Қорлар

Халықаралық тәуелсіз DeGolyer and MacNaughton компаниясы жүргізген аудитке сәйкес, PRMS Petroleum Resources Management System халықаралық стандартымен 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚМГ көмірсутектерінің дәлелденген және ықтимал қоры (2P) 716 млн тонна (5 551 млн баррель м.э.) мұнай эквивалентіне тең. 2023 жылмен салыстырғанда 2Р қорларының деңгейі 2,4 %‑ға өсті. Бұл көрсеткіштің өсуіне экономикалық макрофакторлардың жер қойнауын пайдаланушыларға ықпалы, сондай‑ақ Қарашығанақта газ өндірудің рентабельділік мерзімдерін қысқарту жағдайлары әсер етті.

PRMS халықаралық жүйесі бойынша қорларды жыл сайынғы бағалау Компанияның қормен қамтамасыз ету деңгейін ұстап тұру жөніндегі жобалық және нақты іс‑шараларға тұрақты бақылау жүргізілетінін көрсетеді. Дәлелденген қордың (1P) еселігі 15 жылға тең, бұл әлемдегі ең ірі халықаралық мұнай компаниялары арасындағы орташа көрсеткіштен жоғары, көрсеткіш 11 жылға жуық. Бұл ретте 2Р санатына (дәлелденген + ықтимал) жататын қордың жиілігі 25 жылды құрап отыр.

2Р санаты бойынша қорлардың есепті коэффициенті — 100 %.

2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша PRMS бойынша таза қоры Нетто қорлар басқа тараптарға тиесілі барлық үлестерді шегергеннен кейін (1) ҚМГ қатысу үлесіне, (2) ҚМГ‑ге тиесілі емес, бірақ ҚМГ бақылайтын үлестес компанияларға жататын барлық қорлардың бөлігі ретінде айқындалады.
Қор санаты Көмірсутек, млн баррель м.э Көмірсутек, млн тонна м.э.
2022 2023 2024 2022 2023 2024
Дәлелденген (1P) 3 775 3 943 3 497 486 507 452
Дәлелденген +ықтимал (2P) 5 478 5 680 5 551 708 733 716
Дәлелденген+ықтимал+ болжамды (3P) 6 294 6 502 6 111 816 842 794
2024 жылғы 31 желтоқсанда мұнай эквивалентіндегі АВС1A, B, C1 (ABC1) қорларының санаттары – бұл батыс классификациясындағы «дәлелденген қорларға» тең мұнай мен газ қорларының санаттары, яғни жоғары сенімділікпен өндіруге болатын қорлар. бойынша ҚМГ қорыМұнай эквивалентімен есептелген қор — бұл табиғи газ бен конденсаттың көлемі мұнайдың баламалы мөлшеріне қайта есептелетін көмірсутектің жалпы қорын өлшеу әдісі
Қор санаты Көмірсутек, млн барр. м.э. Көмірсутек, млн тонна м.э.
2022 2023 2024 2022 2023 2024
АВС1 қоры 8 436 8 560 8 450 1 108 1 124 1 109
2024 жылдың қорытындысы бойынша сұйық көмірсутектер (мұнай және конденсат) қоры жалпы ҚМГ үлесіне
767 млн тоннаны құрады
2024 жылы ABC1 қорының өзгеру себебін талдау
2024 жылғы SPE‑PRMSSPE‑PRMS — бұл көмірсутек қорларын жіктеуге және бағалауға арналған PRMS жетілдірілген нұсқасы. стандартттары бойынша 2Р қорының өзгеру себебін талдау

SPE‑PRMS (2Р санаты ~ 592 млн тонна) стандарттары бойынша сұйық көмірсутектер (мұнай және конденсат) қорларын жылдық бағалау компанияның ресурстық базасындағы динамика мен негізгі өзгерістерді көрсетеді. Есепті кезеңде өндіру көлемі 23,8 млн тоннаны құрады. Бұл қорлардың тұрақтылығын талдау кезінде маңызды фактор.

Қорларды толықтыру бірнеше маңызды факторлардың есебінен қамтамасыз етілген. Бағалауға алғаш рет ҚМГ‑ның Доңға кен орны бойынша 7 млн тонна көлеміндегі үлесі енгізілді. Бұдан басқа, төмен көміртекті дамыту көрсеткіштеріне, қорларды әзірлеу және санаттарға бөлу жоспарларына өзгерістер енгізілді, бұл қолданыстағы қор бойынша бастапқы өндірілетін қорлар көлемін есепке алуды және Жетібай, Қарамандыбас және басқа да мұнай өндіруші ұйымдардың кен орындарындағы қорлар санаттарын қайта қарауды қамтыды. Жалпы теңгерімде Теңіз кен орнын игерудің болжамды көрсеткіштерін түзету де маңызды рөл атқарды.

Қорларды бағалауға экономикалық факторлар теріс әсер етті. Макроэкономикалық болжамдар KZT/USD бағамының АҚШ долларына шаққанда 460 теңгеден 470 теңгеге дейін өзгеруін және мұнай бағасының (Brent) барреліне 80 АҚШ долларынан 75 АҚШ долларына дейін төмендеуін көрсетті. Сондай‑ақ, экспортқа өткізу үлесінің азаюы тіркелді, кейбір мұнай өндіруші ұйымдар бойынша 50%‑дан 38%‑ға дейін төмендеді. Іске асырудың болжамды бағаларын түзету және тасымалдау тарифтері мен ілеспе шығыстарды ұлғайту қосымша қысым көрсетті.

Осылайша, макроэкономикалық факторлардың теріс әсеріне және экспорттық үлестің төмендеуіне қарамастан, жаңа кен орындары есебінен қорларды толықтыру және игеру жоспарларын оңтайландыру компанияның ресурстық базасының тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді.

Қорлар