Корпоративтік басқару жүйесі

ҚМГ корпоративтік басқару жүйесі Компания қызметін басқару мен бақылауды қамтамасыз ететін процестердің жиынтығын, сондай‑ақ акционерлер (соның ішінде мажоритарлық акционерлер: «Самұрық‑Қазына» АҚ, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ), Директорлар кеңесі, Басқарма және мүдделі тараптар арасындағы өзара қарым‑қатынастар жүйесін білдіреді.

ҚМГ органдары құзыреттерінің аражігі нақты ажыратылған және ҚМГ Жарғысында бекітілген.

ҚМГ корпоративтік басқару жүйесі акционерлердің және негізгі мүдделі тараптардың: мемлекеттің, стратегиялық серіктестер мен контрагенттердің (жеткізушілер мен сатып алушылар), инвесторлардың, ҚМГ қызметкерлерінің, муниципалитеттердің, жергілікті қоғамдастықтардың және Компания қызметін жүзеге асыратын өңірлер тұрғындарының құқықтары мен заңдық мүдделерін құрметтеуге негізделеді.

Компанияның корпоративтік басқару жүйесі қазақстандық және халықаралық корпоративтік басқару тәжірибесінің талаптары мен стандарттарын ескере отырып, үнемі жетіліп отырады.

Корпоративтік басқару жүйесі

Корпоративтік басқару жүйесінің құрылымы

Компанияның корпоративтік басқару органдарының жүйесі:

Корпоративтік басқару жүйесін дамыту

Компания корпоративтік басқару саласындағы үздік практикаларға сай болуға ұмтылады және корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына сай болу мен ашықтық — бұл болашақ инвесторлардың, контрагенттердің және өзге де стейкхолдерлердің сенімін нығайтуға, компания ресурстарын тиімсіз пайдалану тәуекелдерін төмендетуге, компания құнының өсуіне және әл‑ауқатының ұлғаюына ықпал ететін инвестициялық тартымдылық пен қызметтің экономикалық тиімділігін арттырудың аса маңызды факторлары екенін түсінеді.

Компанияның Директорлар кеңесі ҚМГ‑дегі корпоративтік басқару тәжірибесінің тиімділігін бақылайды, ал корпоративтік хатшы оны үздіксіз жетілдіруді ұйымдастырады.

ҚМГ‑ның корпоративтік басқару тәжірибесін қалыптастыру мен жақсартудың көздейтін басты құжат – ҚМГ‑ның корпоративтік басқару кодексі 2024 жылдың 28 мамырдағы ҚМГ Акционерлерінің жалпы жылдық жиналысында бекітілген (№1/2024 хаттама, №4 мәселе). (бұдан әрі – Корпоративтік басқару кодексі, Кодекс). Кодекс Қазақстанда және әлемде дамып келе жатқан корпоративтік басқару тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Самұрық‑Қазына» АҚ‑ның ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді.

Кодекс компаниядағы корпоративтік басқару жүйесі негізделетін қағидаттарды бекітеді. Директорлар кеңесі мен Аудит жөніндегі комитет Кодекстің ережелерін компанияға енгізуді бақылайды.

Кодекстің талаптарына сәйкес, Корпоративтік хатшы жыл сайын компанияның comply or explain («ұстан немесе түсіндір») тәсілін қолдана отырып, оның қағидаттары мен ережелерінің сақтауын талдайды. Қазіргі уақытта Кодекс талаптарының басым бөлігі сақталып келеді. Оның жекелеген ережелерін ішінара ұстанбау жағдайлары себептерімен бірге Кодекстің қағидаттары мен ережелерін ұстану/ұстанбау туралы 2024 жылдың есебінде (бұдан әрі – Ұстану туралы есеп) көрсетілген. ҚМГ‑ның 2024 жылы Кодекстің қағидаттары мен ережелерін ұстану туралы есебімен жылдық Есепке берілген қосымшада танысуға болады.

Бірнеше жыл бойы ҚМГ Корпоративтік хатшысының қызметіне сәйкес корпоративтік басқару тәжірибесін жетілдіру бойынша ҚМГ қызметін дәйекті және жүйелі негізде ұйымдастырып келеді. Корпоративтік басқару саласын жақсарту мақсаттарын белгілеу мен процесті қадағалау үшін компания 2016 жылдан бастап дауыс беретін акцияларының 50%‑дан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық – Қазына» АҚ‑ға тиесілі заңды тұлғаларда корпоративтік басқаруды диагностикалау әдістемесін (бұдан әрі – Әдістеме) пайдаланады.

Әдістеме тәуелсіз тараптың компанияны корпоративтік басқару бойынша сараптамасының (аудитінің) нәтижелері бойынша рейтинг беруді көздейді. Мұндай сараптама тұрақты негізде жүргізіледі.

Сараптама нәтижелері бойынша әдістеме негізінде ҚМГ Корпоративтік хатшысының қызметі корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша жоспар жасайды, оны орындау нәтижелері тұрақты негізде Директорлар кеңесінің және компанияның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің назарына жеткізіледі.

2021 жылы тәуелсіз консультант PricewaterhouseCoopers компаниясы жүргізген корпоративтік басқарудың кезекті тәуелсіз сараптамасының нәтижелері бойынша Әдістеме негізінде ҚМГ‑ге корпоративтік басқару рейтингі «ВВВ» деңгейінде берілді, бұл компания қол жеткізген прогресті көрсетті (2018 жылы жүргізілген алдыңғы сараптаманың нәтижелері бойынша компанияға «ВВ» рейтингі берілген) және Компанияның корпоративтік басқару жүйесінің барлық маңызды аспектілерде белгіленген критерийлердің көпшілігіне жауап беретінін және бұл ретте компанияда жүйенің тиімді жұмыс істейтінін растады. ҚМГ корпоративтік басқарудың келесі кезекті тәуелсіз диагностикасы 2025 жылы жүргізілетін болады.

Компания жоғарыда аталған ұсыныстарды есепке ала отырып, оларды корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі жоспарға енгізді және 2024 жылды ҚМГ корпоративтік басқару жүйесінің ашықтық, акционерлердің құқықтары, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау мен аудит, Директорлар кеңесі мен атқарушы орган қызметінің тиімділігі, тұрақты даму сынды салалары бойынша одан әрі жетілдіруге бағытталған іс‑шараларды жүйелі іске асыруға арнады. Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, ҚМГ корпоративтік хатшысы корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі жоспардың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізеді және осы жоспардың орындалуы туралы есептерді Аудит жөніндегі комитет пен Директорлар кеңесі қарап, ҚМГ менеджментіне кері байланыс беріп отырады.

Корпоративтік басқаруды жетілдіру мақсатында «Самұрық‑Қазына» АҚ және ҚМГ‑ның 2031 жылға дейінгі даму стратегияларында «Корпоративтік басқару рейтингі» ҚБК‑ның жоғары көрсеткіштеріне жету бойынша негізгі кезеңдер айқындалды. Бұл ҚМГ‑ның мажоритарлы акционері – «Самұрық‑Қазына» АҚ, Директорлар кеңесі, Аудит жөніндегі комитеті және компанияның менеджмент тарапынан корпоративтік басқаруға жоғары көңіл бөлінгенін айғақтайды.

Жалпы, компаниядағы корпоративтік басқаруды жетілдіру – үздіксіз жүретін процесс, оның маңызды міндетіне тәуелсіз тараптан рейтинг алу және жақсарту бойынша тиісті ұсыныстар алу жатады.

ҚМГ‑да корпоративтік басқаруды жетілдіру процесі