Стратегия және басқару жөніндегі комитеттің есебі

2024 жылы Стратегия және портфельді басқару комитетінің 10 отырысы өтіп, 119 мәселе қаралды.

Стратегия және портфельді басқару жөніндегі комитеттің отырыстарында
129 мәселе қаралды

Стратегия және портфельді басқару комитетінің құрамы (2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша):

  1. Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы — 2024 жылғы маусымнан бастап Комитет төрағасы;
  2. Холланд Филип Малкольм — 2022 жылдың маусымынан бастап Комитет мүшесі;
  3. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы – 2017 жылдың тамызынан бастап Комитет мүшесі;
  4. Отыншиев Елжас Мұратұлы – 2023 жылдың шілдесінен бастап Комитет мүшесі;
  5. Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы – 2023 жылдың тамыз айынан бастап Комитет мүшесі;
  6. Шәкіров Асқар Оразалыұлы — 2024 жылдың ақпанына бастап Комитет мүшесі.
Комитет мүшелерінің 2024 жылы өткен отырыстарға қатысуы
Комитет отырысының нөмірі мен күні 1/2024 от 06.02.2024 2/2024 от 05.03.2024 3/2024 от 09.04.2024 4/2024 от 14.05.2024 5/2024 от 04.06.2024 6/2024 от 04.07.2024 7/2024 от 12.09.2024 8/2024 от 02.10.2024 9/2024 от 05.11.2024 10/2024 от 19.12.2024 Қатысу үлесі, %
Комитет мүшесінің аты‑жөні
Жұбаев А.С. + + + + + Комитет құрамынан шығарылды 100
Арғынғазин А.Ә. Комитет мүшесі болған жоқ + + + + + 100
Қарабалин Ұ.С. + + + + + + + + + 90
Холланд Ф.М. + + + + + + + + + + 100
Мыңшәріпова С.Н. + + + + + + + + + + 100
Шәкіров А.О. + + + + + + + + + 100
Отыншиев Е.М. 0
Стратегия және басқару жөніндегі комитеттің есебі
Комитет 2024 жылы қараған негізгі қызмет бағыттары бойынша мәселелер
Даму стратегиясы, оның ішінде қызметтің басым бағыттары
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2022‑2031 жылдарға арналған даму стратегиясын 2023 жылы іске асыру туралы есеп
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2022‑2031 жылдарға арналған даму стратегиясын 2024 жылы бірінші жартыжылдығында іске асыру туралы есеп
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2031 жылға дейінгі Даму стратегиясында жасанды интеллектіні пайдалана отырып, технологияларды енгізу бөлігіндегі өзгерістер туралы
  • Инновациялар және өндіру технологияларын жетілдіру мәселелері
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұнай‑газ‑химия кешенін дамыту тұжырымдамасы туралы
Инвестициялық тартымдылықты арттыру
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының 2023 жылғы инвестициялық жобаларды іске асыру мәртебесі туралы ақпарат
  • «Теңізшевройл» ЖШС‑нің «Болашақ кеңейту жобасы / Сағалық қысымды басқару жобасы» инвестициялық жобасының құнын арттыруды келісу туралы
Қаржы‑шаруашылық қызметті лайықты түрде жоспарлауды қамтамасыз ету
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2023‑2027 жылдарға арналған шоғырландырылған даму жоспарын 2023 жылы іске асыру туралы есеп туралы
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2025‑2029 жылдарға арналған шоғырландырылған даму жоспарын бекіту туралы
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның «KPI Inc.» ЖШС‑не қаржылай көмек көрсетуі туралы
  • «Атырау облысында бірінші интеграцияланған газ‑химия кешенін салу. Екінші кезең (полиэтилен өндірісі)» инвестициялық жобасын келісу туралы, жеке (келесі) кезеңді іске асыру «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның және (немесе) дауыс беретін акциялары немесе қатысу үлестері тікелей немесе жанама түрде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ға тиесілі ұйымдардың тиісті кезеңдегі макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы (базалық сценарий) бойынша белгіленген бағаммен құны 200 000 000 (екі жүз миллион) АҚШ долларына баламалы шектен асатын инвестицияларды жүзеге асыруын көздейді
  • «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «KMG Green Energy» ЖШС‑нің мәмілелерінің жасалуын келісу туралы, бұл мәмілелердің нәтижесінде тиісті кезеңдегі макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы (базалық сценарий) бойынша белгіленген бағаммен құны 200 000 000 (екі жүз миллион) АҚШ долларына баламалы шектен асатын мүлік сатып алынады немесе иеліктен шығарылады (сатып алунуы немесе иеліктен шығарылуы мүмкін)
  • «Барлау және өндіру» бағыты бойынша өндірістің ағымдағы деңгейін ұстап тұруға арналған күрделі салымдар жоспарының орындалмауы туралы ақпарат, ауытқу себептері жөнінде талдамалық ақпарат бірге ұсынылады
Активтер портфелін басқару
  • Стратегиялық емес активтерді шығару бойынша жол карталарын бекіту туралы
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ активтерін сату қағидаларын жаңа редакцияда бекіту туралы
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның шығаруға жататын стратегиялық емес активтердің тізбесін бекіту туралы
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ға меншік құқығында тиесілі «Теңізшевройл» ЖШС, «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС және «Kalamkas‑Khazar Operating» ЖШС‑нің жарғылық капиталындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның қатысу үлестерін «ҚМГ Қашаған Б. В.» ЖШЖК‑ға сенімгерлік басқаруға беру туралы
  • «KMG Green Energy» ЖШС‑нің Eni Energy Solutions B.V.‑мен бірге акционерлік капиталына 49% қатысу үлесімен Нидерланд Корольдігінде «Mangistau Renewables» B.V. атты жекеменшік компаниясын құруға қатысуы және «KMG Green Energy» ЖШС‑нің Eni International B.V.‑мен бірге акционерлік капиталына 49% қатысу үлесімен Нидерланд Корольдігінде «Mangistau Power» атты жекеменшік компаниясын құруға қатысуы туралы
  • «KMG Barlau» ЖШС‑нің Оңтүстік Шу‑Сарысу, Шығыс, Береке учаскелері бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензиялар) сатып алуды келісу туралы