Тасымалдау

Орта мерзімді перспективадағы басым міндеттер:

  • ҚМГ‑ның мұнай тасымалдау жүйелері бойынша мұнай тасымалдау бағыттарың тартымдылығы мен бәсекеге қабілетін арттыру арқылы құрылған қуаттардың жүктемесін арттыру;
  • қосымша экспорттық маршруттарды дамыту;
  • операциялық шығынды бақылау.

ҚМГ мұнай тасымалын екі жолмен — магистральды құбырлар және теңіз флоты арқылы жүргізеді.

Көрсеткіш Магистралды құбырлармен тасымалдау Теңіз флотымен тасымалдау
Басқарушы компания ҚазТрансОйл Қазақстан‑Қытай құбыры МұнайТас Каспий Құбыр желісі Консорциумы Қазақтеңізкөлікфлоты
ҚМГ үлесі ҚМГ: 90 % ҚТО: 50 % ҚТО: 51 % ҚМГ: 20,75 % ҚМГ: 100 %
Негізгі бағыттар Еуропа мен Қытайға экспорт, ішкі нарық Қытайға экспорт, ішкі нарық Қытайға экспорт, ішкі нарық Еуропаға экспорт Еуропаға экспорт
Негізгі маршруттар
  • Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары;
  • Өзен — Атырау — Самара;
  • КҚК және Атасу‑ Алашанькоу жүйелеріне мұнайды ауыстырып тиеу,
  • мұнайды Ақтау портында ауыстырып тиеу

Атасу — Алашанькоу; Кеңқияқ ‑ Құмкөл

Кеңқияқ — Атырау Теңіз — Новороссийск Қара теңіз; Жерорта теңізі; Каспий теңізі
Жалпы ұзындығы, км 5 373 1 759 449 1 510 қолданылмайды
Қуаты, жылына млн тонна

17,5

5,2

20 6 81,5 қолданылмайды

Мұнайды магистральды құбырлар бойынша тасымалдау

Қазақстанның құбыр инфрақұрылымы магистральдық мұнай құбыры жөнінде ұлттық оператор — ҚазТрансОйлға, оның екі бірлескен кәсіпорнына – Қазақстан‑Қытай құбыры мен МұнайТас компаниясына, сондай‑ақ Каспий құбыр желісі консорциумына тиесілі. Қазақстанның жұмыс істеп тұрған құбыр инфрақұрылымы перспективті жобалардың мұнайын тасымалдау көлемін ұлғайту үшін жеткілікті әлеуетке ие.

Мұнай тасымалдау көлеміМұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемі ҚМГ операциялық үлесін (ҚТО‑ны қоспағанда) ескере отырып, әрбір жеке құбыр компаниясының тасымалдау көлемін ескереді. Мұнайдың бір бөлігін екі немесе үш құбыр компаниясы тасымалдай алады, тиісінше бұл көлемдер мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық есепке алынады., мың тонна
Компания 2022 2023 2024
ҚТО (100 %) 40 656 44 188 44 887
  • экспорт
12 762 16 618 17 253
  • транзит
9 989 10 143 10 214
  • ішкі нарық
17 905 17 426 17 420
ҚҚҚ (100 %) 19 236 18 806 18 789
  • экспорт
1 290 1 209 1 200
  • транзит
9 980 9 979 9 979
  • ішкі нарық
7 966 7 618 7 610
МұнайТас (100 %) 5 606 5 527 5 791
  • экспорт
1 188 1 114 1 171
  • ішкі нарық
4 418 4 413 4 620
КҚК (100 %), экспорт 58 711 63 474 63 007

Мұнайды магистральды құбырлар арқылы тасымалдау көлемі 2024 жылы 1,0%‑ға ұлғайып, 70 309 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткішке Қашаған мен Қарашығанақ кен орындарының мұнайын Атырау ‑ Самара мұнай құбыры және «ҚазТрансОйл» АҚ жүйесі арқылы Каспий құбыр консорциумы бағытына қарай ауыстырып тиеу көлемінің артуы, сондай‑ақ мұнай өңдеу зауыттары бағытында ішкі тасымалдау көлемінің өсуі ықпал етті.

ҚМГ үлесіне мұнай тасымалдау көлемі, мың тонна
Компания 2022 2023 2024
ҚТО (100 % ) 40 656 44 188 44 887
ҚҚҚ (50 %) 9 618 9 403 9 394
МұнайТас(51%) 2 859 2 819 2 953
КҚК (20,75 %) 12 183 13 171 13 074
Барлығы 65 316 69 581 70 309
Тасымалдау

Мұнай тасымалдау маршруттары

ҚМГ үлесіне мұнай жүк айналымы 1,5%‑ға өсіп, 62 111 мың тоннаға жетті. Бұған мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды ішкі тасымалдау көлемінің, сондай‑ақ Ресей мұнайының Өзбекстанға транзиті көлемінің өсуі себеп болды.

Мұнай жүк айналымы, млн тонна × км
Компания 2022 2023 2024
ҚТО (100 %) 34 261 34 208 35 526
ҚҚҚ (100 %) 17 314 16 872 16 858
МұнайТас (100 %) 2 265 2 236 2 395
КҚК (100 %) 78 154 83 959 81 615
ҚМГ үлесіне мұнай жүк айналымы, млн тонн × км
Компания 2022 2023 2024
ҚТО (100 %) 34 261 34 208 35 526
ҚҚҚ (50 %) 8 657 8 436 8 429
МұнайТас (51 %) 1 155 1 141 1 221
КҚК (20,75 %) 16 217 17 422 16 935
Барлығы 60 290 61 206 62 111

Қазақстанның ішкі нарығына мұнай тасымалдау тарифтері мемлекет тарапынан реттеледі.

Ішкі нарыққа мұнай тасымалдаудың орташа есептелген тарифтері, 1 мың км‑ге тоннасына теңгемен
Компания 2022 2023 2024
ҚТО 4 356 4 602 4 742
ҚҚҚ 4 359 4 359 4 839
МұнайТас 5 912 5 912 5 912

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204‑VI Заңына сәйкес ел аумағы арқылы өтетін транзит және одан тыс жерлерге экспортқа шығару мақсатында мұнай тасымалдау қызметтері табиғи монополиялар саласына жатпайды.

Мұнайды экспортқа тасымалдаудың орташа есептелген тарифтері
Компания 2022 2023 2024
ҚТО, 1 мың км‑ге тоннасына теңгемен 8 831 9 490 10 150
ҚҚҚ, 1 мың км‑ге тоннасына теңгемен 6 799 6 799 6 799
МұнайТас, 1 мың км‑ге тоннасына теңгемен 5 912 5 912 5 912
КҚК, тоннасына АҚШ долларымен 36 36 36
Қытайға мұнай транзитінің орташа есептелген тарифі, тоннасына АҚШ долларымен
Компания 2022 2023 2024
ҚТО 4,23 4,23 4,23
ҚҚҚ 10,77 10,77 10,77

2024 жылдың басты жобалары

SOCAR‑мен жасалған келісім

2024 жылы SOCAR компаниясымен Әзербайжан аумағы арқылы мұнай транзитін кезең‑кезеңімен, яғни айына 60 мың тоннаға дейін ұлғайтуды көздейтін келісімге қол қойылды. Мұнайды 20 мың тоннаға дейінгі көлемде алғашқы жөнелту 2025 жылдың басына жоспарланған. Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы Қазақстан мұнайының транзиті көлемін кезең‑кезеңімен ұлғайту туралы келісім Ақтау‑Баку‑Тбилиси‑Джейхан бағыты бойынша Қазақстан мұнайды тиеп‑жөнелту көлемін жылына 2,2 млн тоннаға дейін ұлғайтуды көздейді.

Мұнайды теміржолмен тасымалдау тарифтерін төмендету

«Қазақстан темір жолы» ұлттық теміржол компаниясымен және мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, тасымал бағытының қазақстандық учаскесі бойынша мұнайды темір жолмен тасымалдауға арналған тарифтер төмендетілді. Бұл шешім Ақтау‑Баку‑Тбилиси‑Джейхан транзит дәлізінің бәсекеге қабілетін арттыруға бағытталған.

Мұнайды Ақтау порты арқылы транзиттеу

2024 жылы Ақтау‑Баку‑Джейхан бағыты бойынша мұнай тасымалдау көлемі 1 млн 419 мың тоннаға жетіп, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 34%‑ға артық болды.

Теңіз арқылы тасымалдау

Қазақстанның теңіз тасымалының басты операторы, ҚМГ‑ның еншілес ұйымы – бұл «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы» ЖШС (ҚТКФ). Ол Каспий теңізі және халықаралық маршруттар бойынша мұнай, мұнай өнімдерін және жүктерді тасымалдауға маманданған. Компания логистика, кемелерді жалға беру және порт қызметтерін ұсына отырып, танкерлер мен сүйреткіштері бар заманауи флотты басқарады. Қазақтеңізкөлікфлоты озық технологиялар мен экологиялық стандарттарды енгізу арқылы тасымал қуатын белсене кеңейтіп жатыр. Транскаспий бағыттарының стратегиялық қатысушысы ретінде компания экспортқа өнім жеткізуді қамтамасыз етуде және Қазақстанның теңіз логистикасын дамытуда маңызды рөл атқарады.

2024 жылы мұнайды теңіз арқылы тасымалдау көлемі 22,2%‑ға өсіп, 13 169 мың тоннаға жетті. Өсімге Джейхан портынан жөнелту көлемінің өсуіне байланысты Жерорта теңізі акваториясы бойынша мұнай тасымалы көлемінің ұлғаюы, сондай‑ақ Каспий теңізі акваториясында Ақтау – Махачкала және Ақтау – Баку бағыттары бойынша көлемдердің ұлғаюы ықпал етті.

Мұнай тасымалдау көлемі, мың тонна
Теңіз 2022 2023 2024
Қара 3 457 3 605 3 370
Жерорта 5 276 6 440 7 716
Каспий 610 733 2 083
Барлығы 9 343 10 778 13 169

AD Ports Group‑пен ынтымақтастық

Компания Каспий, Қара және Жерорта теңіздері арқылы теңіз бағыттарын белсенді дамытуда. AD Ports Group‑пен орнаған ынтымақтастық аясында Taraz және Liwa танкерлері сатып алынды, олар 2024 жылы Ақтау‑Махачкала бағыты бойынша 874 мың тонна мұнай тасымалдады. Сондай‑ақ, әзәрбайжандық «Әзербайжан Каспий теңізіндегі су шаруашылығы» ЖАҚ компаниясымен бірлесіп, мұнай Ақтау‑Баку бағыты бойынша тасымалданып жатыр. Ашық теңіздерде AD Ports Group кемелері 2,4 млн тонна мұнай тасымалданды.

AD Ports Group‑пен ынтымақтастық аясында Транскаспий халықаралық көлік бағыты үшін паром мен контейнер тасушы флотын дамыту жұмыстары жүріп жатыр.

2025 жылға арналған жоспарлар
  1. Транскаспий көлік халықаралық бағытын дамыту үшін мүмкіндіктер қарастырылып жатыр.
    • «Афрамакс» үлгісіндегі (дедвейті 115 мың тонна) екі танкерді сатып жобасын іске асыру.
    • Каспий теңізі үшін үш танкер мен әмбебап паром салу жобасын пысықтау.
  2. AD Ports Group‑пен ынтымақтастық
    • танкерлер флотын кеңейту және сыйымдылығы 500 ЖФЭЖиырма футтық эквивалент. болатын контейнер тасушы кемелерді салу жұмыстарын бастау.
Теңіз арқылы тасымалдау