Қаржылық қызметке шолу
Басқарма төрағасы орынбасарының үндеуі
Арысова Д. А. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
Есепті кезеңде Компания тұрақты дамуды және өзіне алған міндеттемелердің жүйелі орындалуын қамтамасыз ете отырып, тұрақты қаржылық нәтижелерді көрсетті. Меншікті және қарыз қаражатын тиімді басқару қаржылық теңгерімді ұстап тұруға және ҚМГ негізгі мүдделі тараптарының мүдделерін сақталуына ықпал етті. 2024 жылдың нәтижелері компанияның одан әрі тұрақты өсуіне берік негіз қалады.
Компания бос ақша ағымын тиімді басқарады, ол қаржылық тұрақтылық пен ұзақ мерзімді өсуге ықпал ете отырып, қарыз жүктемесін төмендету, инвестициялық бағдарлама және дивиденд төлеу арасында тең бөлінеді.
Brent маркалы мұнай 2024 жылы орташа есеппен барреліне 80,8 АҚШ доллары болды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,3%‑ға төмен. 2024 жылы KEBCO маркалы мұнай Brent маркалы мұнаймен салыстырғанда барреліне орта есеппен 2 цент дисконтпенСпред — бұл талданатын кезең ішінде қарастырылып отырған мұнай бренді мен Brent маркасы арасындағы күнделікті баға айырмашылығының орташа мәні. Бұл ретте спредтің оң мәні Brent‑ке қатысты сыйлықақының болуын, ал теріс мәні дисконттың болуын білдіреді. саудаланды.
Есептің жылдың қаржы нәтижелері
2024 жылы мұнай нарығы құбылмалы болғанына қарамастан, ҚМГ қаржылық көрсеткіштердің тұрақтылығын сақтай отырып, теңгерімді дамуды жалғастыруда. Мұнай бағасының төмендеуі ҚМГ‑ның қаржылық көрсеткіштеріне орташа әсер етті, бұл қаржы ресурстарын басқару стратегиясының тиімділігін растап отыр.
EBITDA көрсеткіші 4,3 млрд АҚШ долларын құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 3,1%‑ға төмендеді. Бұл ретте бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан түсетін дивидендтерді есепке алатын түзетілген EBITDA көрсеткіші осы кәсіпорындардағы пайданың орнына 0,9%‑ға өсіп, 4,6 млрд. АҚШ долларына жетті.
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан түскен дивиденд мөлшері ұқсас кезеңмен салыстырғанда 10,0%‑ға өсіп, 1,5 млрд АҚШ долларына жетті.
Есептеу әдісі бойынша күрделі шығындар 1,5 млрд АҚШ долларын және ақша ағымдары бөлінісінде 1,4 млрд. АҚШ долларын құрап, 2023 жылмен салыстырғанда тиісінше 13,4%‑ға және 8,3%‑ға төмендеді.
Бос ақша ағымы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 18,4%‑ға ұлғайып, 2,6 млрд АҚШ долларын құрады. ҚМГ операциялық қызметтен түскен таза ақша ағымдарының едәуір өсуін қамтамасыз етті, бұл бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд мөлшері өсуінің, сондай‑ақ күрделі шығындар төмендеуінің нәтижесі болды.
Ыңғайлы борыштық жүктеме
ҚМГ осы бағытта айтарлықтай нәтижелерге жетіп, жалпы борыштық жүктемені төмендетуге ден қояды. Компания қарыз жүктемесінің оңтайлы деңгейін сақтап тұр, бұл қаржылық тұрақтылықты нығайтады әрі компанияны макроэкономикалық қауіп‑қатерден қорғайды. Бос ақша қаражаты болған кезде борышты мерзімінен бұрын өтеу ҚМГ‑ға қаржылық тәуекелдерді төмендетіп қана қоймай, жаңа стратегиялық жобаларға қарыз қаржыландыруды тартуға мүмкіндік береді.
Есепті жылдың соңында жалпы қарыз мөлшері 3,97 трлн теңгені немесе 7,6 млрд АҚШ долларын құрап, 2023 жылмен салыстырғанда теңгемен 5,6%‑ға ұлғайып, бірақ доллармен есептегенде 8,6%‑ға төмендеді. Таза қарыз 2,2 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылдың соңындағы көрсеткішпен салыстырғанда 38,8%‑ға аз.
2024 жылы Компания 2027 жылы өтелуі тиіс 750 млн. АҚШ доллары (358 млрд теңгеге тең) сомасына облигацияларды мерзімнен бұрын ішінара өтеді, бұл борыштық жүктемені төмендетуге және купон төлемдері бойынша 92,7 млн АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік берді. 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ қарыздары 4,4%‑ға азайып, 679 млрд теңгені құрады, бұған АМӨЗ, ПМХЗ, KMG International және «ҚазТрансОйл» АҚ берешектерінің ішінара және толық өтелуі себеп болды.
ҚМГ қатаң қаржылық тәртіпті ұстанады және өз сенімділігі мен кредит төлеу қабілеті жоғары деңгейінде екенін растай отырып, барлық міндеттемелерді уақтылы орындайды. Қаржыны басқарудың жүйелі саясаты инвесторлар мен кредиторлардың сенімін нығайтып, компанияға капитал нарығының мүмкіндігіне жол ашады.
Компанияның кредиттік рейтингтері (S&P, Fitch, Moody’s)
2024 жылы ҚМГ өзінің қаржылық тұрақтылығын нығайтты, бұл халықаралық рейтингтік агенттіктердің жоғары бағалауында көрініс тапты. 2024 жылдың қыркүйегінде Moody’s Ratings халықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ‑ның кредиттік рейтингін «Baa2»‑ден «Baa1»‑ге дейін көтерді, болжам «тұрақты». Бұл шешім Қазақстан Республикасының егеменді рейтингінің жоғарылауын, мемлекет үшін ҚМГ‑ның стратегиялық маңызын, сондай‑ақ компанияның тұрақты қаржылық көрсеткіштерін айқындайды. Компания тиімділікті арттыруға, тұрақты өсуді қамтамасыз етуге және акционерлер үшін қосымша құн жасауға бағытталған іс‑шараларды іске асыруды жалғастырады.
Кредиттік рейтингтердің жоғары деңгейі ҚМГ‑ның қарыз алушы ретіндегі сенімділігін растайды және инвестициялар тарту мен стратегиялық жобаларды дамытуға ықпал ете отырып, халықаралық қаржы нарықтарының мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Акционерлерге дивиденд төлеу және акция құнының өсуі
2024 жылы ҚМГ өз акционерлері үшін табыс әкелуді жалғастырды. ҚМГ акционерлердің мүддесін қорғайтынын растай отырып, екінші жыл қатарынан рекордтық дивиденд төлеп отыр. 2024 жылы Компания 2023 жылға бір акцияға шаққанда 491,71 теңге мөлшерінде жалпы сомасы 300 млрд теңгеге (639 млн АҚШ доллары) дивиденд есептеп, оны төледі.
2024 жылы ҚМГ акциялары 27%‑ға өсіп, 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бір акция үшін 14 621 теңгеге жетті. Төленген дивидендтерді ескере отырып, акционерлер үшін 2024 жылғы жиынтық кіріс мөлшері 31%‑ды құрады. 2022 жылы желтоқсанда өткен IPO‑дан бастап ҚМГ акцияларының құны 74%‑ға өсті, ал дивидендтерді есепке алғанда жиынтық кіріс 86%‑ға жетті, бұл инвесторлардың сенімі жоғары екенін және компанияның тұрақты даму динамикасын көрсетеді. 2024 жылдың аяғында нарықтық капиталдандыру 8,9 трлн теңгені құрады, бұл 17 млрд АҚШ долларына тең. Осы нәтижелердің барлығы тұрақты өсуді және компания құнының артуын қамтамасыз ететін стратегияның тиімділігін растайды.
Салық
Компания жыл сайын салық аударымдары мен әлеуметтік міндеттемелерді орындау арқылы ел экономикасына елеулі үлес қосып келеді. Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларды есептегенде, ҚМГ мемлекеттік бюджетке салық мен міндетті төлемдер түрінде 4,3 млрд АҚШ долларын (1 995 млрд теңге) аударды. Тұрақты қаржылық нәтижелерді қамтамасыз ету мен міндеттемелерді орындаудың теңдестірілген тәсілі ҚМГ‑ның тұрақты дамуына ықпал етеді әрі нарықтағы ұзақ мерзімді позицияларын нығайтады.
Арысова Д.А.,
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
Кредиттік рейтингтер
ҚМГ кредиттік рейтингтердің инвестициялық деңгейін сақтауға, жоғары кредиттік бағытты ұстап тұруға және сенімді қарыз алушының беделін нығайтуға ұмтылады. 2024 жылы қаржылық тұрақтылықты арттыру бойынша атқарылған шаралар қаржылық стратегияның тиімділігін растай отырып, компанияның кредиттік рейтингтерін жақсартуға ықпал етті.
ҚМГ рейтингтерінің динамикасы:
- 2023 жылы 26 желтоқсанда S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі жақсы қаржылық нәтижелерге байланысты ҚМГ рейтингін «BB+» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты». Бұл ретте меншікті кредит қабілетілігің рейтингі «bb‑»‑ден «bb»‑ге дейін көтерілді.
- 2024 жылы 20 маусымда Fitch Ratings «тұрақты» деген болжаммен ҚМГ‑ның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады. Рейтинг Қазақстан Республикасының егеменді рейтингі деңгейінде қалды, бұл ҚМГ‑ның ел экономикасы үшін стратегиялық маңызын айғақтайды.
- 2024 жылы 11 қыркүйекте Moody’s Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының егеменді кредиттік рейтингінің жоғарылауына және компанияның меншікті кредит қабілеттілігі көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты ҚМГ‑ның кредиттік рейтингін «Baa2»‑ден «Baa1»‑ге дейін көтеріп, болжамды «тұрақты» деп өзгертті. Осылайша, ҚМГ кредиттік рейтингі егеменді кредиттік рейтингке тең.
Moody’s | S&P | Fitch |
---|---|---|
Baa1 («Тұрақты») | BBB+ | BBB+ |
Baa2 | BBB | BBB («Тұрақты») |
Baa3 | BBB− | BBB− |
Ba1 | BB+ («Тұрақты») | BB+ |
Ba2 | BB | BB |
Ba3 | BB− | BB− |
Moody’s | S&P | Fitch |
---|---|---|
Baa1 («Тұрақты») | BBB– («Тұрақты») | BBB («Тұрақты») |
2024 жылдың басты қаржы көрсеткіштеріСомалар ыңғайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша АҚШ долларымен көрсетілген (2024 және 2023 жылдардағы орташа бағам бір АҚШ долларына шаққанда 469,31 және тиісінше 456,21 теңгені құрады; 2024 жылғы 31 желтоқсанда және 2023 жылғы 31 желтоқсанда, яғни кезең соңындағы бағам АҚШ долларына шаққанда 525,11 және тиісінше 454,65 теңгені құрады).
Көрсеткіштің атауы | Өлшем бірлігі | 2023 | 2024 | % |
---|---|---|---|---|
Мұнай, Dated Brent | $/барр. | 82,64 | 80,76 | (2,3%) |
Мұнай, KEBCO | $/барр. | 81,74 | 80,73 | (1,2%) |
Орташа бағам | теңге/ АҚШ доллары | 456,21 | 469,31 | 2,9% |
Кезең соңындағы бағам | теңге/АҚШ доллары | 454,56 | 525,11 | 15,5% |
Түсім | млрд теңге | 8 320 | 8 330 | 0,1% |
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес1 | млрд теңге | 534 | 531 | (0,6%) |
Таза пайда | млрд теңге | 927 | 1 094 | 18,1% |
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда | млрд теңге | 1 012 | 1 264 | 24,9% |
EBITDA | млрд теңге | 2 007 | 2 001 | (0,3%) |
EBITDA түзетілген көрсеткіші | млрд теңге | 2 092 | 2 171 | 3,8% |
Бос ақша ағымы | млрд теңге | 984 | 1 199 | 21,8% |
Жалпы қарыз | млрд теңге | 3 757 | 3 967 | 5,6% |
Таза қарыз | млрд теңге | 1 645 | 1 163 | (29,3%) |
Толық ақпарат «Қаржылық есептілік» бөлімінде ұсынылған
Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | 2022 | 2023 | 2024 | ӨЗГЕРІС | % |
---|---|---|---|---|---|---|
Түсім мен өзге де кіріс | ||||||
Сатып алушылармен жасалған келісімшарттар бойынша түсім | млн теңге | 8 693 081 | 8 319 543 | 8 330 261 | 10 718 | 0,1 |
Бірлесіп бақыланатын және қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес, нетто | млн теңге | 991 310 | 534 177 | 531 230 | (2 947) | (0,6) |
Еншілес ұйымнан шыққан кезде түскен пайда | млн теңге | 0 | 186 225 | 16 410 | (169 815) | 91,2 |
Қаржы кірісі | млн теңге | 120 603 | – | – | – | – |
Тиімді пайыздық мөлшерлемені пайдалану әдісін қолданып, есептелген пайыздық кіріс | млн теңге | – | 139 449 | 184 392 | 44 943 | 32,2 |
Өзге операциялық пайда | млн теңге | – | 7 332 | 123 290 | 115 958 | 1 581,5 |
Өзге операциялық пайда | млн теңге | 22 319 | 55 378 | 52 377 | (3 001) | (5,4) |
Түсім мен өзге де кіріс бойынша барлығы | млн теңге | 9 827 313 | 9 242 104 | 9 237 960 | (4 144) | 0,0 |
Шығындар | ||||||
Сатып алынатын мұнай, газ, мұнай өнімдері және басқа да материалдардың өзіндік құны | млн теңге | (4 960 176) | (4 621 881) | (4 347 011) | 274 870 | (5,9) |
Өндірістік шығындар | млн теңге | (1 144 241) | (1 219 722) | (1 398 604) | (178 882) | 14,7 |
Табыс салығынан басқа салықтар | млн теңге | (677 921) | (594 080) | (592 984) | 1 096 | (0,2) |
Тозу, сарқылу және амортизация | млн теңге | (506 900) | (599 543) | (642 666) | (43 123) | 7,2 |
Тасымалдау мен сату шығындары | млн теңге | (205 352) | (245 525) | (267 824) | (22 299) | 9,1 |
Жалпы және әкімшілік шығындар | млн теңге | (160 479) | (165 897) | (254 148) | (88 251) | 53,2 |
Негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың құрылысына берілген ұзақ мерзімді аванстардың құнсыздануы және барлауға жұмсалған шығындар | млн теңге | (19 917) | (248 140) | (69 733) | 178 407 | (71,9) |
Қаржы шығындары | млн теңге | (308 055) | (321 630) | (346 096) | (24 466) | 7,6 |
Оң бағамдық айырма,нетто | млн теңге | 40 089 | 25 222 | 185 459 | 160 237 | 635,3 |
Күтілетін кредиттік шығындар | млн теңге | – | (11 874) | (8 316) | 3 558 | (30,0) |
Өзге шығын | млн теңге | (85 424) | (42 564) | (38 703) | 3 861 | (9,1) |
Шығын бойынша барлығы | млн теңге | (8 028 376) | (8 045 634) | (7 780 626) | 265 008 | (3,3) |
Табыс салығын есептегенге дейінгі пайда | млн теңге | 1 798 937 | 1 196 470 | 1 457 334 | 260 864 | 21,8 |
Табыс салығы бойынша шығын | млн теңге | (492 377) | (269 792) | (363 087) | (93 295) | 34,6 |
Бір жыл ішіндегі таза пайда | млн теңге | 1 306 560 | 926 678 | 1 094 247 | 167 569 | 18,1 |
Мыналарға келетін бір жылғы таза пайда/(зиян): | ||||||
Бас компанияның акционерлеріне | млн теңге | 1 278 359 | 962 700 | 1 094 438 | 131 738 | 13,7 |
Бақыланбайтын қатысу үлесіне | млн теңге | 28 201 | (36 022) | (191) | 35 831 | (99,5) |
млн теңге | 1 306 560 | 926 678 | 1 094 247 | 167 569 | 18,1 |
Көрсеткіштер және есептеу нәтижелері жуықтап көрсетілген. Сонымен қатар кезеңдерді салыстыру кезінде мәндер жуықталмай, нақты қолданылды. Компанияның пікірінше, дөңгелектеуге қатысы бар кез келген ықтимал түзетулер қаржылық нәтижелерге материалдық әсер етпеуі керек.
Түсім
Компанияның 2024 жылғы түсімі 8 330 млрд теңгені (17 750 млн АҚШ долларын) құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 0,1%‑ға жоғары. Түсімнің тұрақтылығына бірқатар факторлар ықпал етті, соның ішінде мұнай өндіру мен тасымалдау көлемдерінің өсуі бар. Бұл Кашаган кен орнында шикі газды айдау компрессорларын жөндеу және слаг‑кэтчерді ауыстыру бойынша жүргізілген жөндеу жұмыстары салдарынан шикі мұнай сатылымының төмендеуі нәтижесінде, сондай‑ақ KMG International‑дың Петромидия мұнай өңдеу зауытында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты мұнай өнімдері сату көлемінің азаюынан болған теріс әсерді өтеді.
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес 0,6%-ға азайып, 531 млрд теңгені (1 132 млн АҚШ долл.) құрады. Бұған негізінен Сағалық қысымды басқару жобасының нысандарын пайдалануға беру есебінен амортизация шығыстарының ұлғаюына байланысты «Теңізшевройл» ЖШС-нен түсетін пайданың 37 млрд теңгеге (80 млн АҚШ долл.), яғни 303 млрд теңгеге дейін (647 млн АҚШ доллары) азаюы ықпал етті. Сондай-ақ, «ҚазРосГаз» ЖШС пайдасындағы үлес 40,7%-ға 19 млрд теңгеге (41 млн АҚШ долл.) төмендеді, бұның себебі — газ сату бағасының арзандауы, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ пайдасындағы үлес те мұнайды экспортқа сату көлемінің азаюына байланысты 6,6%-ға 36 млрд теңгеге дейін (76 млн АҚШ доллары) төмендеді.
Сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа да материалдардың өзіндік құны
Есепті кезеңде сатып алынған мұнай, газ, мұнай өнімдері мен басқа да материалдардың өзіндік құны 5,9%‑ға төмендеп, 4 347 млрд теңгеге (9 263 млн доллары АҚШ) жетті. Бұған негізінен мұнай бағасының төмендеуі ықпал етті.
Өзге шығындар
Өндірістік шығыстар 14,7%‑ға өсіп, 1 399 млрд теңгені (2 980 млн АҚШ доллары) құрады. Бұған негізінен ҚМГ қызметін жүргізетін өңірлерде («Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «ПМХЗ» ЖШС) өндірістік персоналдың жалақысын төлеу бойынша шығыстардың ұлғаюы, өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығын көлемінің өсуі, ішкі логистикаға ауыспалы шығындардың өсуі және дайын өнім мен аяқталмаған өндірістегі өзгерістер ықпал етті.
Есепті кезеңде тасымалдау және сату шығындары 268 млрд теңгені (571 млн АҚШ доллары) құрап, 2023 жылғы көрсеткіштен 9,1%‑ға жоғары болды. Бұл көрсеткіштің өсуі KMG International мен «ҚазМұнайГаз‑Аэро» ЖШС‑нің тиеу, тасымалдау және сақтау шығындарының ұлғаюына байланысты болды.
Жалпы және әкімшілік шығыстар 53,2,%‑ға артып, 254 млрд теңгені (542 млн АҚШ долларын) құрады. Бұл көрсеткіш «ҚазРосГаз» ЖШС‑де 50% қатысу үлесін сенімгерлік басқару қызметі үшін «Самұрық‑Қазына» АҚ‑ның еншілес ұйымы «QazaqGaz» ҰК АҚ сыйақысын 53,3 млрд теңге (114 млн АҚШ доллары) мөлшерінде есептеумен, сондай‑ақ 2024 жылдың сәуір‑мамырында су тасқынынан зардап шеккендерге «Samruk‑Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы 10,0 млрд. теңге мөлшерінде демеушілік көмек көрсетумен байланысты өсті.
Табыс салығынан басқа салықтар 593 млрд теңгені (1 264 млн АҚШ доллары) құрады. 2024 жылы KMG International Румынияның № 296/2023 Заңына сәйкес айналым салығын 28,5 млн евро Айналымы 50 млн еуродан асатын мұнай‑газ секторының компаниялары 2024‑2025 жылдардағы табыс салығына қосымша 0,5% мөлшерінде айналымға қосымша салық төлеуге міндетті. (14 млрд теңгеге немесе 31 млн АҚШ долларына тең) көлемінде төледі.
2024 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылы жалақыға жұмсалған шығыс мөлшері 722 млрд теңгені (1 538 млн АҚШ доллары) құрап, жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте өндірістік шығындар, тасымалдау және сату шығындары, жалпы және әкімшілік шығындар құрамында көрсетілді.
2024 жылы қаржы шығындары 346 млрд теңгені (737 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 7,6%‑ға көп. Негізінен теңге бағамының әлсіреуі нәтижесінде қарыз бен облигациялар бойынша пайыздық шығыстың ұлғаюына, сондай‑ақ әділ құны ретінде есептелеген инвестициялық жылжымайтын мүлікті сату бағасы және «Самұрық‑Қазына» АҚ‑ның 9 млрд теңге (19 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі номиналды құны арасындағы айырманың салдарынан ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің дисконтына байланысты болды 2024 жылы Компания «Самұрық‑Қазына» АҚ‑ның баланстағы құны 14 млрд теңгені (26 млн АҚШ доллары) инвестициялық жылжымайтын мүлігін сатып алу‑сату шартының талаптарына сәйкес, сату бағасы 23 млрд теңгеге (44 млн АҚШ доллары) сатқан болатын. .
Активтердің құнсыздануы
2024 жылы негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, құрылысқа берілген ұзақ мерзімді аванстардың және барлау шығындарының құнсыздану сомасы 70 млрд теңгені (149 млн АҚШ долларын) құрады. Ұзақ мерзімді активтер бойынша құнсыздану шығын мөлшері 48 млрд теңгені (102 млн АҚШ долларын) құрады, олардың басым бөлігі Жаңаөзен қаласындағы теңіз суын тұщыландыру зауыты мен оған қатысты инфрақұрылымның құнсыздануымен байланысты. Барлау және бағалау активтері бойынша құнсыздану шығындары 22 млрд теңгені (46 млн АҚШ долларын) құрады, олардың басым бөлігі «Абай» жобасына тиесілі – 18 млрд теңге (38 млн АҚШ доллары).
Таза пайда
Компанияның таза пайдасы 2023 жылмен салыстырғанда 18,1%‑ға ұлғайып, 1 094 млрд теңгені (2 332 млн АҚШ доллары) құрады. Пайданың өсуіне оң бағамдық айырмашылық, басқа қаржылық кірістер, сондай‑ақ негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің құнсыздану шығындарының, негізгі құралдарды салуға берілген ұзақ мерзімді аванстардың және барлау шығындарының төмендеуі себеп болды. Басқа қаржылық кіріске оны түрлендіруге байланысты қаржы құралының әділ құнындағы өзгерісті тану 2024 жылы «Самұрық‑Қазына» АҚ 2022 жылы сатып алған облигациялардың купондық мөлшерлемесі 3,00%‑дан 9,30%‑ға дейін ұлғайтылды, бұл елеулі түрлендіруге әкелді. Түрлендіру күніне тануды тоқтатуға жататын облигациялардың баланстық құны мен әділ құны арасындағы 60 млрд теңге мөлшеріндегі айырмашылық өзге қаржылық кірістердің құрамында көрсетілді. және қарыз бойынша міндеттемелерді тануды тоқтату әсер етті 2024 жылы ҚР Энергетика министрлігінің Жеңіс жобасы бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты бұзу туралы хабарламасы негізінде Компания Лукойл Қазақстан Апстримнен (carry‑қаржыландыру) 48 млрд теңге сомаға алынған қарызды тануды тоқтатты. .
Бірлескен бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда 1 012 млрд теңгеден (2 219 млн АҚШ доллары) 1 264 млрд теңгеге (2 694 млн. АҚШ доллары), яғни 24,9%‑ға артты.
Есепті кезеңде бас компанияның акционерлеріне тиесілі таза пайда 1 094 млрд теңгені (2 332 млн АҚШ доллары) құрады.
Күрделі шығындар
Есептеу әдісі бойынша күрделі шығындар 716 млрд теңгені (1 526 млн АҚШ доллары) құрап, «Астрахань‑Маңғышлақ» магистральды су құбырын реконструкциялау мен кеңейту жобасын аяқтау нәтижесінде «ҚазТрансОйл» АҚ‑да күрделі шығындардың азаюына байланысты 10,9%‑ға төмендеді.
Ақша ағымдары бөлінісінде күрделі шығындар 645 млрд теңге (1 374 млн АҚШ доллары) болды, яғни 5,7%‑ға төмендегенін көрсетті. Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және барлау және бағалау жөніндегі активтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстардың азаюына корпоративтік орталық деңгейінде барлау және бағалау активтерін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың төмендеуі және «ҚазТрансОйл» АҚ‑да негізгі құралдарды сатып алуға жұмсалатын шығыстардың төмендеуі себеп болды.
EBITDA
2024 жылы EBITDA көрсеткіші 2 001 млрд теңгені (4 264 млн АҚШ долларын) құрап, 0,3%‑ға төмендеді. Көрсеткіштің динамикасына оң және теріс факторлар әсер етті. Оң факторларға теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа бағамының 456,21‑ден 469,31‑ге дейін өсуі, сондай‑ақ Доңға кен орнын консолидацияға қосылуы кірді. Теріс факторлар ретінде өндірістік жұмыстар мен қызметтерге жұмсалатын шығындардың артуын, сондай‑ақ еңбекақы шығыстарының көбеюіе атауға болады.
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлестің орнына бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд мөлшерін көрсететін EBITDA түзетілген көрсеткіші 3,8%‑ға өсіп, 2 171 млрд теңгеге (4 626 млн АҚШ доллары) жетті.
ҚМГ‑ның қызметі вертикалды интеграцияланған болғандықтан, EBITDA көрсеткіші төмендегі сегменттердің бөлінісінде талданады. Сегменттік ақпарат ХҚЕС негізінде талданады және ашық жарияланады. Сегменттердің пайда әкелуі кіріс пен таза пайда көрсеткіштері негізінде қарастырылады. ҚМГ компаниялар тобының операциялық сегменттері өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің түрлеріне сәйкес келетін жеке құрылымы мен басқаруы бар, бұл ретте барлық сегменттер әртүрлі өнімді ұсынатын және түрлі нарықтарға қызмет көрсететін бизнестің стратегиялық бағыттары болып айқындалады.
ҚМГ қызметі мынадай операциялық сегменттерді қамтиды: мұнай мен газды барлау және өндіру, мұнай тасымалдау, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу және сату, ҚМГ корпоративтік орталығының қызметі және басқалар (мұнай сервистік және басқа да қосалқы ұйымдар). Компания корпоративтік орталықтың қызметін бөліп көрсетеді, себебі ҚМГ бас компанияның функцияларын орындап қана қоймай, операциялық қызметті де жүргізеді (шикі мұнайды Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай‑химия зауытында өңдеп, алынған мұнай өнімдерін ішкі және экспорттық нарықтарда сатады).
Сегмент | Өлшем бірлігі | 2022 | 2023 | 2024 | ӨЗГЕРІС |
---|---|---|---|---|---|
млн теңге | Мұнай мен газды барлау және өндіру | 1 843 075 | 1 442 479 | 1 491 060 | 48 581 |
млн АҚШ доллары | 3 999 | 3 162 | 3 177 | 15 | |
% | 73 | 72 | 74 | 2 п.п. | |
млн теңге | Мұнай тасымалдау | 238 237 | 199 090 | 219 479 | 20 389 |
млн АҚШ доллары | 517 | 436 | 468 | 31 | |
% | 9 | 10 | 11 | 1 п.п. | |
млн теңге | Шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу және сату | 456 807 | 397 248 | 371 741 | (25 507) |
млн АҚШ доллары | 991 | 871 | 792 | (79) | |
% | 18 | 20 | 19 | (1) п.п. | |
млн теңге | Корпоративтік орталық | 60 570 | (21 397) | (65 614) | (44 217) |
млн АҚШ доллары | 131 | (47) | (140) | (93) | |
% | 2 | (1) | (3) | (2) п.п. | |
млн теңге | Өзгесі | (39 404) | 8 779 | 2 412 | (6 367) |
млн АҚШ доллары | (85) | 19 | 5 | (14) | |
% | (2) | 0 | 0 | 0 п.п. | |
млн теңге | Элиминация | (23 063) | (19 584) | (18 158) | 1 426 |
млн АҚШ доллары | (50) | (43) | (39) | 4 | |
% | (1) | (1) | (1) | 0 п.п. | |
EBITDA | млн теңге | 2 536 222 | 2 006 615 | 2 000 920 | (5 695) |
млн АҚШ доллары | 5 502 | 4 398 | 4 264 | (135) |
Ақша қаражытының қозғалысы
Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | 2022 | 2023 | 2024 | ӨЗГЕРІС |
---|---|---|---|---|---|
Операциялық қызметтен түскен таза ақша ағымдары | млн теңге | 1 567 311 | 1 667 614 | 1 843 852 | 176 238 |
Инвестициялық қызметтен пайдаланған таза ақша ағымдары | млн теңге | (2 302 310) | (759 636) | (1 042 955) | (283 319) |
Қаржы қызметінде пайдаланған таза ақша ағымдары | млн теңге | 288 071 | (604 362) | (780 560) | (176 198) |
Айырбастау бағамы өзгерісінің ақша қаражаты мен олардың баламаларына ықпалы | млн теңге | 65 755 | (15 942) | 145 268 | 161 210 |
Күтілетін кредиттік шығындар үшін резервтегі өзгеріс | млн теңге | 114 | 14 | (27) | (41) |
Ақша қаражаты мен олардың баламаларындағы таза өзгеріс | млн теңге | (381 059) | 287 688 | 165 578 | (122 110) |
Ақша қаражаты мен олардың баламаларындағы таза өзгеріс | млн АҚШ доллары | (827) | 631 | 353 | (278) |
Ақша қаражаты және олардың баламалары
Шоғырландырылған ақша қаражаты, олардың баламалары, оның ішінде 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша депозит түріндегі ақша қаражаты 2023 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 32,8%‑ға артып, 2 805 млрд теңгені құрады. Доллармен есептегенде бұл көрсеткіш 2023 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 15,0%‑ға ұлғайып, 5 341 млн АҚШ долларына жетті.
Компания | 2022 | 2023 | 2024 |
---|---|---|---|
ТШО | 451 | 936 | 831 |
КҚК | 214 | 250 | 226 |
ҚРГ | 1 | 114 | |
Petrosun | 21 | 86 | 104 |
ММГ | 200 | 95 | |
ҚГМ | 50 | 35 | 50 |
ПҚИ | 6 | 6 | 38 |
ҚҚҚ | 11 | 5 | 17 |
Басқалары | 50 | 40 | 19 |
Алынған дивиденд
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдақан компаниялардан алынған дивиденд мөлшері 701 млрд теңгені (1 494 млн АҚШ долларын) құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 13,1%‑ға өсті. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтердің өсуі, негізінен, 2024 жылы ММГ тарапынан 45 млрд теңге немесе 95 млн АҚШ доллары көлемінде дивидендтердің төленуімен, сондай‑ақ «ҚазРосГаз» ЖШС төлеген дивидендтердің ұлғаюымен байланысты (2024 жылы 53 млрд теңге немесе 114 млн АҚШ доллары, ал 2023 жылы – 553 млн теңге немесе 1 млн АҚШ доллары). Сонымен қатар, ПетроҚазақстан Инк. төлеген дивиденд 15 млрд теңгеге (32 млн АҚШ долларына) өсіп, 18 млрд теңгеге (38 млн АҚШ долларына) жетті.
Төленген дивиденд
2024 жылы Компания 2023 жыл үшін жалпы сомасы 300 млрд теңгеге (639 млн АҚШ доллары) бір акцияға шаққанда 491,71 теңге мөлшерінде дивиденд есептеп төледі. 2023 жылы ҚМГ 2022 жыл үшін жалпы сомасы 300 млрд теңгеге (658 млн АҚШ доллары) бір акцияға шаққанда 491,71 теңге мөлшерінде дивиденд есептеп төледі.
Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | 2022 | 2023 | 2024 | ӨЗГЕРІС |
---|---|---|---|---|---|
Активтер | млн теңге | ||||
Негізгі құралдар | млн теңге | 6 994 001 | 7 171 242 | 7 834 160 | 662 918 |
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларға құйылған инвестиция | млн теңге | 4 947 403 | 4 821 427 | 5 378 513 | 557 086 |
Ұзақ мерзімді банк салымдары | млн теңге | 59 229 | 63 891 | 74 329 | 10 438 |
Өзге де ұзақ мерзімді банк салымдары | млн теңге | 1 518 994 | 1 447 504 | 1 641 975 | 194 471 |
Қысқа мерзімді банк салымдары | млн теңге | 1 178 138 | 997 012 | 1 513 816 | 516 804 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | млн теңге | 763 185 | 1 050 873 | 1 216 451 | 165 578 |
Өзге де қысқа мерзімді банк салымдары | млн теңге | 1 195 481 | 1 388 972 | 1 274 898 | (114 074) |
Сатуға арналған деп жіктелген активтер | млн теңге | 459 | 180 | 505 | 325 |
Активтер, барлығы | млн теңге | 16 656 890 | 16 941 101 | 18 934 647 | 1 993 546 |
Активтер, барлығы | млн АҚШ доллары | 36 003 | 37 269 | 36 058 | (1 211) |
Капитал және міндеттемелер | |||||
Капитал, барлығы | млн теңге | 9 867 426 | 10 396 614 | 11 924 284 | 1 527 670 |
Капитал, барлығы | млн АҚШ доллары | 21 328 | 22 872 | 22 708 | (164) |
Міндеттемелер | |||||
Ұзақ мерзімді қарыздар | млн теңге | 3 784 897 | 3 365 736 | 3 644 111 | 278 375 |
Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер | млн теңге | 1 398 372 | 1 644 533 | 1 922 569 | 278 036 |
Қысқа мерзімді қарыздар | млн теңге | 369 489 | 391 358 | 323 290 | (68 068) |
Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер | млн теңге | 1 236 706 | 1 142 860 | 1 120 393 | (22 467) |
Міндеттемелер, барлығы | млн теңге | 6 789 464 | 6 544 487 | 7 010 363 | 465 876 |
Міндеттемелер, барлығы | млн АҚШ доллары | 14 675 | 14 397 | 13 350 | (1 047) |
Капитал мен міндеттемелер, барлығы | млн теңге | 16 656 890 | 16 941 101 | 18 934 647 | 1 993 546 |
Капитал мен міндеттемелер, барлығы | млн АҚШ доллары | 36 003 | 37 269 | 36 058 | (1 211) |
Қарызды басқару
Компанияның қаржы міндеттемелері облигациялар мен қарыздардан тұрады. Қарыз портфелі негізгі кіріс валютасы – АҚШ долларымен жасалады. Тиісінше, туынды қаржы құралдарын пайдаланбай‑ақ. валюталық тәуекелді органикалық хеджирлеу нәтижесіне қол жеткізіледі.
Жалпы қарыз
ҚМГ‑ның жалпы қарызы негізінен АҚШ долларымен номинацияланған (2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 75%). Есепті кезең ішінде Компания 2023 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда борыш көлемін доллармен есептегенде 8,6%‑ға 7 555 млн АҚШ долларына дейін төмендетті. Теңгемен есептегенде жалпы қарыз 3 967 млрд теңгені құрап, 2023 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 5,6%‑ға ұлғайды. Теңге көрсеткіші есепті кезеңде ұлттық валюта бағамының өзгеруіне, сондай‑ақ 2022 жылы «Самұрық‑Қазына» АҚ пайдасына ҚМГ шығарған облигациялардың купондық мөлшерлемесінің 3%‑дан 9,3%‑ға дейін артуына байланысты өсті.
2024 жылы 12 қыркүйекте Компания 750 млн АҚШ доллары (358 млрд теңгеге тең) сомасына 2027 жылы өтелуі тиіс облигацияларды мерзімінен бұрын ішінара өтеді.
Қарыздар «АМӨЗ» ЖШС, «ПМХЗ» ЖШС және KMG International қарыздары ішінара өтелгенін көрсете отырып, 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 4,4%‑ға, яғни 679 млрд теңгеге (1 294 млн АҚШ долларына) дейін төмендеді. KMG International жалпы сомасы 72 млн АҚШ долл. (34 млрд теңгеге тең) синдикатталған қарызды ішінара өтеді, сондай‑ақ ING Bank NV‑ден алынған жалпы сомасы 29 млн АҚШ долларына (14 млрд теңгеге тең) қарызды өтеді. «АМӨЗ» ЖШС және «ПМХЗ» ЖШС жалпы сомасы 47 млрд теңгеге Қазақстанның Даму банкінен алған қарызды ішінара өтеді. «АМӨЗ» ЖШС және «ҚазТрансОйл» АҚ жалпы сомасы 21 млрд теңгеге «Қазақстанның Халық банкі» АҚ қарызын ішінара өтеді.
2024 жылы KMG International қолданыстағы кредиттік желілер аясында Bank of Tokyo‑Mitsubishi UFJ, Ltd. банкінен айналым капиталын қаржыландыру үшін жалпы сомасы 36 млн АҚШ доллары (17 млрд теңгеге тең) көлемінде қарыз алды. 2024 жылы Газ өңдеу зауытын салу үшін 2022 жылы жасалған кредиттік желі аясында «Қазақстан Халық Банкінен» алғашқы транш ретінде 48 млрд теңге алды.
2024 жылы ҚР Энергетика министрлігінің Жеңіс жобасы бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты бұзу туралы хабарламасы негізінде Компания «Лукойл Қазақстан Апстрим» ЖШС‑нен 48 млрд теңге сомаға алынған қарызды (кэрри‑қаржыландыру) тануды тоқтатты.
Таза қарыз
2024 жылғы 31 желтоқсандағы таза қарыз 2023 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда теңгемен 29,3%‑ға және доллармен 38,8%‑ға төмендеп, 1 163 млрд теңгені (2 214 млн АҚШ долларын) құрады.
2025 | 2026 | 2027 | 2028 | 2029 | 2030 | 2031 | 2032 | 2033 | 2035 | 2047 | 2048 | |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Облигации | 13 | 16 | 266 | 16 | 16 | 1266 | 16 | 16 | 760 | 1431 | 1250 | 1500 |
Займы | 191 | 72 | 33 | 27 | 33 | 33 | 33 | 27 | 6 |
