Директорлар кеңесінің құрамы
Компания Директорлар кеңесінің құрамындағы тәуелсіз директорлар санына қатысты Корпоративтік басқару кодексінің талаптарын ұстанады, оған сәйкес тәуелсіз директорлар саны Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының 50%‑нан астамын құрайды.
2024 жыл ішінде Директорлар кеңесі құрамы тоғыз адамнан тұрды.
Компания акционерлерінің жалпы жиналысының 2023 жылғы 14 тамыздағы шешімімен (№4/2023 хаттама, №1 сұрақ) төрт тәуелсіз директорды қоса алғанда, сегіз адамнан тұратын Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамы жасақталды:
- Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы — «Самұрық‑Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі, ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы;
- Отыншиев Елжас Мұратұлы — «Самұрық‑Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі;
- Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы — «Самұрық‑Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі;
- Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы);
- Жұбаев Арманбай Сапарбаұлы — тәуелсіз директор;
- Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы — тәуелсіз директор;
- Холланд Филип Малкольм — тәуелсіз директор;
- Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы — тәуелсіз директор.
ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының 2023 жыл 6 қарашадағы шешімімен (№ 5/2023 хаттама, № 1 сұрақ) 9 адамнан тұратын Директорлар кеңесінің құрамы белгіленіп, Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры болып Шәкіров Асқар Оразалыұлы сайланды.
ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының 2024 жылғы 28 мамырдағы шешімімен (№ 1/2024 хаттама, № 7 сұрақ) Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде ҚМГ Басқарма төрағасы Мырзағалиев Мағзұм Маратұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды және Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде ҚМГ Басқарма төрағасы Хасенов Асхат Ғалымұлы сайланды.
Директорлар кеңесінің құрамы (2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) тоғыз адамнан тұрады. Директорлар кеңесінің төрағасы – «Самұрық‑Қазына» АҚ өкілі.
Директорлар кеңесінің мүшесі | Негізгі құзыреттері | |
---|---|---|
1 | Бердіғұлов Е.К. | Стратегия, корпоративтік басқару, активтерді басқару, қаржы |
2 | Хасенов А.Ғ. | Мұнай‑газ саласы |
3 | Холланд Ф.М. | Мұнай‑газ саласы, жобаларды бағалау, денсаулық сақтау және қауіпсіздік |
4 | Жұбаев А.С. | Қаржы |
5 | Мыңшәріпова С.Н. | Аудит, қаржы, комплаенс |
6 | Қарабалин Ұ.С. | Мұнай‑газ саласы, стратегия |
7 | Отыншиев Е.М. | Инвестициялар, активтерді басқару, стратегия |
8 | Арғынғазин А.Ә. | Корпоративтік қаржы, аудит |
9 | Шәкіров А.О. | Заңтану, халықаралық қатынастар |
Тәуелсіз директорлар





«Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері



Атқарушы директор

Директорлар кеңесінің құрылымы2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша.
Директорлар кеңесінің құрылымы түрлі бағыт бойынша құрамның теңдігін (кәсіби білім мен дағдылар тұрғысынан), адамдардың жасы мен гендерлік құрамы бойынша әртүрлі болуын көрсетіп, Директорлар кеңесі мүшелерінің резиденттік елдерімен сипатталады.
Директорлар кеңесінің тоғыз мүшесінің ішінен сегіз адам – Қазақстан азаматтары, біреуі – Ұлыбритания азаматы.

ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің өмірбаяны
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2023 жылдың сәуір айынан бастап кіреді.
Туған күні: 1987 жыл 3 қыркүйек.
Білімі
- 2004 – 2005 – Marysville Pilchuck High School (Мэрисвил, Вашингтон, АҚШ), болашақ көшбасшылармен алмасу бағдарламасы (FLEX);
- 2004–2007 – Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан), халықаралық қатынастар факультеті, «аймақтану» мамандығы, (3 курсты бітіріп, одан кейінгі оқу – «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы бойынша);
- 2007–2010 – University of Toronto (Торонто, Канада), мемлекеттік саясат және халықаралық қатынастар ( «саяси экономика» бағыты);
- 2015–2018 – University of Warwick (Ковентри, Ұлыбритания), бизнес әкімшілендіру магистрі (қашықтан бағдарлама);
- 2022–2023 – Harvard Business School (Бостон, Массачусетс, АҚШ), көшбасшылықты дамыту бағдарламасы (басқарушылық құрамға арналған бағдарлама).
Жұмыс тәжірибесі
- 2010 – 2011 – «Семізбай‑U» ЖШС ( «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны, Алматы, Қазақстан), бизнес әкімшілендіру бөлімінің бас маманы
- 2011 – 2012 – «Самұрық‑Қазына» ұлттық әл‑ауқат қоры» АҚ (Астана, Қазақстан), жоба менеджері, Басқару есептілігі жүйесін (БЕЖ) енгізу жөніндегі жобалау офисі
- 2013 – 2018 — «Самұрық‑Энерго» АҚ (Астана, Қазақстан), жобаларды басқару департаментінің директоры, стратегиялық даму департаментінің директоры, Басқарма төрағасының кеңесшісі (қаржы‑экономикалық мәселелер бойынша), «Талдамалық қолдау» департаментінің директоры
- 2018 – 2019 – «Самұрық‑Қазына» ұлттық әл‑ауқат қоры» АҚ (Астана, Қазақстан), активтерді басқару дирекциясының талдаушысы
- 2019 – 2021 – Whiteshield Partners ( «мемлекеттік сектордағы консалтинг» бағыты, Астана, Қазақстан), жобалар жетекшісі (аға талдаушы ретінде бастады, 2020 жылғы ақпанда консультанқа дейін, ал 2021 жылғы ақпанда жобалар жетекшісіне дейін жоғарылады)
- 2021 – 2022 – стратегия, тұрақты даму және цифрлы трансформация жөніндегі тең басқарушы директор
- 2022 – қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық‑Қазына» ұлттық әл‑ауқат қоры» АҚ, (Астана, Қазақстан), стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор
Қоса атқаратын жұмыс пен ДК‑дегі мүшелік
- «KEGOС» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
- «QazaqGaz» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
- «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтары
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы — «Құрмет» ордені, 2022
- Қазақстан Республикасы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, 2021
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық медаль, 2021
- Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесі хатшысының Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің қызметіне, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат және экономикалық даму саласындағы стратегиялық және талдамалық құжаттарды дайындауға белсенді және жемісті қатысқаны үшін алғысы, 2020
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысы орынбасарының сыртқы саясат және экономикалық даму саласындағы стратегиялық және талдамалық құжаттарды дайындауға қосқан үлесі үшін алғысы, 2020
- Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, желтоқсан, 2019
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2024 жылдың 28 мамырынан бастап кіреді.
Туған күні: 1983 жыл 13 қазан.
Білімі
- 2000–2005 — Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мамандығы «мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау»
- 2009–2013 — Халықаралық бизнес университеті, мамандығы «менеджмент»
Жұмыс тәжірибесі
- Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ (Қызылорда қ.) мұнай және газ өндіру цехының 3‑разрядтағы операторы болып бастады.
- 2006–2010 — «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ, жетекші, бас маман, мұнай‑газ кен орындарын игеру мониторингі бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, департамент директоры, вице‑президент
- 2011–2019 — Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Мұнай‑газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекция және рұқсат беру басқармасының басшысы, Мұнай‑химия және техникалық реттеу департаментін директоры
- 2019–2022 — «KLPE» ЖШС, Басқарма төрағасының орынбасары
- 2022–2024 — Қазақстан Республикасы Энергетика вице‑министрі (жер қойнауын пайдалану және мұнай‑газ химиясын дамыту мәселелеріне жетекшілік етті, сондай‑ақ Көмірсутек кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияны басқарды)
- 2024 — қазіргі уақытқа дейін — «ҚазМұнайГа» ҰК АҚ Басқарма төрағасы.
Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтары
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы — «Құрмет» ордені, 2023
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медаль, 2011
- «KAZENERGY» қауымдастығының мерейтойлық медалі
- «Атамекен» ҚР ҰКП мерейтойлық медалі
- «Қазақстан мұнайына – 120 жыл» мерейтойлық медалі
- Қазақстан Республикасы Президентінің Құрметі грамотасы, 2015
- Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Құрмет грамотасы
- Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасы
- Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Құрмет грамотасы
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2016 жылдан бастап кіреді.
Туған күні: 1947 жыл 14 қазан.
Білімі
- И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай‑химия және газ өнеркәсібі институты, мамандығы – «тау‑кен инженері»
- И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай‑химия және газ өнеркәсібі институтының аспирантурасы;
- Техника ғылымдарының кандидаты;
- Техника ғылымдарының докторы;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі.
Жұмыс тәжірибесі
Әр жылдары «Қазмұнайгазбарлау» басқармасының Оңтүстік Ембі мұнай‑газ барлау экспедициясында, Қазақ ғылыми‑зерттеу геологиялық‑барлау мұнай институтында, «Каспий маңы геология» аумақтық басқармасында, В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Гурьев филиалында. Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің өнеркәсіп бөлімінде жұмыс істеді. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлігінің Мұнай және газ бас басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары, «Қазақойл» ұлттық мұнай‑газ компаниясы» ЖАҚ бірінші вице‑президенті және президентінің міндетін атқарушы, «ҚазТрансГаз» ЖАҚ президенті, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице‑министрі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ президенті, ММГ бас директоры, «Қазақстан мұнай және газ институты» АҚ бас директоры, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. «Қазтрансойл» ЖАҚ, «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК ЖАҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ және «ҚазМұнайГаз «Барлау Өндіру» АҚ директорлар кеңестерінің төрағасы, KAZENERGY қауымдастығы үйлестіру кеңесінің төрағасы, «ҚазРосГаз» ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі, KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Атырау мұнай және газ университеті» Директорлар кеңесінің төрағасы, «ҚМГИ» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор) қызметтерін атқарған.
«ҚазТрансОйл» АҚ‑ның 19 310 жай акциясына ие.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2023 жылдан бастап кіреді.
Туған күні: 1987 жыл 1 сәуір.
Білімі
- 2004–2008 – Мәскеу физика‑техникалық институты, жалпы және қолданбалы математика факультеті, мамандығы «қолданбалы математика және физика» (бакалавр);
- 2008–2010 – Мәскеу физика‑техникалық институты, жалпы және қолданбалы математика факультеті, мамандығы «қолданбалы математика және физика» (магистр).
Жұмыс тәжірибесі
- 2007–2008 – Ernst&Young (Мәскеу), Аудиторлық және консультациялық қызметтер, технологиялар және қауіпсіздік қызметтері бөлімі, лауазымдары – талдаушыдан аға талдаушыға дейін
- 2008–2009 ‑ Ernst&Young (Москва), Бағалау және бизнес‑модельдеу бөлімі, талдаушы
- 2009–2012 ‑ «Тау‑Кен Самұрық» ұлттық тау‑кен компаниясы» АҚ, Инвестициялық жобалар департаменті, Қаржы институттарымен жұмыс департаменті, лауазымдары – менеджерден Департамент директорына дейін
- 2012–2014 ‑ «Самұрық‑Қазына» АҚ, Инвестициялық жобалар департаменті, бас менеджер
- 2014–2016 ‑ «Самұрық‑Қазына Инвест» ЖШС («Самұрық‑Қазына» АҚ‑ға іссапарға жіберілді), Қордың инвестициялық қызметін жобалық талдау департаментінің директоры
- 2016–2018 ‑ «Самұрық‑Қазына» АҚ, Жаңа жобаларды дамыту департаментінде жоба директоры (өсіп келе жатқан портфельдік компанияларды басқару)
- 2018–2019 ‑ «Самұрық‑Қазына» АҚ, Активтерді дамыту департаменті Тау‑кен активтерін дамыту секторының басшысы
- 2019 – Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd., Тікелей инвестициялар департаменті, аға талдаушы/VP
- 2019–2021 ‑ «PlanetCare Management» ЖШС, Бас директордың инвестициялар және даму жөніндегі орынбасары
- 2021–2023 – Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd., Басқарма төрағасының орынбасары
- 2023 – қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық‑Қазына» АҚ, Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директор
Өзге де қызмет/ лауазым түрлері
- 2023 жылғы маусымнан бастап – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
- 2023 жылғы мамырдан бастап – «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
- 2023 жылғы маусымнан бастап – «нысандарды салу жөніндегі компания» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесі мүшесі.
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2020 жылдан бастап кіреді.
Туған күні: 1954 жыл 25 желтоқсан.
Білімі
- Лидс университеті (Ұлыбритания), азаматтық құрылыс саласында ғылым бакалавры
- Крэнфилд технологиялық институты (Ұлыбритания), «инженерия/құрылысты басқару» мамандығы бойынша ғылым магистрі
Жұмыс тәжірибесі
- 1976 жылы Лидс университетін бітіріп, 1980 жылы Ұлыбритания мен Сауд Арабиясында жұмыс істегеннен кейін, әлемнің түрлі елдеріндегі ірі мұнай‑газ жобаларын басқара отырып, Bechtel Corporation‑ға қосылды.
- 2004 жылы Shell компаниясында Shell Global Solutions жобалар жөніндегі вице‑президент лауазымында жұмыс істей бастады.
- 2009 жылы Shell жаңадан құрылған жобалар және технологиялық бизнес жөніндегі бөлімшесінде даунстрим жобалары жөніндегі атқарушы вице‑президент болды.
- 2010 жылы Қазақстанда Қашаған жобасының екінші сатыдағы директоры болып тағайындалды. Одан кейін «Әл‑Қараана» Shell\\QP мұнай‑химия жобасында жұмысын жалғастырды.
- 2013 жылдан бастап жобаларды басқару бойынша тәуелсіз кеңесші болып жұмыс істеді. Ол – Velocys PLC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, сондай‑ақ EnQuest plc компаниясының атқарушы емес директоры және қауіпсіздік, климат және тәуекелдер жөніндегі комитетінің төрағасы.
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2023 жылдан бастап кіреді.
Туған күні: 1977 жыл 28 қаңтар.
Білімі
- 1997–1999 – Дюкейн университеті (Питсбург, АҚШ), «бизнесті басқару» (BSBA) мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі
- 2002–2003 – Оксфорд университеті (Ұлыбритания), салыстырмалы әлеуметтік саясат ғылымдарының магистрі (MSC Comparative Social Policy)
- 2005–2007 – Калифорния университеті (Беркли қ., АҚШ), МВА дәрежесі;
- 2012 жылдан бастап – сертификатталған қаржылық талдаушы, CFA.
Жұмыс тәжірибесі
- 2006–2008 – SAP компаниясы (АҚШ), маркетинг маманы
- 2009–2010 – Маккинзи компаниясы (Мәскеу, Ресей), кеңесші
- 2010–2012 – Полиметалл компаниясы (Қазақстан)
- 2012–2013 – «КПМГ» компаниясы (Қазақстан), аға менеджер
- 2013–2020 – PwC компаниясы (Қазақстан), аға менеджер, директор>
- 2020 – бүгінге дейін – STRATEGYLAB ЖШС консультациялық компаниясының негізін қалаушы.
Өзге де қызмет/ лауазым түрлері
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
- «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
- «Самұрық‑Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2023 жылдан бастап кіреді.
Туған күні: 1978 жыл 1 желтоқсан.
Білімі
- Boston University School of Management (Бостон, АҚШ), іскерлік әкімшілендіру саласындағы ғылым бакалавры, «корпоративтік қаржы» саласына маманданған, декан тізіміне енді (оқудағы жоғары нәтижелері үшін)
Жұмыс тәжірибесі
- 2000 – Halyk Bank ( «Қазақстан Халық Банкі» АҚ), қаржы талдаушысы
- 2001–2003 – HSBC Bank Kazakhstan (Алматы), клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, маман, бизнесті дамыту бөлімі бастығының орынбасары
- 2004–2006 – ABN AMRO Bank Kazakhstan (Астана), Астана қ. филиалының басқарушысы/ коммерциялық банкинг жөніндегі вице‑президенттің орынбасары
- 2006 – ABN AMRO Bank Kazakhstan (Астана), Астана қ. филиалының басқарушысы/ металлургия және пайдалы қазбаларды өндіру бағытының басшысы (Metals және Mining)
- 2006–2012 – RBS Kazakhstan (Алматы), корпоративтік банкинг басшысы, Басқарма мүшесі, атқарушы директор
- 2012–2021 – UBS AG Өкілдігі (Алматы), Басқарушы директор.
Өзге де қызмет/ лауазым түрлері
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор
- Kazakhstan Investment Development Fund Директорлар кеңесінің мүшесі.
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2023 жылдан бастап кіреді.
Туған күні: 1970 жыл 19 қазан.
Білімі
- 1987–1992 – Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті Алматы)
- 2008–2010 – Ломоносов атындағы ММУ Жоғары бизнес мектебі (Мәскеу(, Executive MBA
- Сертификатталған тәуелсіз директор (Certificate IOD), Institute of Directors (Ұлыбритания)
- Аудитор, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің №0000174 мемлекеттік лицензиясы
- 1‑ші санаттағы салық кеңесшісі
Жұмыс тәжірибесі
- 1995–2008 – аудитор, коммерциялық ұйымдарда бас бухгалтер
- 2008–2015 – «Самұрық‑Қазына» АҚ Аудит және бақылау департаментінің директоры
- 2015–2018 – «Қазақстан Инжиниринг» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
- 2018– 2023 – «АХҚО әкімшілігі» салық саясаты департаментінің директоры
Өзге де қызмет/ лауазым түрлері
- «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
- «Samruk‑Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2023 жылғы қарашадан бастап кіреді.
Туған күні: 1956 жыл 2 ақпан
Білімі
- 1973–1978 – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка елдері институты
- 1985 – заң ғылымдарының кандидаты
Біліктілік дәрежесі
- Төтенше және Өкілетті Елші.
Жұмыс тәжірибесі
- 1978–1987 – КСРО Ішкі істер министрлігінің Академиясы БҰҰ‑ның қылмысқа қарсы күрес және қылмыстық сот төрелігі комитетіндегі Кеңес Одағы өкілінің жұмысын қамтамасыз ету тобындағы ғылыми қызметкері, адъюнкті, аға инспекторы
- 1987–1989 – КСРО Ішкі істер министрлігі Сыртқы қатынастар бөлімінің референті
- 1989–1992 – КСРО Ішкі істер министрлігінің Бүкілодақтық ғылыми‑зерттеу институты қазақстандық бөлімінің бастығы
- 1992–1995 – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шарттық‑құқықтық бөлімінің меңгерушісі, бастығының орынбасары, шарттық‑құқықтық басқармасының бастығы
- 1995–1996 – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы істерінде уақытша сенім білдірілген өкіл
- 1996–1996 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар бойынша елшісі
- 1996–1998 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
- 1998–2004 – Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
- 2004–2006 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
- 2006–2007 – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы
- 2007–2019 – Қазақстан Республикасында Адам құқықтары жөніндегі өкіл;
Сайланбалы лауазымдар, депутаттық
- 2019 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты
- 2019–2023 – Сенат төрағасының орынбасары
- 2020–2022 – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты Директорлар кеңесінің төрағасы
- 2021–2023 – Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары, тұрақты даму мақсаттары бойынша ЕҚЫҰ ПА арнайы өкілі
- 2023 жыл – Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы
Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар
- Ордендері: «Құрмет», «Парасат»
- Медальдері: 22, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін»
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.