Ұсыну және іріктеу тәртібі
Директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды ұсыну және іріктеу тәртібі ҚМГ Жарғысында және ҚМГ ішкі құжаттарында, сондай‑ақ «Самұрық‑Қазына» АҚ компаниялары директорлар кеңесінің/байқау кеңестерінің құрамдарын қалыптастыру жөніндегі ережелерінде белгіленеді. Акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар кеңесінің төрағасымен және Директорлар кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитетінің төрағасымен бірге жүзеге асырады және ашықтық, әділдік пен кәсіби шеберлік қағидаттарына негізделеді.
ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері акционерлер — жеке тұлғалар, акционерлердің өкілдері ретінде сайлауға ұсынылған тұлғалар, сондай‑ақ компанияның акционерлері емес және Директорлар кеңесіне акционердің өкілі ретінде сайлауға ұсынылмаған өзге де жеке тұлғалар қатарынан сайлануы мүмкін. Директорлар кеңесінің мүшелігіне үміткерлердің лауазымдық функцияларды орындау және компанияның ұзақ мерзімді құны мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті білімі, дағдылары мен тәжірибесі болуы керек және іскерлік беделі мінсіз болуы тиіс.
Директорлар кеңесінің төрағасын акционерлердің жалпы жиналысы сайлайды.
Тәуелсіз директорлар ҚМГ Жарғысына, Корпоративтік басқару кодексіне, Директорлар кеңесі туралы ережеге, сондай‑ақ «Самұрық‑Қазына» АҚ компаниялары директорлар кеңесінің/байқау кеңестерінің құрамдарын жасақтау ережелеріне сәйкес іріктеледі.
