Аудит жөніндегі комитеттің есебі

2024 жылы Аудит жөніндегі комитеттің 16 отырысы өткізіліп, 179 мәселе қаралды.

Аудит жөніндегі комитеттің отырыстарында
179 мәселе қаралды

Аудит жөніндегі комитеттің құрамы (2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша):

  1. Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы – 2024 жылдың маусымынан бастап Комитет төрағасы;
  2. Холланд Филип Малкольм – 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Комитет мүшесі;
  3. Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы – 2023 жылдың тамызынан бастап Комитет мүшесі.
Комитет 2024 жылы қараған негізгі қызмет бағыттары бойынша мәселелер
Ішкі аудит
  • Ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы тоқсандық есептерді қарау және алдын ала бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің 2023 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы есепті қарау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының премьер‑министрі Ә.А.Смайыловтың 2023 жылғы 12 желтоқсандағы №11‑19/Б‑1 762 қбп лп хатында көрсетілген бұзушылықтар фактілері, Қазақстан Республикасы премьер‑министрінің бірінші орынбасары Р.В.Склярдың №11‑19/071121 тапсырмасының 1.5‑тармағын орындамау фактілері бойынша тексеру нәтижелерінің қорытындысын қарау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің 2023 жылы атқарған жұмысының қорытындысы туралы есепті қарау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің 2024 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарына өзгерістер енгізу
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің тапсырмасына сәйкес «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметінің жекелеген мәселелерін жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны қарау
  • «ҚазМұнайГазй ҰК АҚ Ішкі аудит қызметі дайындаған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Трансформация бағдарламасының орындалуы нәтижелерін верификациялау туралы есебін қарау
  • «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Ембімұнайгаз» АҚ‑да ішкі аудит қызметтерін және «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ тобының жекелеген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде тексеру комиссияларын құру туралы мәселелерді қарау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметі басшысының 2023 жылғы қызметінің мотивациялық басты көрсеткіштерінің қорытынды нәтижелігінің нақты мәндерін бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметі басшысының 2023 жылы атқарған жұмыс қорытындысы бойынша төленетін сыйлықақы мөлшерін белгілеу
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің Маңғыстау облысындағы компанияларды жоспардан тыс тексерістеріне қатысуы туралы ақпарат
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің жекелеген қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының мөлшерін белгілеу
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын қарау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату / келісімшарттарын ұзарту / тағайындау
  • «ҚазТрансОйл» АҚ‑ның және «Магистральды су ағызғысы» ЖШС‑нің магистральды құбырларды реконструкциялауға қатысты қолданыстағы шарттар мен жобалық құжаттарға жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша есеп
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің 2025 жылға арналған Жылдық аудиторлық жоспарын бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы ақпаратты қарау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің 2025 жылға арналған бюджетін бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметі басшысының 2025 жылға арналған қызметтің негізгі көрсеткіштерін бекіту
Есепке алу және сыртқы аудит
  • ҚМГ‑ның аралық қаржылық есептерін қарау және алдын ала бекіту
  • Сыртқы аудитормен 2023 жылдың аудит нәтижелерін қарау және талқылау, сондай‑ақ сыртқы аудитор «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ға көрсететін (көрсетуді жоспарлап отырған) барлық ілеспе қызметтердің тізімін және осы ілеспе қызметтердің аудитордың тәуелсіздігімен қаншалықты үйлесімді екендігін бағалауды сыртқы аудитормен талқылау
  • 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ шоғырландырылған қаржылық есептілігін келісу
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2023 жылғы жеке жылдық қаржылық есептілігін алдын ала мақұлдау
  • «Эрнст энд Янг» ЖШС және Ernst & Young Global Limited құрамына кіретін басқа компаниялар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес ұйымдарына 2023 жылы көрсеткен аудиторлық және аудиторлық емес қызметтер туралы ақпаратты және 2023 жылы Ernst & Young Global Limited‑тің «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес ұйымдарына көрсетуге рұқсат етілген аудиторлық емес қызметтер туралы ақпаратты бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына «2025‑2029 жылдарға арналған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыру үшін аудиторлық ұйымды айқындау туралы» мәселесін шығару мен мақұлдау және аудиторлық ұйымның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін белгілеу
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның тәуелсіз аудиторы — «Эрнст энд Янг» ЖШС‑нің 2022 жылға арналған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген аудит нәтижелері бойынша ұсынымдарын орындау жөніндегі іс‑шаралар жоспарының және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның тәуелсіз аудиторы — «Эрнст энд Янг» ЖШС‑нің 2022 жылға арналған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген аудит нәтижелері бойынша ұсынымдарын орындау жөніндегі іс‑шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның қазіргі сыртқы аудиторы — «Эрнст энд Янг» ЖШС‑дан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ таңдаған сыртқы аудитор — «PricewaterhouseCoopers» ЖШС‑ға ауыстыру мәртебесі
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
  • ҚМГ компаниялар тобына сыртқы аудитор көрсететін аудиторлық емес қызметтерді мақұлдау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2024 жылға аудитті жоспарлау жөніндегі есебін сыртқы аудитормен қарау және талқылау
Ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑да және оның еншілес ұйымдарында ішкі бақылау жүйесін және қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесін енгізу мәртебесі (тоқсан сайын)
  • Инвестициялық жобалардың геологиялық барлау кезеңінде тәуекелдерін басқару жөніндегі ақпарат
  • 2024 жылға арналған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның тәуекел‑тәбеті туралы өтінішін, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның Тәуекелдер тіркелімін және Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс‑шаралар жоспарын, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Тәуекелдер картасын, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тәуекелдерге төзімділік деңгейлерін және басты тәуекел көрсеткіштерінің тіркелімін бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тәуекелдері жөніндегі тоқсан сайынғы есептерді бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қаржылық тәуекелдері жөніндегі есептерді бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметі басшысының «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен оның еншілес ұйымдарындағы ішкі бақылаулардың тиімділігі туралы есебін қарау
  • 2025 жылға арналған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның тәуекел‑тәбеті туралы өтінішін, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның Тәуекелдер тіркелімін және Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс‑шаралар жоспарын, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Тәуекелдер картасын, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тәуекелдерге төзімділік деңгейлерін және басты тәуекел көрсеткіштерінің тіркелімін қарау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның контрагент банктер бойынша баланстық және баланстан тыс міндеттемелеріне қатысты 2025 жылға арналған ішкі лимиттерді белгілеу
Корпоративтік басқару
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерінің 2023 жылы сақталуы туралы есепті келісу
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі 2024‑2025 жылдарға арналған іс‑шаралар жоспарын қарау
  • «ҚазМұнайГаз ҰК АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына дайындық жағдайы
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда мақұлдау туралы мәселені қарау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің 2023 жылғы жұмысы туралы есеп
  • 2023 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс‑әрекеттеріне акционерлердің өтініштерін қарау және оларды қарау қорытындылары
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының есеп комиссиясы құрамына өзгерістер енгізу
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне өзгерістер енгізу
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑да ақпараттық технологияларды кешенді сараптау нәтижесінде анықталған тәуекелдерді жою бойынша іс‑шаралар мен ұсынымдар жоспарының» 2.1‑тармақшасының (IT архитектурасы) орындалу мәртебесі туралы есепті қарау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының 2023 жылғы 30 мамырдағы шешімімен (№2/2023 хаттама, №5 мәселе) бекітілген ҚМГ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті туралы ережеге өзгерістер енгізу
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның 2024 жылға арналған Жылдық есебін дайындау мәртебесі
  • KMG International N. V. және KazMunayGas Trading AG қаржылық мәртебесі туралы тоқсан сайынғы ақпарат – бұл аталған компаниялардың «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобының мұнай өндіруші компаниялары үшін қаржыландыруды алу және төлемдерді жасау қабілеті
  • «Өзенмұнайгаз» АҚ нысандарындағы TargetAI платформасының пилоттық жобасы
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді компанияларының IT дайындығы (жетілу) деңгейін бағалау туралы есеп
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының IT дайындығының даму динамикасы туралы есеп
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді компаниялары бөлінісінде ақпараттық технологияларға өндірістік шығындар
Комплаенс
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комплаенс қызметінің 2023 жылғы жұмысы туралы жылдық есепті қарау
  • Комплаенс қызметінің жұмысы туралы және жедел желіге келіп түскен өтініштер туралы тоқсан сайынғы есептер
  • ҚМГ Комплаенс қызметі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ішкі қызметін реттейтін құжаттар тізбесін толықтыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл мәселелерін тікелей немесе жанама қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының ішкі құжаттарын бұзуға қатысты өтініштерді қарау регламентін бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Комплаенс қызметі басшысының / қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын жаңа редакцияда қарау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Комплаенс қызметі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Комплаенс қызметінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комплаенс қызметі басшысының 2025 жылға арналған қызметтің мотивациялық басты көрсеткіштерінің картасы мен олардың нысаналы мәндерін бекіту
Жасалуына мүдделілік бар мәмілелер
  • «ҚазМұнайГаз ҰК АҚ Басқармасы шешімдерін қабылдаған, оларға мүдделілік бар жасалған мәмілелер туралы тоқсан сайынғы есептер
  • ҚМГ‑ға келісім‑хат жолдау арқылы оған ҚМГ‑ның мүдделілігі бар мәміле жасау туралы — 1993 жылы 2 сәуірдегі ҚМГ Шеврон Оверсиз Компани, ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк. және Лукойл Интернешнл ГмбХ арасында Қазақстан Республикасында «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы келісімшартқа және 1993 жылы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы, «Теңізшевройл» ЖШС, ҚМГ, Шеврон Оверсиз Компани, ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк. және Лукойл Интернешнл ГмбХ арасында Қазақстан Республикасындағы ТШО жобасы жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы
  • оған ҚМГ‑ның мүдделілігі бар мәміле жасау туралы — 2008 жылғы 31 наурыздағы Шикізатты жеткізу туралы келісімге №3 қосымша келісім («Теңізшевройл» ЖШС‑нің Атырау облысында салынатын интеграцияланған мұнай‑химия кешеніне өнім жеткізуіне байланысты)
  • оған ҚМГ‑ның мүдделілігі бар мәміле жасау туралы — ҚМГ, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС және «Самғау» ғылыми‑технологиялық бастамалар орталығы» жекеменшік қоры арасындағы «Сутекті сақтау және тасымалдау үшін титан негізіндегі қорытпаларды жасау» атты ғылыми‑зерттеу, ғылыми‑техникалық және (немесе) тәжірибелік‑конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі келісімшарт
  • оған ҚМГ‑ның мүдделілігі бар мәміле жасау туралы — 2018 жылғы 16 қаңтардағы Grace Netherlands B.V., ҚМГ мен «Біріккен химиялық компания» ЖШС арасындағы негіздемелік келісімге Grace Netherlands B.V., ҚМГ, «Samruk Kazyna Ondeu» ЖШС мен W. R. Grace & Co. компанияларының №2 келісімі және 2018 жылғы 10 мамырдағы Grace Netherlands B.V. мен ҚМГ арасындағы «Грейс Қазақстан Каталистс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Құрылтай келісімшартына Grace Netherlands B.V., ҚМГ мен W.R.Grace & Co. компанияларының №1 қосымша келісімі
  • оған ҚМГ‑ның мүдделілігі бар мәміле жасау туралы — ҚМГ мен «Karaton Operating Ltd.» ЖК арасында жобалық құжаттаманы сату‑сатып алу келісімшарты
  • оған ҚМГ‑ның мүдделілігі бар мәміле жасау туралы — «KPI Inc.» ЖШС, ҚМГ, «СИБУР Холдинг» ЖАҚ, China Development Bank және «Алматы қаласындағы Қытайдың сауда‑өнеркәсіп Банкі»АҚ арасында талап ету құқықтарын беруді қамтамасыз ету және оның субординациясы туралы келісімшарт
  • оған ҚМГ‑ның мүдделілігі бар мәміле жасау туралы — ҚМГ мен «CASPI BITUM» БК» ЖШС арасында лицензиялық материалдарды ұсыну бойынша қызметтерді сатып алу туралы лицензиялық келісімшарт
  • оған ҚМГ‑ның мүдделілігі бар мәміле жасау туралы — ҚМГ мен «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС арасында лицензиялық материалдарды ұсыну бойынша қызметтерді сатып алу туралы лицензиялық келісімшарт
  • оған ҚМГ‑ның мүдделілігі бар мәміле жасау туралы — «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС (субординациялық борышкер ретінде), Air Liquide Eastern Europe S. A. мен ҚМГ (бастапқы субординациялық кредиторлар ретінде), Abu Dhabi Commercial Bank PJSC (қамтамасыз ету жөніндегі агент ретінде) және Келісімге 1‑қосымшада аталған мекемелер (талап етудің басым құқығы бар бастапқы кредиторлар ретінде) арасында талаптардың субординациясы туралы келісім
Жергілікті билік органдарының (оның ішінде салық бойынша), сыртқы және ішкі аудиторлардың және ҚМГ басшылығының заңнаманы сақтау туралы есептерін зерделеу
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарына және (немесе) олардың қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға және (немесе) қылмыстарға байланысты мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілетін тергеулер және (немесе) тексерулер туралы ақпарат
Комитет мүшелерінің 2024 жылы өткен отырыстарға қатысуы
Комитет отырысының нөмірі мен күні 1/2024 от 05.02.2024 2/2024 от 04.03.2024 3/2024 от 12.03.2024 4/2024 от 26.03.2024 5/2024 от 08.04.2024 6/2024 от 13.05.2024 7/2024 от 17.05.2024 8/2024 от 03.06.2024 9/2024 от 03.07.2024 10/2024 от 15.08.2024 11/2024 от 09–10.09.2024 12/2024 от 20.09.2024 13/2024 от 01.10.2024 14/2024 от 04–05.11.2024 15/2024 от 19.11.2024 16/2024 от 18.12.2024 Қатысу ү.лесі, %
Комитет мүшесінің аты‑жөні
Арғынғазин А.Ә. + + + + + + + + Комитет құрамынан шығарылды
Жұбаев А.С. + + + + + + + + + + + + + + + + 100
Холланд Ф.М. + + + + + + + + + + + + + + 88
Мыңшәріпова С.Н. + + + + + + + + + + + + + + + + 100
Аудит жөніндегі комитеттің есебі