Директорлар кеңесінің 2024 жылы атқарған жұмысы
2024 жылы Директорлар кеңесі 26 отырыс өткізіп, 283 мәселе қарады. 2024 жылы Директорлар кеңесі қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, инвестициялық жобаларды басқару және тұрақты даму, ішкі аудит және тәуекелдерді басқару мәселелеріне, менеджмент қызметінің негізгі көрсеткіштерін әзірлеуге, сондай‑ақ қызметкерлердің қауіпсіздігі мен амандығына ерекше назар аударды.
Комитеттер бөлінісінде:
- Директорлар кеңесінің Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитеті (ТЖСК): 18 отырыс, 112 мәселе;
- Директорлар кеңесінің Стратегия және портфельді басқару жөніндегі комитеті (СПБК): 10 отырыс, 129 мәселе;
- Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитеті (ҚЕҚОҚТДК): 10 отырыс, 55 мәселе;
- Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті (АК): 16 отырыс, 179 мәселе.
Есептер |
|
Стратегиялық мәселелер |
|
Корпоративтік басқару мәселелері |
|
Мәмілелер жасасу мәселелері |
|
Еншілес және тәуелді ұйымдар мәселелері |
|
Ішкі нормативтік құжаттарды бекіту |
|
Кадрлық мәселелер және сыйақы |
|
Директорлар кеңесі бөлімшелерінің мәселелері |
|
2024 жылғы стратегиялық сессия
2024 жылы 12 шілдеде Директорлар кеңесінің кесте бойынша жоспарланған отырысы өткізіліп, оның аясында ҚМГ‑ның 2022‑2031 жылдарға арналған даму стратегиясының өзектілігі, сыртқы ортаны талдау және ірі мұнай‑газ активтеріне қатысты ҚМГ стратегиясын іске асырудың ағымдағы жағдайы, сондай‑ақ өндіру инновациялары мен технологияларын жетілдіру мәселелері қаралды.
Директорлар кеңесінің тұрақты даму мәселелеріне арналған отырысы
2024 жылы 13 қарашада Директорлар кеңесінің тұрақты даму мәселелеріне қатысты жыл сайынғы отырысы өтіп, онда мынадай өзекті мәселелер талқыланды:
- ҚМГ тұрақты даму жүйесі;
- ESG рейтинг агенттіктерінің нарығына шолу. S&P 500 талаптары мен критерийлері;
- ҚМГ‑ның төмен көміртекті даму бағдарламасын 2023 жылы іске асыру мәртебесі;
- ҚМГ‑ның 2060 жылға дейін есептелген Төмен көміртекті даму бағдарламасын бекіту.
Компанияның негізгі мәселелерінің іске асырылуын бақылау
ҚМГ‑ның стратегиялық бастамаларына бақылауды жүзеге асыру және уақтылы түзету шараларын қабылдау үшін, сондай‑ақ аса маңызды проблемалар туралы ақпарат алу мақсатында Директорлар кеңесі 2024 жыл ішінде төмендегі есептерді үнемі тыңдап, қарастырды:
- ҚМГ Басқарма төрағасының компания қызметіндегі негізгі өзгерістеріне қатысты есептері;
- еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша ақпарат;
- қаржы‑шаруашылық қызметтің алдын ала нәтижелері бойынша;
- олар бойынша ҚМГ басқармасы шешім қабылдап, оларды жасасуға мүдделі болған мәмілелер туралы есептер;
- Стратегияны, ҚБК және инвестициялық жобаларды іске асыру жағдайларына шолу;
- ҚМГ‑ның шоғырландырылған Даму жоспарын іске асыру туралы есеп;
- Директорлар кеңесінің комитеттері төрағаларының есептері;
- Директорлар кеңесіне шешімдерді орындау туралы есептер;
- Директорлар кеңесіне бағынысты қызметтердің жұмысы туралы есептер.
ҚМГ корпоративтік басқару саласында үздік практикаларға сәйкестікке ұмтылатынын және корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына сәйкестік пен ашықтық – бұл әлеуетті инвесторлардың, контрагенттердің және өзге де стейкхолдерлердің сенімін нығайтуға, компания ресурстарын тиімсіз пайдалану тәуекелдерін төмендетуге, оның құнының өсуіне және әл‑ауқатының артуына ықпал ететін, инвестициялық тартымдылық пен қызметтің экономикалық тиімділігін ұлғайтудың аса маңызды факторлары екені сезінетінін ескере отырып, 2024 жыл ішінде Директорлар кеңесі ҚМГ‑да корпоративтік басқару практикасының тиімділігіне бақылау жүргізді.
2024 жылы Директорлар кеңесі ҚМГ‑ның корпоративтік басқаруын жетілдіру жөніндегі 2024‑2025 жылдарға арналған іс‑шаралар жоспарын бекітті, оның нәтижелерін Директорлар кеңесі тоқсан сайын қарап отырды.
Компанияның Жарғысына сәйкес Директорлар кеңесі – алқалы атқарушы органның, яғни Басқарманың қызметіне жалпы басшылық пен бақылауды қамтамасыз ететін, акционерлердің жалпы жиналысына есеп беретін басқару органы. Осылайша, тұрақты отырыстардың және Директорлар кеңесі мен Басқарма арасындағы өзара іс‑қимылдың нақты белгіленген тәртібінің нәтижесінде Компания Директорлар кеңесінің мүшелерін ірі акционерлердің көзқарасын жеткізіп, уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Осылайша, Директорлар кеңесі компания қызметінің мәселелеріне, соның ішінде компания үшін қажетті шешімдерді жедел қабылдау, сондай‑ақ ҚМГ менеджментіне ҚМГ іске асыратын процестер мен жобалардың тиімділігін арттыруға бағытталған тапсырмалар мен ұсынымдар беру арқылы белсенді қатысты.
Директорлар кеңесінің мүшесі | 2024 жылғы отырыстар | ||||
---|---|---|---|---|---|
Директорлар кеңесі | Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті | Директорлар кеңесінің Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитеті | Директорлар кеңесінің Стратегия және портфельді басқару жөніндегі комитеті | Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитеті | |
Мырзағалиев Мағзұм МаратұлыҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде өкілеттігін 2024 жылы 15 мамырда тоқтатты. | 8/12 | – | – | – | – |
Хасенов Асхат Ғалымұлы2024 жылы 28 мамырда ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. | 13/14 | – | – | – | – |
Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы | 25/26 | – | – | – | – |
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы | 25/26 | – | – | 9/10 | 10/10 |
Отыншиев Елжас Мұратұлы | 25/26 | – | – | 0/10 | – |
Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы | 26/26 | 8/8 | 15/18 | 5/5 | 9/10 |
Холланд Филип Малкольм | 25/26 | 14/16 | 18/18 | 10/10 | – |
Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы | 26/26 | 16/16 | – | 5/5 | 10/10 |
Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы | 26/26 | 16/16 | 18/18 | 10/10 | – |
Шәкіров Асқар Оразалыұлы | 26/26 | – | 15/16 | 9/9 | – |
