Мұнай мен газ өндіру

Стратегиялық мақсаты

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндіру көлемін тұрақты ұлғайту мынадай мақсаттарға бағдарланған:

қолданыстағы активтерде өндіру деңгейін тұрақтандыру;

газ өндіру көлемін ұлғайту;

жаңа кен орындарда мұнай өндіруді бастау;

ірі мұнай‑газ кен орындарында кеңейту жобаларын сәтті жүзеге асыру және өндірудің жоғары деңгейін сақтау.

Мұнай мен газ конденсатын өндіру

ҚМГ өзінің операциялық активтері арқылы өндіруді жүзеге асырады, сондай‑ақ әлемдік ауқымдағы елдің ірі мұнай‑газ жобаларына (мегажобаларға) қатысады, онда өндірістік процестерді тікелей басқарусыз акционер ретінде рөл атқарады.

Компания мұнай‑газ индустриясының жаһандық экожүйесіне табысты интеграцияланған, әлемге танылған көшбасшы компаниялармен бірлесіп жұмыс жасайды. Бұл саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, өндірісте үздік тәжірибелерді, заманауи технологияларды және жоғары стандарттарды енгізуге мүмкіндік береді.

ҚМГ‑ның мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2024 жылы 1,3%‑ға ұлғайып, 23 837 мың тоннаны (тәулігіне 490 мың баррель) құрады:

  • «Өзенмұнайгаз» АҚ‑да мұнай өндіру 4,5 % ‑ға өсіп, 5 098 мың тоннаны құрады, газ өндіру 2,7 % ‑ға артып, 612 млн м3 құрады. «Ембімұнайгаз» АҚ‑да мұнай өндіру 2,5 % ‑ға өсіп, 2 790 мың тоннаны құрады, газ өндіру 5,5 % ‑ға қысқарып, 205 млн м3 құрады. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ‑да мұнай өндіру 0,3 % ‑ға өсіп, 3 085 мың тоннаны құрады., газ өндіру 3,7 % ‑ға артып, 443 млн м3 құрады. Жоғарыда аталған операциялық активтерде өндірудің өсуі 2023 жылмен салыстырғанда есепті жылы Маңғыстау атом энергия комбинаты тарапынан электр энергиясының авариялық ажырату жағдайларының азаюмен, сондай‑ақ өндіру көлемін ұлғайту үшін операциялық активтер қолданатын қосымша геологиялық‑техникалық іс‑шаралармен байланысты болды.
  • Басқа операциялық активтерде өндіру 15,1%‑ға артып, 3 321 мың тоннаны құрады. Өсім негізінен 2023 жылдың соңында сатып алынған Доңға кен орнындағы өндіру көлемімен, сондай‑ақ 2023 жылдың желтоқсанында Рожков кен орнын («Урал Ойл энд Газ» ЖШС) игеруге енгізумен, сондай‑ақ Өріктау кен орнында жаңа ұңғымаларды пайдалануға берумен байланысты. Бұл ретте өндіру көлемі Құмкөл тобының ескі кен орындарындағы («Қазгермұнай БК» ЖШС, ПетроҚазақстан Инк.) өнім көлемінің төмендеуі қорлардың табиғи сарқылуына байланысты.
  • Теңіз кен орнында мұнай өндіру ҚМГ үлесіне 3,7 % ‑ға азайып, 5 562 мың тоннаны (тәулігіне 121 мың баррель) құрады. Көрсеткіштердің төмендеуі негізінен өндірістік қондырғыларда күрделі жөндеу жүргізуге байланысты.
  • Қашағанда ҚМГ үлесіне мұнай өндіру 2 885 мың тоннаны құрады (тәулігіне 62 мың баррель), 7,2% төмендегенін көрсетті. Төмендеу есепті жылдың қазан айында слаг‑кэтчер қондырғысын жоспарлы күрделі жөндеуден өткізуге байланысты. Қарашығанақта мұнай және конденсат өндіру ҚМГ үлесіне 1,0%‑ға ұлғайып, 1 097 мың тоннаны (тәулігіне 24 мың баррель) құрады. Сұйық көмірсутектерді өндіру көлемінің өсуіне Қарашығанақ өндірістік қондырғыларында шикі газды қабатқа кері айдаудың ұлғаюы ықпал етті.
Өндіруші активтер
Операциялық активтер ҚМГ үлесі, %
Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қазақтүрікмұнай, Өріктау Оперейтинг 100
Доңға 60
Маңғыстаумұнайгаз, Қаражанбасмұнай, Қазгермұнай, Қазақойл Ақтобе, Урал Ойл энд Газ 50
ПетроҚазақстан Инк. 33
Операциялық емес активтер (мегажобалар) ҚМГ үлесі, %
Теңіз 20
Қашаған 16,88
Қарашығанақ 10
Мұнай және газ конденсатын өндіру, мың тонна
Көрсеткіш 2022 2023 2024
Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 22 012 23 532 23 837
Операциялық активтер 13 761 13 559 14 294
Өзенмұнайгаз 5 096 4 877 5 098
Ембімұнайгаз 2 581 2 722 2 790
Маңғыстаумұнайгаз 3 049 3 075 3 085
Қазгермұнай 651 594 521
Қаражанбасмұнай 1 071 1 027 1 077
ПетроҚазақстан Инк. 554 515 472
Қазақойл Ақтобе 281 253 238
Қазақтүрікмұнай 436 436 440
Өріктау Оперейтинг 43 20 84
Доңға 40 378
Урал Ойл энд Газ 1 111
Мега жобалар 8 251 9 973 9 544
ТШО 5 836 5 779 5 562
«ҚМГ Қашаган Б.В.» 1 402 3 108 2 885
«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС 1 013 1 086 1 097
Мұнай мен газ конденсатын өндіру, тәулігіне мың баррель
Көрсеткіш 2022 2023 2024
Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 456 486 490
Операциялық активтер 273 268 283
Мега жобалар 168 217 207

Өндіру бағытындағы ҚМГ активтерінің өлшемшарттары

ҚМГ активтерінде өндірілетін мұнайдың сапасы өңірге байланысты өзгеріп отырады. Баррелизация коэффициенті тоннасына 6,68 баррель болатын ең ауыр мұнай Қаражанбас кен орнында, ал ең жеңілі «Урал Ойл энд Газ» кен орындарында өндіріледі, бұл көрсеткіш тоннасына 8,27 баррельге жетеді.

Шикі мұнайдың сапасын анықтайтын негізгі параметрлер — APIAPI градусы — Американың мұнай институты әзірлеген мұнай тығыздығын өлшеу бірлігі. API градусындағы өлшемдер бірдей температурада су тығыздығына қатысты мұнайдың салыстырмалы тығыздығын анықтауға мүмкіндік береді. тығыздығы және күкірт мөлшері. ҚМГ мегажобалары шеңберінде өндірілетін CPC Blend маркалы мұнай күкірттің төмен құрамымен (0,56 %) және жоғары тығыздығымен (45,3° API) сипатталады, бұл оны әлемдегі ең сапалы мұнай қатарына қосады.

Өндіру бағытындағы ҚМГ активтерінің өлшемшарттары
Актив Кеуектілігі API3 градусы бойынша тығыздығы Күкірттің мөлшері, % Кен орын саны Жаңа ұңғымалардың орташа дебиті, тәулігіне тонна Ауыспалы ұңғыма қорындағы ұңғымалардың орташа дебиті, тәулігіне тонна Мұнайдың баррелизация коэффициенті, тоннасына баррель
Өзенмұнайгаз 0,19 36,51 0,14 2 6,8 4,0 7,23
Ембімұнайгаз 0,27 32,03 0,62 31 13,4 3,7 7,30
Қаражанбасмұнай 7–35 19,81 1–2,5 1 2,317 2,09 6,68
Доңға 0,21–0,22 42,15 0,1 1 9,8 15,2 7,984
Қазгермұнай 0,26 39,95 0,14 5 16,4 15,6 7,24
ПетроҚазақстан Инк. 0,09–0,30 51,25 0,03–0,08 19 11–18,2 5,6 7,75
Маңғыстаумұнайгаз 0,14 30,77 0,2 15 9,8 4,9 7,23
Қазақойл Ақтобе 0,085 38,89 1,12 2 13,6 7,52
Қазақтүрікмұнай 0,14 36,12 3,17 6 0 43,1 7,21
Өріктау Оперейтинг 0,1 41,7 0,7 1 0 70,7 7,72
Урал Ойл энд Газ 6,7 55 0,11 1 290 8,27
Марка API градусындағы тығыздық Күкірт мөлшері, %
CPC Blend (Қазақстан, Новороссийск) 45,3 0,56
West Texas Inermediate (АҚШ, Кушин) 40,0 0,42
Arab Extra Light (Сауд Аравиясы) 39,4 1,09
Brent (Ұлыбритания) 37,5 0,40
Urals/KEBCO (Ресей, Новороссийск) 31,3 1,36
S&P Global Platts ашық көздерінен алынған деректер.

ҚМГ операциялық активтерінде мұнай өндіру

ҚМГ компанияның портфелінің негізгі бөлігін құрайтын жетілген кен орындардың тиімді басқарылуына ерекше назар аударады. Операциялық активтерде мұнай өндірудің 85% жуығы 7 негізгі кен орынға тиесілі, атап айтқанда Өзен және Қарамандыбас (Өзенмұнайгаз), Қаламқас және Жетібай (Маңғыстаумұнайгаз), С.Нұржанов және Шығыс Молдабек (Ембімұнайгаз), Қаражанбасмұнай.

Басымдықтар мен бастамалар

Мұнай өндірудің тиімділігін оңтайландыру және өнім көлемін арттыруға ұмтылады, бұл ҚМГ стратегиясының – маңызды бөлігі. Негізгі бағыттар:

  • Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
  • Жөндеуаралық кезеңді ұлғайту
  • Шығынды азайту
  • Өзенмұнайгаз кен орындарын оңалту жобасы
  • Ембімұнайгаздың инвестициялық жобалары
  • Автокөліктер мен арнайы техникаларды жаңарту шаралары
  • Өндірісті автоматтандыру және цифрландыру

Доңға кен орнын игеру жобасы

Іске асыру кезеңдері

  • 1 –фаза (2000–2012 жылдар): өнімділігі тәулігіне 1 мың тоннаға дейін болатын көлденең ұңғымаларды қоса алғанда 26 ұңғыма бұрғыланды.
  • 2 –фаза (2012–2019 жылдар): 109 ұңғыма қосылды, мұнай, газ және су дайындау жүйесі тәулігіне 2, 2 мың тоннаға дейін кеңейтілді.
  • 3–фаза (2019 жылдан бастап – қазіргі уақытқа дейін): инфрақұрылымды кеңейту және қалған ұңғымаларды орталық жинау пунктіне (ОЖП) қосу.

Қазіргі жұмыстар (Доңға 3‑фаза)

Қазіргі уақытта мұнай мен газ өндірудің өткізу қабілетін тәулігіне 17,5 мың баррельден 20,6 мың баррельге дейін ұлғайту үшін Орталық жинау пунктін (ОЖП) жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл кен орнының 2039 жылға дейінгі жұмысын қамтамасыз етеді.

Негізгі нәтижелер:

  • 61 ұңғыманы қосу аяқталды:
    • D, C тізбек (11 ұңғыма)
    • N, O тізбек (32 ұңғыма)
    • F‑H тізбек (18 ұңғыма)
  • 8 дюймдік теңіз су құбырының құрылысы аяқталды.
  • Жаңа 8 дюймдік экспорттық мұнай құбырын жобалау аяқталды; құрылыс 2025 жылы басталады.
  • Мұнай, су, газ жүйелерін және қосалқы жүйелерді оңтайландыру жұмыстары аяқталды.
  • Газды сығымдаудың жаңа жүйесін (негізгі компрессорды қоса алғанда) орнату 2025 жылдың 1‑тоқсанында аяқталады.

Іске асыру процесі: 97%

Жоба құны: 289 млн АҚШ доллары

Жобаның мәні:

Доңға 3‑фаза жобасы өндіріс көлемін ұлғайтуды, кен орнын ұзақ мерзімді пайдалануды қолдауды және инфрақұрылымды жақсартуды қамтамасыз етеді.

Өндіру тиімділігін арттыру бойынша іс‑шаралары

Мұнай алуды ұлғайту және жаңа технологияларды енгізу

2023 жылы ҚМГ өндірілуі қиын қорларды әзірлеу жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған технологиялық сын‑қатерлер жол карталарын әзірледі. Олар зертханалық зерттеулер, тәжірибелік‑өнеркәсіптік сынақ және өнеркәсіптік қолдану кезеңінде технологияларды енгізуді қамтиды. 2024 жылы технологияларды техникалық‑экономикалық бағалау қағидалары бекітілді, олар мұнай алуды ұлғайту әдістерін (МБҰ) таңдау және енгізу тәсілдерін стандарттайды.

Технологияларды енгізуді жеңілдету үшін 2023 жылдан бастап «Тәжірибелік‑өнеркәсіптік сынақтардың орталығы» интернет‑порталы жұмыс істейді, ол өтінімдерді тиімді өңдеуге және тәжірибелік‑өнеркәсіптік сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл іс‑шаралар мұнай мен газ өндірудің тұрақты деңгейін сақтауға көмектеседі.

Сарқылып бара жатқан кен орындарды игеру

Балғымбаев, Ботақан, Қошқар және т.б. сынды ескі кен орындарда жоғары сулану және қорлардың сарқылуы байқалады. Оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде: төмен дәрежелі ұңғымаларды ажырату, сервистік басқаруға беру және өзге де шараларды іске асыру.

Қарамандыбас және Өзен кен орындарын оңалту жобасы

2023 жылы Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту бойынша ауқымды жоба қолға алынды. Нәтижесінде 2024 жылы өндіру жоспары 173 мың тоннаны құрады. Негізгі іс‑шаралар:

  • жаңа және айдау ұңғымаларын бұрғылау,
  • қабылдау профилін теңестіру технологияларын енгізу,
  • қабат қысымын ұстап тұру жүйесі мен инфрақұрылымды жаңғырту,
  • полимерлі суландыру әдісін енгізу
  • ұңғымаларды электр жетекті орталықтан тепкіш сорғы қондырғыларына ауыстыру іс‑шаралары жалғасады.

2025 жылы суландыру жүйелерін жетілдіру және цифрландыру жұмыстары жалғасады.

ҚМГ нысандарын энергиямен қамтамасыз ету проблемаларын шешу

2024 жылы энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдары тарапынан электр энергиясын жүйелі авариялық ажырату жағдайлары айтарлықтай төмендеді.

Электр энергиясын ажырату саны және мұнай жоғалтудың жалпы көлемі
Еншілес компаниялары 2023 жыл қорытындысы бойынша 2024 жыл қорытындысы бойынша
Ажыратудың жалпы саны Мұнай жоғалтудың жалпы көлемі, мың тонна Ажыратудың жалпы саны Мұнай жоғалтудың жалпы көлемі, мың тонна
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 87 97,1 8 0,5
«Өзенмұнайгаз» АҚ 86 294,1 11 0,4
«Қаражанбасмұнай» АҚ 81 105,9 10 1,3
«Ембімұнайгаз» АҚ 93 14,4 118 1,1
Барлығы 347 511,5 132 3,1
Энергия қуатын жоғарылату және энергетиканы тиімді пайдалану бағытындағы жобалар
Маңғыстау облысындағы гибридті электр станциясы

2024 жылы Eni компаниясымен бірлесіп қуаты 247 МВт гибридті электр станциясының құрылысы басталды. Жоба өңірдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және электр энергиясының сыртқы көздеріне тәуелділікті азайтуға бағытталған.

Газ поршенді электр станциялары (ГПЭС)

«Қаражанбасмұнай» АҚ мен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ‑да өз қажеттіліктерін жабу үшін газды электр энергиясына өңдеу бойынша жобалар іске асырылуда:

  • Қаражанбас (Қаражанбасмұнай): қуаты 4,9 МВт ГПЭС, газ өңдеу (жылына 11,1 млн м3 ), 2024 жылы желтоқсанда өткізілген сатып алудан кейін он ай ішінде іске қосылады.
  • Жетібай (Маңғыстаумұнайгаз): қуаты 25 МВт ГПЭС, газ өңдеу (жылына 58,4 млн м3 ).
  • Қаламқас (Маңғыстаумұнайгаз): қуаты 10 МВт ГПЭС, газ өңдеу (жылына 27,5 млн м3 ).

Жетібай мен Қаламқасқа арналған жобалар 2025 жылдың соңына дейін аяқталады. Электр станциялары «Маңғыстаумұнайгазға» 15 жылға жалға берілетін болады.

Ұңғымалар қорының жұмысқа қабілеттілігін арттыру

ҚМГ‑ның ЕТҰ‑да ұңғымалардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру үшін бағдарламалар іске асырылуда:

  • геологиялық‑техникалық іс‑шаралар;
  • ұңғымаларды жерасты жөндеу. Бұл шаралар жөндеу аралық кезеңнің ұлғаюына ықпал етеді, бұл есепті кезеңдегі оң динамикамен расталады.

Операциялық басқарудағы ұңғымалардың жалпы қоры 2024 жылы 17 914 бірлікті құрады, оның 13 313 бірлігі қолданыстағы ұңғымалар қорына тиесілі. Мұнай мен конденсатты өндіру көлемінің көп бөлігі ауыспалы ұңғымалар қорынан өндіруге тиесілі.

Іске қосылған бұрғылау қондырғыларының саны — 48 бірлік.

Ұңғымалар саны, ҚМГ операциялық активтері, бірл.
Көрсеткіш 2022 2023 2024
Жаңа ұңғымалар 523 513 517
Ұңғымалардың ауыспалы қоры, оның ішінде тоқтап тұрған ұңғымалар 12 696

649
13 142

771
13 313

828
Айдау ұңғымалары 3 485 3 869

341
4 084

379
ҚМГ операциялық активтері бойынша жиыны 16 704 17 524 17 914
Индикативті есептік дерек, АҚШ доллары/барр.
Компания Лифтинг‑шығын Нетбэк
Экспортқа Ішкі нарыққа
Өзенмүнайгаз 22,5 43 31
Ембімұнайгаз 14,4 40 22
Маңғыстаумұнайгаз 12,6 32 22
Қазгермұнай 6,3 39 28
Қазақтүрікмұнай 8,8 40 11
Қазақойл Ақтөбе 9,7 38 27
Қаражанбасмұнай 21,6 39 24
Өріктау Оперейтинг 7,4 65

2025 жылға жоспар

Негізгі іс-шаралар ескі кен орындарды дамытуға бағытталған:

  • Қарсақ, Шығыс Молдабек, Өзен және т. б. кен орындарында көлденең ұңғымаларды бұрғылау.
  • Өзен және Қаламқас учаскелерінде полимерлі суландыру әдісін енгізу.
  • негізгі кен орындарында қабылдау бейінін теңестіру технологияларын қолдану.
  • Орталық Ақшабұлақ кен орнында бір мезгілде бөлек айдау тәсілін қолдану
Мұнай мен газ өндіру