Тағайындау және сыйақылар жөніндегі комитеттің есебі

2024 жылы Тағайындау мен сыйақылар жөніндегі комитеттің 18 отырысы өтіп, 112 мәселе қаралды.

2024 жылы Тағайындаулар және сыйақы жөніндегі комитеттің
18 отырысы өткізілді

Тағайындау мен сыйақылар жөніндегі комитеттің құрамы (2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша):

  1. Холланд Филип Малкольм – 2020 жылғы қыркүйектен бастап Комитет төрағасы;
  2. Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы – 2023 жылғы маусымнан бастап Комитет мүшесі;
  3. Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы – 2023 жылғы тамыздан бастап Комитет мүшесі;
  4. Шәкіров Асқар Оразалыұлы – 2024 жылғы ақпаннан бастап Комитет мүшесі.

Кадр мәселелері – Компанияның тиімді жұмыс істеуінің маңызды бөлігі. Тағайындау мен сыйақылар жөніндегі комитет Директорлар кеңесінің құзыретіне кіретін Компания қызметкерлерін тиісті тағайындау мен сыйақылары, сондай‑ақ оларды даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша ұсынымдарды Директорлар кеңесіне береді. Тағайындау үшін негізгі қағидаттар – кандидат құзыреттерінің лауазымның тиісті міндеттерін орындау үшін қажетті жоғары талаптарға сәйкес келуі, кандидаттың дағдыларының сәйкестігі және өз бағытында Компанияның стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру мүмкіндігі.

Комитет 2024 жылы қараған негізгі қызмет бағыттары бойынша мәселелер
Сабақтастықты жоспарлау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының «МАНСАП» жобасы бойынша сабақтастық жоспарына қабылданған 3 пул (А, B, С) қызметкерлерімен жұмысты іске асыру барысы
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындаулар
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы туралы ережеге өзгеріс енгізу
  • «ҚазМұнайГаз ҰК АҚ Басқарма төрағасының өкілеттік мерзімі мен лауазымдық жалақысының мөлшерін, еңбекақы төлеу, сыйлықақы беру және әлеуметтік қолдау шарттарын белгілеу
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының сандық құрамын анықтау, мүшелерін сайлау, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма мүшесіне лауазымдық жалақының мөлшерін, еңбекақы төлеу, сыйлықақы беру және әлеуметтік қолдау шарттарын белгілеу және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының міндеттерін орындауды жүктеу
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындау
  • «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі мен төрағасының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және сайлау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма мүшелерін сайлау, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма мүшесіне лауазымдық жалақының мөлшерін, еңбекақы төлеу, сыйлықақы беру және әлеуметтік қолдау шарттарын белгілеу, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ‑да қоса атқаратын лауазымын келісу
  • «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Байқау кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Байқау кеңесінің мүшесін сайлау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ цифрлық даму департаментінің директоры лауазымына тағайындау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның Аппарат басшысы лауазымына тағайындау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ірі мұнай‑газ жобаларына іссапарға жіберу
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік хатшысы қызметінің маманы лауазымына тағайындау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комплаенс қызметінің басшысы лауазымына үміткерлерді іріктеу
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ лауазымдарын грейдке бөлу
  • «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беру үшін «ҚазТрансОйл» АҚ‑ның акционері ретінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ позициясын айқындау («ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау, сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын белгілеу және «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің кейбір мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін шығыстарын өтеу мәселелері бойынша)
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз аға директорын сайлау
Қызметті тұрақты және тиімді бағалауды қамтамасыз ету
  • 2023 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің қызметін өзін‑өзі бағалау нәтижелері туралы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшы қызметкерлері қызметінің 2023 жылғы корпоративтік басты көрсеткіштері мен мотивациялық негізгі көрсеткіштерінің қорытындысы;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшы қызметкерлері қызметінің мотивациялық корпоративтік басты көрсеткіштерінің мониторингі;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы қызметінің 2024 жылға арналған корпоративтік басты көрсеткіштері / қызметінің мотивациялық басты көрсеткіштерінің картасы мен олардың нысаналы мәндері және жаңа редакциядағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшы қызметкерлері қызметінің 2024 жылға арналған мотивациялық басты көрсеткіштерінің карталары мен олардың нысаналы мәндері, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметінің 2024 жылға арналған мотивациялық басты көрсеткіштерінің картасы мен олардың нысаналы мәндері
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік хатшысы қызметінің 2024 жылға арналған мотивациялық басты көрсеткіштерінің картасы мен олардың нысаналы мәндерін бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы қызметінің 2025 жылға арналған корпоративтік басты көрсеткіштерін / қызметінің мотивациялық басты көрсеткіштерінің картасы мен олардың нысаналы мәндерін және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшы қызметкерлері қызметінің 2025 жылға арналған мотивациялық басты көрсеткіштерінің карталары мен олардың нысаналы мәндерін бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның омбудсмен қызметінің 2025 жылға арналған мотивациялық басты көрсеткіштерінің картасы мен олардың нысаналы мәндерін бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік хатшысы қызметінің 2025 жылға арналған мотивациялық басты көрсеткіштерінің картасы мен олардың нысаналы мәндерін бекіту
  • «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Бас директорының (Басқарма төрағасының) қызметінің 2024 жылға арналған мотивациялық басты көрсеткіштеріне жататын «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС қызметінің корпоративтік басты көрсеткіштері мен олардың нысаналы мәндерін бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ омбудсмені 2023 жылы атқарған жұмысы туралы есеп
  • 2023 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің қызметін өзін‑өзі бағалау нәтижелері бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің қызметін жетілдіру жөніндегі іс‑шаралар жоспары
  • «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Бас директорының (Басқарма төрағасының) қызметінің 2023 жылғы мотивациялық басты көрсеткіштеріне жататын «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС қызметінің корпоративтік басты көрсеткіштерінің қорытындысын және 2023 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Бас директорына (Басқарма төрағасына) сыйақы төлеуді бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарына лауазымдарды қоса атқарғаны үшін қосымша ақы белгілеу
Тиімді кадр саясатын, еңбекақы төлеу және сыйақы жүйесін қамтамасыз ету
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ орталық аппаратының құрылымын бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы мен мүшелерінің лауазымдық жалақылары кестесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарының лауазымдық нұсқаулығын бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Комплаенс қызметінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ омбудсмені — омбудсмен қызметі басшысының, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік хатшысы қызметінің лауазымдық жалақылары
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшы қызметкерлеріне, Ішкі аудит қызметінің, Корпоративтік хатшы қызметінің, Комплаенс қызметінің және Омбудсмен қызметінің қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету ережесіне өзгерістер мен толықтырулар
  • 2022 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Комплаенс қызметінің басшысына, Корпоративтік хатшысы мен омбудсменіне сыйлықақы төлеу
  • 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшы қызметкерлеріне сыйақы төлеу
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік хатшысының, омбудсменінің 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша төленуге тиіс сыйлықақы мөлшерін айқындау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ омбудсмен қызметі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік хатшысы туралы ережені және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік хатшысының қызметі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ омбудсмені – омбудсмен қызметі басшысының лауазымдық нұсқаулығын жаңа редакцияда бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің 2023‑2024 жылдарға арналған кәсіби даму бағдарламасына өзгерістер енгізу
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметі, Корпоративтік хатшы қызметі, Комплаенс қызметі және Омбудсмен қызметі қызметкерлеріне ақы төлеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кадр саясатын жаңа редакцияда бекіту
  • 2024 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ омбудсменінің қызметі туралы есеп («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ омбудсмен қызметі атқарған жұмысы және 2024 жылға арналған жоспардың орындалуы туралы есеп)
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Омбудсмен қызметінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту
Комитет мүшелерінің 2024 жылы өткен отырыстарға қатысуы
Комитет отырысының нөмірі мен күні 1/2024 от 30–31.01.2024 2/2024 от 06.02.2024 3/2024 от 05.03.2024 4/2024 от 29.03.2024 5/2024 от 09.04.2024 6/2024 от 14.05.2024 7/2024 от 15.05.2024 8/2024 от 28.05.2024 9/2024 от 03.06.2024 10/2024 от 07.06.2024 11/2024 от 04.07.2024 12/2024 от 26–29.07.2024 13/2024 от 10.09.2024 14/2024 от 16–17.09.2024 15/2024 от 02.10.2024 16/2024 от 05.11.2024 17/2024 от 11.11.2024 18/2024 от 19–20.12.2024 Қатысу үлесі,
Комитет мүшесінің аты‑жөні
Холланд Ф.М. + + + + + + + + + + + + + + + + + + 100
Арғынғазин А.Ә. + + + + + + + + + + + + + + + 83
Мыңшәріпова С.Н. + + + + + + + + + + + + + + + + + + 100
Шәкіров А.О. + + + + + + + + + + + + + + + 94