Ірі мәмілелер және мүдделі мәмілелер туралы мәліметтер

Ірі мәмілелер Құны қоғам активтерінің баланс құнының жалпы мөлшерінің 25% және одан астамын құрайтын мүлікті қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәміле немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығы.

Есепті кезеңде Директорлар кеңесі және (немесе) акционерлердің жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы және ҚМГ ішкі құжаттарына сәйкес ірі деп танылатын мәмілелер бойынша шешім қабылданған жоқ.

Мүдделі мәмілелер Бұл эмитенттің жасауға мүддесі бар мәмілелер және оларды жасасу туралы уәкілетті орган шешімді шешім қабылдаған күні құны эмитент активтерінің жалпы баланстық құнының мөлшерінен 10% және одан көп болатын мүлікті сатып алумен немесе иеліктен шығарумен байланысты болады.

«Полиэтилен өндіретін қазақстандық зауыт»

2024 жылы 11 қыркүйекте Атырау облысындағы «ҰИМТ» АЭА аумағында қуаьы жылына 1,25 млн тонна болатын және инвестиция көлемі шамамен 7,4 млрд АҚШ долларын құрайтын полиэтилен өндіретін зауыттың ерте құрылыс жұмыстары басталды. Жобаны Silleno компаниясы іске асыруда. Бұл компанияның үлескерлері – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (40%), Sinopec Overseas Investment Holding (30%), «СИБУР Холдинг» ЖАҚ (30%). Жобаны қаржыландыру акционерлердің қаражаты және халықаралық банктерден тартылған кредиттер есебінен қамтамасыз етіледі. Мүдделі мәміленің мәні, яғни жоба құнының ҚМГ активтерінің баланстық құнына пайыздық арақатынас көрсеткіші 21%‑ды құрады.