Басты инвестициялық жобалар
Инвестициялық портфельге шолу
Бүгінгі таңда ҚМГ инвестициялық портфелі ресурстық базаны ұлғайту, Компанияның құн тізбегінің тиімділігін арттыру, бизнесті әртараптандыру және өнім портфелін кеңейту мақсатында компания қызметінің барлық бағытын қамтитын жобалардан тұрады. ҚМГ‑ның 2022‑2031 жылдарға арналған даму стратегиясына сай компанияның инвестициялық портфелінде ҚМГ үшін дәстүрлі бағыттардағы (геологиялық барлау, мұнай тасымалдау мен өңдеу), сондай‑ақ жаңа бағыттардағы (мұнай‑газ химиясы, баламалы энергетика және ҚМГ‑ның қолданыстағы операциялық активтерде көміртегі ізін төмендету) бірнеше жоба бар.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша инвестициялық портфельдің жалпы құны 51 270ҚМГ-ның мегажобаларға (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) және бірлескен кәсіпорындарға қатысуы ескерілген. млрд теңгеге жетті, соның ішінде ҚМГ үлесіне тиесілі сома — 19 390ҚМГ-ның мегажобаларға (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) және бірлескен кәсіпорындарға қатысуы ескерілген. млрд теңге .
2024 жылы мынадай негізгі жобаларды қоса алғанда, жалпы құны 4 972,3 млрд теңге (оның ішінде ҚМГ үлесіне — 3 558,8 млрд теңге) болатын нақты инвестициялық шешімдер қабылданды:
- Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ‑химия кешенін салу. Екінші кезең (полиэтилен өндірісі);
- Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ‑химия кешенінің құрылысы. Екінші кезең (газ сепарациялық кешен салу);
- Жұмыс істеп тұрған ЭЛОУ‑АВТ өңдеу қондырғысын жаңғырту арқылы «Caspi Bitum» БК» ЖШС қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайту;
Бұдан басқа, 2024 жылы төмендегі инвестициялық жобалар аясында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мақұлданды:
- Тайсойған 1–2;
- Қаражар жер қойнауын пайдалану жобасы.
Қызмет бағыты | Инвестициялық портфельдің жалпы құны, млрд теңгеҚМГ-ның мегажобаларға (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) және бірлескен кәсіпорындарға қатысуы ескерілген. Жобалар бойынша тарихи шығындарды және бағам айырмашылығы ескерілген. Деректер жобаларды одан әрі іске асыруды ескеретін геологиялық барлау жобалары бойынша алдын ала құнын қамтиды. | ҚМГ үлесіне тиесілі инвестициялық портфельдің құны, млрд теңгеҚМГ-ның мегажобаларға (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) және бірлескен кәсіпорындарға қатысуы ескерілген. Жобалар бойынша тарихи шығындарды және бағам айырмашылығы ескерілген. Деректер жобаларды одан әрі іске асыруды ескеретін геологиялық барлау жобалары бойынша алдын ала құнын қамтиды. | ||
31.12.2023 | 31.12.2024 | 31.12.2023 | 31.12.2024 | |
---|---|---|---|---|
Геологиялық барлау және мұнай‑газ өндіру | 41 857 | 42 747 | 12 713 | 13 216 |
ESG жобалары | 965 | 991 | 420 | 363 |
Сервистік жобалар | 178 | – | 178 | – |
Мұнай тасымалдау | 419 | 368 | 155 | 136 |
Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерінің маркетингі | 797 | 587 | 732 | 501 |
Мұнай химиясы | 6 131 | 6 460 | 4 329 | 5 063 |
Басқалары | 114 | 117 | 109 | 111 |
Барлығы | 50 461 | 51 270 | 18 636 | 19 390 |
Мұнай мен газды геологиялық барлау және өндіру
2023‑2024 жылдары жер қойнауын геологиялық зерттеу инвестициялық жобасы аясында бес учаске бойынша (Мұғалжар, Березовский, Жарқын, Болашақ және Солтүстік Өзен) далалық жұмыстар (сейсмикалық барлау) жоспардан асырылып жүргізілді. Солтүстік Өзен, Жарық және Березовский учаскелерінде далалық сейсмикалық барлау және өңдеу, түсіндіру жұмыстары аяқталды. Бұл бағыттарда келісімшарттар жасасу және стратегиялық серіктестерді тарту жоспарлануда.
2025 жылы үш учаскеде, атап айтқанда Оңтүстік Шу‑Сарысу, Шығыс, Берекедегі жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия алу және геологиялық тәуекелдерді азайту, геологиялық және техникалық‑экономикалық бағалау үшін кіріс деректерін алу мақсатында нәтижелерді кейіннен өңдеу және түсіндіру арқылы заманауи сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Абай жобасы Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «Абай» учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған 2019 жылғы 26 шілдедегі № 4752‑УВС‑МЭ келісімшартына сәйкес іске асырылуда. 2024 жылдың қыркүйегінде «Абай» учаскесінде Абай‑1 бірінші іздеу ұңғымасының құрылысы аяқталды. Геологиялық барлау жұмыстары кэрри‑қаржыландыру талаптары негізінде стратегиялық серіктес (ENI) есебінен жүргізілді. Абай учаскесінде ұңғыма салу нәтижелері бойынша көмірсутек шикізаты белгілерінің табылмауына байланысты 2025 жылғы ақпанда ҚМГ және ENI компаниялары Абай жобасынан бірлесіп шығу туралы шешім қабылданды.
2024 жылы Торғай учаскесінде алғашқы іздеу ұңғымасының құрылысы басталды — 5 500 м тереңдіктегі PZ‑1 іздеу ұңғымасын бұрғылау және сынау.
2023 жылы Қаратон подсолевой учаскесі бойынша келісімшарт алынып, операторлық компания құрылды және жобаға стратегиялық серіктес тартылды. 2024 жылы кэрри‑қаржыландыру талаптары негізінде стратегиялық серіктестің қаражаты есебінен тереңдігі 5500 м болатын ТҰ‑8 алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылау басталды. Жүргізіліп жатқан сынықтар 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған.
Батыс Қазақстан облысындағы Рожков кен орнында өнеркәсіптік пайдалануға бес ұңғыма қосылды. Бұл шикі газды өндіру көлемін тәулігіне 1,4 млн м3 қол жеткізуге мүмкіндік берді2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша.. Қазіргі уақытта жоба серіктестері «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-мен бірлесіп пайдаланылатын ұңғымалар қорын өсіру, өндіру көлемін ұлғайту, кен орнын игеру тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде.
2024 жылы «Өріктау» кен орнында ШӨ‑6 ұңғымасы пайдалануға берілді. Ол мұнай дебитінің тәулігіне 90,3 тонна көлемінде өсуіне мүмкіндік берді. 2025 жылы қолданысқа беру жоспарланып отырған ШӨ‑7,8 пайдалану ұңғымаларын бұрғылау, сондай‑ақ кен орнын дамыту тұжырымдамасын анықтау бойынша жобалау жұмыстары жалғасуда.
2023 жылы ҚМГ және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қаламқас‑теңіз, Хазар, Әуезов жер қойнауы учаскесін игеру жобалары бойынша бірқатар келісім жасады. Алынатын мұнай қоры 86 млн тоннаны, газ қоры — 22 млрд м3 (еріген газ және қабат бетіндегі әлеуетті газ қоры) құрайды. 2024 жылы жобалау, базалық жобалау (FEED – Front End Engineering Design) жұмыстары басталды. 2025 жылдың соңына қарай жобаны іске асыру туралы түпкілікті шешім қабылданбақ.
Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ мегажобалары
ҚМГ стратегиялық инвесторлармен бірлесіп Теңіз (20%), Қашаған (16,87%) және Қарашығанақ (10%) ірі кен орындарындағы жобаларға қатысады.
- Теңіз кен орнында 2024 жылы «Болашақ кеңейту жобасын» (БКЖ) іске асырудың негізгі кезеңдері аяқталды. Жыл бойы «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) жыл бойы ұңғымаларды жоғары қысымнан (ЖҚ) төмен қысымға (ТҚ) кезең‑кезеңімен ауыстыруды бастап ҰСБЖ нысандарын іске қосты. Ұңғымаларды пайдалануға берді. Жыл соңында 21 МТҚ‑ның 16‑сы төмен қысым режимінде жұмыс істеді, оларды көшіру жұмыстары жалғасты. Сондай‑ақ, 2024 жылы механикалық жұмыстар толығымен аяқталды және іске қосу‑баптау іс‑шараларының негізгі кезеңдері өткізілді. БКЖ/ ҰСБЖ жалпы құны 48,9 млрд АҚШ долларын құрайды, бұл ретте 2024 жылдың аяғындағы жиынтық шығындар 47,5 млрд АҚШ доллары болды. БКЖ объектілерін пайдалануға беру 2025 жылдың 2‑тоқсанына жоспарланған болатын. Бұл Теңіз кен орнында мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға ұлғайтуды қамтамасыз етуі тиіс. Алайда, 2025 жылдың қаңтарында кен орнында жаңа Үшінші буын зауытында (ҰБЗ) мұнай өндіру басталды, бұл жобаны аяқтаудың маңызды кезеңі болды.
- Қарашығанақ кен орнында мұнай өндіру деңгейін ұстап тұру жобалары белсенді іске асып жатыр. 2023 жылы жылына 4 млрд м3 тауарлық газ өндіретін газ өңдеу зауытын салу жөніндегі тұжырымдама әзірленді. Жобаны іске асыру Қарашығанақ кен орнынан өндірілетін шикі газды және оны өңдеу өнімдерін монетизациялауға мүмкіндік береді. 5‑ші газды кері айдау компрессорын (5 IC) орнату жобасы 2024 жылы аяқталды, Тараптар жобаның пайдалануға дайын болу актісіне қол қойды. Белсенді құрылыс сатысында «6‑шы газды кері айдау компрессорын орнату жобасы» (жұмыстың жалпы 72,8%‑ы орындалды) тұр.
- Қашаған кен орнында мұнай өндіру 1‑ші кезеңді игеру аясында жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда алдағы он жылда мұнай мен конденсат өндіру деңгейін тәулігіне ~710 мың баррельге дейін (тәулігіне~89,5 мың тонна) ұлғайтуға бағытталған 2‑ші кезең аясындағы кен орындарды игеру жобалары қаралады. 2А‑кезеңі шикі газды қуаты жылына 2,5 млрд текше болатын құрылысы жоспарланған жеке газ өңдеу зауытына жеткізу есебінен мұнай өндіру көлемін тәулігіне 6,3 мың тоннаға жеткізуді көздейді (бұл ретте кен орнындағы жалпы өндіру көлемі тәулігіне 500 мың баррель болмақ). NCOC мен QazaqGas арасында алдын ала базалық жобалауды жүргізу туралы келісімге қол қойылды, одан кейін бұрын әзірленген базалық жобаны түзету және жобаны іске асыру туралы инвестициялық шешім қабылдау жоспарлануда.
- 2Б‑кезеңінің жобасы жылына 6 млрд текше метр ілеспе газ өндіру көмегімен мұнай өндіру көлемін тәулігіне 710 мың баррельге дейін ұлғайтуды көздейді. Оператор үшінші тараптың зауытына шикі газ жеткізу нұсқасы үшін алдын ала базалық жобалау жұмыстарын аяқтады. Синергияны қосу мен оның мүмкіндігін бағалау үшін Теңіз кен орны акционерлерімен келіссөздер жүргізілуде.
Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерінің маркетингі
ҚМГ‑ның алдағы жылдарға арналған басты міндеттерінің бірі – тұтынудың болжамды өсуі салдарынан туындаған Қазақстанның ішкі нарығын отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешу болып отыр. Бұл өз кезегінде зауыттардың қуатын арттыру қажеттілігіне әкеледі. Бұл мақсатта зауыттардың жұмысын үш жыл бойы тоқтатпауға мүмкіндік беретін жабдықтардың беріктігі деңгейін арттыру үшін іс‑шаралар кешенін жүргізу қажет. Бұл міндетті іске асыру үшін ҚМГ «АМӨЗ» ЖШС, «ПМХЗ» ЖШС және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС үш жылдық жөндеуаралық кезеңге көшіру жобаларын іске асыруда.
«АМӨЗ» ЖШС тиімділігін арттыру» жобасын іске асыру арқылы АМӨЗ‑де жеңіл мұнай өнімдерінің өндірісін ұлғайту жоспарланған. Жобаға ашық түсті мұнай өнімдерінің өндірісін ұлғайту мақсатында осал жерлерді кеңейтуді көздейтін сегіз шағын жоба енгізілген. 2025 жылы «Теңіз мұнайын өңдеу» шағын жобасын іске асыру жоспарда. Шағын жобаны іске асырғаннан кейін АМӨЗ жылына 1 млн тоннаға дейін Теңіз мұнайын өндіруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының солтүстік және шығыс өңірлерінің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Павлодар мұнай‑химия зауытында сұйытылған көмірсутек газын тазарту және қысқы дизель отынын өндіру бағытындағы жобалар іске асырылып жатыр. 2024 жылы «СГҚ тазарту қондырғысының құрылысы жобасы аяқталды, 2024 жылдың 30 желтоқсанынан жылдан бастап объектіні пайдалануға қабылдау актісі алынды. 2025 жылы қысқы дизель отынын өндіретін қондырғы іске қосылады.
Сондай‑ақ 750 мың тонна жол битумын шығара отырып, жылына 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін мұнай өңдеуге қауқарлы болатындай «Caspi Bitum» БК» ЖШС‑нің қуатын күшейту жұмыстары басталды. CITIC Construction Co. Ltd құрамындағы консорциуммен шарт жасалды. «ҚазҚұрылысСервис ҰТКҚК» АҚ‑мен бірлесіп жабдықтарды дайындауға және жеткізуге тапсырыстар орналастырылды, сондай‑ақ уақытша ғимараттар мен құрылыстарды салу бойынша құрылыс‑монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2025 жылы аяқталады.
Мұнай‑газ химиясы
2024 жылы «Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ‑химия кешенін салу. Екінші кезең» жобасы шеңберінде Газ сеперациялық кешен құрылысы және Полиэтилен өндіру сынды ірі мұнай‑газ‑химия жобалары бойынша түпкілікті инвестициялық шешімдер қабылданды.
«Полиэтилен өндірісі» жобасы бойынша жобалау аяқталды, жобалау‑сметалық құжаттамаға «Мемсараптама» РМК қорытындысын алу 2025 жылдың 1‑ші тоқсанында жоспарлануда. Қыркүйек айында Sinopec Engineering Incorporated (Қытай) консорциумында Técnicas Reunidas, S.A. (Испания) компаниясымен пиролиз бойынша EPC келісімшартынаEngineering, Procurement, Construction — инжиниринг, сатып алу, құрылыс. қол қойылды және пиролиз қондырғысы алаңында ерте құрылыс жұмыстары басталды, жабдықтар жасауға тапсырыстар орналастырылды. Полимерлеу қондырғысы және зауыт шаруашылығы объектілерін салу бойынша EPC келісімшартын жасасу жұмыстары жүргізілуде, процесті аяқтау 2025 жылдың 1‑ші жартыжылдығына жоспарланған. Аралық қарызды тарту бойынша бірінші кезеңнің процесі аяқталып қалды, Term Sheet бойынша соңғы жұмыстар жүріп жатыр, кредиттік келісім мен кепілдік шарттары әзірленуде.
«Газ сепарациялық кешенін салу» жобасы шеңберінде 2024 жылғы 31 қазанда EPC‑мердігерді таңдау бойынша ресми тендер жарияланды, EPC келісімшартын жасасу жөніндегі процесті аяқтау 2025 жылы жоспарланып отыр. Сондай‑ақ, FEED LGMFront‑End Engineering Design Light Gas Mixtures. әзірленуде, жоспарланған аяқтау – 2025 жылдың мамыры. Мақұлданған құрылымға сәйкес қаржыландыруды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде (20% – ҚМГ – дан жеңілдікті қаржыландыру; 40% – ҚР ҰҚ қаражатынан облигациялық қарыз; 40% нарықтық бірлесіп қаржыландыру). 2008 жылғы шикізатты жеткізуді іске асыру туралы келісімге №3 қосымша келісімге қол қойылды және «KMG PetroChem» ЖШС мен ТШО арасында құрғақ газды сатып алу‑сату туралы жаңартылған шартқа қол қойылды.
Сондай‑ақ, биыл пропиленді полимерлеу қондырғысының кепілдік сынақтары және полипропилен өндіретін зауыттың демонстрациялық жүгірісі аяқталды. Маркалық ассортимент кеңейтілді (тоғыз марка), өндіріс шамамен 200 мың тоннаны құрады, жаңа коммерциялық саясат енгізілді, «Форсаж» қолдау бағдарламасы қолданысқа енгізілді, Алматы және Астана қалаларында қоймалар ашылды.
Sinopec Shanghai Engineering Co., Ltd. компаниясы терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат өндіру зауытын салу жобасын әзірлеу шеңберінде алдын ала техникалық‑экономикалық негіздеме әзірледі және маркетингтік талдау жүргізді. Әлеуетті стратегиялық серіктестермен келіссөздер жүргізілуде.
2024 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Қытай ұлттық мұнай‑газ корпорациясы (CNPC) арасында аммиак пен карбамид өндіретін газ‑химия кешенін салу жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде мұнай‑газ саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты тереңдету жөнінде негіздемелік келісімге қол қойылды. Тараптар «СНПС‑Ақтөбемұнайгаз» АҚ шығаратын тауарлық газдан карбамид өндірісіне зерттеу жұмыстарын бастауға келіседі.
Жобаны іске асыру жергілікті экономиканың дамуын қамтамасыз етеді, жұмыс орындарын ашады және салық түсімдерін ұлғайтады, сондай‑ақ ҚР экспорттық әлеуетін ұлғайтуға мүмкіндік береді және ішкі нарықтың қажеттіліктерін жабуға ықпал етеді.
Тұрақты даму саласындағы жобалар
ҚМГ ұлттық компания бола отырып, батыс өңірлерде сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды іске асырады. Кендірлі кентінде теңіз суын тұщыту зауытын салу жобасы бойынша негізгі жобалау және құрылыс‑монтаждау жұмыстары аяқталды. Зауыт 2025 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, ҚМГ Маңғыстау облысында жаңартылатын көздерден (жел, күн) және газ электр станциясынан (бұдан әрі – ГазЭС) электр энергиясын құрама генерациялауды көздейтін гибридті электр станциясын салу жөніндегі жобаны іске асыруда. Жобаны іске асыру ГазЭС маневр жасау қуаттымен ЖЭК‑тің тербелмелі генерациясын теңестіру есебінен атмосфераға СО2 шығарындыларының жалпы қысқаруын және электр энергиясын тұрақты жеткізуді қамтамасыз етеді. 2024 жылы ГазЭС және күн электр станциясын салу бойынша EPC келісімшарты жасалды, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Орталық Азия мен ТМД‑дағы алғашқы тұрақты авиациялық отын өндіру зауытын (SAF ) салу жөніндегі жобаны әзірлеу шеңберінде ҚМГ, Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің, ҚМГ – Аэро және Air Astana қатысуымен техникалық‑экономикалық зерттеу (ICF SH&E Limited) жүргізілді. Жоба 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын және 2050 жылға қарай шығарындылардың нөлдік деңгейіне қол жеткізуге бағытталған IATAThe International Air Transport Association. міндеттемелерін қолдайды. SAFSustainable Aviation Fuel — экологиялық тұрақты авиациялық отын. көмірқышқыл газы шығарындыларының айтарлықтай төмендеуіне байланысты қазба отынына перспективалы балама болып саналады.
