Корпоративтік қызмет көрсеткіштері

2024 жылы ҚМГ қызметінің корпоративтік басты көрсеткіштерінің негізгі іс‑шаралары іске асырылды және жоспарланған мақсаттары орындалды.

2024 жылы корпоративтік қызмет көрсеткіштерінің орындалуыКҚК орындау мәндері бағаланды. ҚМГ Директорлар кеңесі 2024 жылғы көрсеткіштердің нақты мәндерін 2025 жылғы шілдеде түпкілікті бекітеді деп күтіледі.
Қызметтің басты көрсеткіштері 2024 ж. факт (2023 ж. факт), көрсеткіштің сипаттамасы
Инвестициялық жобаларды іске асыру 100 % (2023: 80 %)
  1. 1) Кендірлі аймағында теңіз суын тұщытатын зауыт салу
  2. 2) Интеграцияланған газ‑химия кешенін салу. Екінші фаза – полиэтилен өндірісі
  3. 3) Интеграцияланған газ‑химия кешенін салу. Екінші фаза – газ сепарациялық кешенін салу
  4. 4) Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын салу
  5. 5) Терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат өндіретін зауыт салу
  6. 6) «ПҚОП» ЖШС өндірістік қуатын кеңейту
Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 23 837 мың тонна (2023: 23 490 мың тонна)

Бұл көрсеткіш операциялық активтерінде және ірі мұнай‑газ активтерінде Компанияның қатысу үлесіне өндірілген мұнай мен газ конденсатының көлемін сипаттайды.

EBITDA margin, трейдингті есепке алмағанда 44% (2023: 41,1%)

Бұл көрсеткіш Компанияның табыстылығын анықтайды және компания салық, кредиттер бойынша пайыздар мен амортизация шығынын төлегенге дейін түсімнен түскен пайызды көрсетеді.

TSR (акционердің жалпы кірісі) 28,55% (2023: 43,1%)

Бұл көрсеткіш құйылған инвестицияның тиімділігін (қайтарымдылығын) көрсетеді.

28,55% = (есепті жылдағы акцияның орташа бағасы (13 071 теңге) – алдыңғы жылы ациялардың орташа бағасы (10 550 теңге) + бір акцияға төленген дивиденд (491,71 теңге) – бір акцияға шаққанда жарғылық капиталға қосқан үлесі (0 теңге) / алдыңғы жылы ациялардың орташа бағасы (10 550 теңге) * 100%

Өндірістегі қауіпсіздік бойынша кешенді көрсеткіш 125 % (2023: 156 %)

Көрсеткіш еңбек ету кезіндегі жазатайым оқиғалар коэффициентінің төмендеуін, сондай‑ақ қауіпті жағдайды/ қауіпті мінез‑құлықты/ қауіпті әрекетті/ қауіпті жағдайды/ қауіпті факторды анықтау мен хабарлауды анықтайды.

LTIR 0,22% құрады (2023: 0,30%) Өндірістік қауіпсіздік бойынша «Қорғау» карталары толтырылды — 19 мыңнан астам карта (2023: 12 240 карта)

ҚМГ компаниялар тобы бойынша тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алудағы елішілік құндылықтың үлесі

ҚМГ тобы бойынша тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесі 55%‑ды, ҚМГ тобы бойынша жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы елішілік құндылықтың үлесі 89%‑ды құрады.

(Көрсеткіш 2023 жылы енгізілді)