса алғанда, ішкі бақылаудың тиімді жүйесін қамтамасыз етеді.
Сатып алудың жалпы көлемі
2024 жылы жалпы сатып алу көлемі, ҚҚС‑ты есептемегенде, 1 219 млрд теңгеге жетті. ҚМГ сатып алу қызметінің маңызды аспектілерінің бірі – бір көзден сатып алуды қысқарту және бәсекелі сатып алу үлесін арттыру. Бәсекелес сатып алу ашық тендер, баға ұсыныстарын сұрау, электронды дүкен және тауар биржасы арқылы жүзеге асырылады. 2024 жылдың қорытындысына сай ҚМГ компаниялар тобы бойынша жылдық сатып алу жоспарының шарттары бойынша бәсекелестік сатып алу сомасы 593 млрд теңге немесе 51%‑ды құрады, бұл ҚМГ‑ның адал бәсекелестікті және тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз етуге ұмтылысын көрсетеді. Бәсекелестікке жатпайтын (бір көзден сатып алу тәсілі) сатып алулар оларды бәсекелестік тәсілмен сатып алу мүмкін болмаған ерекше жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
Жыл | Тауарлар | Жұмыстар мен қызметтер | Барлығы | |||
---|---|---|---|---|---|---|
Сомасы | Үлесі, % | Сомасы | Үлесі, % | Сомасы | Үлесі, % | |
2022 | 237 | 23 | 275 | 26 | 512 | 49 |
2023 | 302 | 25 | 320 | 26 | 622 | 51 |
2024 | 258 | 22 | 335 | 29 | 593 | 51 |
Жыл | Тауарлар | Жұмыстар мен қызметтер | Барлығы | |||
---|---|---|---|---|---|---|
Жалпы сомасы (млрд теңге) | Елішілік құндылық үлесі, % | Жалпы үлесі (млрд теңге) | Елішілік құндылық үлесі, % | Жалпы сомасы (млрд теңге) | Елішілік құндылық үлесі, % | |
2022 | 410 | 58 | 1 290 | 90 | 1 700 | 82 |
2023 | 606 | 50 | 1 580 | 88 | 2 186 | 77 |
2024 | 503 | 55 | 1 550 | 89 | 2 054 | 81 |
Әлеуетті тауар/қызмет көрсетушілерді алдын ала біліктілік іріктеу
Қазақстандық және халықаралық практиканың талаптары мен стандарттарын ескере отырып, сатып алу қызметін жетілдіру – ҚМГ‑ның басым міндеттердің бірі. Осы міндетті шешудің пәрменді құралы – әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік бойынша іріктеуді жүргізу тетігін іске асыру.
Алдын ала біліктілік бойынша іріктеу АБІ рәсімінен өткен әлеуетті өнім берушілер Біліктілік органы комиссиясының шешімімен «Самұрық‑Қазына» АҚ сатып алу порталында ашық қорда жарияланған білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне енгізіледі. (АБІ) – сауалнама және аудит арқылы жүзеге асырылатын, сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес айқындалған біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан әлеуетті өнім берушілерді бағалау процесі.
АБІ‑нің негізгі мақсаттары – білікті, тиісті түрде іріктелген жеткізушілерді анықтау, Қордың портфельдік компанияларының қажеттіліктері үшін тауар, жұмыс, қызметтерді сатып алу тиімділігін арттыру.
Бүгінгі таңда Қордың алдын ала біліктілік іріктеу мәселелері жөніндегі комиссиясы ҚМГ‑ның еншілес және тәуелді ұйымдары, АБІ рәсімінен өткен әлеуетті өнім берушілер арасында ашық тендер тәсілімен сатып алуды жүргізу үшін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің 43 санатын бекітті.
2024 жылы ҚМГ АБІ өткізу үшін тауар, жұмыс, қызметтің он санаты бойынша біліктілік өлшершарттарын әзірледі, олардың үш санаты 2023 жылы бекітілді. Қалған жеті санаты Қордың АБІ жөніндегі комиссиясының келісімін алу және бекіту процесінен өтуде.
Санат бойынша сатып алу
Сатып алу санаттарын басқару – басым санаттарға енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қызметіне және пайдалануға байланысты шығындарды азайтудың кешенді тәсілін әзірлеу процесі.
Санаттау сатып алу нысанасының және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің бірыңғай нарығының жалпы белгілері бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу санатына біріктіру арқылы жүзеге асырылады. Санаттар тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бір және бірнеше атауын қамтуы мүмкін. Басымдықтар ретінде шығындар деңгейі жоғары, сыни, үнемдеу және басқару әлеуеті бар санаттар анықталады.
Санаттарды басқару санат бойынша сатып алу стратегиясын әзірлеу және бекіту арқылы егжей‑тегжейлі талдау арқылы үнемдеу әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл стратегия ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді перспективада пайданы барынша көбейтуге негізделген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың оңтайлы тәсілін анықтайды. Санат бойынша сатып алу стратегияларында мақсаттар мен міндеттер, ішкі және сыртқы ортаны талдау, сатып алу санаттарын басқару тәсілдері, жеткізушілерді дамытуға қойылатын талаптар, пайданы есептеу және іске асыру жоспары болуға тиіс.
Санаттарды басқару стратегиялық жоспарлауды қолдану, сатып алынатын тауарлар мен қызметтерді егжей‑тегжейлі талдау және меншіктің жалпы құнын есептеу арқылы, сондай‑ақ бизнестің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерімен кросс‑функционалды өзара іс‑әрекет жасау арқылы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу және пайдалану шығындарын едәуір төмендетеді. Жеткізудің бұл әдісі тиімді, өйткені ол сенімді өндірушілермен және жеткізушілермен жұмыс жасай отырып, сапаны, сондай‑ақ анық бағаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сатып алу санаттарын басқару мыналарды қамтиды:
- сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді санаттау және сатып алудың басым санаттарын айқындау;
- басым санаттар бойынша сатып алу категориялық стратегияларын әзірлеу (жаңарту) және бекіту;
- санат бойынша сатып алу стратегияларын іске асыру;
- санат бойынша сатып алу стратегияларын іске асыру мониторингі;
- жеткізушілерді дамыту.
Көрсеткіш | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
Санат бойынша сатып алу көлемі | 13 948,38 | 41 531,68 | 49 716,04 | 109 447,54 | 93 618,92 | 115 545,23 | 124 942,2 |
Сатып алуды санат бойынша басқарудың пайдасы | 1 565,01 | 4 101,81 | 7 011,23 | 13 109,53 | 8 435,32 | 7 534,63 | 13 368,3 |
Импортты алмастыру
Мұнай‑газ саласында мемлекет мүддесін қорғайтын компания ретінде ҚМГ ҚМГ «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 8 маусымдағы № 47‑VII Заңының талаптарына сәйкес сатып алуларда импортты алмастыруды ынталандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізеді (офтейк‑келісімшарттарды жасасу және орындау тәртібі. Жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесудің бағдарламасы, бұдан әрі — Бағдарлама). Бағдарламаның негізгі мақсаты – негізінен компания қызметін жүргізетін өңірлерде жаңа өндірістерге бастамашы болған жеке кәсіпкерлерді қолдау, сондай‑ақ «Самұрық‑Қазына» АҚ компанияларында сұранысқа ие өнімдерді шығару мақсатында технологиялық қайта жарақтандыру.
Офтейк‑келісімшарттардың тетігі жобаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірісі жолға қойылатын тауарларды сатып алу мен жеткізуді кейінге қалдыру шартымен импортты алмастыру жобаларының іске асырылуын көздейді.
2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚМГ‑ның еншілес және тәуелді ұйымдары 2024 жылы жалпы сомасы 58,7 млрд теңгеге 137 офтейк‑келісімшарт жасасты.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қыркүйектегі № 353 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2023 жылы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс‑шаралар жоспарының 6‑тармағына сәйкес, ҚМГ ұйымдары үшін 2024 жылға «тауарларды сатып алудағы офтейк‑келісімшарттардың үлесін» 10%‑ға жеткізуге арналған жаңа ҚБК әзірленіп, бекітілді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ‑ның сатып алуларындағы офтейк‑келісімшарттардың үлесі 72 %‑ға жетті.
Жыл | Саны | Сомасы, млн теңге |
---|---|---|
2019 | 10 | 270 |
2020 | 41 | 686 |
2021 | 49 | 388 |
2022 | 56 | 791 |
2023 | 64 | 1 687 |
2024 | 137 | 58 688 |
Барлығы | 357 | 62 510 |
Қор тарапынан ҚМГ үшін 2024 жылға арналған тауарлардағы, жұмыстардағы, қызметтердегі елішілік құндылық үлесі (ЕҚ) бойынша белгіленген ҚБК орындалғанын атап өтеміз (төмендегі кестені қараңыз).
Көрсеткіш | Теңіз | Қашаған | Қарашығанақ | |||
---|---|---|---|---|---|---|
Жалпы сомасы | Жергілікті қамту үлесі, % | Жалпы сомасы | Жергілікті қамту үлесі, % | Жалпы сомасы | Жергілікті қамту үлесі, % | |
Жергілікті ТҚЖ‑ға төленген жалпы сома | 2,9 млрд АҚШ доллары | 69 | 656,3 млн АҚШ доллары | 62 | 679,6 млн АҚШ доллары | 65 |
Жергілікті тауарларға жұмсалған шығын | 38 млн АҚШ доллары | 7 | 15,1 млн АҚШ доллары | 16 | 37,9 млн АҚШ доллары | 18 |
Жергілікті жұмыстарға жұмсалған шығын | 1,5 млрд АҚШ доллары | 80 | 392,1 млн АҚШ доллары | 80 | 240,5 млн АҚШ доллары | 67 |
Жергілікті қызметтерге жұмсалған шығын | 1,3 млрд АҚШ доллары | 77 | 249,1 млн АҚШ доллары | 53 | 401,2 млн АҚШ доллары | 84 |
Қор тарапынан ҚМГ үшін 2024 жылға арналған тауарлардағы, жұмыстардағы, қызметтердегі елішілік құндылық үлесі (ЕҚ) бойынша белгіленген ҚБК орындалғанын атап өтеміз (төмендегі кестені қараңыз).
Ұйым атауы | Барлығы | ЕҚ үлесі, % | Тауарлар | Жұмыстар/Қызметтер | ||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Сомасы | ЕҚ үлесі, % | Қор белгілеген ҚБК | Сомасы | ЕҚ үлесі, % | Қор белгілеген ҚБК | |||
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ | 2 054 | 81 % | 503 | 55 % | 55 % | 1 550 | 89 % | 89 % |